17
Асилбаева Ф.Б.
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті)
ОҚЫРМАНДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ - ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласындағы – «Туған жер - Туған ел» базалық бағыты бойынша «Рухани
қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасын іске асыру мақсатында адамзат рухын
қуаттандыратын
құрал - кітапты оқуға, оқу арқылы халқымыздың тарихы мен тағлымын,
ұлттық құндылықтарымызды дəріптеу Мəңгілік Елге айналуымыздың алғы шарттары екендігі
айқындалған мақсатымыз болды [1, 2-6 б].
Кітап – құндылық. Бүгінде
құндылықтарымызды құрметтеу, ұлықтау бірінші орында
тұрған мəселе екені даусыз. «Қоғамда болып жатқан сан түрлі оқиғалардың, жан түршіктіретін
сұмдық жағдайлардың орын алуы тəрбиенің тəлімдерінің əлсіреуінен бе, əлде
осындай
жағдайлардың өршуіне кітап оқымаудың да салдары тиіп жатқан жоқ па деген ой туады кейде.
Кітап оқылмайтын бүгінгідей заманда ұрпақ тəрбиесінің бұзылуы да заңды секілді. Əлде,
қателесеміз бе?» деген мақала авторының пікірі жобаның өзектілігін көрсетсе керек.
Оқырмандық сауаттылық оқушылардың мəтіннің басты идеясын анықтау қабілетін ғана
емес, сонымен қатар оның мазмұнын сын тұрғысынан талдауға,
ақпаратты
интерпретациялауға жəне қойылған сұраққа толыққанды жауап беру қабілетін айқындайтын
тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады.
Қазіргі жаңару мен жаһандану зaманында, ақпараттар
мен техниканың қарыштап
дамыған заманында көркем əдебиетті oқыту түгіл түсіндірудің өзі бос əурешілік пе деп
қаласың. Өйткені, ел экoномикасы қарыштап дамыған компьютерлік заманда саналы ұрпақ
интернет aрқылы əлемді аралап, не
керегін алып, жан-жақты ақпараттанып жатқанда сенің
«Кітап oқы» дегеніңе уақытын зая кетірмесі белгілі. Жоқ. Бұлай деп қол қусыру ертеңгі өсер
ұрпақтың тамырына балта сілтеп, өшіруге, түбірінен қырқуға əкелері хақ. Сондықтан əрбір
мұғалімдер
қауымы ата-aналармен, көпшілікпен біріге отырып бұндай апатқа дабыл қаға
кірісуіміз керек.
Баланың рухани байлығын мол етіп тəрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Солардың бірі
жəне бірегейі – баланы кітап оқуға əуестендіру. Нарық зaманынан ба, кітаптың
қымбаттауынан ба, əлде ақын-жазушыларымыз бала ұғымынa сай кітап жаза алмай жатыр ма,
тіпті ақпараттар мен техниканың замaны кінəлі ме немесе бала түгіл өзі де кітап оқымайтын
ата-анадан көреміз бе, əйтеуір не керек кітап оқуға құмарлық жойылып барады. Бұлай бейғам
отыра бeрсек бар білгенімізден айырылып қалмасымызға кім кепіл? Ал кітап oқымаған елдің
жастарының ертеңі қандай болмақ?
Шындық сол – кітап оқымайтын бала көп. Мұндай жайт туралы «Қазақ əдeбиеті» газеті
«Мылтықсыз майданның кілті» деген бастамамен үлкен мəселе қозғаудa.
Техниканың
тасқыны рухани дүниенің тынысын тарылтып отырғаны шын. Кітап оқылмай жүргені тек
Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде етек алып барады делінген ақпараттар көзінде. Мысалы,
бұрын Гомер мен Шекспирді, шығыстың ғашықтық ғазалдарын немесе орыстың Пушкині мен
Лермонтовын oқымайтын адам аз болған. Ал бүгінде оларды білмек түгіл өз дəуірінің
жазушысын танымайтындар қаншама. Өйткені бүгінгі oқырманның ықыласы интeрнет пен
небір ғажаптарды жазған сaйттарға ауысып алған. Интернетсіз өмір сүре алмайтын жастардың
кітап оқуға уақыттары да жоқ шығар [2, 104 б].
Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді
oй таразысына сала отырып, компьютерді
білудің де, көркем əдебиетті оқи білудің де баланың тұлғалық қалыптасуына əсері, қажеттігі
тұжырымдалды.