Тұрдалиева Ш.Т.
(Қазақстан Республикасы, Тараз қ.,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті)
АҚПАРАТ АЛМАСУ ҮДЕРІСІНДЕ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ -
ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Педагогикалық іс-əрекет білім алушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-əрекеттік
дамуына бағытталған жəне сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын
педагогтың ықпал етуі. Ол əрекет белгілі бір педагогикалық жағдайлардағы субьектілердің
өзара қарым-қатынасқа түсуі.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез-бітістері жөнінде де
азды-көпті мəліметке ие, бірақ бұл мəліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды
пайымдауларды қамтиды. Сонымен берге, адам өзінің кейбір əлеуметтік талапқа сай
қажетсінулері мен əрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында
жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті
білмейді. Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері,
əрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Осы арқылы біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ
бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-əрекетіне болған қатынасынан
байқауға болады. Өз əрекеттері мен сол əрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам
жанама түрде өз қасиеті мен сапаларын болжауына болады [1]. Осы орайда, менеджмент
ғылымы тікелей адамдармен қарым-қатынасқа негізделеді.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мəліметтер алу жəне шешім қабылдау үшін, біреулермен
байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру
мотивациясы жəне бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты.
Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. Басшы өз
уақытының көпшілік бөлігін əңгіме, кеңес өткізуге, тікелей байланыс орнатуға, мəлімет
алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай
кедергілер болатындығын білудің айрықша маңызы бар. Олар бірнеше белгілермен
сипатталады:
Бірінші, қабылдауға – түсініп, ұғынуға қатысты кедергілер. Адамдардың қабылдап
ұғынуына алуан түрлі факторлар ықпал етеді, сондықтан коммуникация тиімділігін кемітпес
378
үшін бұларды ескеру қажет. Коммуникациялық ахуал басшылар мен бағыныштылар
арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты.
Екіншіден, байланысқа қатыса отырып жəне символдарды пайдаланып, мəліметтер
алмасады, əрі оны түсінуге тырысады да, мұндайда сөз символын, дене қимылы мен
мəліметтерді қолданады. Ол семантика – сөзді жəне айтылған сөз мəнін пайдалану əдісін
зерттейді.
Үшіншіден, вербалды емес қарым-қатынастық (латынша вербалис – ауызша, сөздей
деген мағына білдіреді) кедергілер. Вербалды емес қарым-қатынаста сөзден басқа кез келген
символдар қолданылады. Ым-ишара арұылы берілетін хабар көп жағдайда сөзбен берілетін
хабармен қоса өтеді де, сөз мəнін күшейтуі де немесе өзгертуі де мүмкін. Вербалды емес
қарым-қатынас мысалына пікір алмасуды, адамның бет əлпетіндегі өзгерісті, мəселен,
күлкісін, қабылдамау белгісін, ойнақы немесе түнерген қалпын, қабылдаған немесе
қабылдамаған көзқарасын анықтауға болады.
Төртіншіден, нашар кері байланыс. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі
адамның алған хабарының нақтылығын анықтауға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан
жіберілген хабарға қатысты кері байланыстың болмауы жеке адамдар арасында мəлімет алу
тиімділігін шектейді.
Бесіншіден, тыңдай білмеу. Қарым-қатынас тиімділігін арттырудың маңызды
жағдайларының бірі – адам хабарды жібергенде де жəне қабылдағанда да бірдей дəл болуы
тиіс.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін мынадай жайттар
ұсынылады:
Мұқият тыңдай білуге дағдылану;
Өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу;
Потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу;
Өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу;
Эмпатиға жəне ашық-жарқын əңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия – бұл басқа адамның
сезіміне көңіл аудару, əрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдау, көңілді əңгімелесу;
Кері байланыс орнатуға тырысу [2].
Ұйымдық қарым-қатынас кəсіпорын қызметінің тиімділігіне едəуір ықпал етеді,
сондықтан да қандай кедергілер болатындығын, əрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге
болатындығын білудің зор маңызы бар.
Кедергілердің бірі – хабардың бұрмалануы. Ұжымның ішінде мəліметтің бұрмалануы
жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі
хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі мəліметтің ерекшеліп-сүзілуінен
(фильтрациялануынан) немесе мəліметтің дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны
бұрмаланады.
Келесі кедергі мəліметтің тым көп келуінен болады. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз
мəліметтерді өңдеуге əуестенеді. Ұжымның тиімсіз құрылымы басшының қойылған міндетті
жоспарлау жəне жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді. Онда мəлімет алмасуды жақсартуға
болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мəлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару
əрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістелуі, алынған мəліметтерді
бастырып, ұйым ісінді пайдалануы, сондай-ақ мəлімет алу үшін қазіргі технология
жетістіктерін қолдануы тиіс.
Бөгде адамның тұлғалық дəрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық
жəне қылық-əрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт
көрінісінен, киімінен, əрекет-қылығынан, сөзінен, бет əлпеті мен ым-ишарасынан байқалады.
Адамның сыртқы көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс
болмағанымен, бұлардың екеуі қандайда бір өзара ықпалды қатынаста. Əрқандай адам
жөніндегі біздің бірінше пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық-əрекет көрінісінен
туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін
379
дəлелдеген. (Э. Кречмер, У. Шелдон, т.б.). Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар,
мінезі жағынан да əртүрлі. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник,
атлетик. Пикниик типтес адамдар – көңілді, үйіршең, əңгімешіл, əрқандай қиыншылыққа
жасымайды; астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады. Ұдайы ойға шомып
жүреді; ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.
Вербалды емес коммуникация - бұл көрнекі қимылдар (мимика жəне пантомимика),
жесттер (иілу, бұрылу, т.б.), заттарды қолдану (қызға гүл беру, т.б.). Адамдар өздеріне қажетті
белгі-символдарды құрды: жол немесе көлік жүргізу белгілері, киім, марапаттау белгілірі,
т.с.с.
Кез келген тұлғаның вербалды емес əрекеті жартылай функционалды екендігін естен
шығармау керек. Вербалды емес əрекет, ол:
қарым-қатынас бойынша əріптестің бейнесін құрады;
тұлғаның психикалық күйінің актуалды көрсеткіші болып табылады;
сөз арқылы берілген хабарлардың өзгеруін нақтылайды, айтылған сөздердің
эмоциялық ерекшеліктерін айқындай түседі;
қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы жақындық деңгейін қолдау ретінде
танылады;
статустық-рөлдік қатынастың көрсеткіші ретінде көрінеді [3].
Вербалды емес мінез-құлық қарым-қатынаста басқарылуға берілмейтін бейсаналы
қылық болып саналады. Адамдар ақпарат алмасу барысында вербалды қарым-қатынас
каналдарына қарағанда, вербалды емес қарым-қатынас каналдарына көбірек сенеді.
Əлеуметтік-психологиялық
зерттеулерде
вербалды
емес
қарым-қатынас
классификацияларының түрлері көптеп кездеседі. Ол В.Ю Дрошенко, Л.И. Зотова, Н.А.
Нартовтың (əлеуметтік психология жəне іскерлік əңгіме) зерттеулерінде қарастырылады.
Арнайы əдебиеттерде бет көрінісіне 20 000-нан аса сипаттама беріледі. Оларды
жүйелендіру үшін Экманның енгізген FAST əдістемесі ұсынылды. Оның принципі келесідей:
адамның беті жазықтық бойынша 3 бөлікке бөлінеді, олар: адамның көзі мен маңдайы; мұрын
жəне мұрын аймағы; ауыз жəне жақ бөлігі. Осыдан кейін, ең көп тараған 6 негізгі эмоциялық
көзқарастары бөліп қарастырылады: қуаныш, ашу, таңқалу, жиіркену, қорқыныш жəне қайғы.
Оларды бет зоналары бойынша фиксациялау мимикалық қимылдарды дұрысырақ белгілеуге
мүмкіндік береді.
Ең көп кездесетін жəне кез-келген ұлт пен мəдениеттерде бірдей болып табылатын,
эмоцияға тəуелді мимикалар:
Ашу:
Маңдай бұлшық еттері ішке кіріңкі немесе төмен түсу арқылы көздерге жабыңқы,
қауіп-қатерлі бейне береді;
Бадырайған немесе сығыңқы күйінде көздер жайнайды;
Танаулар кеңейген жəне мұрын қанатшалары көтеріңкі;
Ерін қатты жабылған немесе тістер көрінетіндей тіктөртбұрыш формасында артқа
тартылған;
Бет жиі қызарады.
Жек көру:
Қас көтеріңкі;
Бет бұлшық еттері тартыңқы;
Адам жоғарыдан төменге қарап тұрғандай басы жоғары көтеріңкі;
Аузы жабық жəне ерін ұштары төмен түскен;
Көздері сығырайған жəне сығыңқы;
Қиналу:
1. Қастары біріккен;
2. Көз жанары сөнген, бұлыңғыр;
3. Ернінің ұштары сəл төмен түскен;
380
4. Беті бір қалыпты, мұздап кеткендей.
Қорқыныш:
Қастары сəл көтеріңкі, тік формаға ие;
Маңдайы бойынша горизонтальды əжімдер өтеді;
Көздері жанарсыз, бірақ бадырайған жəне астыңғы қабағынды қысым бар, ал үстіңгі
қабағы жоғары көтерілген;
Аузы ашық, ал езуі артқа тартылған.
Таң қалу:
Жоғары көтерілген қастары маңдайға горизонт бойынша əжім түсіреді;
Көздері кеңінен ашылған;
Ауыздары шеңбер формасында ашық болады.
Қуаныш:
Аузы ашыңқы, ерін ұштары артқа бағытталған;
Аузы жабық;
Көз тұсында майда əжімдер болады, көз жанары жылтыр, сəл сығыңқы немесе ашық;
Маңдайында горизонтальды əжімдер;
Беттің əрбір өрнегі, қалпы – ол беттегі көптеген бұлшық еттердің қысқаруы, жиырылуы
жəне жалпы қимылы. Себебі барлық мимикалық бұлшық еттер инерциясы бір нервке
байланысты. Ал эмоциялық көріністер жоспарсыз жəне ырықты мимикалық реакциялардан
құрылады.
Алайда, мимиканы ырықты жəне ырықсыз компоненттер арқылы анализдеуге болмайды.
Сонымен, келесі компоненттерді ескеру керек:
Физиологиялық параметрлер бойынша (күші, тонусы, симметрия-ассиметриясы,
бұлшық ет қысқаруының комбинациясы, динамикасы, амплетудасы);
Фрагментті (жеке зоналар бойынша: маңдай, мұрын, көз) жəне жалпылай;
Əлеуметтік жəне əлеуметтік-психологиялық тұрғыда (белгілі бір ұлт, мəдениет
өкілеттілігіне, белгілі топта қабылданған өзін-өзі көрсету стилі немесе индивидтің қатынас
стилі бойынша);
Мимикалық белгілер сай келетін психикалық құбылыстар немесе эталондық əсер
бойынша [4].
Қуаныш, сүю, таң қалу – сияқты жағымды эмоцияларды анықтау оңай, ал қайғы, ашу,
жиіркену – сияқты жағымсыз эмоцияларды ажырату қиынға соғуы мүмкін.
Вербалды емес мінез–құлықтың көрінуі қарым–қатынасқа қатысушылар арасында
кодтау жəне декодтау процесі арқылы белсенді ақпарат алмасу қызметін атқарады.
Е.В.Кузнецованың пікірі бойынша кодтау – коммуникация мақсатында ақпаратты
орналастыру болса, декодтау – қарым–қатынаста адамдардың бірін–бірі қабылдауы, түсінуі
жəне ұғынуы. Вербалды емес мінез–құлық формалары арнайы өзара əрекеттесу рөлін
орындауға арналған. Оның негізгі сəттері вербалды емес белгілермен қарым–қатынас болып,
онда байланыс орнату, ақпараттық ізденіс, психологиялық жақындауларды орнату жəне
өзгерту, бір–біріне эмоциялық келбет көрсету жəне т.б. [5]. Осы орайда вербалды емес мінез–
құлық өзара ықпал, тұлғааралық əрекеттесу құралы ретінде қызмет атқарады.
Көбіне тыңдау
əңгіме кезінде енжар мінез-құлық болып қабылданады. Мұндайда, біреуі сөйлегенде, екіншісі
оның сөзінің үзілісін үнсіз күтіп тұрады да, тоқтаған кезде бірден өзінің мəселесін айта
бастайды. Ал кей жағдайда серіктесінің сөзін іле шала бөліп тастайды. Қарым-қатынаста
тыңдау маңызды орын алады. Егер екінші адамның ойы толық тыңдап қабылданбаса, онда
қарым-қатынас процесінде қиындықтар туындауына əкеліп соқтырады.
Қарым-қатынастың ортақ нəтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы
олардың күшін біріктіруге жəне келісімге келуге бағытталған екі (немесе одан да көп)
адамның өзара əрекеттесуі екені белгілі. Қарым-қатынас барысында адамдар бір-біріне сөз
арқылы үн қату, одан жауап алу немесе вербалды емес қатынастар есебінде байланыс
орнатады. Бұл барлық басқа əрекеттерден қарым-қатынас актын жеңіл бөліп алуға мүмкіндік
381
береді. Егер басқа адам бізді тыңдап, бетімізге қараса жəне мейірімді сөздерімізге күліп жауап
қайтарса, жылы көзқарас білдіргенін сезінсеңіз, сіздің көзіңізге көз алмай қарауға талпынса –
біздер қарым-қатынас жасап жатқанымызға сенімді боламыз. Бірақ ол басқа бөлмедегі
дыбысқа назары аударылып, бұрылып қарайды немесе басын иіп, қозғалған құбылысқа
қызығушылықпен көңіл аударады – мұнда қарым-қатынас үзіліп, оны танымдық іс-əрекеті
алмастырды. Мұнда қарым-қатынас адам белсенділігінің басқа түрлерінен бөлек эпизод
ретінде ерекшеленуі мүмкін.
Сонымен адам басқа адамдармен вербалды жəне вербалды емес қарым-қатынас жасау
арқылы өзара əрекеттеседі. Қорыта келгенде педагогикалық іс-əрекетте басқару жүйесінде
міндетті нəтижелерге қол жеткізу ғана емес, тұлғалардың қарым–қатынас туралы білімдері
мен дағдысын кеңейтіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық
белсенділігін арттыру мен жетілідіру үшін жағдай жасау қажет.
Əдебиет
1.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: Логос.- А., 2005. – 453 б.
2.
Биркенбиль В. Язык интонации, мимики, жестов. – СПб.: Питер Пресс, 1997. – 224 с.
3.
Носуленко В.Н. Динамика процесса совместной оценки сигналов // Психологический журнал. -
1980.- №6. - С. 26-27.
4.
Аллан Пиз, Барбара Пиз. Язык телодвижений. Расширенная версия ; [пер. с англ. Т. Новиковой]. –
Москва: Эксмо, 2009. – 464 с.: ил.
5.
Кузнецова Е.В. Развитие межличностных невербальных коммуникаций средствами социально–
психологического тренинга: дис. канд. психол. наук: 19.00.05. - М., 1988. - 275 с.
Достарыңызбен бөлісу: |