Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Арпалыс 1,2

ОН БЕС ТАМШЫ ШИПАЛЫ ЕМ 
«Ашуыңа ақылыңды желдірме, ӛз 
сабаннан шығып кетпе». 
Келесі күні таңертең Рахимов маған батальонға аса қажетті керек-
жарақтың тізімін ұсынды. 
Тізімдегі нәрсе кӛп-ақ: мұнда ұрыста қирап қалған пулеметтер мен 
зеңбіректер орнына жаңа қару-құрал, ат-арба, мылтық майы, граната, оқ-дәрі, 
жарақат таңатын материалдар, дәрі-дәрмек, сабын, керосин, етік, кеше 
Панфилов сұраған жылы фуфайка мӛлшері кӛрсетілген. 
Айтпақшы, сӛз арасында ол маған: "Строковоға ӛзіңіз барып, 
интенданттарды шыжғырыңыз… Қылышыңызды асынып барыңыз», деп 
ақыл айтты ғой. 
Шынында да солай етуім керек. 
Синченко, аттарды ертте. 

Строково деревнясының үйлері ұзыннан-ұзақ тізіліп тұр. Дивизияның 
тылдағы кӛптеген бӛлімдері осында орналасқан. Колхоз қорасының қасында 
жауынгерлер жәшік-жәшік оқ-дәрі әкелген бірнеше машинаның жүгін түсіріп 


377 
жатыр. Деревняның екінші жақ шетінде сүрлеу жолмен балық сасыған 
бӛшке, сығымдалған пішен, қалың қағаз қапшыққа салынған кепкен нан 
әкеле жатқан шаналар кӛрінеді. 
Бір үйдің жанындағы бӛрене үстінде су жаңа шинель киген, әсем де 
жылтыр қайыс бау таққан он шақты жас лейтенант қаз-қатар отыр. Бізге 
қосымша күш келе бастағаны осыдан-ақ белгілі. Әскери училищені кеше ғана 
бітіріп шыққан, бірақ оқтың құлақ-шеке тұсынан зуылдап ұшқанын әлі есітіп 
кӛрмеген осынау жас түлектердің кейбіреуі менің батальоныма да тап болар. 
Мейлі келсін, Москва үшін иін тіресіп бірге шайқасайық! 
Жолшыбай дивизия интенданты полковник Сыромолотовқа соқтым. 
Ӛзіне шынында да қатты түйлігу керек екен. Қолындағы запасын 
оңайлықпен бере қоя ремес. "Бізге ӛтініш жасауың жӛн емес, полктен 
сұрауың керек, ӛйткені батальон полк арқылы жабдықталады", - дейді. Оған 
дивизия командирінің бұйрығын кӛрсетіп, батальон соның резерві дегенде
Сыромолотов сонда да илікпеді. Мен оны кӛндіруте тырысып, бар дәлелімді 
келтіріп бақтым. Батальонға тиісті керек-жарақтың әуелі алдыңғы шептегі 
полкке сапар шегуі, оның дивизия тылына, резервтегі менің батальоныма 
қайта оралып келуі ақылға сыймайды ғой деймін. Менің тӛндіре айтқан 
дәлелім әсер етті білем, полковник әкелген тізімді қарап шығып, ақырында, 
наряд жазып берді - керекті мүлікті қоймадан ертең алатын болдық. 

Интендантпен қош айтысып, кӛшеге шықтым. Синченко Күрең 
тӛбелді жетектеп келді. 
- Жолдас комбат, Заевты кӛрдім… 
- Қайда? 
- Анау үйде. 
Синченко әйнегі сынған шағын үйді нұсқады. Есігінің алдында ерсілі-
қарсылы сақшы жүр. Бӛренеден салынған екінші үйдің қасында да нәубетші 
сақшы тұр. Дивизия прокуратурасы мен әскери трибуналы осы үйге 
орналасқан екен. 
Ӛтіп бара жатқан бетімде тоқтай қалып, Күрең тӛбелден түстім де, 
трибуналға қарай беттедім. Сақшы нәубетші офицерді шақырды. 
- Сізге кім керек, жолдас аға лейтенант? 
- Мен Заевтың ісі туралы білгім келеді. Осы күнге дейін үкім 
шығарылмауы қалай? 
- Қазір анықтайын. Сәл күте тұрыңыз. 
Екі-үш минуттан кейін маған әскери тергеуші, байсалды егде адам 
келіп жолықты. Қолында қалың қызғылт қағаздан жасалған папка. Сыртынан 
«ісі» деген бір ғана сӛзді кӛзім шалды. 
Мен аты-жӛнімді айтып, одан: 
- Заевтың ісін әлі қарап болған жоқсыңдар ма? - деп сұрадым. 


378 
- Келгеніңіз ӛте жақсы болды, жолдас аға лейтенант. Сіздің 
рапортыңыз бойынша трибунал істі қарауда кірісе алмайды. 
- Here? 
- Біріншіден, жолдама қағазға номер қойылмаған, мӛр басылмаған. 
Менің батальонымда мӛр деген жоқ. 
-Екіншіден, - деді тергеуші, командирінің рұқсаты қажет. 
- Сӛйтіп, ештеңе істемегенсіз ғой? 
- Солай десе де болады… Тек одан жауап алдым. Ӛзі жазып берді. 
Бәрін де мойындады. Танысуыңызға болады. 
Тергеуші маған папканы ұсынды. Оның ішінен ӛзімнің рапортымды, 
Заевтың бір парақ қағазға түсірілген жауабын кӛрдім. Оның қолымен қағазға 
мынадай сӛздер айқын-анық жазылған: «Мен ұрыс майданынан қашып, 
әскери қылмыс жасадым», одан соң ӛзінің қылмысын ауырлата түсетін 
жәйттер келтірілген. «Пулемет артылған арбамен қаштым. Пулеметші 
жауынгерлердің қашып кетуіне де айыптымын», депті. Жауабында Заев ӛз 
кінәсін әсте жуып-шаймаған, қайта: «Менің қылмысымды ақтарлық ешнәрсе 
жоқ», - деп ашық жазған. 
Ең қатал деген прокурордың ӛзі де мұндай әрі әділ, әрі тұжырымды 
айып таға қоймас еді деп ойлаймын. Сӛйтіп, ол ӛзіне-ӛзі үкім шығарған. 
Мен қамалғандар жатқан үйге кӛз салып едім, кенет бір терезеден 
Заевты кӛрдім. Бет-аузын сары түк басқан, әйнексіз терезенің жақтауына 
маңдайын тіреп, маған қадала қарап тұр. 
Нақ сол арада мен ӛзімді-ӛзім билей алмай, қапелімде бір ӛрескел 
қылық жасадым. Папканы, оның ішіндегі ӛз рапортымды да, Заевтың жазба 
жауабын да ұсақтап жыртып, желге ұшырып жібердім. Соның артынша!
- Заев! - деп дауыстадым мен. 
Ол сынық терезенің жақтау ағашына жармасқан күйінде, қалшия 
қалды, кӛздері орташа жайнайды. 
Тергеуші күйіп-пісіп: 
- Мұныңыз не? Заңды бұзушылық қой бұл Мен мәлімдеймін… 
Дивизия командирі сіздің бейбастақ қылығыңызды білетін болады. 
Сонда ғана есімді жинап, шынында да әбестік жасағанымды сездім. 
- Жолдас тергеуші, мұны босатуға рұқсат етіңіз. Ӛз айыбын ұрыста 
ӛтесін. 
Тергеуші бірден тыныштала қоймастан, мені право бұзушы деп атады, 
одан соң қолын бір сілтеп, Заевты босатуға рұқсат етті. Бірақ менің ӛрескел 
қылығым жайында дивизия командиріне мәлімдейтінін қайталап айтты. 
Бірнеше минуттан кейін тиісті документ реттеліп, Заев босатылды. 
Қағазды сақшыға бердім де:
- Заев, батальонға бар! - деп дауыстадым. 
Қас қаққанша ол үйден жүгіре шықты. 
- Құп болады, жолдас комбат, батальонға барайын. 
Менің қайыра жарлық беруімді күтпестен, ол солдаттық дәстүр 
бойынша сол жағына кілт бұрылды да, адымдай басып жӛнелді. Жүрісін 


379 
барған сайын үдете түскен Заев әне-міне дегенше үйлерден әрі ӛтіп, кӛзден 
ғайып болды. 
Строковода әлі де біраз шаруам бар-ды. Мен санитария бӛлімінің 
бастығына жолықтым, тылдағы басқа да бірер бӛлімде болдым, бұдан соң 
айнымас Синченконы ертіп алып, жӛніме тарттым. 

Үйдің ауласында мені Бозжанов қарсы алды. Бітік кӛздерінің әнтек 
қулана жымыңдағаны әйгілі бола тұрса да, ол беймаза пішіндегі кісімсіп, 
менен жӛн сұрады: 
- Жолдас комбат, Заевтың ісі не болды? Ӛзі осында келіп отыр ғой. 
- Білемін, - дедім мен. 
Сонда Бозжановтың дӛңгелекше жүзіндегі жасанды үрей белгісі 
бірден жоғалып, жігітің жадырап кетті. Менің бір ауыз сӛзімнен-ақ ол Заявқа 
кешірім жасалғанын түсінді. Үлкенді зерттеу рәсімін бұзып, үйге менен 
бұрын ентелеп кірді ол. 
Оның соңынан штаб бӛлмесіне мен де кірдім. Менің шағын штабым 
түгел жиналған екен. Заев қырынып, жуынып үлгерген. Мұрны сорайып, 
ашаң тартқан ӛңі кӛріксіздеу кӛрінсе де, жүзі жайнаң қағады. Оның күнге 
күйген реңіне бейне бір кӛзге кӛрінбейтін ғажайып шам сәулесін шашып 
тұрғандай ӛзі бойын түзеген қалпында шинельшең тік тұр, бірақ белдігі мен 
петлицасы, бӛркіне таққан жұлдызы жоқ. 
- Мұның әбзелі қайда? - деп сұрадым мен. 
Бозжанов жалма-жан сандыққа барып, ұқыптылықпен буылып-
түйілген және қос түйреуішпен түйрелген түйіншекті шығарып байлауын 
шешті. 
- Бұрын бойыңызда болған нәрсенің бәрін тағып алыңыз, Заев, - дедім 
мен. 
Толстунов, Бозжанов, Синченко оның сәнін түзей бастады. Қолына 
ине, жіп алған Рахимов әне-міне дегенше шинелінің жағасына петлицаларын 
қадады. 
Бозжанов Заевтың омырау қалтасына бір буда суреттері мен хаттарын 
салды, Толстунов оның белдігін, шинелінің түймелерін салды, Синченко 
ауыр етіктерін щеткамен лезде тазартып үлгірді. 
Енді Заев толық офицерлік қалпына келді. 
- Тағы да екінші ротаны басқарасың, - дедім мен. 
- Құп, жолдас комбат, екінші ротаны басқарайын! 
- Штаб бастығымен бірге ӛз ротаңа барасың, - дедім мен тағы да. - 
Жауынгерлерді жинап, оларға ӛз кінәңді айтып бересің. Ӛз аузыңмен 
айтасың. 
- Құп, жолдас комбат. Жасырмай айтамын. 
Мен сумкамнан сыртында Заевтың қолымен жазылған адресі бар 
конвертті алдым. 


380 
- Әйеліне жазған хатын мынау. Жыртып тастауыңа болады. 
Заев конвертті алып, біраз ойланып тұрды. 
- Жоқ, жыртпаймын… 
Ол бӛлмедегілердің бәрін кӛзімен шолып шықты да, назарын 
тайдырмастан, былай деді: 
- Кінәмнан арылған кезде ғана жыртамын мұны… 

Орнымызға келген әскерлерге қорғаныс шебін ӛткізіп, біз кешкісін 
тылға, екінші эшелонға бет алдық. 
Маршрутымыз дивизия штабы орналасқан деревня арқылы ӛтетін. 
Батальон легі, күйінішпен қуанышты бірге бӛліскен менің 
солдаттарым жүріп келеді. Бұларға қараймын да, әрқайсысының тағдыры 
туралы ойлаймын. 
Жаудың жолын бӛгедік, бірақ ол Москва маңындағы осы ӛңірге жаңа 
күштерін әкеп тӛгуде. Біз Панфиловтың резерві екенімізді жауынгерлер 
біледі. Алдағы уақытта қиян-кескі жаңа ұрыстарға, бұрынғыдан ауыр 
арпалысқа түсеріміз хақ. Деревняға кіріп барамыз. Терезелерінен жылт еткен 
жарық кӛрінбейді. Қай жаққа қарасаң да үйдің тӛбесінде де, сай-жырада да, 
егістікте де жымың қаққан сансыз жұлдыздар сәулесімен шағылысқан аппақ 
ұлпа қар. Жол сүреңі айқын кӛрінеді. Километрге созылған колоннаны салт 
атпен басып оздым. Саптағылар біркелкі адымдап басуда. 
Кенет мені Панфиловтың адъютанты дауыстап шақырды:
- Жолдас аға лейтенант, генерал сіздің бір минутке соға кетуіңізді 
сұрайды. 
Ӛзіне әбден таныс, жарқырап тұрған жылы бӛлмеде Панфилов 
дивизия артиллериясының бастығы полковник Арсеньевпен бірге отыр екен. 
Екеуі де картаға үңілген. Оның әр жерінде күн сәулесіндей тарамдалған тік 
сызықтар мен атыс секторлары белгіленген. 
- Жолдас генерал, сіздің жарлығыңыз бойынша келіп тұрмын… Аға 
лейтенант Момышұлы. 
- Сіздің қалай аталатыныңызды білемін… Бәрін білемін, жолдас 
Момышұлы. 
Әрине, мен түсіне қойдым: менің прокуратурада салған ылаңы 
генералға әлдеқашан мәлім болған. 
Панфилов біраз үндемей отырып, картаға қарады. 
- Мына полковник екеуміз дұшпанды бірнеше жерден алдап соғу 
амалын қарастырудамыз… Ара-тұра сіздің тәжірибеңізді пайдаланамыз… 
Кеше ұрыста кездейсоқ болған нӛрсені бүгін әдейі қолданбақпыз. 
Әлбетте, генерал мені осы жылы лебізді естісін деп шақырған жоқ. 
Бірақ қазірде де, мені жазғырар айдында (ішімнен: шынымен-ақ 
полковниктің кӛзінше осылай етер ме екен? Шынымен-ақ мені осылай 
кемсітер ме екен? - деймін) Панфилов дегенмен маған лайықты баға беріп, 


381 
ӛзінше мақтап алуды мақұл кӛрді, бірақ бұл пікірін «жақсы соғысты» деген 
лепірме сӛзбен емес, «ара-тұра сіздің тәжірибеңізді пайдаланамыз» деген 
байсалды сӛзбен білдірді. 
- Бұл ретте дәлме-дәл ӛлшеп-пішіп аламыз, жолдас Момышұлы, - деп 
әңгімесін жалғастырды ол. Сіз артиллерист болғансыз, дәлдік дегеннің не 
екенін білесіз. Сондықтан сіздің болашағыңызға арнап тілек білдірсем деп 
едім… Былайша айтқанда, егер қарсы болмасаңыз, сізбен бір рюмка ішкім 
келеді. Сізбен соғыстырып ішпекшімін… Ал не үшін екенін ӛзіңіз түсіне 
жатарсыз. 
- Жолдас генерал, мен де қосылайын сіздерге, - деді полковник. 
- Е, мұның сізге қатысы жоқ. Ӛзгелер үшін бұл… - Панфилов кідіріп 
қалды. Комбаттың ӛзі біледі. Жолдас Ушко! Екі рюмка беріңізші. Дәрі-
дәрмек қобдишасын да әкеліңіз. 
Стол үстінде екі рюмка және «Дәрі-дәрмек» деген жазуы бар ақ сырлы 
қобдиша пайда болды. Панфилов екі рюмкаға су құйды да, қобдишадан бір 
қоймалжың нәрсе алды. Шынының сыртында «Апиын» деген жазу бар. 
Сол заматта ӛзімнің дәрігерлік жасап, осы «дәрімен солдаттарды 
емдегенім, білместіктің салдарынан оларға алыптың сыбағасын беріп, 
батальонды уландыра жаздағаным есіме түсе кетті. 
Алыптың сыбағасы жайындағы осы оқиғаны Панфилов білетін. Қазір 
де ол рюмкаға су құйып, құтыны ашты да, дәріні дәл есептеп тамыза бастады: 
- Бір, екі, үш… Он үш, он тӛрт, он бес, Міне осы жетеді… Он бес 
тамшы… 
Бұдан соң екінші рюмкаға да он бес тамшы дәрі тамызды. 
- Марқабат етіңіз, жолдас Момышұлы. Дәл ӛлшенген сыбаға. 
Ӛлшеміміздің дәл болуы үшін соғыстырып ішейік. Ұқтыңыз ба?
"Ашуыңа ақылыңды жендірме, ӛз сабаңнан шығып кетпе» дегені ғой 
деп түйдім мен. 
Генерал рюмкасын түйістіріп, ішіп салды. Менің де алып қоюыма 
тура келді. 
- Тостарыңыз қызық екен, - деп үн қатты полковник. – Мұның мәнісін 
түсіндірмейсіз бе, жолдас генерал?… 
- Жоқ. Ӛзіміздің құпиямыз бұл. Ал енді жүріңіз, жолдас Момышұлы. 
Сіздің батальонның шеруін кӛрейін. 

Шолақ тонын жамылып, генерал баспалдаққа шықты. Мен оның 
тұсынан ӛтіп, басқышпен тӛмен түстім. Мені кӛре салып, Синченко атты 
әкелді. 
Қатты ыстықтап барамын. Он бес шипалы ем! Генералдан алған 
сыбағам да, сабағым осы. 
Аппақ қардан қылаң алагеуімде батальонның басқан қадамы естіледі. 
Пулемет артқан арбаның соңынан екінші рота жүріп келеді. Ең алда 


382 
адымдаған екеудің бірі - еңсесін тӛмен сала, ұзын қолдарын сермей түскен 
рота командирі Заев, екіншісі - аласа бойлы, балғын денелі Бозжанов. 
Қараңғыда Күрең тӛбелдің ақ бақайынан мені, баспалдақта тұрған генералды 
таныған болуы керек, Заев келе айқайлады; 
- Саптарыңды түзеңдер! - деді де, қадам санауға кірісті. 
- Ать, два… Ать, два… 
Панфилов тұрған баспалдақпен қатарласа беріп, ол: 
- Равнение нале-во! - деп дауыстады. 
Сонан соң генералға қарай кілт мойнын бұрды. Берілген жарлыққа сай 
нәшпен қадам басып, Панфиловтың тұсынан ӛтіп бара жатты. 
- Кетуіме рұқсат па? - деп сұрадым мен. 
Қатарын түзеп, мінсіз сап құрған жауынгерлердің жүрісіне үнсіз қарап 
тұрған генерал сәлден соң: 
- Немістер Москваға ӛмірі аттап баса алмайды! - деп баяу үн қатты. 
Алагеуімде маған Панфилов жымыңдап тұрғандай кӛрінді. 
- Ал қырынан қарағанда әкесінен аумайды, - деді ел күтпеген жерден. 
- Баруыңызға рұқсат, жолдас Момышұлы. Кӛріскенше сау болыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет