Нагашбаева нуршат талгатқызы


Оятқан елді ұйқыдан Жақаң



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

Оятқан елді ұйқыдан Жақаң қайда? 
Айырыла берсе сондай асылдардан 
Қазаққа ақыр заман тақалмай ма? 
Автор «ақыл-көсем Ахаң» тіркесін М.Әуезов мақаласынан алса, «Оятқан 
елді ұйқыдан Жақаң» тіркесінен М.Дулатұлының шығармасының тақырыбына 
тұспалды көреміз.
Маралтай Райымбекұлының «Адасқақ» өлеңіндегі мына жолдарда да 
реминиценция байқалады: 
«Ықаңның қыл қобызы не дегенін, 
Сүгірдің «Бозінгені» ұғындырған. 
Жырым да, айбыным да сай тұлғама, 
Менікі жан азабын айту ғана». 
Есенғали Раушановтың «Жасасын жарық күн» атты өлеңіндегі мына 
жолдар: 
«Өлімнен де қорықпады ол, күлді тағы, 
«Өлім деген немене, ол түк емес» деп. 
«Мәшһүр болып келем мен, ант беремін!», 
...Өмір өтті күтумен хат-дерегін» өлеңге мағына үстей отырып, 
Мәшһүрдің өміріне сілтеме жасайды. 
Жанат Әскербекқызының «Ғажайып мекен» атты өлеңінде мынадай 
реминисценция кездеседі: 
«Жерұйық па ол іздеген Асан бабам,


48 
Эльдорадо... әлі ешкім аша алмаған?! 
Эдем, бәлкім, сол арал, кім біледі, 
Құпиясын түбі бір ашар ма адам?!» 
Есенғали Раушановтың өлеңінен үзінді: 
«Қызға шаһар сыйламайды бүгінде... 
Саламатхан сен шыққанда баққа, 
Мен, 
Жақын барып: 
«Сұлтан ием, дат!» дер ем» шығыс ақыны Хафиздің өлеңінің алғашқы 
жолдарын еске түсіреді. Автор өлеңінде реминисценцияны айшықтау үшін 
графикалық тәсілді, яғни өлең жолын басқа жолдардан алшақ жазып және көп 
нүктемен айшықтап, тақырып және кіріспе қызметінде қолданған.
Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Иран-Ғайыптың: 
«Дей тұрғанмен, 
Тап шыным, 
Мен де ермекке жазбадым: 
Моласындай бақсының –
Көрдім заман азғанын! ...» - деген жолдарында, өмірде ешқашан 
әділеттілік орнамайтынына ақын өз ызалы үнін Абай сөзімен қорытындылап, 
өлең мағынасын тереңдете түскендей. 
Жамбыл Жабаевтың мына өлеңінен де үзінді келтірелік: 
««Емеспең топтан озған кәрі тарлан, 
Кеудеңде қалған жоқ па бірер тамшы?»,– 
Деп Наушабайдың Нұржаны өзеңе айтқандай: 
А, Жамбыл кезің келді сөзің бастар»
Бұл реминисценцияларда қаламгерлер бұрынғы мәтіндегі ойға кейде 
қосылып, одан әрі жалғастырып жатса, кейде қайшылық пен түсіндірме 
байқалады. Кейде автор алдыңғы мәтіннің авторына деген құрметін де көрсетіп 
жатады. Қаламгердің бұл семантикаларды арнайы қолданғаны байқалады.
Реминисценцияны өз мәтіндеріне кіріктірерде қаламгерлер тек ұлттық 
немесе шығыс әдебитенің өкілдерінің сөзқолданысын ғана емес, шетел әдебиеті 
қаламгерлерінің де тіл бірліктерін қолданады. Мысалы, Мағжан Жұмабаевтың 
«Мені де, өлім, әлдиле» өлеңіндегі үзіндіге назар аударалық: 
«Өлім күйі – тәтті күй, 
Балқиды жаным бұл күйге, 
Мені де, өлім, әлдиле, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет