Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет159/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
Əдебиет 
1. Божович Л.И. Личность и её формирование в детском возрасте. СПб: Питер, 2008. 341 с. 
2. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни. – Москва : Мысль, 2011. 
3. Божович Л.И. Проблемы формирования личности / под ред. Д.И. Фельдштейна. – Москва : Институт 
практической психологии; Воронеж : МОДЭК, 1997. 


364 
4. Лисина М.И. Общение, личность и психическое развитие ребенка / под ред. А.Г. Рузской. – Москва : 
Институт практической психологи; Воронеж : МОДЭК, 1997. 
5. Кон И.С. Психология ранней юности. – Москва : Просвещение, 1989 
6. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. – А.: Қазақ Университеті, 2014. – 354 б. 
 
 
Токина А.А., Мадалиева З.Б. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ 
БАҒАЛАУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазіргі таңда суицидтің таралуы, өздігінен өлу,өзіне - өзі қол жұмсау, ішімдікке, 
нашақорлыққа, темекіге қызығушылық, тəуелділік, алкогольге тойып алып, есін білмей 
қылмыс жасап қоюы, бірімен - бірі байланысып қалу, төбелесу, құмар ойындарына тəуелділік 
т.б. барлығы жасөспірімдердің арасында өте көп кездеседі. 
Девиант кең мағынасында - жолдан тайған немесе нормадан ауытқыған кез келген адам. 
Девиантты мінез - құлық проблемасы - бұл тек отбасы мен мектеп емес, жалпы қоғам мəселесі. 
Қоғам мен мемлекеттің моральдық жəне рухани дамуы оның шешіміне байланысты [1]. 
Е.Н. Пашкова - ның зерттеуінде əлеуметтік нормаларды бұзу деп түсінілетін девиантты 
мінез-құлық соңғы жылдары жаппай сипатқа ие болды жəне бұл мəселені əлеуметтік 
педагогтар мен психологтардың, дəрігерлердің жəне құқық қорғау органдарының 
қызметкерлерінің назарына қойды. Осы əлеуметтік құбылысты анықтайтын себептерді, 
жағдайлар мен факторларды түсіндіру шұғыл міндет болды. Е.Н. Пашкова «Девиантты 
жасөспірімнің əлеуметтік - психологиялық портреті» əдістемесін қолданып, 5-8 сынып 
оқушылары арасында - 122 адам (11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер) жəне 9-11 сынып 
оқушылары арасында - 64 адам (15-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар) өткізген. Жалпы 
186 жасөспірімге осы əдістемені жүргізген. Жасөспірімдердің спирттік ішімдіктерді 
қолдануға қатынасы: сұралғандардың 27,7% – ы спирттік ішімдіктерді ішпегендерін; 46,8% 
(87 адам) - сыра ішкендерін; 10,2% - ы арақ, ал 6,5% - ы спирт ішкендерін айтады. Осылайша, 
72,3% - бұл алкогольді ішетін жасөспірімдер. Жасөспірімдердің 14,9% - ы өмірінде кем 
дегенде бір рет есірткі немесе улы заттарды қолданғанын айтады [2] . 
Н.В. Кулагинаның зерттеуі бойынша қазіргі қоғамның өзекті мəселесі – кəмелетке 
толмағандар арасындағы мінез-құлықтың əртүрлі формаларының өсуі көрсетілген [3]. 
Нəтижелерді талдау жыныстық айырмашылықтар призмасы арқылы ұсынылған. Зерттеуге 180 
жасөспірім мен 70 мектеп маманы қатысты. Эмпирикалық мəліметтерді жинау үшін А.Н. 
Орелдің «Девиантты мінез - құлыққа бейімділікті анықтау» əдісі қолданылды. Мектеп 
мамандарына сауалнама жүргізу үшін авторлық сауалнама пайдаланылды. А.Н. Орелдің 
əдістемесі бойынша ұлдарда ережелер мен нормаларды сақтауға бейімділік 55,32%, 
аддиктивті мінез - құлыққа бейімділік 56,02%, агрессия мен зорлық - зомбылыққа бейімділік
61,67%, деликвентті мінез-құлыққа бейімділік 63,69% көрсетті. Қыздарда ережелер мен 
нормаларды сақтауға бейімділік 50,70%, аддиктивті мінез - құлыққа бейімділік 48,38%, 
агрессия мен зорлық-зомбылыққа бейімділік 54,38%, деликвентті мінез - құлыққа бейімділік 
49,29% көрсетті. 
С.Н. Панцырь өз зерттеуінде девиантты мінез - құлқы бар жасөспірімдер мен қалыпты 
мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өзін- өзі ұстау ерекшеліктерін салыстырмалы түрде 
зерттеді [4]. Девиантты мінез- құлқы бар жасөспірімдерде айқын сыртқы бақылау локусымен, 
рефлексияның төмен деңгейімен жəне өзін-өзі сəйкестендірудің жеткіліксіз қалыптасуымен 
бірге жүретін өзара қарым- қатынастың теріс формалары басым болады деген болжам 
жасалды. Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің көпшілігінде сыртқы бақылау 
локусының басым болуы, рефлексияның төмен деңгейі жəне өзін-өзі сəйкестендірудің 
жеткіліксіз қалыптасуы байқалады.


365 
Біздің зерттеуіміздің алғашқы қадамы жасөспірімдердің девиантты мінез-құлыққа 
бейімділігін психологиялық тексеру болды. Біз А.Н. Орелдың «Девиантты мінез - құлыққа 
бейімділікті анықтау» əдісін қолдандым. Сонымен қатар 15 -17 жас аралығындағы 
жасөспірімдерге онлайн түрде сауалнама жүргіздік [5]. Сауалнаманы жүргізуге мен 25 адамды 
алған болатынмын, олардың 13-ы ұл бала,12-ы қыз бала болды. Себебі, бұл сауалнама 
қыздарға арналған, ұлдарға арналғант деп бөлінеді. Қыздарға арналған сауалнама 108 
сұрақтан, ұлдардікі 98 сұрақтан тұрады, («иə», «жоқ») деген жауаптар арқылы жауап береді. 
Жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауының деңгейін анықтау үшін С.В. Ковалёвтің «Өзін - 
өзі бағалау деңгейін анықтау» тест-сауалнамасын [6] сілтемесі арқылы онлайн түрде 25 адамға 
жүргіздім. С.В. Ковалёв əзірлеген əдіс жеке тұлғаның өзін - өзі бағалау деңгейін анықтауға 
арналған. Бұл ұсынылған жауап нұсқаларымен өз көзқарасын білдіру қажет 32 пайымдауды 
білдіреді. 
Нəтижелері: 
А.Н. Орелдің сауалнамасы бойынша: 
Қыздар: Барлығы 12 қыз 
• 66,6% (8 қыз) нормалар мен ережелерді жеңуге бейімділік шкаласын көрсетті. 
• 8,3% (1 қыз)агрессия мен зорлық-зомбылыққа бейімділік шкаласын көрсетті. 
• 25% (3 қыз) Əйелдің əлеуметтік рөлін қабылдау шкаласын көрсетті. 
Ұлдар: Барлығы 13 ұл 
• 38,5% (5 ұл) тəуелді(аддиктивті) мінез - құлыққа бейімділік шкаласын көрсетті. 
• 46,2% (6 ұл) нормалар мен ережелерді жеңуге бейімділік шкаласын көрсетті. 
• 7,7% (1 ұл) агрессия мен зорлық - зомбылыққа бейімділік шкаласын көрсетті. 
• 7,7% 1 ұл Заңсыз мінез - құлыққа бейімділік шкаласын көрсетті. 
 
Ковалевтің тест - сауалнамасы бойынша: 
Ковалевтің өзін - өзі бағалау деңгейін анықтауға арналған тест -сауалнамасы 
бойынша қыздар мен ұлдардың бағалау деңгейлері орташа деңгейді көрсетті. 
Қыздар: 


366 
- 8 қыз нормалар мен ережелерді жеңуге бейімділік шкаласын көрсетті: 
62,5% (5 - інде) өзін - өзі бағалау деңгейі - жоғары деңгейді көрсетті. 
37,5% (3 - інде) орташа деңгейді көрсетті. 
- 1 қыз агрессия мен зорлық - зомбылыққа бейімділік шкаласын көрсетті: 
100%(1- інде) өзін - өзі бағалау деңгейі - орташа деңгейді көрсетті. 
- 3 қыз əйелдің əлеуметтік рөлін қабылдау шкаласын көрсетті: 
100% (3 - қызда да)өзін - өзі бағалау деңгейі жоғары көрсеткішті көрсеті. 
Барлығы (12 қыз): Жоғары деңгей: 8 қыз (0 - 25 балл) 
Орташа деңгей: 4 қыз (26 - 45 балл) 
Төмен деңгей: мүлдем жоқ.(46 - 128 балл) 
 
Ұлдар: 
• 5 ұл Тəуелді(аддиктивті) мінез - құлыққа бейімділік шкаласын көрсетті: 
60%(3 - ұл да )өзін - өзі бағалау деңгейі - жоғары көрсеткішті көрсетті. 
40%(2 - ұл да)өзін - өзі бағалау деңгейі - төмен көрсеткішті көрсетті. 
• 6 ұл нормалар мен ережелерді жеңуге бейімділік шкаласын көрсетті: 
83,3%(5 - ұл да) өзін - өзі бағалау деңгейі - орташа деңгейді көрсетті. 
16,6%(1- ұл да)өзін - өзі бағалау деңгейі - жоғары деңгейді көрсетті. 
• 1 ұл агрессия мен зорлық - зомбылыққа бейімділік шкаласын көрсетті: 
100%(1 - ұл да)өзін - өзі бағалау деңгейі - орташа деңгейді көрсетті. 
• 1 ұл заңсыз мінез - құлыққа бейімділік шкаласын көрсетті: 
100% (1 - ұл да) өзін - өзі бағалау деңгейі - орташа деңгейді көрсетті. 
Барлығы (13 ұл):Жоғары деңгей: 4 ұл (0 - 25 балл) 
Орташа деңгей: 7 ұл (26 - 45 балл) 
Төмен деңгей: 2 ұл (46 - 128 балл) 
0
1
2
3
4
5
100%
62,50%
37,50%
0
1
2
3
4
5
6
100%
83.3%
60%
40%
16.6%


367 
Барлығы(25 адам) 
Жоғары деңгей 
Орташа деңгей 
Төменгі деңгей 
Қыздар(12) 


жоқ 
Ұлдар(13) 
4


Қазіргі таңда суицидтің таралуы, өздігінен өлу, өзіне өзі қол жұмсау, ішімдікке, 
нашақорлыққа, темекіге қызығушылық, тəуелділік, алкогольге тойып алып, есін 
білмей қылмыс жасап қоюы, бірімен - бірі байланысып қалу, төбелесу, құмар ойындарына 
тəуелділік т.б. барлығы жасөспірімдердің арасында өте көп кездеседі. Сондықтан да, мен 
тақырыбымды осылай жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына қатыстырып алдым. Əр 
адам осы проблемамен күресіп, өзі үшін мұндай мінез-құлықтың үлкен зиянын түсініп, 
онымен үнемі күресуге тырысуы керек. 
«Жақсылық етсең, жетерсің мұратқа, жаманға ерсең қаларсың ұятқа» т.б. - осындай 
нақылды сөздерді оқи отырып, мінез - құлықтың үлгі нормасы ретінде қабылданады. Отбасы 
жағдайында мұндай ізгі өмірлік мəні зор кез келген мəселені шешуде өзара түсінушілігі мен 
бірлігін нығайтады.
Əдебиет 
1. Құдиярова М. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқышылық себептері. - Алматы, 2006. 
2. Девиантное поведение подростков как форма проявления дефицита морального и нравственного 
развития личности - Е.Н. Пашкова https://urok.1sept.ru/articles/578777
3. Кулагина Н.В. Девиантное поведение подростков: современное состояние и проблемы. Газет 
«Психология и педагогика». DOI: 10.7256/2070 - 8955.2016.2.18823 
4. Самоотношение подростков с девиантным поведением /С.Н. Панцырь. Электронный журнал 
«Психологическая 
наука 
и 
образование» www.psyedu.ru / ISSN: 2074-5885 /.. 
file:///C:/Users/1/Downloads/psyedu_ru_2012_1_2800.pdf
5. ttps://psytests.org/family/osopFf.html
6. https://banktestov.ru/test/60566 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет