Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

«Қоймай қуса қорқақты –
Батыр болар» - деген көп, 
Батыр ғып, одан не тапты?» («Жауға түскен жанға», Мағжан Жұмабаев) 
Бұл өлең жолдарында «Қоян қорқа-қорқа батыр болар» деген мақалдан 
алынған цитацияны байқаймыз. Сөйлем деңгейінде берілген бұл цитация 
түпнұсқадағыдай дәлме-дәл келтірілмеген, өзгертірілген. Бірақ мағынасы 
сақталған. 
Қасым Аманжоловтың өлеңінен үзінді келтірелік: 
««Адасып, алаңдама жол таба алмай, 
Берірек түзу жолға шық, қамалмай. 
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, 
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай», 
Деген сөзі ақынның қайнап іште, 
Келе жаттық жүйткітіп шаңқай түсте». 


40 
Алқашқы шумақ Абай өлеңінен үзінді, ары қарай қаламгер Абай ойын 
жалғастырып, өлең мазмұнын аша түскен. Бұл жерде цитацияның тағы бір 
қолданысын дәлелдей алдық.
Поэзиялық шығармаларда цитата сөз, сөйлем немесе сөз тіркесінің 
деңгейінде ғана кездессе, прозалық шығармаларда цитацияның көлемі үлкендеу 
болып келеді. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романына мысалдар 
келтіріп көрейік: ««Ояз шықты, сияз бардың» кері келеді. Күштінің алдында 
байғұстар «бас изейді шыбындап». Бақталастар бірін-бірі балағаттап, қаралап 
бағады». Үзіндіден Абайдың болыстардың кейпін суреттеген, мазақ қылған 
жолдарын көре аламыз. 
Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романынан мынадай цитацияны байқаймыз: 
«–«Анчар» деген ағаш қайда өседі? 
Асқардың есіне Пушкиннің «Анчар» деген өлеңі түсті: 
Құрғақ құмда тамыры кепкен, 
Топырағы күнге күйген. 
Қарауылдай айбынды Анчар, 
Тұр жалғыз сол маңайда... 
Осы «Анчар» қай жерде өседі? – Асқар таба алмады». 
Автор бастапқы мәтінді ала отырып, авторын да көрсеткен.
Цитацияның мәтін түзудегі қызметі мен мәтінмен өзара байланысын 
тауып, оңай ажырата аламыз. Ал сентенция құбылысының мәтінмен 
метонимиялық байланысы анық көріне бермейді. Сентенция – афоризмнің бір 
түріне жатады. Автор бір мәселе төңірегінде ойын айта келіп, тұжырымды 
сөйлеммен аяқтайды. Бұл сөйлемдер көбіне бұйрық рай не ашық рай түрінде 
келуі мүмкін. Мысалы: «Кішігірім мақсатпен үлкен адам болмайсың!», «Өзіңді 
өзің таны». Және параллелизм, антитещза мен қайталамаларға құрылады. 
Сентенцияның түрлері: 
• гнома – философиялық мәнде 
• максима – дидактикалық мәнде 
• апофтегма (хрия) – бір мәселеде ойды айқындау не әсерлілігін күшейту 
үшін қолданылады. Сентенцияның да афоризм секілді авторы болады. 
Афоризмнен айырмашылығы – сентенция көлемді шығарма ішінде автордың 
нақты бір мәселеге байланысты ойы мен мәтін арасындағы «баспалдақ», автор 
ойын жалғастырып, әсерлілігін күшейтуші, кейде, кейіпкер образын ашу үшін 
қолданылатын құрал. Ал афоризмдер – жеке дара, қысқа жанр түрі, ықшамдау 
мен бөлшектеуге келмейтін – ықшам, бейнелі және өткір сөз. 
Көркем әдебиеттен мысалдар келтірейік. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің 
атым Қожа» повесінің соңғы бөліміндегі Қожаның құпия кеңесінен де кейіпкер 
образын ашу үшін қолданылған сентенцияны көреміз: « ...Сабақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет