Нагашбаева нуршат талгатқызы


Тіл білімін зерттеушілер мен әдебиеттанушылардың



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

Тіл білімін зерттеушілер мен әдебиеттанушылардың айтуы бойынша, 
біздің қолымызда тек жаңа мәтін жасау, ал түпнұсқа мәтіндер бізден бұрын 
жасалып қойған. Осы тұрғыдан келгенде, автордың саналы түрде немесе өз 
еркінен тыс өзінің шығармасына бұрыннан пайда болған түпнұсқадан, 
оқырманға белгілі мәтіндерден үзінділер енгізуі – заңды құбылыс болып 
табылады. Шығармаға басқа мәтіндерден үзінділер келтіру автордың өз ойын 
дұрыс жеткізуге ғана емес, сол ойдың оқырманның дұрыс қабылдауына да 
әсерін тигізетіні сөзсіз. Және мұндай үзінділер келтірілгенде оқырманның 
ойына белгілі бір образдар, белгілі бір оқиға желісі еске түседі немесе сол образ 
не сюжетке сай ассоциациялар туындайды. Мәтіндердің арасындағы осындай 
ықпалдастық пен байланысты «интертекстуалдылық» немесе «мәтін ішіндегі 
мәтін» деп те атаймыз. 
Соңғы жылдардағы қазақ әдебиеттануында ғана емес, әлемдік 
әдебиеттануда көркем мәтінге талдау жасауда жиі қолданылып жүрген 
интертекстуалдылық, интертекст теориясын 1967 жылы шыққан тегі болгарлық 
болған 
француздық 
зерттеуші, 
әдебиеттанушы, 
постструктурализм, 



постмодернизм теоретигі Юлия Кристева енгізген болатын. Кристева 
М.М.Бахтин және Роман Барт секілді мәдениттанушы және тіл білімін 
зерттеушілердің ізін басушы және оның интертекстуалдылық концепциясы 
Бахтин және Барт идеяларының логикалық жалғасы бола білді. Юлия Кристева 
М.Бахтиннің диалогтік концептуалдылық пікірін зерттей келе, яғни 
«айтылғандардың барлығы бұрын айтылғанға жауап ретінде және белгілі бір 
адресатқа жүгінеді» деген пікірін зерделеу барысында және Р.Барттың 
«автордың өлімі» іліміне, яғни «шығу көздері мен ықпал ету проблемасына 
келтірілуі мүмкін емес, ол пайда болуы сирек байқауға болатын анонимдік 
формулалардың, тырнақшаларсыз берілетін санасыз немесе автоматты 
цитаталаудың жалпы өрісі болып табылады», басқаша айтқанда, авторға өзі 
шығарып жатқандай болады, шындығында осы мәдениеттің өзін қаруы ретінде 
пайдаланып, сол арқылы жасайды деген пікіріне сүйене отырып өз 
тұжырымдарын жасаған болатын. Бахтиннің «диалог» идеясын Кристева тек 
әдебиет саласымен, мәтіндер арасындағы диалогпен шектелді. М. М. Бахтиннің 
1924 жылы жарық көрген «Ауызша өнердегі мазмұн, материал және форма 
мәселесі» атты еңбегі, әйгілі француз лингвисті, сыншы, постструктурализм 
теоретигі Юлия Кристеваны 1967 жылы жазылған «Бахтин: сөз, диалог, роман» 
еңбегінде осы ұғымды жасауға шабыттандырады. Полифонизм теориясы 
аясында Бахтин оқшауланған мәтін бола алмайтындығын айтады: «бірде-бір сөз 
бірінші де, соңғысы да бола алмайды. Әр мәтін тек тізбектегі бөлшек және осы 
тізбектен тыс талдануы мүмкін емес» [2, б. 340]. Интертекстуалдылық туралы 
Ю. Кристева өз жұмысында мәтіннің екінші рет қолданылуы қабілетін түсінеді, 
өйткені кез-келген мәтін цитаталардың мозаикасы ретінде салынған, кез-келген 
мәтін басқа мәтінді кіріктіру және өзгертуден пайда болады. [4, б. 99]. Кристева 
былай деп жазады: «Біз жеке мәтіннің ішінде болатын осы мәтіндік интер-
әрекетті 
интертекстуалдылық 
деп 
атаймыз. 
Білетін 
адам 
үшін 
интертекстуалдылық-бұл мәтіннің қалай тарихты танып, оған қалай сәйкес 
келетіндігінің белгісі». Кристева интертекстуалдылықты ең алдымен мәтіндер 
динамикасы және кез келген мәтіннің басқа мәтінмен диалогқа түсе алу қабілеті 
деп санайды. 
Интертекстуалдылық - бұл мәтіндер мен жалпы мәтіндік сипаттың 
әмбебап қасиеті. Кристева термині инновациялық ретінде қабылданғанына 
қарамастан, ол өзі белгілеген құбылыс бұрыннан байқалды. Шынында да, 
белгілі бір авторды оқи отырып, маман басқа авторлардың оған тікелей немесе 
жанама әсерін оңай анықтайды және тікелей немесе жасырын дәйексөздерді 
анықтай алады. «Интертекст» термині өткен ғасырда ғана қалыптасқанымен
интертекстің шығу тегі ежелгі әдебиеттен бастау алады. Ежелгі антик 
философтарының интертекст туралы ой-пікірлеріне көз жүгіртетін болсақ, 
интертекстің термин ретінде қалыптасуына дейінгі сан ғасырлық тарихына куә 
боламыз. Мысалы, шамамен б.з.д. 428-347 жылдары өмір сүрген грек 
философы Платонның «Софист» деп аталатын трактатында мимесис - 
эстетиканың негізгі қағидатының бірі екендігі айтылып, өнердің, оның ішінде 


10 
поэзияның табиғатқа еліктеуден пайда болатындығы жайында сөз болса, оның 
шәкірті Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегіндегі «еліктеу» теориясын осы 
интертекспен байланыстыруға болады. Аристотельдің пікірінше еліктеу 
арқылы адамзат білімге жетеді, еліктеу табиғи түрде көркем туындыларда 
көрініс табады және шешендік сөздің де негігі құрылымы болып табылады: 
«төл сөзді» қосу арқылы шешеннің сөзі нақты әрі сенімді естіледі. Ал қайта 
өрлеу дәуірінің ойшылдары Аристотельдің ойын жалғастырып, тек қана 
табиғатқа емес, сондай-ақ табиғатқа дұрыс еліктей алған өнер иесіне де еліктеу 
керек деген пікірлерін қалдырған болатын. 
Біздің заманымызға жақын Ф.В. Шеллинг, Фридрих Шлегель, Вильгельм 
және Якоб Гримм, А. Кун, В. Шварц кіретін мифологиялық мектеп мәтіндердің 
сюжеттері 
мифологиядан 
шыққан 
деп 
мәлімдейді. 
Бұл 
теория 
интертекстуалдылықтың көрініс табатын кезі мифологиялық сюжеттерден 
шыққандығына сәуле түсірді. 
Ал XVI-XVII ғасырларда француз ойшылдары Жоашен Дю Белле 
«Француз тілін қорғау мен дәріптеу», Мишель Монтень «Тәжірибелер: 
Кітаптар туралы», Жан де Лафонтен «Юэге арнау» атты еңбектерінде белгілі 
бір өнер түрлеріне, өзінен бұрын шыққан туындыларға еліктеу не үшін керек, 
кімге және қалай еліктеу керек деген сұрақтар аясында қарапайым ой-
тұжырымдарын келтіреді.
Мысалы, Жоашен де Белле «Француз тілін қорғау 
мен дәріптеу» атты трактатында: «...Еліктеуші адам ең алдымен кімге еліктегісі 
келетініне және оның еліктейтін объектісіне және еліктеуге тұрарлық не бар 
екенін зерттесін. Ең алдымен еліктеуші өзінің еліктейтін адамына кішкене 
болса да жақындай алатын бейімділігін тексеру үшін, ол өзінің күші мен қандай 
ауыртпашылықты көтере алатыны жайында түсінік қалыптастыру керек», - дей 
келе, еліктеушінің өз қаламгерлік шеберлігіне барлау жасап, өзі еліктегісі 
келетін әдеби мәтінді не өнер туындысын зерттеп алуды ұсынады.
Сонымен 
қатар екі мәтін арасында шығармашылық үндестік болмаса, ондай еліктеудің 
сәтсіз аяқталатынын ескертеді.
Еліктеуден туындаған интертекстте бөгде сөзді пайдаланудағы қаламгер 
беделінің маңызы туралы Жоашен де Белленің трактатынан оқи аламыз. Ал сол 
еңбекте жалпылама айтылып кеткен «автор беделі мен мәтіннің маңызы 
еліктеуге лайық болуы тиіс» деген ойын бүгінгі күнгі көзқарас тұрғысынан 
дамыта түссек, автордың оқырманмен орнатуы тиіс диалогы үшін мәтін 
бірнеше шарттарға жауап беруі тиіс. Мысалы, мәтін мазмұнының деңгейі 
жоғары болып және шығарманы оқып отырған оқырманның түпнұсқаны оңай 
танып, екі мәтін идеясын салыстыра отырып, ассоциация тудыруы үшін немесе 
өзінше ой қорытуы үшін қаламгер дәйексөзді пайдалану кезінде мынадай 
шарттарды орындауы керек:
1) танымал әрі үлгілі мәтін; 
2) танымал әрі үлгілі есім; 
3) танымал әрі үлгілі мәлімдеме; 
4) танымал әрі үлгілі ситуация. [16] 


11 
Ал осы шарттар орындалмаған жағдайда оқырманның мәтінді түсінуі 
қиын болады. Сол себептен дәйексөздерді қолданудың мақсаты да орындалмай 
қалады. Жоашен де Белле осы жағдайлар туралы толыққанды ашып 
айтпағанымен, интертекстің ары қарай өрбуіне бұл тұжырымдарының септігі 
тигенін басып айта аламыз. 
Жерар Женнет - француз әдебиеттанушысы. Ол мәтінаралық байланыс 
туралы жалпы түсінік беріп, мәтінаралық байланыс түрлеріне жалпы 
классификация жасаған болатын. Оның «Палимсесты: литература во второй 
степени» (1982 ж, 1989 жылғы орыс тіліндегі аударма бойынша – бір текстің 
үстіне жазылған қолжазба, кейде ескі мәтіндегі элементтер жаңаша 
қолданылады) еңбегінде әртүрлі мәтіндердің өзара байланысы бес түрлі 
классификацияланады: 
- Интертекстуалдылық – бір мәтінде екі немесе бірнеше мәтінің болуы 
(цитата, аллюзия, плагиат және т.б.) 
- Паратекстуалдылық – мәтіннің өзінің кіріспесіне, эпиграфына, 
эпилогына қатысы; 
- Метатекстуалдылық – өзінің пректекстіне пікір, жиі сыни пікір айта 
отырып сілтеме жасау; 
- Гипертекстуалдылық бір тексте басқа тексті келемеждеу, пародия 
жасау; 
- Архитекстуалдылық текстердің жанрлық байланысы; [15, 334-340 б] 
Постмодерндік дүниетанымның контекстінде интертекстуалдылық 
мәтіндерді 
құрудың 
бірыңғай 
механизмі 
ретінде 
қарастырылады. 
Интертекстуалдылықты бұрын жасалған мәтіндердің (немесе олардың 
элементтерінің) жасалған мәтінге таза механикалық қосылуы ретінде 
қарастыруға болмайды. Постструктурализм тұжырымдамасында (дәл осы 
ағымға сәйкес осы құбылыс бойынша қарқынды зерттеулер жүргізілді) 
интертекстуалдылық француздық поструктуралист Ж.Деррида тұжырымдайтын 
ұстаныммен тығыз байланысты. Оның пікірінше, тырнақша постмодерн 
мәдениетінің символына айналады.
Француз 
семиотик-постструктуралисті 
Ж.Дерриданың 
«интертекстуалдылықтың» зерттелуіне сіңірген еңбегі зор. Оның идеясы 
мәдениетке, әдебиетке, қоғамға қатысты мәдени-семотикалық қөзқарастың 
дамуына елеулі әсер етті, өйткені оның зерттеуі адам санасындағы мәтін 
шегінен асқан мәселелер жайында болды. Осындай тәсіл негізінде 
интретекстуалдылық шексіз мәтіннің теориясы ретінде пайда болады. Бұл 
концептіні орыс зерттеушілері де (Ю.М.Лотман, И.П.Смирнов, Б.М.Гаспаров, 
П.Х.Тороп), шетел зерттеушілері де (Р.Барт, М.Риффатер) жалғастырған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан Э.Тейлор, Л. Фрейзер, Т. 
Вайц және Э. Лэнг антропологиялық мектебінің өкілдері адамзат бірлігі мен 
мәдениеттер дамуының біркелкілігі тұжырымдамасын ұсынды. Ғалымдар 
адамның психикасы мен ойлауының арқасында ежелгі дәуірден бастап 


12 
мифтердің, ырымдардың, нанымдардың көптеген бірдей формалары пайда 
болды, бұл сюжеттердің интертекстуалдылығын көрсетеді. 
ХІХ ғасырда интертекст туралы зерттеулер одан әрі тереңдей түсті. 
Француз жазушысы Виктор Гюго өзінің 1826 жылы шыққан «Одалар мен 
балладалар» атты жинағының алғысөзінде қаламгердің өзінен бұрынғы 
авторлардың шығармаларына еліктеудің керегі жоқ дей келсе де, еліктеудің 
автордың шығармашылық қуатын арттыратындығын жоққа шығармайды. 
Автор еліктеген кезде өз шығармасына табиғат пен шындықты негіз етсе екен 
деп айтады. Ал «Інжіл» мен «Гомер» туындыларын зерттеу алаңы еткенде 
автордың жетілгені деп түсіндіреді. Әрине, В.Гюгоның бұл тұжырымдары сол 
заманға сай болды. Ол өзі өмір сүрген кезеңнің жағымсыз жақтарын тұспалдап 
болса да жеткізе білді. Бірақ, Виктор Гюго мәтінде кездесетін келтірінді 
мәтіндердің қолданылу аясын шектеп, автордың еркінен тыс қолданылатын 
интермәтін жағдайын ескермеген. Яғни, автордың саналы түрде ғана енгізетін 
интертектс мәселесіне тоқталып, қаламгердің дүниетанымы мен қоршаған 
ортаға қөзқарасы, мәдениеті мен жинақтаған білімі негізінде туындайтын 
интертекст мәселесін ескермеген. 
Батыс 
ғалымдарының 
барлығы 
бірдей 
постструктуралистердің 
интертекстуалдылық туралы көзқарастарымен бөліспейтінін атап өтуге болады. 
Жоғарыда келтірілген В.Гюгоның көзқарасы осыған дәлел. Олардың ойынша: 
интертекстуалдылық дәйексөз, аллюзия, реминисценция, плагиат сияқты 
әдістерде жүзеге асырылатын екі немесе одан да көп мәтіннің бір мәтінде болу 
фактісі ретінде қарастырылады. Интертекстуалдылық теориясына мұндай 
көзқарас жасанды түрде шектеулі болып көрінеді: интертекстуалдылық 
феномені тек қолданыстағы мәтіндердің элементтерін алу фактісін ғана емес, 
сонымен бірге жалпы мәтіндік кеңістіктің болуын да қамтиды. Тек осы 
жағдайда ғана аллюзиялар, дәйексөздер, еске салулар (реминисценциялар) 
саналы да, бейсаналық та («шығармашылық жадтың еріксіз әрекеті») кіріге 
алатындығы белгілі болады. 
Ал ХХ ғасырда француз философы, постструктуралист Ролан Барт және 
ізін жалғастырушы т.б. постструктуралистер интертекстің басты ерекшелігі 
ретінде мәтіннің қат-қабаттылығын (полимсест) атайды. Олардың ойынша кез-
келген мәтін интертекст болып табылады. Яғни, әрбір мәтін өзінен бұрын 
шыққан мәтіннің логикалық жалғасы болып табылады немесе түпмәтінге 
еліктеуден туындайды.
Ролан Барттың айтуы бойынша: «текст дегеніміз ... 
өзінің шыққан тегін ұмытқан көптеген тексттің бірі-бірімен астасуы болып 
табылады. Әрбір текст – ескі цитаталардан құрастырылған жаңа бітім, себебі, 
қашан болсын, текст, әртүрлі жаралған, әр тараптан келген басқа текстердің 
қоршауында тұрады». Ғалымның пікірі бойынша кез келген мәтінде ертеден 
қалыптасқан цитаталар, аллюзиялар мен фразалар немесе белгілі бір мәтіннің 
бөліктері автордың ойынан, санасынан сұзіліп шығып, қаламгер мәдениет-
дүниетанымынан сіңіріліп жаңа мәтінде автордың еркінен тыс із қалдыруы 
мүмкін.
Ролан Барт осы кездесетін элементтер арқылы түзілген жаңа мәтіндерге 


13 
«құрақ көрпе» деген түсінікті ұсынады. Және де ондай мәтіндерді оқырман 
кейде оңай анықтаса, кейде оны анықтау қиынға түсетіндігін айтады.
Ал 
анықтай алмауымыздың себебі деп, автордың өзі жинақтаған білімі мен 
көзқарасын бейсаналы түрде мәтінге енгізуінен деп түсіндіреді.
Осы аталған 
тұжырымдама мен «автордың өлімі» туралы ілімдер жинақтала келе 
постмодернистік мәтінді талдауда жаңа тәсіл пайда болған еді. 
Ролан Барт - әдебиеттің, этика мен философияның таңғажайып 
симбиозын жасай алатын керемет, әмбебап білімді эссеист. Барт, Клод Леви-
Стросс, Жак Лакан, Мишель Фуко қазіргі француз структурализмінің ең ірі 
өкілдерінің бірі болып саналады. Ф.де Сессюр, Н. Трубецкийді, Л. Ельмслева, 
К.Леви-Строссты терең зерттеу Бартқа символдық жүйелерді талдаудағы 
парадигматикалық принциптің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді, 
В.Я.Пропп пен орыс формальды мектебінің өкілдерімен танысу оның 
синтагматикалық 
ойлауын 
дамытуға 
ықпал 
етті. 
Барттың 
саналы 
структурализмге бет бұруы оның екі бағдарламалық мақаласымен айқын 
көрінеді: «Белгінің қиялы» (1962) және «Структурализм қызмет ретінде» 
(1963). Р.Барттың идеялары М. Бахтиннің көзқарастарынан екі ерекшелікпен 
ерекшеленеді. Біріншіден, егер Бахтинді ең алдымен «әлеуметтік тілдер» 
арасындағы «диалогтық» қатынастар қызықтырса..., онда Барт «хат» мен жеке 
адамның қарым-қатынасына баса назар аударады, ... «хат» құбылысында Барт 
әлеуметтік механизмді анықтай алды, ... екіншіден, Барт қазіргі семиотиканың 
аналитикалық құралдарына жүгінді. 
Барт үшін негізгі қызмет саласы әрқашан Барт «хат» деп түсінетін 
әдебиет болып қала берді. Оның басты міндеті-ол белгілі бір өнер 
туындысының құрылысының ерекшелігін анықтайтын хат түрлерін іздеуді 
көрді. Әдебиетте ол алғаш рет «өрнектелген дискурстардың» деспотикалық 
дауыстарын ести алды және әдебиеттің өзінде осы дискурсқа қарсы тұра алатын 
күштерді анықтауға тырысты. Бартқа сәйкес әдебиет шындықты анықтаудың 
таптырмас құралы болып табылады. Бұл оның әлеуметтік «жауапкершілігі». 
Барт әдебиетті әлеуметтік дамудың пассивті өнімі емес, белсенді бастама 
ретінде көрді, ол шын мәнінде тарихтың дамуына кепілдік беретін 
серіппелердің бірі-әлемді тыныштықта ұстауға жол бермеуге бағытталған. 
Постмодернистер үшін «дәйексөздердегі өмір» сияқты тұжырым 
орныққан. Бұл тезисті, ең алдымен, тырнақшалар, кірістірілген мәтін 
элементтері, анықтамалар, құрылымдық фрагменттер бар мәтін олардың өзара 
әрекеттесуінде өмір сүретіндігі ретінде түсіну керек. Мәтіннің өмірін бір 
мәтіннің екіншісіне кірікпестен елестете алмаймыз . Мәтін бар, дамып, 
шекарасын кеңейтеді, дәл осындай әрекет жағдайында ғана дамиды. Бірыңғай 
интертекстті ұйымдастыратын барлық мәтіндер мәтіндік деңгейдегі өмірді де, 
жалпы өмірді де білдіреді. Тарих пен қоғам мәтін ретінде «оқуға» болатын 
ереже адамзат мәдениетін біртұтас «интертекст» ретінде қабылдауға әкелді, бұл 
өз кезегінде кез-келген жаңадан пайда болған мәтіннің алдын-ала мәтіні ретінде 
қызмет етеді: «интермәтіннен басқа мәтін жоқ».


14 
Біз интертекстуалдылықтың тар мағынасындағы мәнін ашып көрсеткен 
ғалымдар жайында сөз қылдық. Ал интертекстуалдылықтың кең маңынадағы 
түсінігін қалыптастыруға белгілі өнертанушы ғалым М.Б.Ямпольский, лингвист 
И.В.Арнольдтің айтуы бойынша Ю.Н.Тыняновтың пародия теориясы туралы 
пікірі, М.М.Бахтиннің полифониялық роман жөніндегі ойлары және Фердинанд 
де Сессюрдің мәтіндегі анаграмма ілімі жайлы тұжырымдары себепші болды. 
[3, с. 31; 5, с. 32]. Ф. де Сессюр ежелгі анаграммаларды зерттеуде мәтіннен 
оқшауланған элемент мәтіннің ішкі ерекшеліктеріне қалай әсер ететінін, әр 
түрлі дискурстардың қиылысу мәселесін анықтайды. 
Әдебиет сыншысы Ю.Н.Тынянов ХХ ғасырдың басында-ақ пародия 
құбылысы туралы пікірінде белгілі бір мәтін трансформациялануы негізінде 
басқа бір жаңа мәтін пайда болатыны және оның семантикасы бұрынғы 
мәтіннің семантикасын дамытатынын, яғни қаламгер жаңа мәтінді басқа 
мәтіндегі фразаларды кірістіру нәтижесінде пайда болады деп түйіндеген 
болатын. Ю. Тыняновтың теориясы бойынша Интертекст екіжақты мәтін 
ретінде әрекет ететін пародияда қалыптасады, ол семантикасы жағынан 
байланысы бар өзгертілген мәтінді (алдыңғы мәтінді) қамтиды. Ю.Н.Тынянов 
өзінің теориясына сүйене отырып, мәтінді қайта құрып, оның әр элементіне 
құрылымдық функция береді: «әдеби шығарманың әр элементінің жүйе ретінде 
басқалармен және мен бүкіл жүйемен осы элементтің құрылымдық функциясы 
деп атаймын». 
Әрі қарай, М.Бахтин тек мәтін ішінде ғана емес, сонымен қатар мәтіндер 
арасында да диалогтық қатынастар құра отырып, бір мәтіннен тыс ұқсас 
қатынасты көрсетеді.
Орыс философы, мәдениеттанушы және әдебиеттанушы М.М.Бахтин 
орыс әдебиетінде монологті романдар болуымен қатар, шығарма кейіпкерлері, 
авторы бір-біріне қайшылықты пікірлер негізінде қоршаған ортамен немесе 
өзді-өздімен үнемі ішкі диалогке, тартысқа, пікірлер таласына түсіп отыратын 
романдар бар екенін айта келіп: «Полифониялық роман тұтасымен диалогтік 
болады. Роман құрылымының барлық элементтері арасында қатынастар бар, 
яғни олар контрапунктінде-ақ қарама-қарсы қойылған. Әрі диалогтік 
қатынастар – композициялық түрдегі репликалар арасындағы қатынастардан 
әлдеқайда кең ұғымды құбылыс, бұл – адам сөзі мен өмірінің көрінісі және 
қарым-қатынасымен астасып жататын әмбебап дерлік құбылыс, жалпы мән-
мағынаға ие нәрсенің бәрі» [4] деп, оның басты ерекшелігін көрсетеді. 
М.М.Бахтиннің пікірі бойынша, мұндағы роман ішіндегі диалогизм тек зат пен 
сюжет ұқсастығы ғана емес, роман ішінде түпнұсқа мәтіннің фразалары мен 
кейбір автор пікірлерінің кездесуін де қарастыруды айтады. Ғалым барлық 
мәтін интертекст деген көзқараста болды. Ал жаңа түзілген мәтіндер бастапқы 
предтекстер жиынтығынан ғана емес, сол бастапқы мәтінге байланысты кодтар 
мен семантикалық жүйелерден құралады деген болатын.
«Диалог» 
идеясын 
М.Бахтин 
1929 
жылы 
«Достоевский 
шығармашылығының мәселелері» (және 1963 ж. «Достоевский поэтикасының 


15 
мәселелері») еңбегінде жасаған, онда «бөтен сөз» саласындағы мәтіндердің 
мағынасы мен әсер ету механизмі зерттелген. Зерттеуші «Автор «басқа біреудің 
сөзін» өз мақсаттары үшін қолдана алады және ол өзінің бағыты бар және оны 
сақтайтын сөзге жаңа семантикалық бағыт бере алады» деп мәлімдеді. 
М.Бахтин атап өткендей, мұндай сөз «бөтен сияқты сезілуі керек». Осылайша, 
бір сөзде «екі семантикалық бағыт, екі дауыс» бар. М.М. Бахтиннің 
«Достоевский 
шығармашылығының мәселелері» жұмысы - бұл сөз 
философиялық, филологиялық, әлеуметтік ұғым ретінде түсінілетін, сөздердің, 
мәтіндердің, әдеби шығармалардың өзара әрекеттесу процесі жүзеге 
асырылатын негізгі жұмыс. Бахтин мәтіндердегі қатынастарды мұқият ашады, 
олардың арасындағы өзара әрекеттесуді көрсетеді, бір мәтіннің екіншісіне 
әсерін анықтайды. Ғалым Достоевскийдің романдарын «полифониялық» деп 
атады, ал Достоевскийдің «сөзі» Бахтиннің түсінігінде «диалогтық» болды. 
Бахтиннің философиялық-филологиялық әлеміне диалог идеясы кірді. Диалог 
(фр. dialogue, ағылш. dialog [ue], грек тілінен. dialogos «сөйлесу»; «...арқылы 
сөйлеу») екі немесе одан да көп адамдар арасындағы қарым-қатынас процесін 
(әдетте тілдік) білдіреді. Алайда, әдебиеттануда бахтиндік дәстүр қалыптасты, 
ол кезде үлкен жанрдағы әдеби шығармалар, ресми тұрғыдан монологтар терең 
диалогтық мағынада - автор, оның кейіпкерлері мен оқырманы арасындағы 
диалог ретінде қабылдана бастады. Бұл жағдайда мәтінде бір уақытта бірнеше 
тақырыптардың дауыстары «естіледі» және диалогтық эффект немесе 
Бахтиннің пікірінше «полифония» құбылысы пайда болады. Бахтин атап 
өткендей, бұл диалогтық қарым-қатынас. Диалог аяқталған кезде бәрі 
аяқталады. Диалог іс-әрекеттің табалдырығы ретінде емес, іс-әрекеттің өзі 
ретінде қарастырылады. Диалог мәтінді құру құралы емес, өзіндік мақсат. 
«Тіпті өткен, яғни өткен ғасырлардағы диалогта туылған мағыналар ешқашан 
тұрақты бола алмайды (бір рет және біржола аяқталған, түпкілікті) – олар 
диалогтың кейінгі, болашақ даму процесінде әрдайым өзгереді (жаңартылады). 
Диалогтың дамуының кез-келген сәтінде ұмытылған мағыналардың үлкен, 
шексіз массалары бар, бірақ диалогты одан әрі дамытудың белгілі бір 
сәттерінде олар қайтадан есте қалады және жаңартылған түрде (жаңа 
контексте) 
жанданады». 
М.Бахтинің 
зерттеулеріне 
сүйене 
келе 
интертекстуалдылықты «шексіз мәтін», яғни кез келген мәтіннің бөліктері 
интертекст болып табылады деген қорытындыға келеміз.
Тұжырымдалған позицияға сәйкес, бүкіл адамзат мәдениеті болмысқа 
кіретін біртұтас мәтін, яғни біртұтас интертекст ретінде қарастырылады. 
Барлық жасалған мәтіндер, демек, бір жағынан, бірыңғай претекстке (мәдени 
контекст, әдеби дәстүр) негізделген, ал екінші жағынан олар «интертекст» 
болып табылады, өйткені олар өздері мәдениеттің элементтеріне айналады. 
Интертекстуалдылық теориясының постулатында былай делінген: ұлы мәтін-
алдыңғы мәтіндерге «реакция». Сондықтан кез – келген мәтіннің авторы – 
көркем мәтін немесе кез-келген басқа мәтіннің - «интертекстуалды ойын 
проекциясының бос кеңістігіне айналады». 


16 
1964 жылы Фердинанд дэ Сессюрдің бұрын жарық көрмеген 
қолжазбалары жарияланған болатын. Сол қолжазбаларда Фердинанд дэ 
Сессюрдің анаграмма туралы ой-тұжырымдарының интертекстуалдылық 
теориясымен байланысы анықталды. Еңбекте ғалым үнді-еуропа поэзиясы 
туралы жазбалар еді. Зерттеулерде бұл туындыларда мағыналық ұйытқы сөздің 
дыбыс құрамы мәтіндегі басқа сөздердің дыбыстық құрамында белгілі бір 
тәртіппен орналасатынын дәлелдейді. Фердинанд дэ Сессюр
анаграмманың 
анафония, гипограмма, логограмма, параграмма деген түрлерін көрсететді. 
М.Б.Ямпольский аталмыш терминге байланысты мынадай пікір қалдырады: 
«...әр элемент қозғаушы «грамма» ретінде қолданылып, мән бергеннен гөрі 
жаңа мән тудыратынын көрсетеді».
Ал ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы зерттеу еңбектеріне 
келер болсақ, зерттеушілер У.Бройх, М.Пфистер, Б.Шульте-Мидделих 
өздерінің «Интертекстуалдылық: формалары мен қызметі» атты ұжымдық 
еңбегінде, сондай-ақ Натали Пьеге-Гро «Интертекстуалдылық терминіне 
кіріспе» атты еңбегінде постстуктуралистік ағымдағы ғалымдар пікірлеріне 
қайшы пікір айтады. Олардың айтуы бойынша интертекст - автордың бөгде 
сөзді саналы түрде енгізуімен болатын әдеби үрдіс, және ол автор еркінен тыс 
орын алмайды. 
«Интертекстуалдылық: формалары мен қызметі» атты еңбекте У.Бройх, 
М.Пфистер, Б.Шульте-Мидделих интертекстуалдылық теориясы туралы 
мынадай тұжырымға келеді және түрлерге жіктейді: тақырыптар мен 
сюжеттерді меншіктеу немесе өңдеп пайдалану, анық немесе жасырын дәйексөз 
алу, аударма, плагиат, тұспал (аллюзия), парафраза, еліктеу, пародия, сахналау, 
экранға түсіру, эпиграф ретінде пайдалану. 
Натали Пьеге-Гро еңбегіндегі интертекстуалдылықты жіктеу тәсілі де 
осыған жақын. 
Структуралистік ағымның белді өкілі, француз ғалымы, филолог 
М.Риффатер философ Г.Фрегенің семиотикалық триадасына сүйене отырып 
интертекстке қатысты өзіндік триада ұсынады: 
И 
Т 
′Т 
Мұндағы Т-текст, ′Т-интертекст, И-интерпретант 
Ғалым М.Риффатер: «егер оқу Т-дан ′Т-ға И арқылы өтпесе, интерпретант 
мәтінді интертекст арқылы тәпсірлемесе, онда мәтінде интертекстуалдылық 
жоқ» деп тұжырымдайды. Ғалым осы үштаған бойынша «үшінші мәтін 
принципін» ұсынады. Ол бойынша мәтіндегі кіріктірілген мәтіннің қандай 
дәрежеде байланысып тұрғандығы, келтірінді мәтіннің мәтіңдегі ізі (көріну 
дәрежесі) қаншалықты екендігін осы қағидатпен анықтаймыз. (Бұл жерде 


17 
«үшінші» - интерпретант және шартты түрде алынып отыр, ол «төртінші» 
немесе «бесінші» ... болуы да мүмкін, ол мәтіндегі мәтіндер санына 
байланысты). Жаңа мәтін мен бастапқы мәтіндегі
семиотиканың өзара ауысуы 
интерпретанттың арқасында жүзеге асады. Осы тұжырымнан М.М.Бахтиннің 
«ой гибридтері» деп атайтын ұғым-термині келіп шықты. М.Риффатердің 
айтуынша: «Интертекстуалдылық – белгілі бір шығарманың уақыты жағынан 
бұрын түзілген немесе уақыты жағынан кейін түзілетін көркем шығарма 
арасындағы қарым-қатынасты оқырманның қабылдауы. Міне, осындай 
шығармалар бірінші шығарманың интертекстуалдылығын құрайды» [19]. Ал 
интертекстің 
қаншалықты 
қажет 
екендігі 
жайында 
М.Риффатер 
интертекстуалдылықты қосымша және қажетті деп екіге бөліп қарастырған 
болатын. «Қажетті интертекстуалдылықты оқырман сезбеуі немесе анықтай 
алмауы мүмкін емес, себебі интертекстуалдылық нысан көркем әдебиетте өз 
ізін анық қалдырады» - дейді. Бұл із оқырманның автор жеткізгісі келген 
ақпаратты көркемдік тұрғыдан танып, айқындауына қажет императив өызметін 
атқарады.
Осыған сай Е.В.Поветьева да пікірін келтірейік: «Интертекст – 
ерекше бір «мәжбүрлікті» көрсетеді, егер оқырман интертексті тани алмаса, 
онда ол мәтіннің табиғатын көре алмайды».
А. А. Лоскутова Ю.Кристева, Р. Барт, М. Риффатерді «Буало бүгін» деп 
санайды, олардың шығармаларында нормативтік поэтиканың қосарлы табиғаты 
кем емес дәрежеде жүзеге асырылғанын атап өтті. Бұл зерттеушілер 
постмодернизмді түсіну үшін көп жұмыс жасады. Постструктурализмге сәйкес 
жасалған интертекстуалдылық тұжырымдамасы XVIII ғасырдың жазушылары 
үшін «іс-әрекетке нұсқаулық» болған үш бірлік теориясы мен «үш тыныштық» 
сияқты постмодерннің поэтикалық бағдарламасына айналды. 
Интертекстуалдылық 
категориясы 
филологиялық 
бақылаулардың 
тақырыбы болып табылады. Ол өнер әлемінде танымал болды, суретшілердің 
санасына әсер етті. Интертекстуалдылық тұжырымдамасы Жалпыға ортақ 
болды, бірақ толықтырылып, нақтылануда. Автордың алдыңғы мәтіндермен 
өзара әрекеттесуі әдебиеттануда Әдеби ықпал, қарыз алу мәселесі ретінде 
қарастырылды. Мәтін стилінде-цитаталар, аллюзиялар, еске салулар мәселесі 
ретінде. Тіл білімінде интертекстуалдылық категориясы мәтінаралық өзара 
әрекеттесуді талдау тұрғысынан үлкен ауқымдылық пен глобалдылықты 
қамтамасыз етті, бірақ әдебиеттану әрқашан мәтіндер диалогы мәселесіне 
қызығушылық танытты. 
«Бөтен» сөз, диалог, интертекстуалдылық сияқты ұғымдардың ғылыми 
қолданысқа енгізілуі зерттеулерге жаңа серпін берді... лингвистикалық 
зерттеулерде интертекстуалдылық мәтіннің «өзінің» және «бөтен» сөздерінің 
диалогтық 
өзара 
әрекеттесуінде 
ұсынылған 
маңызды 
категориялық 
сипаттамасы ретінде қарастырылады. Әдебиеттануда интертекстуалдылық 
постмодерндік стильді (цитаталық әдебиет) бағалаудың маңызды негізі болып 
табылады, ол мәтінді жүйелік-семантикалық әсері бар цитаталардың мозайкасы 
ретінде құруды қарастырады. 


18 
Ғылыми дискурстағы интертекстуалдылық таусылмайтын және шексіз 
көп қырлы құбылыс ретінде көрінеді. Бұған негізгі тұжырымдамамен қатар 
қолданылатын терминдердің әртүрлілігі дәлел бола алады. Мәтінаралық өзара 
әрекеттесуді 
белгілеу 
үшін 
«транстекстуалдылық», 
«полилогизм», 
«диалогтық», «бивокаликтілік», «мәтін диалогы», «интерсемантизм» сияқты 
ұғымдар қолданылады. 
Интертекстуалдылық лингвистикадағы мәтіннің негізгі категориясы 
ретінде жеке мәтіндер-туындылардың диалогтық өзара әрекеттесу процесін 
сипаттайды. Әдебиеттануда ол мазмұн мен өрнек тұрғысынан, сондай-ақ 
мәтіндік тұтастық, жеке семантикалық және құрылымдық элементтер 
деңгейінде анықталады. Ол мәтіннің мағынасын құрудың ерекше тәсілі ретінде 
сипатталатын диалогизмді білдіреді. Мәтіннің ашықтығы категориясы ретінде 
интертекстуалдылық әдеби мәтінді басқа мәдени мәтіндермен мазмұнды және 
формальды байланыстырудың сапалы әр түрлі стратегияларын қамтиды. 
Қазіргі мағынада интертекстуалдылық категориясын зерттеушілер сөзбе-
сөз бір мәтіннің екіншісіне әсері, іздеу, қазіргі ғылымда айтылғандай, әдеби 
мәтіндегі «интертекстем(дер)» ретінде қарастырады. Әдеби дискурс 
шеңберіндегі негізгі зерттеу міндеті іздерді анықтау емес, әдеби және көркем 
шығармадағы интертекстуалдылықтың қалыптасуы мен жұмыс істеу тетіктерін 
түсіну болуы керек. 
Айтылып отырған феноменнің анықтамасына әдебиеттану тұрғысынан 
зерттеулерді И.П.Смирнов еңбектерінен таба аламыз: «Интертексуалдылық – 
бұл кең мағынадағы түсінік. ... көркем шығармадағы ой бүтіндей немесе үзіктей 
сол автордың шығармашылығында, соған ұқсас өнер түрінде немесе алдыңғы 
әдеби шығармада табуға болатын басқа бір мәтінге арқа сүйеу арқылы 
құрылады. И.П. Смирнов интертекстуалдылықты анықтауда әдеби көзқарасты 
қолдана отырып, бұл құбылысты мәтіннің мағынасын қалыптастыруды 
білдіретін кең ұғым ретінде қарастырады: 
1) автордың басқа мәтінге немесе басқа автордың өзге мәтінге 
сілтемелері; 
2) сабақтас өнерге сілтемелер; 
3) алдыңғы әдебиетке сілтемелер. 
Бір қызығы, И.П. Смирнов интертекстуалдылық ұғымын бір уақытта үш 
аспект бойынша зерттейді, атап айтқанда: семиотикалық, идеологиялық және 
коммуникативті. 
• идеологиялық 
• семиотикалық
•коммуникативтік. [8.59] 
Интертекстуалдылықты лингвистикалық және әдебиеттану тұрғысынан 
бөліп қарастыру Т.Ю.Аветованың еңбектерінде көрінеді. Оның түсіндіруінше, 
лингвистикалық тұрғыдан интертекстуалдылықты қарастырғанда «әртүрлі 
авторлардың мәтіндерінің бір-біріне «әдеби әсер етуін» зерттеу қажет, 


19 
әдебиеттану тұрғысынан келгенде «интертексті оқырман тұрғысынан талдау, 
танымдылық (узнаваемость) деңгейі мен үдерісін талдау» қажет.
Ал лингвистика тұрғысынан келгенде, К.П.Сидоренко лингвистика 
тұрғысынан «интертекстема» терминін ұсынды. Оның түсіндіруінше, 
«интертекстема»: «мәтіннің мазмұндық құрылымының – грамматикалық 
(морфемдік-сөзжасамдық, 
морфологиялық, 
синтаксистік), 
лексикалық, 
просодикалық 
(ырғақтық-интонациялық), 
строфикалық, 
композициялық 
құрылымының мәтінаралық байланыстарға тартылған деңгейаралық қатысты 
(реляциялық) сегменті». Е.Г.Еременко Сидоренконың ой-тұжырымдарын 
былайша түйіндейді: «Басқаша айтқанда, интертекстема – «бөтен дауыс», ол – 
мәтінде әр түрлі формада кездесе береді».
И.А.Кузмина болса өзінің «Интертекст және оның поэтика тілінің 
эволуциясы прцесіндегі рөлі» атты монографиясында интертекст ұғымына 
мынадай анықтама береді: «Это объективно существующая информационная 
реальность, являющаяся продуктом творческой деятельности человека, 
способная бесконечно саморегенерироваться по стреле времени» [18].
Е.А.Баженова «Стилистический энциклопедический словарь русского 
языка» атты мақаласында интертексті лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, 
әлеуметтік-мәдени элемент ретінде қарастырады. Және де ол интертекстің жаңа 
ой түзу немесе ойды тереңдету қабілетін түсіндіріп береді. 
Қай салада қарасақ та, мерзімі жағынан бұрын пайда болған мәтіндер мен 
уақыт жағынан кейінгі мәтіндер арасында байланыстар бар екенін тап басып 
айта аламыз. Және сол алғашқы мәтіндер жаға түзілген мәтіннің семантикасына 
белгілі дәрежеде әсер ететіндігін жоғарыда келтірілген пікірлермен дәлелдей 
аламыз. Және де бұл үдерістің орын алатынын қаламгерлер де мойындайды.
Интертекстуалдылықтың кең мағынадағы ұғымы осы терминді ғылыми 
айналымға енгізген Ю.Кристеваның еңбектерімен тікелей байланысты болып 
табылады. Ю.Кристеваның интертекстуалдылық туралы барлық пікірлерін 
былайша тұжырымдауға болады: 
1. Интертекстуалдылық әр шығармадан, текстен алынған цитаталардың 
жиынтығы емес, алайда ол түрлі цитаталы сөздердің тоғысу кеңістігі. Ал 
цитаталы сөз дегеніміз – «басқа шығармалардан алынған нақты деректер, 
абзацтар немесе пассаждар емес, бірақ мүмкіндігінше барлық дискурстар, 
өйткені мәдениет солардан құралады және кез келген автор өз еркінен тыс сол 
атмосфераға тәуелді болады». 
2. Кристева интертекстің пайда болу процедурасын «оқу-жазу» деп 
атайды: интертекст басқа адамдардың дискурстарын оқу барысында жазылады, 
сондықтан «кез - келген сөз (мәтін) басқа сөздердің (мәтіндердің) қиылысы 
болып табылады, онда сіз кем дегенде тағы бір сөзді (мәтінді) оқи аласыз». 
Интертекст құрылымы жоқ, бірақ басқа құрылымға қатысты жасалады. 
3.Интертекстік құрылым басқа бір құрылымға қатысты пайда болады, 
яғни «мәтін цитаталар мозаикасы сияқты құрылады, әр мәтін – басқа мәтіндерді 
өзіне сіңіріп алады және олар трансформацияланады» [7].


20 
Ю. Кристева «кез-келген мәтін басқа мәтіндермен шексіз диалогтың 
нәтижесі ретінде қарастырылады, ол әмбебап «мәдени мәтіннің» ажырамас 
бөлігі болып табылады, яғни мәдени мұраны құрайтын барлық баспа 
мәтіндерінің қосындысы; «әр мәтін цитаталардың мозаикасы ретінде құрылады, 
әр мәтін басқа мәтінді игеру мен түрлендірудің нәтижесі болып табылады». Ю. 
Кристеваның шығармашылық мұрасы лингвистер мен әдебиеттанушылардың 
ерекше 
назарына, 
қарауына, 
түсінуіне 
айналды. 
Ю.Кристеваның 
тұжырымдарынан 
соң 
көптеген 
әдебиеттанушы 
ғалымдар 
интертекстуалдылықты логика-семантикалық тұрғыдан қарастырып, зерттей 
бастады. Ю. Кристеваның интертекстуалдылық тұжырымдамасы туралы 
зерттеушілердің жұмыстарын талдай отырып, И.П.Ильин: «оның еңбегі 
модернистік «мәтін» түсінігінің негізгі терминдерін тұжырымдап, мәтінмен 
жұмыс істеуде «интертекстуалдылық», «гено-мәтін», «фено-мәтін» сияқты 
ұстанымдарды ұсынды және модернистік теорияның нақты бағытының негізгі 
өкілі болды.
М.Бахтин, Ю. Кристева, Р. Барттың мәтін теориясындағы зерттеу 
ұстанымдары іргелі болып табылады, алайда бұл теоретиктер жинақталған 
позициялардан саналы түрде бас тартады, олар «соңғы» сөзді мағыналық 
«көпнүктелілікпен» алмастырады. 
Кейбір ғалымдар интертекстуалдылықты белгілі бір мәтінде екінші бір 
мәтіннің мәнін астарлап жеткізетін анаграмма ретінде пайымдайды. Және де 
интертекстуалдылық 
әдебиеттанудағы 
«жалпы 
орындар», 
«тұрақты 
формулалар» 
ұғымдарымен 
байланысты 
қолданылып 
жүрді. 
Осы 
тұжырымдамаға сай көрнекті қазақ филологі, білгір аудармашы С.Талжановтың 
ғылыми пайымдауларын айта кеткен жөн. Зерттеу еңбегіне нысан етіп
біздің 
дәуірімізден 2500 жыл бұрынғы шумерлердің «Гильгамеш» тасқа жазылған 
эпос пен IX ғасырға тән оғыздардың «Кітаби-дәдәм Қорқыт» атты туындысын 
және ежелгі германдардың «Фауст» дастандарын, сол дастанның негізінде 
жазылған В.Гетенің «Фауст» (ХІХ ғ.) трагедиясындағы «ортақ ұғым», Гомердің 
«Одиссея» поэмасы мен қазақ ертегісі «Сұр мергендегі» басты кейіпкерлер 
ұқсастығы туралы айтқан. Соңғы мысалды аша түселік: Гомер поэмасында 
Одиссей жалғыз көзді жалмауыздың (поэмада циклоп деп берілген) үңгіріне 
кіріп, қашып құтылу үшін қой терісін жамылады. «Сұрмергенде» де солай, 
жалғыз көзді жалмауыздың үңгіріне достарымен бірге кірген басты кейіпкер 
жалмауыздан қой терісін жамылып шығып құтылады. Бірақ, сол заманда 
қазақтардың Гомер туындысымен таныс болуы неғайбіл деген пікірдеміз. Ал 
көшпелі тараған болса, аталмыш ертегі басқа да түркі халықтарының 
фольклорында болуы керек емес пе? Міне, осындай ұқсастықтарды зерделей 
отырып ғалым ұқсастықтардың барлығы дерлік аударма бола бермейді деген 
қорытындыға келеді. Оның пікірінше бір-біріне ұқсас мәтіндер әр елде заманға 
сай туып отырады, өмір бар жерде толғану бар және бұл ұқсастықтардың бәрін 
аудармаға жатқызу дұрыс емес. Ғалымның пікірімен үндес ой-тұжырымдар 
нәзира, нәзирагөйлік туралы зерттеген қазақ ғалымдары арасында бар. Мысалы, 


21 
М.Әуезовтің, Ө.Күмісбаевтің, А.Қыраубаеваның, Н.Келімбетовтің пікірлеріне 
сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: «Нәзиралық 
шығармаларда ортақ сюжет, кейіпкер ұқсастығы болуы мүмкін. Бірақ әрбәр 
қаламгер бұл фрагменттерді жаға мәтін түзу үшін, басқа мазмұнда қолдануы 
мүмкін. Және бұл қолданыстар да оқырманның жаңаша түсініп, қабылдануына 
әсер етеді..Қазақ әдебиетінде нәзира дәстүрінде жазылған мұндай шығармалар, 
интерпретациялауына мүмкіндік береді». Н.Келімбетовтың да пікірі осыған 
саяды: «нәзира дәстүрінің ішкі табиғатын бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты 
зерттеу қажет деп білетінін» көрсетеді [10]. 
Осындай пікірлерден келе интертекстуалдылық мағынасының кең екені 
және 
ол 
автор 
тұрғысынан 
түсіндірілетіндігін 
байқаймыз. 
Интертекстуалдылықтың кең мағынасына В.В.Лукин максималистік деп баға 
берсе, интертекстуалдылық құбылысын неміс тіліндегі газеттер материалында 
зерттеген К.Костыгина интертекстуалдылықтың радикалдық концепциясы деп 
атайды.
Мәтінаралық өзара әрекеттесу проблемасының әртүрлі тәсілдерімен 
танысу 
қазіргі 
уақытта 
интертекстуалдылықты 
анықтайтын 
нақты 
тұжырымдамалық аппарат жоқ екенін көрсетті. Атап айтқанда, бұл пікір 
мәтінаралық өзара әрекеттесуді білдіретін бірыңғай терминологияның 
жоқтығынан көрінеді. Мәтін ішіндегі мәтін «интекст» (П.Я. Тороп), «субтекст» 
(Ю. М. Лотман), «Интертекст», «прецеденттік мәтін» деп аталады. 
«Интертекстуалдылық» терминімен қатар «диалогтық», «транстекстуалдылық» 
(Ж. Женнет) және т. б. терминдері қолданылады. 
Теориялардың авторлары интертекстуалдылықты түсінуде басшылыққа 
алатын арнайы идеологиялық және әдіснамалық алғышарттарға сүйене отырып, 
қарастырылып отырған тұжырымдамаға әрқашан бірдей анықтама бермейді. 
Алайда, интертекстуалдылықты және оны түсіндіруде қолданылатын 
терминдердің алуан түрлілігімен кейбір инвариантты белгілерді бөліп 
көрсетуге болады: белгілі бір тілдік сигналдармен таңбалау, бір тұтас ішіндегі 
мәтіндердің өзара әрекеттесуі, олардың диалогы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет