Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-ын құрады.  Азот мөлшері –



Pdf көрінісі
бет23/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162
kabysheva-topyraktanu

48
қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-ын құрады. 
Азот мөлшері  0,3%, ал бактериялар құрамында олардың мөлшері 
бірнеше пайызға жетеді. Тірі организмдерде оларды өртегеннен кейін 
немесе ыдырағаннан қалатын күлде де элементтер бар. Олардың ор-
таша көлемі  1,5%, алайда ол В тірі ағзалардың қай алқаптарға орна-
ласуына байланысты. Күлдік элементтердің мөлшері 5-7%, ал кейбір 
сор топырақта өсетін өсімдіктер құрамында  20-25%-ға жетеді.
Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерінің 
биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан 
күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы эле-
менттерге қарағанда тіпті өзгеше. Тау жынысынан немесе 
топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру 
белсенділігі Б. П. По лынов пен А. И. Перельманның енгізген 
сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады. Бұл ко-
эффициент өсімдік қалдығындағы элемент топырақтағы немесе 
тау жынысындағы элементке қатынасынан алынады. Осы арқылы 
организмдердің химиялық элементтерді сіңіруінің биологиялық 
белсенділігі анықталады.
Биологиялық сіңірудің белсенділік қатары
(А. И. Перельман, 1972, М. А. Глазовская, 1981 бойынша)
1. Белсенді жиналатындар – Р, S, J, Сl
2. Көбірек жиналатындар – К, Са, Мg, Nа, Sr, В, Zn, Ag
3. Нашарлау жиналатындар – Мn, Ва, Сu, Nі, Со, Мg, Аs, CdВe, 
Нg, Sе.
4. Нашар жиналатындар – Fe, Si, F, V, Lі, Ү, Сs.
5. Өте нашар жиналатындар – Ті, Сr, Рb, Аl, U, Zr.
Сонымен өсімдіктер күлінде кездесетін элементтер, олардың 
таңдамалы сіңірулерінің нəтижесінде тау жыныстарындағы эле-
менттерге қарағанда, өзгеше болады. Мəселен, өсімдік күлінде 
Р, S ондаған тіпті, жүздеген есе К, Са, Мg жəне I, Ва, Zn, Ag тау 
жынысындағы мөлшеріне қарағанда бірнеше есе көп. Керісінше, 
өсімдік күлінде, тау жынысында көп тараған Si, Аl жəне Fe сияқгы 
мол элементтер тым аз. Осы жағдайларды ескере отырып, жер 
қыртысы құрамындағы атомдары қайта топталады, бұл жағдай 
биосфераның геохимиясы үшін де, биосфераның ең тірі заттар мол 
тараған бөлігі – топырақ үшін де маңызды. Бұл топыраққа, оның 
жоғарғы қабаттарының химиялық құрамына, əсіресе, топырақтың 


49
органикалық заттармен толығуына ықпал етеді. Сонымен тірі ор-
ганизмдер топырақ құрамын алғашқы тау жыныстар құрамына 
қарағанда тіпті өзгертеді.
Осындай материалдык негіздерден түзілгсн топырақтың 
химиялық құрамы туралы төменде айрықша айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет