Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет52/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Сансызбай Р.А. 
 (Қазақстан Республикасы,Қызылорда қ.,
Қызылорда Болашақ университеті) 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА
ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Қазіргі таңда жастардың азаматтық белсенділігін дамытудың жаңа тетіктерін табу 
мағызды мəселелердің бірі болып табылады. Азаматтық белсенділікті дамытуға тікелей əсер 
ететіндер қатарында жастар ұйымдарының орны ерекше.
Елміздің Президенті Қ.К. Тоқаев "
Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты 
Қазақстан халқына Жолдауында"а
заматтық қоғам мен құзырлы органдар осылай ашық 
ынтымақтастық орнататын тəжірибе біздің елімізде берік орнығуға тиіс. Осы мүмкіндікті 
пайдаланып, қоғам белсенділері мен заңгерлерге азаматтық ұстанымы жəне біліктілігі үшін 
ризашылығымды білдіремін" деген болатын [1].
Кейбір ғалымдардың пікірінше жастар ұйымдары қоғамның əлеуметтік-экономикалық 
өміріне араласуға жағдай жасаушы институт болып табылады [2]. Жастар ұйымдарының 
басымдылығы мынада: 
- қатысушылар тең деңгейде болады: статусы, жасы бойынша; 
- қатысушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері сəйкес.
Тарихқа жүгінетін болсақ, кеңес дəуіріндегі жастар ұйымдарының іс-тəжірибелері 
коммунистік-идеология тұрғысынан зерттеліп, өз кезінде маңызды рөл атқарғанын көрсетеді. 
Жаңа ғасыр жағдайында жастар ұйымының жұмыс мазмұнына жалпыадамзаттық 
құндылықтар мен ұлттық мəдениетке сүйенген халықтық- демократиялық қағидаға 
негізделген азаматтық белсенділікті қалыптасу сипаты енуі тиіс. 
Көрнекті ғалым П. Блонскийдің пайымдауынша, жастар ұжымының табиғатын терең 
тану үшін, оның əр мүшесінің мінез-құлық ерекшеліктеріне мəн беру керек деп есептеген [3]. 
Ол 1928 жылы жарыққа шыққан «Педагогикалық энциклопедия» басылымының белсенді 
ғылыми авторларының бірі бола жүріп, аталмыш жинақтың «Балалар ұжымындағы өзін-өзі 
басқару жұмыстары» атты бөлімде ұжымдық тəлім-тəрбие мəселелерін педология ғылымдары 
негізінде қарастыру туралы пікірін білдіреді. 
Аталған анықтамалар жиынтығы жастар ұжымы туралы жалпы сипаттама беруге 
мүмкіндік туғызады. Бұл жерде біздер «ұжым» жəне «ұйым», «студент» жəне «жас» деген 
зерттеу нысанымыздағы ерекше назар аударатын мəселелер жөнінде түсініктеме беруді жөн 
деп санаймыз. Біздің ойымызша «ұжымның» да «ұйымның» да негізгі мақсаты бір, ол –ортақ 
мүдделерін бірлесе отырып шешуге жəне көздеген мақсатына жетуге ерікті түрде біріккен 
жастардың топтары. Ұжымдық топтасуды – жастардың қарым-қатынастары мен 
шығармашылық əрекеттерінің жиынтығы десек, ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктері мен 
мəртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге көтеруге бағытталған əлеуметтік құбылыс деп 
тұжырымдауға болады.
Айталық, белгілі ұжымның озық дəстүрлерін немесе шығармашылық 
жетістіктері мен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін жəне ол жетістіктердің 
қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық 
бірлестіктің əрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз.
Оның 
тиімділігінің тағы бір ерекшелігі - ұжым мен ұйымның педагогикалық тұтастығында болып 
табылады. Олардың тұтастығы жастар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, білім беру 
ұйымдары мен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тəлім-тəрбиелік іс-шараларды өзара 
ынтымақтаса отырып жүргізуге, жастар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы 
үйлестіруде жəне педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып мазмұнды –мақсатты 
жұмыстар зор мүмкіндік тудыртатыны сөзсіз. Əр ұжымда қалыптасқан дəстүрлердің уақыт 
өткен сайын молайып, кейін ол дəстүрлердің бірнеше ұжым топтардың қажеттілігіне айналуы 
– мақсаты мен ой-арманы бір ұжымдардың бір ұйымға бірігуіне себепші болды. Демек, ұжым 


94 
əрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы – олардың ұйымдық құрылымының 
қалыптасуына негіз болмақ.
Жастар клубы жұмыстарының мазмұны мен формасы олардың профильдеріне 
байланысты анықталатын [4]. Мəселен, көптеген жасөспірімдер клубтарында моральдық-
этикалық тақырыптарына диспутттар ұйымдастырылатын, оқырмандар конференциялары, 
тақырыптық кештер, əдебиеттік оқулар, концерттер, спектакльдер, түрлі конкурстар, 
байқаулар, көрмелер, олимпиадалар өткізілетін. Клуб активі кəсіпорындарының, ғылыми 
мекемелердің музейлеріне, көрмелеріне ұжым болып баруды ұйымдастыратын, ал жазғы 
уақыттарда туристік жорықтар, саяхаттар, экспедициялар өткізілетін. Осының бəрі жастардың 
шығармашылық өнерінің дамуына, оларды тəжірибемен зерттеу жұмыстары дағдыларымен 
қаруландыруға мүмкіндік жасайтын. Клубтар жастардың демалысын дұрыс ұйымдастыруға, 
олардың шығармашылық қабілеттері мен ғылымға, техникаға, өнерге деген ықыласын 
дамытуға жəрдемдеседі. 
Жастардың ұйым іс-əрекетіне араласуын өзбеттілікті, ұйымдастырушылық дағдылырды 
жəне басқарушылық икемділіктерді, коммуникабельділікті жəне бастамашылдықты, белсенді 
өмірлік ұстанымдарды дамытуға саналы бағытталу ретінде қарастырады. Бұл əрине, болашақ 
кəсіби іс-əрекетте азаматтық белсенділіктің дамуына кепіл бола алады.
Жастардың азаматтық белсенділігін дамытуда іс-əрекеттің əртүріне араласу деңгейінде 
жас ерекшеліктерге тікелей байланысты болып келеді. Мұнда əрине азаматтық белсенділік 
көріністеріне жағымды қатынас орнайды. Белгілі бір технологияларды пайдалана отырып, 
студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің жағымды əсері арқылы олардың азаматтық 
белсенділігін жəне белгілі бір құндылықты-нормативтік бағыдарлануын дамытуға болады. 
Бұл технологияларға мыналар жатады [5]: 
- оқыту (көптеген ғалымдар мен практиктер бұл əдісті лидерлерге арналған 
тренингтермен теңестіреді); 
- конкурстар; 
- тағылымдамалар; 
- жастардың тəжірибе алмасуы; 
-креативті (шығармашыл) орта құру. 
Жастар ұйымдары көптеген сол жас кезеңінде көрініс беретін іс-əрекетке айналушы 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, əлеуметтік əрекетке 
бағытталған азаматтық белсенділікті дамытады.
Бүгінгі күні жастар ұйымдары мемлекеттің маңызды жəне қозғаушы бөлігі болып 
табылады. Осы жастар ұйымдары арқылы өскелең ұрпақтың бойында азаматтық белсенділікті 
дамыту жолдарын анықтау маңызды мəселелердің бірі болып табылады. Сондықтан жастар 
ұйымдарын тұлғаның табысты əлеуметтенуіне жағдай жасайтын жəне азаматтық белсенділікті 
дамытушы қоғамның бір бөлігі ретінде зерттеу мəселесі алға шығады.
Жастар қоғамдық бірлестіктері жас ұрпақтың əлеуметтік белсенділік таныту формасы 
ретінде бүгінгі таңда сапалы ерекше деңгейде дамып келеді. Еліміздің түрленуімен байланысты 
қалыптасудың жаңа кезеңін өткере отырып олар біртіндеп ресми түрде заңдастырылуда, жұмыс 
атқарудың арнайы ережелері мен механизмдері бар бірыңғай құрылымға жинақталуда. 
Олардың ауқымы, мақсаттары мен дүниетаным ерекшеліктері бойынша алуан түрлілігі жоғары 
қызығушылыққа ие.
Жастар бірлестіктерінің санының өсуі, іскерлік мақсаттары мен бағыттары бойынша 
олардың алуан-түрлілігі қоғамның сындарлы дамуының белгілері, жас буынның бастамасының 
көріністері болып табылады. Дегенмен көптеген бірлестіктер əзірге тұрақсыздықпен, 
жеткіліксіз кəсіпқойлықпен, «алдамшы» белсенділікпен сипатталады. Осыған байланысты 
маңызды теориялық жəне тəжірибелік мағынасы осы кездегі бірлестіктердің тиімділіктері 
туралы сұрақ тудырады. Олардың іскерліктерінің тиімділігін кешенді түрде жəне əр түрлі 
деңгейлерде қарастыру керек. Жастар ұйымдарының тиімділігі туралы сөз қозғаған кезде 
олардың деңгейлерін де атап өткен жөн: 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет