Нагашбаева нуршат талгатқызы


 Құжат негізді интертекстер



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

2.4 Құжат негізді интертекстер
 
Қазақ 
әдеби 
шығармаларында 
кездесетін 
интертекстуалдылық 
байланыстың тағы бір түрі – құжат негізді интертекстер. 
Ресми іс-қағаздар лексикасы мен семантикасы құрғақ, синтаксистік 
құрылымы да стандартты, клишеге айналған сөз оралымдары арқылы 
құрылады. Ресми іс-қағаздар ұжымдық және тұлғаның жеке басына қатысты 
құжаттар болып шартты түрде екіге бөлінеді.
Жеке адамға қатысты іс-қағаздар да іштей трафеттік және типтік болып 
бөлінеді. Трафеттік іс-қағаздар көбіне арнайы бланктерде кездеседі, қысқа әрі 


54 
дәл, ешқандай эмоциялық сипаты жоқ сұрақ-жауап түріне негізделеді. Алайда, 
осындай ресми іс-қағаздардың өзі әдеби шығармаларда да жиі кездеседі. 
Әсіресе, прозалық шығармаларда анықтамалар, хаттамалар, қолхаттар мен 
баяндау хаттарын көп кездестіреміз. Іс-қағаздар кейде тарихи шындық негізінде 
туындаса, кейде автор қиялынан туындайды (кейіпкер образын ашу үшін, 
кейбір оқиғаларды нақтылау үшін). 
Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы мынадай 
мағлұмнаманы кездестіреміз:
«Семей губрепкоміне, 
 копия «Қазақ тілі басқарнамасына.
Н. Уезі, Сартау болысының қазағы;
Пәлен-пәлен ұлынан
 
Мағұлымнама 
 
Сартау елінің барлық қанын сорған байлығын жиып алған Матай 
балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай, опрабитл болған. Сонау 
үшбу уақытқа шақлы еліне өмірінің жүруі бөлек: аптаномиялы, ханлы ел 
сықылды. 
 
І Халыққа тарайтұғын алым-шығын, збор һәм қара шығын, поштауай 
ат һәм лау ат, ауылнай старшын сайлану, - баршасы жалғыз Матай 
балаларының ықтиярында болған.
 
ІІ Ианеда елде ұрыларды көбейтіп, Әбен Матайұғлы олардан жүйрік, 
жақсы атлар алатүн... 
 
ІІІ Ианеда біреуінің қатынын бұзып, босатып басқа біреуге малға 
сататүн...» деген секілді 15 бөлімнен тұратын арыздан тұрады. Қағаз қазірге 
іс-қағаздарға сәйкес стандартты, типтік сөйлемнен тұрмаса да, бұл да сол 
замандағы құжат жүргізудің бір түрі болды.
Сәкен Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасы ресми іс-
қағаздар мен съезд хаттамалары, мақалалар мен баяндамаларға құрылған. 
Үзінді келтірелік: 
«Съезд бүкіл қазақ-қырғыз болған жерлердің әр уезінен елге беделді екі 
ақсақалдан шақырылып телеграмма беріліп тұр. Съезд жиылатын орын – 
Орынбор. Күні 5/ХІІ. 
Жалпы Қазақ-қырғыз съезінің қаулысы 
 
Съезд Орынборда 5-13 декабрьде болып өтті. Съезге Қазақстанның 
барлық 8 облыстарынан өкілдер келді. 
 
Съезд шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдос 
Омарұлы, Сағындық Досжанұлы және Міржақып Дулатұлы. 
 
Съезге түрлі ұйымдардан және газеттерден: Мұртаза Нұрсейітұлы, 
Абдрахман Мұртасынұлы, ... 
 
Арнап шақырылғандар: Бақыткерей Құлманұлы, ... 
 
Съезд бастығына сайланғандар: Председателі Бақыткерей Құлманұлы. 
 
Серіктер: Әлихан Бөкейханұлы, Қалел Досмұқамбетұлы, ... 


55 
 
Секретарлары: Дәулетше Күсепкалиұлы, Міржақып Дулатұлы, ... 
 
Съезге қаралуға қойылған мәселелер: 1. Сібір, Түркістан автономиясы 
және юго-восточный союз туралы; 2. Қазақ-қырғыз автономиясы; 3. Милиция 
туралы; 4. Ұлт кеңесі; 5. Оқу мәселесі; 6. Ұлт қазынасы; 7. Мүфтилік мәселесі; 
8. Народный суд; 9. Аульное управление; 10. Азық-түлік мәселесі». Ары қарай 
әр мәселе бойынша баяндамалар оқылып, шешімдер қабылданады. Бұл тарихи 
шындыққа құрылған реалды қаулы, хаттама. Автор бұл арқылы сол замандағы 
тарихи факті көрсетіп, оқырманға құнды ақпарат беріп отыр.
Енді, автор қиялынан туған іс-қағаздарға мысалдар келтірелік. Жоғарыда 
Дулат Исабековтың «Ақрамаштан наурызға дейін» атты әңгімесіндегі хат 
жолдарынан мысалдар келтірген болатынбыз. Енді, сол әңгіменің соңындағы 
жолдастық соттың іс-қағазынан үзінді келтірейік: 
«Жолдастық соттың председателі – жергілікті советтің депутаты, 
тауықшы Молдабай. 
 
Мүшелері: Құрал – бөлімше меңгерушісі (жұмыстан қолы тимей әлі келе 
алмай жатыр). 
 
Өтеш – секретарь.
 
Көмешбай – зоотехник. 
 
Әліқұл Тазабеков – колхозшы» деп басталады да, ары қарай жолдастық 
сот басталып кетеді. Иронияға құрылған бұл әңгімедегі осы тұста көп 
кейіпкердің образы ашылады.
Ал бұл соттың болуына түрткі болған почташы Отардың актісіне назар 
аударалық: «Бөген аудандық халық сотына. Қарастан колхозының №4 
бөлімшесінің байланыс торабының бастығы Төлемісов Отар, бүгін, яғни 1976 
жылы 27 ноябрі күні халыққа мәдени қызметті онан әрі жақсарту 
мақсатымен...». Көріп отырғанымыздай, акті ресми іс-қағаздарға сай 
стандартты құрылымға барынша жақындатылған. Бұл мәселе бәлеқор Ораздың 
образын оқырманға дәлірек жеткізуге септігін тигізді. Оқиғаның әсерлілігін де 
күшейте түсті.
Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романында мынадай іс-қағаздың 
үлгісі кездеседі: ««Дөстбренің түрін жазып алайыншы» деген ойға келдім де, 
Ғабиттен өтініш еттім. Ол бір тарақ қағазға былай деп жазып берді: 
Удостоверение 
 
Дано сие киргизу Таузарской волости, Петропавловского уезда
Акмолинской губерни, 2-го вверенного мне аула ___________________ву в том, 
что он имеет собственную доморощенную лошадь, масть гнедой, грива на обе 
стороны, правое ухо сзади ивернем, левое ухо сверху подпорото, поседельные 
подпары, под брихи подпары.
 
Чло и удостоверятся подписью и приложением казенной печати. 
 
Аульный старшина (подпись) 
 
писарь (подпись)» 
деп келеді де, бұл құжаттың қазақша нұсқасы да келтіріледі: 


56 
«Таузар болысының, Петропавл үйезінің, Ақмола губерниясының нөмірі 2 
ауылдың ________________ге, сол себепті, – оның меншігінде үйінде өсірген 
аты бар, түсі торы, жалы екі жағында, оң жақ құлағы артынан ойық, сол 
жақ құлағы үстінен тілік арқасы екі жағынан аққаптал, екі жақ қарнында 
айылдың ақ таңбасы. Қол қойып, қазынаның мөрін басып растаймын. 
 
Ауылдың старшина (қол қойған) 
 
писарь (қол қойған)»
Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында Жүніс пен қаленнің 
үстінен түскен арыз бар. Сол арыздың мәтіні мынадай еді:
«Көпірлі Ащаты болысының, выборный управителіне! 
7-ауыл старшинасынан 
 
Үшбу ғарза арқылы сізге еғлан етемін: осы жылы заузаның 27 
жаңасында, 7-ауыл азамат шаруаларының Оброчный есімді жайлауы үстінде 
құпия схот ашылған. Схотты басқарушы сол атадған ауылда учительдік 
қызметінен шығарылған, үкіметке сенімсіз Қален Көптілеуұлы деген адам мен 
тағы сол ауылдың гражданы Жұніс қажы деген басқарған; схотта жаңа 
үкімет орнайды, осы күнгі управительдер, уездегі лауазым иесі ұлықтарды 
заңға хилап сайланған, патшашылдар деген. Текеден келген бір қара таяқ 
зиялы адам сөз сөйлеп үгіт айтқан. Есімі Әбдірахман, фамилиясы Әйтейұлы. 
Сізге мағлұм болсын: мен айтылған 27-зауза күні сіздің хұзұріңізде болғаным 
хақиқат, сол себепті ағуашыларға менің тарапымнан мүмкін болмады... 
 
Еғлан етуші 7-ауыл қырғыздар старшинасы Жол Нұрманұлы мөр басып, 
қол қойдым. 
 
29 заузада, үшбу 1918 жылда» 
Соңғы екі шығармадағы келтірілген үзінділер автор қиялынан туған 
құжаттар негізінде құрылған. 
Поэзиялық шығармалардағы іс-қағаздар бұлай нақты, титік формада 
кездесе бермейді. Бұл, әрине, өлеңнің ерекше құрылымына байланысты. Сонда 
да, автои шеберлігі арқылы осындай іс-қағаздарды да көркем нақыштап, әдемі 
жеткізе алады. Ондай шығарманың бір үлгісі ретінде М.Мақатаевтың «Менің 
анкетам» өлеңін алуымызға болады. 
Бұл өлеңде ақын өз өмірі, ұстанатын қағидаты мен мақсаты, ой-өрісі 
жайында хабар береді. Жеке адамға қатысты трафареттік құжат негізіндегі 
сұрақтарға жауап жазу арқылы ақын құрылымы мен семантикасы ерекше мәтін 
құрайды: 
«Туған жерің? 
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет