Нагашбаева нуршат талгатқызы


БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ 
 
1.1 «Интертекст», «интертекстуалдылық» терминдері, шығу тарихы 
және пікірлер қайшылығы 
 
XVII ғасырдың атақты француз жазушысы Жан де Лабрюйер айтқандай, 
«бәрі баяғыда айтылған, біз туылуға кешігіп қалдық, өйткені жеті мың жылдан 
астам уақыт бойы жер бетінде адамдар өмір сүріп және ойланып келеді» [39, 
139 б.]. Шынында да, бірде-бір сөйлем бірінші де, соңғысы да бола алмайды. 
Барлық уақытта мәтін әртүрлі әсерге ұшырайды: әр мәтін алдыңғы мәтіндерге 
өзіндік реакция болып табылады, сонымен бірге претекстердің элементтерін 
алады. Осылайша, кез-келген мәтінді басқа мәтіндермен көп өлшемді 
байланысы бар «интертекст» ретінде қарастыруға болады. Ал мәтіндер 
арасындағы өзара байланыс бұрыннан толғандыратын мәселе. 
Интертекстуалдылықты 
зерттеу 
теориялық 
және 
практикалық 
қатынастарда 
маңызды. 
Мәтіннің 
бұл 
көп 
өлшемді 
категориясы 
әдебиеттанудың өзекті мәселелерін шешуге, автордың жеке тұлғалық стилін 
тұтас қабылдауға тікелей жол ашады. Әдебиеттануда бұл құбылыстың 
категориялық аппараты қалыптасты, интертекстуалды қатынастардың негізгі 
формалары мен түрлері анықталды, оның маркерлері анықталды, бірақ бұл 
интертекстуалдылықты одан әрі зерттеу мәселесін шешпейді.
Қаламгер өз шығармасын жазуда әрқашан бұрын алған мәдени-тарихи 
біліміне сүйенеді. Және де белгілі бір оқиғаны әсерлі, көрнекті жеткізу үшін 
өзінен бұрынғы авторлардың тілдік бірліктерін қолдануы мүмкін. Сондықтан 
қазіргі кезде әдеби мәтіндерді зерттеп, талдауда жиі кездесетін тәсіл - 
интертекст өзекті тақырыптардың бірі. Мен өз жұмысымда қазақ әдеби 
шығармаларындағы интертекст түрлеріне тоқталып, мысалдар іздестіріп 
көрдім. 
Интертекстуалдылық - бұл мәтіндік тұтастық деңгейінде де, жеке 
семантикалық және формальды элементтер деңгейінде де жүзеге асырылатын, 
мәтіндердің диалогтық өзара әрекеттесу процесін қамтитын мәтін тудырушы 
және семантикалық категория. 
Әлем әдебиетінде, қазақ әдебиеттануында мәтінді талдауда соңғы кезде көп 
айтылып жүрген «интертекст», «интертекстуалдылық» термині 1967 жылы 
ғылым саласына енгізілген болатын. Алғашқы болып осы терминге ғылыми 
анықтама берген, термин ретінде ғылымға енгізген француз постструктуралисті 
Ю.Кристева еді. Содан бері интертекст құбылысы төңірегінде даулы 
мәселелрге байланысты пікірлер өз күшін жойған емес және әлі де зерттеуді 
қажет етеді. Термин ғылыми тұрғыдан 1967 жылы қалыптасты деп 
айтқанымызбен, «интертекст», «интертекстуалдылық» туралы ой-пікірлер 
антикалық заманнан бері айтылып келеді. Антик философтары Платонның 
«Софист» атты трактатындағы мимесис өнері жайлы, әлемнің екінші ұстазы 



болған Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегіндегі еліктеу теориясын 
интертекстің белгілері туралы алғашқы көзқарастар қатарына жатқыза аламыз. 
Одан кейін қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі ғалымдар Аристотельдің еліктеу 
теориясын жалғастырушылар болды. XVI-XVII ғасырларда француз 
зерттеушілері Жоашен дю Белле, Мишель Монтень, Жан де Лафонтен әдеби 
шығармалардағы еліктеу, пародия жайлы кеңінен таратып айтпаса да, өз 
тұжырымдарын қалдырған болатын. Мысалы, Жошен дю Белле «Француз тілін 
қорғау және дәріптеу» атты трактатында еліктеу негізінде туындайтын жаңа 
мәтіннің автордың беделіне байланысы жайлы біраз ой-тұжырымдарын жасаған 
болатын. Мұндай мәтіндердің автор беделіне нұқсан келтіреді, яғни автордың 
жеткілікті түрде дарындылығын көрсетпейді деген пікіріне қарамастан, ол өз 
еңбегінде кімге, қалай еліктеу керек деген мәселе төңірегінде өз пікірін айтқан 
еді. Осы мәселе төңірегінде француз зерттеушісі еліктеуші адам оқырманмен 
орнатылатын диалогі үшін бірнеше шартқа жауап беруі керек деген пікірі 
қазіргі таңда да өз маңыздылығын жойған емес.
Ал XIX ғасырда Виктор Гюго өзінің «Одалар мен балладалар» атты 
жинағында да автордың басқа шығармаларға еліктеуін жөн деп санамаса да, 
мәтінге еліктеуден туған жаңа мәтіннің семиотикалық қуаты жоғары екендегін 
айтады. Еліктеу объектісі ретінде «Інжіл» мен «Гомер» туындыларын алса, бұл 
авторды кемелділікке бастайды дейді.
Постструктурализм өкілдері Р. Барт, Ж.Деррида, Ж.Женетт, Ю. Кристева 
мәтіндердің өзара әрекеттесу мәселесін былайша қарастырады. Мәтіннің кез-
келген бастапқы басталуы туралы мәселе Барт та, Деррида да күмән тудырады. 
Бартқа сәйкес, бір мәтінді басқа мәтіннің басы деп санауға болмайды: 
«дереккөздер» мен «әсерлерді» іздеу шығармалардың филиациясы туралы 
мифке сәйкес келеді, ал мәтін анонимді, қол жетімді емес және сол жерде 
оқылған цитаталардан тұрады. Ж.Дерриданың пікірі де осыған саяды. Осы 
зерттеулерге толығырақ тоқталайық. 
Ю. Кристеваның интертекстуалдылық тұжырымдамасы кең таралды, 
бірақ сонымен бірге оның ізбасарларының идеялық алғышарттарына 
байланысты айтарлықтай өзгерді. Бұл тұжырымдаманың өзіндік дамуы-көркем 
мәтінді зерттеудің басқа тәсілінің қалыптасуын анықтаған Ж.Дерриданың 
постструктурализм теориясы. Ж.Дерриданың көзқарастарына сәйкес, әр мәтін 
бір мәтіннің екіншісіндегі іздер арасында «бір нәрсеге шексіз сілтеме жасай 
отырып» өмір сүреді. Егер М. Бахтин мәтінге сүйеніп, ондағы түбегейлі 
ұқсастықты ашса (оның тұжырымдамасы интратекстуалды, өйткені ол жеке 
мәтіннің ішіндегі дауыстардың полифониясын қарастырады), онда Ю.Кристева 
мен Ж. Дерриданың постструктуралистік зерттеулері М. Бахтиннің 
центрифугалық моделіне қарағанда жалпы интертектуалды кеңістікке, 
центрипетальды модельге баса назар аударады.
XX ғасырда Ролан Барт бастаған поструктуралистер кез келген мәтінді 
интертекст деп есептеді. Олардың ойынша әрбір мәтін өзінен бұрынғы мәтін 



негізінде туындайты (мәтіннің қат-қабаттылығы жайында пікірлер) және 
мұндай мәтіндерге «құрақ көрпе» деген балама терминді қолданған болатын. 
Сонымен 
қатар 
М.М.Бахтин, 
Ю.Н.Тынянов, 
И.В.Арнольд, 
М.Б.Ямпольский сынды ғалымдар да интертекстің зерттелуіне елеулі үлес 
қосқан болатын. М.М.Бахтин романдар арасында сюжет, образдар мен 
кейіпкерлер әрқашан сырқы дүниемен жіне бір-бірімен үнемі ішкі тартыста 
болатынын айтып, оны ғалым полифониялық романдар деген анықтамаға 
сидырады. Ю.Н.Тынянов әдеби мәтінді трансформациялау барысында жаңа 
туынды мәтін пайда болатыны жөнінде айтып өткен. 
Француз постструктуралисті Ю.Кристева М.М.Бахтин мен Р.Барт 
пікірлеріне сүйене отырып мәтінде кездесетін бөгде сөздерге «интертекст» 
деген терминді ұсынған болатын. Содан бері мәтін ішіндегі әр түрлі келтірінді 
мәтіндер интертекст төңірегінде қаралып, талданып келеді.
Қазақ әдеби көркем шығармаларында бұл элемент XIX ғасырддың 60 
жылдарынан бастап жиі кездесе бастады. М.Мағауиннің «Көк мұнары», 
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» осыған дәлел. Аталмыш 
туындыларда интертекстің жекелеген түрлері немесе көптеген белгілері қатар 
келіп отырады. Проза жанрында ғана емес, поэзиялық туындыларда да 
интертексті байқауға болады. М.Мақатаев, С.Торайғыров сынды қазақ 
поэзиясының көрнекті өкілдері Абай қалдырған өсиет пен Абай дүниетанымын 
әрқашан тілдеріне тиек етіп отырған.
Қазақ әдеби шығармаларында цитата, аллюзия, реминисценция, мәтін 
ішіндегі хаттар мен түстер сынды мәтінаралық байланыстың жекелеген 
түрлерін жиі ұшыратамыз. Жұмыста осы аталған түрлерге жеке тоқталып, қазақ 
әдеби шығармаларынан мысалдар іздеп, талдап көреміз. Сондай-ақ 
интертекстің автор туындысына тигізетін әсері мен қызметі жайлы да пікірлер 
ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет