26
айшықтаумен ғана шектелді. Сол себептен де ғалым жоғарыдада келтірілген
пікірлерге мүлде қарама-қарсы ой айтқан болатын: «бұл көзқарастарда
әдебиеттің өзі сияқты ежелден белгілі әдеби құбылыстарды атау үшін
қолданылып отырған терминнен басқа еш жаңалық жоқ». Ғалымның бұл пікірін
қолдаушылар да
табылды, мәселен, линвист-ғалым В.П.Москвин жалпы
цитация терминіне байланысты өз тұжырымдарын баяндай келіп, цитацияны
интертекстуалдылық тұрғысынан аморфты, яғни, зерттеу нысаны белгісіз және
шексіз деп есептейді. Ал бұған жауапты М.Б.Ямпольскийдің еңбегінен табуға
болады.
Ол
В.М.Журминскийдің
жазбаларына
сүйене
отырыпшығармашылқпен айналысатын тұлғалардың
арасындағы ұқсастықтар
не өзара әсерін дөп басып айту қиындық туғызатынын айтады: «Ұзақ уақыт
бойы «текст мәдениетінің тарихы» мәселесі әдетте негізін қалаушылардың ізін
басушыларға ықпалы мәселесіне тірелген болатын. Ықпал ету тексте дәстүрдің
болуының басты белгісі деп саналды. Бірақ «ықпал ету» түсінігінің өзі тым
айқын емес және зерттеушілер үшін шешілмейтін мәселе болып табылады»
[20].
Мысалы, белгілі зерттеуші С.Исаев қазақ әдеби тілінің қалыптасу
арналары туралы айта келіп, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзқолданыстарындағы ортақ өрнектерді
көрсетеді де, мынадай қорытындыға келеді: «...Тіпті
кейде Абай
қолданыстарын сөзбе-сөз пайдаланып, жалпы текспен жанасымды, жатық етіп
қолданады». Ол зерттеуіне мысал ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
өлеңін Абай өлеңімен салыстыра қарап, мотивтік талдау жасаған болатын:
Достарыңызбен бөлісу: