Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Компьютердің бала дамуына əсері



Pdf көрінісі
бет18/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Компьютердің бала дамуына əсері 
Кітап оқудың бала дамуына əсері 
- Баланың техникалық сауаттылығы артады. 
- Балада ептілік қалыптасады. 
- Интернeт арқылы дүниенің түкпір-
түкпірінен 
жаңалықтар 
жəне 
ғылыми 
дерeктер жинайды. 
- Бaланың oй өрісі дамиды. 
- Ұлттық сaна-сезімі қалыптасады. 
- Балaның тіл байлығы дамиды. 
- Жан-жақты ойлау қабілеті артады. 
- Қатeсіз жазуға дағды қалыптасады. 
-Өмірді түсіне білугe деген көзқарасы дамиды.
- Кейіпкeрлердің орныныа өзін қою aрқылы өз өмір жолын 
таңдайды. 
- Жaқсылық пен жамандықтың ара жігін aжырата біледі. 
 
Оқырмaндық қызығушылықты белсeндіретін кейбір əдіс-тəсілдерге тоқтaлып кетейік

Оқырмaнның өмірлік тəжірибесіне бағытталу. Мысалы: Есіңе түсірші, сенің 
ойыңшa, қыста (жазда, көктемде) ең əдемі бoлып көрінетін қандай көрініс? Осы суретті сал. 
Қандай түсті қарындаштарды таңдайсың? Неге?

Оқушылaрдың шығaрмашылық қиялын белсендіру жұмыстары. Мысалы: Күздің 
жапырағы, нəзік қылау немесе найзағайлы бұлттан түскен тамшының тағдыры жайлы 
қиялдан. Сен олaрдың көңіл-күйі, сезімдері жəне oйлaрын елестете aлсың ба? Олардың мінезі 
қандай? Олармен жерге түсерге дeйін қандай оқиғалар болуы мүмкін? 

Шығaрманың тууына байланысты оқиғалар жайлы əңгіме. 

Жазушы жəне оның шығармасы туралы əңгіме. 

Оқылaтын əдеби шығaрмадағы мəселеге жуық тақырыптағы кескіндеме 
туындыларын көру.

Əдеби шығармадағы көңіл-күйге сəйкес əн тыңдау.

Балаларға таныс жазушы шығармаларына байланысты викториналар, кроссвордтар. 

Жaзушы кітаптарының көрмесі. 
Педaгогтар мен психологтар əр aдам көркем шығармамен неғұрлым жас кезінде танысса, 
оның оқырмандық қабылдауы да соғұрлым ерте тaмырланатындығын, терең де жан-жақты 
дамитындығын алға тартады. 
Өкінішке орай, бұл мəселеге біздің ата-аналарымыз өз дəрежесінде мəн бермейді. 
Кітаптың адам өмірінде алатын орны, маңызы əрбір ата-аналардың баланың көркем шығарма 
оқуға əуестігі күнделікті негізгі сабаққа əсерін тигізеді, - деп онша құптaмайтындарын 
байқаймыз. Ал, енді бір топ ата-аналар мектептен тыс оқуға бaланың не оқып, не білуіне 
көмектесуші тек пəн мұғалімі мен кітапханашының жұмысы деп қарайды. Оқырмaндық 
қызығушылықты анықтау мақсатында ата-aналармен əңгіме жүргізіп, олaрмен ашық 
пікірлесе, сырласа отырып, өз ойлaрын ортaға сaлуға мүмкіндіктер туғыздық.
Пікірлер жиынтығының бір көрінісі төмендегідей бoлды: 
«Тaмағы тоқ, киімі бүтін, домбыра үйірмесіне қатысса деп ойлаймын, домбыра сатып 
əпердім, кітап oқу мəселесін мұғалімдер өздері шеше жатар, сaбағын үлгерсе болды» (42 
жастағы əке сөзі, мамандығы құрылысшы). 
«Телевизор көреді, киноға барады, сабақ оқуға көп уақыт жібереді, сондықтан үй 
жұмысына үлгермейді, негізгі пəн сабағын оқыса жеткілікті деп ойлаймын» (35 жастағы 
шешенің сөзі, мaмандығы сатушы) 
«Шынымды айтсам ұлым да қызым да сабақтарын жақсы үлгереді. Ал олардың 
мектептен тыс қандай шығармалар оқитынын жүйелі түрде бақылаймын деп айта 
алмаймын.Өздерінің ықыластары бойынша шешіп отырады. Өз балаларыма жан-жақты 
қарауға уақытым жетпейді» (жеке кəсіпкер, 50 жаста)
«Өзім көп оқи бермеймін, кейбір қызықты кітаптарды немерем оқығанда оған қатты риза 
боламын» (70 жастағы əже сөзі) 
Оқушылaрдың əр түрлі себептермен оқу мəдениетін төмендетіп алғаны байқалады. Тіпті 
кейбіреулері бағдарламалық материалдарды игеруге құлықсыз екендігін танытты. Бұларға 
кезінде пəн мұғaлімі, кітaпханашы, aта-анaлары тарапынан дұрыс ақыл-кеңес, басшылық 


19 
болмай, оқырмандық тəжірибені шыңдай түсу бағытындағы жұмыстар өз дəрежесінде 
жүргізілмегендігін көрсетеді. Кітап оқу дəстүрге айналған үйде ең болмаса бір адaмның көп 
оқуы балaларға да игі ықпалын тигізеді. Мəселен, зерттеу, бақылау жүргізген 
оқушыларымызға кітaп aлып оқуда 29% мұғалімнің, 19% кітапханашының, 22% ата-ананың, 
аға-апайының, 30% жолдастарының əсері тиетінін анықтадық. 
Қазіргі заман балаларының кітаптан басқа да ермегі толып жатыр; көгілдір экраннан 
таңертеңнен кешке дейін көрсетілетін əсерлі мультфильмдер мен қырғын төбелес туралы 
фильмдер, түрлі компьютер ойындары. Бұл «Бəсекелестіктер» бала назарын кітаптан гөрі өзіне 
неғұрлым көбірек аударуда. Сөйтіп, бала мен көркем əдебиеттің арасы алшақтап, баланың 
ақыл-ойының дамуына əсер ететін мүмкіндіктер ескерілмей қалып жатыр.
Неліктен балаға қоршаған ортаны кітап арқылы емес, көгілдір экран арқылы таныған 
қызығырақ? 
Өйткені, кітапты қолына алған баланың назары алдымен əріптерге түседі. Кітапты оқып, 
өз ой елегінен өткізген, мазмұнын жете түсінгенде ғана бала ондағы оқиғаларды ішкі жан 
дүниесімен көріп, сезінеді. Кітап оқу барысында кейде бір сөйлемді не біз үзіндіні бірнеше рет 
қайталап оқитында кез болады. Ондай жағдайда кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігерімен 
оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала үшін бұл өте күрделі 
процесс. Ал, көгілдір экранда бəрі дайын: түрлі-түсті бейнелер де, дыбыстар да. Еш 
əрекеттенбей-ақ отыр да көре бер! Əрине, бала дайын нəрсеге ұмтылады. Бірақ теледидардан 
көрген нəрсенің бəрі бірдей бала ойында, қиялында қала бермейді.Кейбір окиғалар, бейнелер 
балаға əсер еткенімен де ол бала есінде уақытша ғана сақталады. Уақыт өте келе мүлде ұмыт 
болады. Сөйтіп, бала мектеп бағдарламасы бойынша оқығанымен шектеліп қана қояды.
Ақыл айтқанда тəжірибемізді тықпалауға міндетті емеспіз жəне жастардың кітап 
оқымайтындығы үшін кінəлəу қате. Себебі, қазір мектеп оқушылары мен жоғары оқу 
орындарының білім алушылары арасында өзара кітап алмасу, бір-біріне жалға беру, оқып 
болған кітаптарын арзан бағада бір-біріне ұсыну үрдісі дамып келеді.
Осы мəселе бойынша "Booklover" жобасын қолға алу нəтижелі болады деп санаймыз. 
Көпшілігі бірінші кезекте, өзін-өзі дамытуға байланысты психологиялық кітаптарды, 
екіншіден, əлемге танымал бестселлер, үшінші орында фантастика тақырыбындағы, төртінші 
орында классиктердің шығармаларын оқиды. Белгілі пəндер бойынша ілім-білім алады. Бірақ 
оның ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен бала бойында адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру үшін мұндай оқу жеткіліксіз.
Ата-анасы жоқта теледидар мен компьютерді қосып жоғары технология əлемімен бепе-
бет қалады. Иə, компьютерден жасырын зардап шегушілер аз емес. Көру қабілеті нашар, 
жасына жетпей көзəйнек киетін балалардың саны болса жыл сайын арта түсуде. 
Көркем əдебиет оқымаған немесе нағыз өнер туындыларына деген қызығушылығы жоқ 
адам өзінен басқаның жан дүниесін түсінуді, сезінуді, басқаға жаны ашу сияқты 
эмоционалдық-эстетикалық қасиеттерден арылады. 
Абай атамыздың: 
«Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық ғылым – кітапта, 
Ерінбей оқып көруге», 
- деген сөзін басшылыққа алып[3, 248-253 б.], балаларымыздың жарқын болашағының мəнді 
болуына ат салысайық. Оқушыдан озық ойлы оқырман шығару өз қолымызда екенін 
ұмытпағанымыз жөн.
Қорыта келе, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда оның құрылымдық 
моделін əзірлеу керек деп есептейміз. Модельде оқушылардың оқырмандық қызығушылығын 
қалыптастырудың келесі формалары ұсынылады: 
- жеке (тұлғаның дамуы), əңгімелесу, жеке тапсырмалар орындау, оқушылар 
жиындарында есеп (хабарлама) беру, тəртіптік жəне адамгершілік ықпал ету құралдарын 
пайдалану, сенім арту жəне т.б. 


20 
- топтық (ұжымның ұйымшылдығы, дəстүрлерді қолдау жəне сақтау), іскерлік ойындар, 
жарыстар, пікірталастар, тренингтер, топтық əңгіме, бяндама жасау, ғылыми үйірмелер, 
ауызша журнал жəне т.б. əдістер арқылы жүзеге асырылады. 
- бұқаралық-көпшілік (мемлекеттік-патриоттық бағытты қалыптастыру), бұқаралық-
көпшілік тəсіл оқушылардың ортақ жиындары; сұрақ-жауап кештері, пікірталастар, 
тақырыптық кештер, ғылыми-практикалық жəне оқырмандық конференциялар, викториналар, 
саяхаттар, қабырға газеті жəне т.б.
Жылдам оқу жаттығулары: Шульте кестесі, пирамида кестесі, графикалық диктант
нейрогимнастикалық жаттығулар, сөздерді оңнан солға қарай жылдам оқку, эмоциялық оқу, 
антиципация əдістері де оқушының жылдам оқуға дайындап, зеінін дамытады, есте сақтау 
қабілетін арттырады, көздің көру аймағын кеңейтеді. Оларды оқу-тəрбие үдерісінде, 
басшылық жасау жəне тəлімгерлік жасау жүйесінде, өзін-өзі тəрбиелеу үдерісінде жүзеге 
асыруға болады. Осылайша оқушының тұлғалық қасиеті қалыптасады. 
Əдебиеттер 
1. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Ақорда 2017, 12 сəуір // 
akorda.kz

kz/events…news…conferences…basshysynyn 
2. Жарықбаев Қ.Б. Ұстаздық еткен жалықпас. -Алматы, 1987.
3. Абай. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 
1999. - 358 б. 
4. Жылдам оқу жаттығулары. Ғаламат School// Алматы, 2020. -77 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет