ЖОҒАРЫ ДӘРІГЕРЛІК БІЛІМ
«Халықтың ізгі дәстүрі біздің ең асыл
мұрамыз».
1
Таң шапағы орман ішінде әлі де қылаң берген жоқ, тек зәулім биікте
ғана жапырағынан айрылған сидам ағаштар кӛзге әрең шалынады, ал біз
манадан-ақ сапқа тұрып, адымдап жӛнелгенбіз. Айналадағы қырау кӛмескі
түрде ағараңдайды, аздаған аяздан жер қатып, бетіне қабыршақ тұрған, аяқ
астыңда ыбырсып жатқан шарша қылқандары мен жапырақтар арасынан
бұдан кӛп бұрын түскен ат тұяғының таңбалары, дӛңтелек іздері, айғыздалып
жатқан жолы кӛрінеді. Кейде аяқ астындағы қабыршық күтірлеп, ұзатылып
кетеді.
Менің сиреп қалған батальоным жауынгерлік тағдырдың қияпатымен
Волоколамск тас жолының асфальтты үйегінен тым шеттеп кеткен еді.
Немістер қайда? Біздің дивизия қайда? Бізге бұл мәлімсіз еді. Әдетте біз
қашан қараңғы түсер екен деп тықыршып күтетінбіз, ал енді - тезірек жарық
болса екен деп тілейміз Москва түбіндегі майданда дүрбелеңі күшті жаңа
күннің басталуына зар болдық. Мен зеңбіректер гүрсілі естілген жақты
бағдарлап алып, дивизия шебінің енді қай жерге орналасқанын шамамен
болса да, анықтармын деп үміттендім.
Таң аппақ атып, ұясынан шыққан күн шыршалардың сүйір тӛбелеріне
шаңқан сәулесін шашып та үлгерді, бірақ мен күткен зеңбірек даусы әлі
естілер емес.
Ақырында, алыстағы бір бүйірден, Волоколамск тас жолының ӛкпе
тұсынан зеңбірек даусы естілді. Соның артынша-ақ екінші, онан соң үшініі
зеңбірек үн қатып, бұл сарын ұзамай біркелкі атысқа ұласты.
Сол арада біздің алдыңғы жағымыздан да сарыны күшті гүрсіл
есітілді. Бұл не? Біздікі ме, алде немістікі ме? Бұдан кейін жер
жаңғырықтыратын дүмпуді құлағымызды тігіп тым ұзақ күттік. Ақырында,
бұл үн бізге сонау алыстан әлсіреп келіп жетті де. Бұл снарядтың Москва
тарапына, Қызыл Армия тарапына жіберілгеніне енді күмәніміз қалмады.
Міне сол жаққа тағы бір снаряд ұшырылды. Иӛ, жүк машиналарына
тіркелген неміс зеңбіректері даңғыл жолмен ілгерілеп, бізден озып кеткен.
Біз енді немістердің алғы шебінің ту сыртында қалған болып шықтық.
327
Басқа жерлердегі зеңбіректер де оянып, үн қатты. Бірақ атыс әлі
жиілей қойған жоқ. Оқта-текте немістің ауыр орудиелері гүрсілдейді.
Әлдеқайдағы җаңа шепке орналасқан біздің артиллерия әзірше айқын дыбыс
бере қойған жоқ.
Осынау солғын да селқос үннің кӛндіккендей, біз де еріншектене
жүріп барамыз. Колоннаның алдында Рахимовпен қатар жүргенде мен тӛте
жолға жуымай, батальонды деревня арбалары салған ирелең меңіреу
жолдарға әдейі бұрып әкетіп отырдым.
Бірте-бірте аяз ызғары бәсеңдеп, жер жіби бастады. Таяуда ғана қырау
шалып
тұрған
ағаштардың
сидам
бұтақтарынан,
солғын-сарғыш
жапырақтарынан, шыршалардың тарбиған қылқандарынан енді біздің
тӛбемізге ірі-ірі тамшылар ақты. Етіктеріміз жабысқан балшықтан ауыр
тартты.
Батальонның жүрісі баяулады. Кейде мен тоқтай қалып, шұбалған
батальон колоннасын тұсымнан ӛткізіп жіберіп, бейберекет ілбіп басқандар
қатарына қарап тұрамын. Тегінде, енді жауынгерлер қатарласа жүруден
қалған. Кейбіреулері тайғанақтап барып, жол сүреңіне түсіп жүрсе, екінші
біреулері селдірлеу шӛптің арасымен, жиекті жағалап келеді. Әрқайсысы
ӛзінің солдаттық жүгін кӛтерген. Арқасындағы қапшыққа оның котелогі
таңулы, ал мұның тамақ салынбай, солдаттың қасығын кӛрмей, қаңсып
тұрғанына бірнеше күн болды.
Мен ӛз жауынгерлеріме кӛз жүгіртемін, олар да маған қарап қояды.
Еңсесін кӛтеріп, бойын ширатқан ешкім жоқ. Бәрінің де кӛзқарасынан
жаныңды жаралайтын әлденендей бір солғын да сүреңсіз белгі білінеді.
Мұны не деу керек?
Іркілдеген батпақты кешіп, батальонның бетке ұстар екі солдаты әрең
жүріп келеді, бірі - еңгезердей Голубцов, екіншісі шымыр денелі, бұлшық
етті Курбатов, Голубцов тӛмен түскен басын менің тұсымнан ӛте бергенде де
кӛтерген жоқ. Ал маран кӛзінің қиығымен қараған Курбатов үйреншікті әдеті
бойынша бойын түзеді. Бірақ мұның кӛзінде де қайғының ізі бар.
Дәл солай, шегінуші солдаттардың кӛздерінен шексіз қайғы мен
қапалық білінеді. Қысқасы, бүкіл баталаонның еңсесін жабырқаушылық пен
торығушылық, күйініш пен реніш басқан.
2
Әрең ілгері жылжыған колоннаны мен тағы да басып озып, алдағы
Рахимовпен қатар жүріп келемін.
Күйінішті ой жанымды жаралайды. Біз қашанға дейін осылайша
шегіне бермекпіз? Соғыстың біз үшін сондай сәтсіз басталып,
шымбайымызға қатты батқан себебі не?
Тіпті, таяуда ғана, осынау қасіретті жылдың май, июнь айларында
ғана: «Егер жау бізге тиісер болса, соғыс сол жаудың жерінде жүргізіледі»
деген плакаттардың барлық жерде ілулі тұрғаны қайда?
328
Шабуыл да шабуыл, алға, тек қаналға деген ұран біздің армиямыздың,
соғыс алдындағы бесжылдықтардың, ұрпағымыздың рухани арқауы болған
еді. Ал шегіне ұрыс жүргізу дегеніңіз ойымызға кіріп те шыққан емес, шегіну
тактикасымен, теориясымен ешқашан да айналысқан емеспіз әйтеуір менің
офицерлік шағымда жағдай осылай болған. Тіпті "шегіну" деген сӛздің ӛзі
біздің армияның жауынгерлік уставынан ӛшіріліп тасталған-ды.
Ендеше неге, неге шегіне береміз?
Жаудың соққысын кӛріп келеміз… Бірақ біз де қарап қалған жоқпыз -
қазір менің соңымнан жабыңқы күйде шұбап келе жатқан мына солдаттармен
бірге - біз де жауға талай соққы бергенбіз, немістердің табанын жалтырата
бізден қашқанын талай кӛргенбіз, жан тәсілім алдында олардың байбалам
салғанын талай есіткенбіз…
Иә, жаудың соққысын кӛргеніміз рас. Бірақ Совет мемлекеті қираған
жоқ. Тӛрт жүз елу қарулы совет адамынан құралған біздің кішкентай
мемлекетімізде қираған жоқ, кішкентай мемлекетдегенім менің батальоным,
Панфиловтың резерві. Біз ӛзімізге үйреншікті солдат жүгін ғана арқалап
жүрген жоқпыз, сонымен қатар біздің кӛзге кӛрінбес ең қастерлі
қасиеттеріміз: ӛзіміздің қызылтуымызға адалдық, революция ӛсиеттеріне,
жауынгерлік борышқа адалдық, біздің адамгершілігіміз бен ар-намысымыз,
халықтың ізгі дәстүр-салты бойымызда сақтаулы. Бұл - біздің ең асыл
мұрамыз.
Әлденеден Заевтың тарғыл даусы, оның тост орнына, «Бізге бұдан
ӛзге жол жоқ, қолымызда винтовка» деп әндеткені ойыма қайта оралып,
кӛкірегімде сайрайды.
Әй, Заев, Заев!
3
Менің қалың ойға шомып кеткенім соншалық, Рахимовтың сӛздерін
әрең естідім:
- Жолдас комбат! Жолдас комбат?
- А? Немене?
- Жолдас комбат, шаңқай түс болды. Бір сағат демалып алғызуға
рұқсат етіңіз.
- Иә, дер кезі… Жарлығыңды айт.
Ізет етіп, нақпа-нақ, сонымен қатар еркін қимылмен кілт бұрылған
Рахимов ақырын дауыстады:
- Батальон, тоқта!
Бүкіл батальонда шаршап-шалдықпай, күш-қайратын бойында
сақтаған жалғыз осы айтулы тау кезгіш, альпинист Рахимов болар деймін.
Жаңылысыппын, жалғыз емес екен. Соның артынша басқа ротаны бастап
келе жатқан Тимошиннің саңқылдаған даусы есітілді:
- Екінші рота, тоқта! Қатар түзеңдер! Теңесіңдер!
329
Сәлден соң сап құрған ротаға жақындап келген басқа бӛлімшелер
жақтан да осындай дауыстар шықты. Іркілдеген жолдың жиегінде тұрған,
немістер басып алған жердің ортасындағы аядай орман ішіне тап болған
кішкентай мемлекетімізде біздің әскери, советтік құрылысымыз бен
тәртібіміз әлі де берік еді.
Ішімнен: «әлі де берік еді» десем де, бұл пікір ӛзіме кенеттен ерсі
кӛрінді. Комбат басыммен «әлі де» деген неғайбыл, тиянақсыз сӛзді ішімнен
болса да айтуым жӛн бе?! Шынымен-ақ ӛзімнің де жігерім жасып, еңсемнің
түскені ме? Олай болса, батальонды қалай басқармақпын, солдаттарымды тар
жол, тайғақ кешумен қалай бастап жүрмекпін?
Батальон дамылдап жатқан. Рахимов маған; «Шаңқай түс» деп еді.
Шынында да, түске таман жадырап кеткен күн кӛзі селдір тартқан
жапырақтар арасында сығалап тұр, бірақ ешқандай түскі тамақ жоқ еді.
Ылғал жерде сытырлап от жануда, жауынгерлер жалма-жан қазылған
шұңқырлардан су әкеліп, котелоктерін отқа қойып жатыр - аш, құрсағын тым
болмаса қайнаған сумен қампитып, жылытпақ.
Бұрынғыша ойға шомып, түбірге келіп отырдым. Біреу қасыма келді.
Қарасам, Мурин екен. Шинелінің жағасы алқам-салқам, етегі баттасқан
балшық. Сүйірлене түскен иегін қара қошқыл түк басыпты. Сәл имектеу қыр
мұрыны да жұқарған тәрізді. Кӛзілдірігінің сынған жиегін сыммен байлап
бекіткен. Ежелгі әдетінше мойнын созған Мурин маған кӛзінің астымен
қарауда. Ұшқын шашқан кӛздері бір түрлі ызғарлы кӛрінеді. Бойын түзеп,
маған ізет етер деп күткен едім, бірақ Мурин мұны істемеді.
Екеуміз де біразға дейін үн қатпадық.
- Саған не керек? - деп сұрадым мен.
- Қарным ашты, - деп жауап берді ол.
Мен орнымнан тұрдым.
- Ӛзің комбатқа қалай жүгініп тұрсың? Он қадам кейін шегін де, ӛзіңді
тәртіпке келтір, сонан соң қайтадан жүгін.
Мурин бірдеңе айтпақ болып еді, бірақ тӛртіпке бағынды да, кілт
бұрылып, кейін кетті. Қақ суымен етігін жуып, солдат рәсімі бойыңша үсті-
басын түзеп, кеудесін керіп, басын кӛтеріп алып, бір-екі минуттан кейін
маған қайта келді.
- Жолдас комбат, сӛз айтуыма рұқсат етіңіз.
Сӛйле.
- Жолдас комбат, біздің қарнымыз ашты.
- Біз… Немене, сен ӛкілмісің?
- Ӛкіл емеспін, бірақ бәріміз… Бәріміз ашпыз, шыдар халіміз жоқ…
- Ендеше, бәріне айта бар: бүгін менің сендерге берер еш нәрсем жоқ,
мені боршалап кескілесеңдер де түгім жоқ. Түсінікті ме?
Мурин жауап қатпады.
- Мені боршалап кескілендер… - дедім қайталап.
Сенің аштығыңды басатын бар амалым осы ғана. Бұдан басқа менде
ештеңе жоқ.
330
Мурин мӛлиіп қалды.
- Кетуге рұқсат па? - деп үн қатты ол.
- Бар… Менің айтқанымды бәріне жеткіз.
Мурин жӛніне кетті, бірақ менің күйінішім бұрынғыдан да асқындап,
ауырлағандай.
Еңсесі түсіп, жүйкесі құрып, титықтаған солдаттар кӛрінтен жерде
бет-бетімен сұлап жатты.
4
Қасыма Бозжанов келді.
- Ақсақал, - деді ол, - бір ұнамсыз оқиға большты,
Әдетте оның етжеңділігінен білінбейтін жақ сүйектері енді тым
адырайып тұр. Қайырымды жүзі абыржулы. Шынымен-ақ жаңа бір
қырсықтың кез болғаны ма?
- Ал… Не болды?
- Жаралылар қалып кеткен.
- Қалып кеткені қалай? Оны қайдан білесің?
Қазір доктормен сӛйлестік. Артта қалған күркелі арбадан дерек жоқ.
Доктор мен бірнеше санитар батальонмен бірге жүріп кетіпті.
Орнымнан ұшып тұрдым, Қалайша? Басқа кӛргеніміз аз болғандай-ақ!
Біз, батальон болып, пасықтыққа дейін барыппыз, жаралыларға опасыздық
істеп, тастап кетіппіз. Бықсып жанған немесе мүлде сӛніп қалған оттардың
тұсынан, сұлап жатқан және бас кӛтеріп отырған жауынгерлердің тұсынан,
жорық тәртібі бойынша санитарлық взвод болатын орталыққа қарай асыға
бастым. Соңымнан Бозжанов келеді.
Сонадайдан-ақ Беленковты кӛрдім. Қайыңға сүйеніп, жерде отыр
екен. Екі қолын кӛкірегіне айқастырып, қусырып алған. Ӛзі қалғып отырған
сияқтанады. Бірақ бет-әлпетінен қатты діттенгені аңғарылады. Маған түсінік
беруіне тура келетінін ол, әрине, жақсы біледі, мені байқаған болуы керек,
бірақ сыр білдірген де, қалпын ӛзгерткен де жоқ.
- Беленков! - деп дауыстадым мен.
Жүрегім алқымыма сыймай тұр. Оны «доктор» немесе «жолдас» деп
атауға аузым бармады. Орнынан тұрмастан, Беленков маған жалт қарады,
пенснесінің ӛрнектері жарқ-жұрқ етеді. Тамағымды кенеп алдым да:
- Тұр! - деп ақырып жібердім.
Ӛзіңізге мәлім, Беленков медицина қызметінің капитаны болатын, ал
мен тек қана аға лейтенантпын, бірақ менің қаһарлы үнімнен шошыған
болуы керек, доктор бағынуды мақұл кӛрді. Қаламаса да орнынан тұрып,
тіксіне тіл қатты:
- Маған ақырмауыңызды сұраймын.
Алайда тайсақтап тұрғаны анық. Мұны жерінен шығарылған қолынан
байқадым. Сауқтары әнтек дірілдейді. Саусақтарын жиырып, бұл дірілді
баспақ болды.
331
- Жаралылар қайда? - деп сұрадым мен. - Санитарлық арба қайда?
- Мен арбакеш емеспін… Білмеймін…
- Білмейсіз бе? Ӛзіңізге сеніп тапсырылған жаралылардың қайда
екенін білмейсіз бе?
- Білмеймін… - Беленковтың даусы кенеттен қалтырап кетті. - Арба
қалып қойған… Біз басқалармен бірге кеткендіз… Қуып жетер деп ойладым.
- Қай кезде қалып қойды?
Одан бері екі сағаттай уақыт ӛтті.
- Маған неге мәлімдемедіңіз? Сіз абыройдан айрылдыңыз, қанын
тӛккен жолдастарыңызға опасыздық жасадыңыз…
Біздің қасымызға жақындап келген жауынгерлер мен командирлер
әңгімеге құлағын тікті. Жаралылардың орта жолда қалып кеткені жайындағы
хабар батальонға лезде тараған тәрізді. Бұрылып қарамасам да сезіп тұрмын:
ту сыртымыздан ондаған адам бізді алқа-қотан қоршап алған. Жұртқа жақсы
атты кӛрінбекші болған Беленков былай деді:
- Мен ешкімге де опасыздық жасаған жоқпын… Сіз ӛзіңіз… Бізді
қайда бастап келе жатқаныңызды ӛзіңіз де білмейсіз. Ал енді бұдан әрі
жүруге жұрттың мұршасы жоқ.
Мен кенеттен арқамнан қырық-елу шаншу қадалғанын сездім.
Жауынгерлер мені кӛзқарастарымен шаншып түйрегендей. Мен бұрылып
қарадым. Бәрі де маған қарауда: «Бізді сен құртасың ба, әлде құтқарасың
ба?» дегендей. Бұл маған сӛзбен айтқаннан да айқын. Шилібаевтың қысық
кӛздері, Березанскийдің аздап нұры кете бастаған қой кӛздері, Ползуновтың
жайнаған байыпты кӛздері, басқа да ондаған кӛген кӛздер маған қадалып
"Неге бұйрық бермейсің бізге, топалаң-тобыр күйімізде неге сүйретіліп
келеміз, бізді солдат қалпымызға неге келтірмейсіз?» - деп жазғырғандай.
Осы сәтте мен тәуекелге бел байладым:
- Колонна бойынша хабарлаңдар: лейтенант Рахимов маған келсін!
Рота командирлері маған келсін!
Рахимов менің бүйрығымсыз-ақ лыпылдай жүріп, қайыңның қасына
келіп жеткен-ді. Бір минут ӛтпей-ақ рота командирлерінің бәрі Филимонов,
Тимошин, Бозжанов, - түгел жиналды. Әңгіме тыңдағысы келгендер де бізге
таянды.
Мен былай дедім:
-
Жолдастар!
Әскери
дәрігер
Беленков
біздің
жаралы
жолдастарымызды тастап кеткен. Санитарлық арба арт жақта, орман ішінде
қалып қойыпты. Қазір біз кейін қарай, жаралылар қалған жаққа қарай
жүреміз. Бүкіл колония болып барамыз, күшімізді бӛлшектеуге болмайды.
Рота командирлері, біз жолда қалып кеткен дәрменсіз жолдастарымызды
баратынымызды жауынгерлерге түсіндіріңдер. Лейтенант Брудный осында
ма?
- Мен!
Брудный алқа-қотан тұрған топты жұрттың ішінен алға шықты. Оның
ойнақы қара кӛздері бұрынғыша отша жайнайды.
332
- Брудный, басқы жортуылшы ретінде алда жүресің! Жолдастар,
роталарыңа тез жетіп, бұйрықты орындаңдар!
5
Ӛзіміздің ізімізбен қайта оралып келеміз. Табан астынан немістермен
кездесіп қалуымыз мүмкін. Мұны бәрі түсінеді. Колонна жинақы қалыпқа
келді, жауынгерлер қатарын түзеп, қадамын нық басады.
Аспан тагы да мұнартып, жаңбыр тамшылай бастады да, орман іші
қараңғы тартты.
Қараңғы түнек жаныңа батады, жау торыған қалың орман ішіне
ендіркелей еніп, тынымсыз жүріп барамыз, қадам басқан сайын Қызыл
Армиядан алыстай түсудеміз. Алдымызда барлаушылар бар, бірақ әзірше
олардан хабар-ошар жоқ.
Арада бір жарым сағаттай уақыт ӛткенде, қарсы алдымыздан
байланысшы, кеспелтек Самаров жүгіріп шықты. Ӛзінің бет пішіні
қуанышты.
- Жолдас комбат, - деді ол аптығып, - лейтенант Брудный жіберді… -
Сӛзінен жаңылып қалған жауынгер енді кенеттен: Табылды! - деп
дауыстады.
Ұзамай қандыағаш бұталарының арасынан, шырша мен қайың
арасынан жолдың бір шетінде, тақырда тұрған арбаны кӛрдім. Арбадан
босатылған аттар бір құшақ пішенге тұмсықтарын кӛскен. Маздап жанған
оттың үстінде жерге шаншылған қадаларға қондырылған таяққа әйдік
шәйнек асулы тұр. Оттың айналасында шырша қылқаңтарынан жасалған
жұмсақ тӛсеніш үстінде жаралылар отыр. Орман ішінде осынау жанға жайлы
қарапайым қызметті кімнің атқарғанын аңғару қиын емес. Арбадан отқа
қарай ежелгісінше маң-маң басып келе жатқан Киреев кӛрінді, балтасы
белдігіне қыстырулы, қолында шай ішетін ыдыс-аяқ жіпке ұқыптап тізген бір
буда қаңылтыр кружка.
Мен Киреевті шақырып алдым.
- Неге қалып қойдың?
Ол кінәлі пішінмен жауап қайырды:
- Аттар болдырып қалды, жолдас комбат… Қатты титықтады…
- Сонда не істемекші едің?
- Аттарды шалдыртсам… Жаралыларды сусындатсам дедім. Құдайға
шүкір, шай-қантымыз әлі бар. Сӛйтіп, ептеп жолға шықпақшы едік.
- Немістерге тап болсаң ше?
- Олай да болуы мүмкін… Мен былай ойладым, жолдас комбат: ӛз
қызметімді ақырына дейін атқаруым керек… Қандай машақат кездессе де ар-
намысың таза сақталады. Әйтеуір, ісіміз оңынан келді ғой…
- Оңынан келгенше талай бар, - дедім мен.
Фельдшермен тағы да біраз әңгімелескеннен кейін мен арбаның
қасына бардым. Дордияның қарақат кӛздеріне кӛзім түсті.
333
- Жолдас комбат, - деп ентіге үн қатты ол. - Мен білгенмін…
Ол ентігін басу үшін сәл бӛгеліп қалды. - Қайтып оралатыныңызды
білгенмін.
Менің сӛйлесіп жататын уақытым жоқ еді. Совет адамының сыр-
сипаты жайында Дордиямен емін-еркін отырып пікір алыссам, екеуміз
философиялық ой тоғытсақ деп едім, бірақ реті келмей-ақ қойды.
6
Мен Рахимовқа батальонның барлық рота командирлерін шақырып,
тақыр алаңда сапқа тұрғызу жӛнінде бұйрық бергенмін. Бұлардың қатарында
доктор Беленков та тұр. Еңсесін тӛмен салып, пенснесі арқылы менің бетіме
кӛзінің астымен қарауда: менің кешірім жасамайтынымды біледі.
- Беленков, саптан шығыңыз! - дедім мен.
Наразылық білдіргісі келгендей, жан-жағына алақтап қарады да,
еріксіз ілгері басып, жаныңда салақтап тұрған медициналық сумкасын
күйгелектене җӛнге салды.
Мен нықтай сӛйледім:
- Қорқақтығы үшін, абыройынан айрылғаны үшін, жаралыларды
тастап кеткені үшін Беленковты қазіргі қызметінен тайдырамын. Ол совет
командирі, советтің әскери дәрігері деген атаққа лайық емеҫ. Беленков!
Айырым белгілеріңізді, медициналық сумкаңызды, әбзеліңізді сыпырыңыз!
- Сіз… Сіз… Сіз… - деп қарсылық білдірмекші болды ол.
- Жап аузыңды! Киресв! Мұнда келіңіз. Ӛз винтовкаңызды Беленковқа
тапсырыңыз. Сіз, Киреев, санитарлық взводты басқаратын боласыз, ал бұған
лайықсыз мына адам, қатардағы санитар ретінде, жаралыларды ӛзі іздестіріп,
алып шығатын болады. Беленков, жарлықты орындаңыз! Айырым белгілері
сыпырылсын!
Беленков тұтыға сӛйледі:
- Менің… Менің жоғары дәрігерлік білімім бар. Мені бұлай айыруға
сіздің правоңыз жоқ, Мені бұдан тек халық комиссары ғана айыра алады.
Шынында да, устав бойынша, заң бойынша менің мұндай правом жоқ
еді. Бұлай дейтінім, Беленковтың жағасында қапитандық "шпал" болса, мен
тек аға лейтенантқа тән "кубик" тағып жүретінмін. Бірақ мен бойымды түзеп
алдым да, Беленковтың бетіне қорқаққа біткен беймаза үркек кӛздеріне -
тіктеп қарадым да, батыл жауап қайырдым:
- Бұған менің правом бар. Біз, тӛрт жүз елу совет жауынгері, ӛз
армиямыздан қол үзіп қалдық. Біздің батальон – арал дерлік. Жаубасып алған
жерлердің ортасындағы Совет аралы бұл. Ал осы аралдағы ең жоғары ӛкімет
билігі менің қолымда. Мен, батальон командирі, қазір бүкіл советтік
мемлекет билігінің ӛкілімін. Мен мұнда… - Енді мен тым қатты кеттім, - Мен
мұнда Совет Одағындағы барлық Қарулы Күштердің бас қолбасшысымын.
Осынау аядай жерде, алды-артымызда да, оң жағымыз бен сол жағымызда да
жау тұрған кезде, мен… - Осы арада қолайлы сӛз табалмай мүдіріп қалдым.
334
Мен - совет ӛкіметімін! Мен, ӛз әскерлерінен қол үзіп қалған батальон
командирі, міне осындай адаммын. Ал мен, қоян жүрек қорқақ неме, правоң
жоқ дейсің маған. Мен сені дәрежеңнен айыру былай тұрсын, опасыздығын
үшін атып тастау былай тұрсын, тіпті боршалап кескілеуге де праволымын.
Достарыңызбен бөлісу: |