47
күрсініп алды» деп жалғасады. Ары қарай
оқиға Ұлпанды алып кетпекші
болған «құдалардың» келуімен жалғасады. Көріп тұрғанымыздай, автор
шығармадағы басты кейіпкердің образын «Сұлушаш» оқиғасына сілтеме жасау
арқылы ашты. Және бұл сілтемені өз ойы арқылы емес шығармадағы
кейіпкерлер ойы арқылы беріп отыр. Қалай болғанда да, романды оқып отырып
оқырман «Сұлушаш» оқиғасына көңіл аударып, екі оқиға арасында ассоциация
қалыптастыратыны хақ. Автор «Сұлушаш» оқиғасын
алу арқылы Ұлпанның
оқиғасының әсерлілігін күшейтті және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік
шындықты да жеткізді.
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятынан да реминисценция мен
аллюзияны кездестіреміз: «Әйелдер жағы қосылып өлең айтты. «Бір баладан»
басталған ән әуені көп ұзамай мұңға ауысты. «...Қай жерімнен келеді ойын,
күлкі – Жеті арал жерім-ай, - Сауықшыл елім ай... Ахау айдай ақыным –
Армияда жақыным, – Алла білсін ақырын.. Ән емес, дауыс айтып жатқандай».
М.Мағауин ән арқылы оқырманға ассоциация құруға мәжбүрлейді. Аллюзия
арқылы сол кездегі тарихи жағдай көркем бейнеленген.
Міне, осындай көтеретін мағыналық салмақ-жүгі мол,
мәтінде қосымша
ассоциация тудыратын элементтер поэзиялық шығармаларда да жиі кездеседі.
Мысалы, белгілі ақын М.Әлімбаевтың мына өлеңінде бір емес екі
реминисценция бар:
Ал қазір
ақыл-көсем Ахаң қайда?
Достарыңызбен бөлісу: