Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Арпалыс 1,2

«Волоколамск тас жолы» кітабы ерекше құнды және ҰОС туралы, әсіресе 
оның бастапқы кезеңіндегі, ең үздік шығармалардың бірі болып саналады. 
Кәсіптері де, мінездері де, дүние танымдары да әр түрлі екі 
адамның тосын тандемі:
біреуі - әскери тілшіге айналған штаттағы дарынды очерк жазушы, 
"ӛзін қиялилау ашықауыз сияқты кӛрсететін» (ол туралы Борис Рудиннің 
сӛзінен үзінді келтіріп, Александр Бектің қызы - Татьянаның жазуынша), 
әскери дәрігер - генералдың ұлы, ал екіншісі - қат, сӛзге сараң, далада ӛскен 
малшының тік мінезділеу, әскери мансабын енді бастаған ұлы. Бір идея 
біріктірген олар шығармашылық одақ құрып, келер ұрпаққа соғыс туралы, 
ұлттары, діни наным-сенімдері, жастары мен жыныстары әр түрлі, бірақ ауыр 
жылдарда бір мақсат пен міндетке - ӛз жерлеріне табан тіреп, ӛз 
шаңырақтарын жат жерлік қатыгез де жауыз дұшпаннан қорғауға бас 
біріктірген адамдар туралы шынайы және егжей-тегжейлі шежіре қалдыра 
білді.
Соғыс 
туралы 
жазылған 
басқа 
туындылардың 
маңызын 
тӛмендетпей, екі ерекше тұлғаның бірлескен жұмысы Мәскеуге, тіпті бүкіл 
елге ажал қатері тӛнген сол кездегі жағдайды толықтай сезінуімізге 
мүмкіндік беретінін атап ӛткім келеді.
Кітап авторлары - атақты жазушы Александр Альфредович Бек (ол 
ӛзі «бұл кітапта мен тек жауапкершілігі мол, ұқыпты хатшы ғанамын» деп), 
кішіпейілдік танытты және Қызыл Әскердің дарынды қолбасшысы Бауыржан 
Момышұлы (дерек бойынша, кітаптың тең авторы екені сӛзсіз), 1941 жылдың 
қазан-қараша айларында Гитлер генералдары Мәскеу Кремлінің күмбездерін 
дүрбімен шолып, Қызыл алаңда ақ қолғап киіп салтанатты сап құра, шеруге 
шығуды жоспарлаған сол бір дүрбелең оқиғаларды бейнелей алды. 
Қызыл Әскер фашистік Германияның сақадай сай брондалған 
армиясын тоқтата алар ма екен?, деп біздің планетамыздағы әрбір озық 
ойлы адам үрейлене күтіп жүрді. Әскеріміз жауды тоқтатты, тоқтатып қана 
қоймай зұлым аңды ӛз апанына қуды!
Мәскеу түбіндегі шайқастарда жеңу Ұлы Жеңістің бастамасы 
болды. Бірақ бұл кейінірек болды, ал 1941 жылдың 13 қазанында дивизия 
командирі генерал Панфилов: «Күтпеңіз, мүмкіндік іздеңіз. Орайы келсе - 



жолдас Момышұлы, ұрыңыз!» - деп тапсырма берді. Дивизия командирі 
қойған міндетті орындау үшін, батальон командирі тұңғыш рет әр ротадан 
барлауға жауынерлерді жіберді, әр бӛлім тапсырманы сәтті орындап, құнды 
мәліметтер әкелді. Бӛлім командирі Курбатов пен екі фрицті «сұлатқан» 
сӛзге сараң сарбаз Гаркушаның әңгімелерін басқа жауынгерлер үлкен 
ықыласпен тыңдады.
Мұның бәрі батальон командирінің: «олар құбыжықтар немесе 
айдаһарлар емес, бұзылған және қарақшы ниеттегі адамдар, бірақ денелері 
біздің денемізге ұқсас, адамға тән терісін найза мен оқ оңай теседі. 
Ӛлтіруге болатын - тіршілік иесі» деген сӛздерін растады. Енді кӛбі 
барлауға баруды қалады! 
Волоколамск, Калинин және Можайск - үш жолдың қиылысында 
орналасқан, Середа селосына жасаған кеисттен түнгі шабуыл сәтті болғаны 
сондай, соққы тиіп құлаған «Қорқыныш генералы» орнына батальонға Күлкі 
келді. 
Бӛлімнің саяси жетекшісі, Середаға шабуыл жасаған Бозжанов: 
«Күлкі дегеніміз - майдандағы ең салиқалы нәрсе», - дейді. Ӛлгенше қорыққан 
тұтқын немістің «таңғы асты - Вольоколямскіде, кешкі асты Москауда 
ішеміз» деп міңгірлеуі мен жауабы батальонның барлық жауынгерлерінің 
жауға деген сұмдық жеккӛрушілігін тудырды. 
Брудный мен Донской взводтарының тасадағы шайқастары, 
батальон командирінің: «тығылып отыру, кенеттен шабуыл жасау, елеусіз 
шегіну, шабуыл жасау және қайтадан шабуылдау» - деген ақыл-кеңесінің 
дәлме-дәл орындалуы командирлердің де, жауынгерлердің де сенімін одан 
әрі күшейтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет