***
- Енді бадырайтып тҧрып ҥлкен нҥкте қойыңыз, деді Бауыржан
Момышҧлы. - Панфиловшылар батальоны жайындағы шежіремізді
осымен аяқтаймыз. Бір мың тоғыз жҥз қырық бірінші жылғы жиырма
ҥшінші ноябрьде мен комбат болудан қалдым. Мені армия штабына
шақырып, полк командирі етіп тағайындады. Мен ӛзімнің
батальонымды Ысламқҧловқа ӛткіздім.
524
Панфиловтың
ирекше-серіппесін
қолдана
отырып,
гитлершілдерді отты жҧдырықпен тӛмпештей отырып, менің полкім
Крюково поселкесі мен станциясына дейін шегінді. Сол жерде
Ленинград тас жолында, алты кҥнге созылған ҧрысқа тӛтеп беріп,
Қызыл Армияның басқа да бӛлімдерімен бірге тарихтың бетін бҧрдық
та, жауды Москвадан әрмен қуғып тастадық. Бҧл туралы
«Ленинградтас жолы» деген тақырыппен тағы бір кітап жазуға болар
еді. «Старая Русса тҥбінде» депте жазуға болады. - Бірақ - кітап бітті. Ал
болашақта сізге қояр бір ғана шартым бар…
Салалы саусақтарымен қылыштың балдағын ҧстады дам
Момышҧлы кҥтпеген жерден қаруын суырып алды. Кҥңгірт блиндаж
ішінде болаттың қылпылдаған жҥзі осы кітаптың басталар кезіндегідей
тағы да жарқ-жҧрқ етті.
- Бір ғана шартым бар… - деп қайталады Момышҧлы.
Ӛтірікті сықпыртсаңыз оң қолыңызды стол ҥстіне қоя беріңіз.
Әп! - деймін де, оң қолыңызды шауып тастаймын! Осыған кӛнетініңіз
рас па?
Мен кҥліп жібере жаздадым. Қайран, менің айбарлы
Бауыржаным, ӛз мінезіңнен, қолыммен, жҥйрік кӛңілмен, шарықтаған
қиялмен жасалған сипатыңнан бір де айнымайсың-ау! Дегенмен,
хатшының әдепті болғаны мақҧл.
- Рас, - дедім мен.
Достарыңызбен бөлісу: |