Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

2.3 Мәтін ішіндегі хаттар 
Жоғарыда цитататаның бір түрі ретінде мәтін ішіндегі хаттарды 
көрсеттік. Енді соларға кеңінен тоқтап өтелік. Бұл жөнінде И.В.Арнольд 
сыртқы интертекстуалдылыққа сөйлеу субъектісінің өзгеруі, яғни басқа 
автордан туған цитаталарды жатқызса, ішкі интертекстуалдылыққа романдағы 
хаттар, күнделіктер, кейіпкерлер арқылы туындаған әдеби шығармаларды 
жатқызады. Ғалым шын мәнінде ішкі интертекстуалдылық жалған дейді, 
өйткені келтірінді элементтерді шын мәнінде автор өзі жазады деген 
қорытындыға келеді [14]. 
Интертекстің бұл түрлері қазақ әдеби шығармаларында көп кездеседі.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасында мәтін ішіндегі хаттар 
кездеседі. Мысалы: «Манадан бері шам жақпай, енжарланып жатқан Ақбілек 
дереу атып тұрып, шам жағып, жерге қойды да, қағазды жеп қоятындай қадала 
қалды. Хаттағы сөз мынау: «Ғиззетлу уә қурметлу, газиздан көргуші магшщым 
Ақбілек жанға кәптен-кәп езгу саламларымызны ырсал айладік. Бағдынды 
бізден хал-ахуал сурасаңыз, алқамдыелла, саг-саламат деп білерсіз...»» деген 
жолда Бекболаттың Ақбілекке жазған хатынан үзінді келтірдік. Ары қарай 
Ақбілек те хат жазады: «Бізде де бөтен ниет жоқ. Үшбухатты алғаннан кейін 
бір келіп кетпегіңізді тілеймін. Асығыс жазылды. Ғайып етпеңіз... Дәйю 
Ақбілек».
Тағы бір шығармадан мысал келтірелік. Сәкен Сейфулиннің «Тар жол 
тайғақ кешу» романында Шаймерденнің Сәкенге жазған хат жолдары бар: 
«Мұнымызды кейбіреулер күлкі қылып еді. Міне, енді сол Шаймерден маған 
Омбыдан жазған хатында былай депті: «Сәкен!
Мен Орынборға ана мырзалардың жиылысына кетіп барамын. 
Мақсұтым – Бөкейхандарға қарсы шығып, олардың жолының теріс екенін 
айтпақ. Сен де олардың кім екенін жұртқа жариялап, түсіндіріп айта бер! 
Қош! Тағы да хат жазармын...
Шаймерден»». 


51 
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында Сияқұлдың 
орден алу үшін жаздырған хатының мазмұны мынадай еді: «Аса қадірлі, 
алтыннан ардақты, күмістен салмақты Кәлінін жолдас! Мен майданнан 
қайтқан солдатпын. Аты-жөнім: Асанов Сияқұл...
...Аса құрметті, қадірменді ақсақалымыз Кәлінін жолдас! Менің сол 
орденім қайда болды екен? Ауылдағы балалар менің орденім бар десем, 
сенбейді... 
Аса құрметті Кәлінін жолдас! Менің осы өтінішімді аяқсыз 
қалдырмасаңыз екен. Деніңіз сау болып, Стәлін жолдастың басшылығымен 
жүз жасауыңызға тілектес – майдангер Асанов Сияқұл. 4 сәуір, 1944 жыл».
Бұл шығармадағы жанама кейіпкер Сияқұлдың барлық бастан кешкен 
оқиғасы мен образы хат арқылы көрсетілген. Бұдан шығатын түйінді, хаттар 
шығармада тек кейіпкерлер арасындағы хабар жеткізу құралы ғана емес, 
автордың кейіпкер образын ашу үшін құрал ретіндегі қызметін де көре аламыз.
Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мәтін ішіндегі хаттардан 
мысал келтірелік: «Его высокопревосходительство генерал-губернаторды мен 
Ақмола жөнелтіп барам,– деп жазған еді. Көкшетаудың уездный начальнигі 
Кривоносов Итбайға,– қасында Ақмола Ақмола облысының гражданский 
губернаторы бар, прокурор бар, лакейі, повары тағы басқалары бар – барлығы 
он бес кісі, алты пәуеске... Жақсылап, сыйлап жіберерсіз деп сенемін. Ішік, 
құндыз сықылды лайықты затыңыз болса, сыйға тартқаныңыз да жаман 
болмас еді». 
Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінде: «Елизавета 
Сергеевна орнынан тұрды да, столдың тартпасынан бір сурет алып, 
Жақыпбекке берді. 
Сыртындағы жазуды оқыңыз. 
Сурет сыртына мынадай сөз жазылған еді: 
«Қымбатты шәкіртім! Сен мектеп бітіріп, жас түлектей қияға, өмір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет