49
В небе - предчувствие дня,
Сумрак бледнеет ночной...
Смерть, убаюкай меня».
Мағжан авторды көрсетпесе де, вербалды сілтеме жасайды. Бұл
сөзқолданысты өз өлеңіне кіріктіру арқылы
ақын өлеңіне қосымша мағына
үстеп тұр.
Қазіргі қазақ поэзиясының өкілі Ақберен Елгезектің «Аңғалақ» өлеңінен
мынадай үзінді келтірелік:
«
Барлық адамның аңғалағы бірдей келеді
Пері өмірін келгендей қайталағым,
Айна ішінен жаныма жай табамын.
Қарашықта жұлдыздар ән салады,
Қара аспанның нұрынан Ай толады». Бірінші жол Эрнест Мулдашевтің
өлеңінен үзінді. Автор реминисценцияны басқа жолдардан бөлек жазу арқылы
айшықтаған.
Әбділда Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңінде де реминисценция кездеседі:
«
Сүйсе Гейне анам десе,
Сүйген суы Рейнесін...
...Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді»
Әбділда Тәжібаев осы үзіндіде бірнеше
қаламгерлердің туындыларына
сілтеме жасайды. Оқырман Гейненің шығармасын есіне түсіріп, екі шығарма
арасынан байланысты көре алады. Ақын Гейне шығармасындағы салыстыруды
қолдана отырып, өлең мәнін аша түсті.
Енді, өлең жолдарындағы аллюзияға назар аударалық. Мысалы, Несіпбек
Айтұлының «Бәйтерек» поэмасындағы мына бір жолдары:
«Томирис, Еділ патша, Елтеріс хан,
Аңсаумен еркін өмір арпалысқан.
Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы,
Желдіріп желмаясын жер тауысқан»
Оқырман өлеңді оқып отырып, Асан қайғыға сілтемеге жолығады.
Жоғарыда келтірілген
мысалдарда айтып өтілгендей, автор сол кезеңдегі
тарихи фактіге сілтеме жасау арқылы өз өлеңінің мазмұнын аша түсті.
Ғафу Қайырбековтың «Тіршілік тіректері» атты өлеңінен аллюзияны
табайық:
«
Бақыты өлеңі боп қоса туған,
Зардабын жалғыздықтың тартпас ақын.
Тамаша айтып кеткен оны Мағжан.
Ұмытпас ақыл, есі, ойы бар жан». Автор ақындардың қайғысы мен өмірін
суреттей келе Мағжанның осы сөздерін келтіреді.
50
Сырбай Мәуленовтың «Қаратау» өлеңі:
««Басынан Қаратаудың көш келеді...»
Осы еді ата-баба ескі өлеңі.
Жатталып көне дала көкірегінде
Осы өлең жолдарымен көшкен еді».
Алғашқы жолы мұң мен зарға толы халық әнінің үзіндісі еді. Сол
замандағы қиыншылық кездің жоқтауына айналған бұл әннің үзіндісін қолдану
арқылы автор өз әнінің әсерлілігін күшейте түсті.
Бұл шығармалардағы аллюзияларды бір оқырман тауып, білсе, біреуі біле
бермес.
Халықтын мәдениетін, тарихын, рухын, жағдайын, әлеуетін сол
заманда көрсеткен өлең жолдарын аллюзия ретінде қолдансақ та, ол мәнін
жоғалтпақ емес. Оқырман, керісінше, осы аллюзиялар
арқасында ақпарат
алады, бағалайды және екі мәтін семантикасын салыстырып, ассоциация
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: