Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Арпалыс 1,2


 
Мен еріксіз орнымнан тұра келіп, тебіренген қалыпта ӛзімнің осы 
сӛзімді Панфиловтың алдында қайтадан айтып шықтым. Нақ осы араға 
келгенде, былайша айтқанда, әңгіменің ең қысылшаң жеріне жеткенде, ол 
күле бастады. 
- «Мен - совет ӛкіметінің» деп тіке айтып салдыңыз ба? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Мен - «бас қолбасшымын» деп те соқтыңыз ба? 
- Иә. 
- Е, жолдас Момышұлы, алыптың сыбағасы ғой бұл… 
Мен сәл аңырап қалдым. Алыптың сыбағасы дейтін теңеуте 
байланысты оқиғаны Панфилов білетін болып шықты ғой, сіздің дәптеріңізге 
әзірше енгізе қоймаған бұл оқиға туралы мен оған да бір ауыз сӛз айтқан 
емеспін. 
- Жолдас генерал, сіз мұны да біледі екенсіз ғой? 
- Нені айтасыз? 
- Алыптың сыбағасы жӛніндегі оқиғаны айтам. 
- Дәнеңе де білмеймін… Ол қандай оқиға? 
- Онша елеулі нәрсе емес. Шынында, мұны сізге айтпақшы емес едім. 
Дегенмен мұны Панфиловтың білгісі келді. 
- Әңгімеңізді айта беріңіз… Бірақ асықпаңыз. Мен сізге мұрсат 
беремін. Сіз бен біз қазір орман ішіндегі аландамыз. - Ол тағы да күлді. - Сіз, 
шынында да, ӛз докторыңызды боршалап кескілейтін бе едіңіз? 
Енді мен де күліп жібердім. 
- Кескілеу қайда, жолдас генерал… Дәтім шыдамас еді. 
Панфилов біразга дейін үнсіз отырды. Онан соң жалма жан маған 
мынадай сұрақ қойды; 
- Ал жоғары дәрігерлік білім жӛнінде не айтасыз? Мұны қайтпексіз? 
- Жоғары дәрігерлік білім жӛнінде мен оған былай дедім, жолдас 
генерал: «Қатардағы санитар болып қызмет етесің, жауған оқ астынан 
жаралыларды алып шығып шынығасың, ӛз борышыңды адал атқаруды 
үйренесің, міне соңда жоғары дәрігерлік білімің болады. Шпалыңды сыпыр 
да, қатардағы жауынгер бола жүріп, жоғары дәрігерлік білімге татитын еңбек 
сіңір», дедім. Сӛйтіп, дәрежесінен айырдым, жолдас генерал. 
Панфилов маған күлімсірей қарап отырды. Менің әңгімемдегі кейбір 
жайттар оған ұнап қалғандай, ӛзінің қӛңілге түйген әлденендей бір ойына дӛп 
келгендей кӛрінді маған. Менің осы жорамалымды растағысы келгендей, ол 
маған былай деді:


335 
- Сіз, жолдас Момышұлы, бұл оқиғаның қаншама гибрат аларлық 
екенін, бәлкім, әлі де түсіне қоймаған боларсыз… Рапорт жазыңыз! Мен, ӛз 
тарапымнан, армия қолбасшысының мұны бекітуді ӛтініп сұраймын. Бірақ 
бұл ӛз алдына… Әңгімеңізді одан әрі айта беріңіз. 
Мен ӛз мәлімдемемді жалғастырдым, яғни, дұрысын айтқанда, ӛзімнің 
командирлік сырымды шерте бердім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет