47
өзендер, теңіздер мен мұхит жағалауларында, жерасты ағысы на-
шар өзен бойларының төменгі атырауларында, суармалы егіншілік
көптеп өріс алған, жерасты ағымы аз жазиралы алқаптарда орын
алады.
Жерасты
ыза
суларының
топырақтың
механикалық
құрамдарына қарай оған əсерлері əрқилы. Топырақ құрамы
неғұрлым
жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының
соғұрлым қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5-1 м-ге жетеді. Ал жер
балшықты, саз балшықты болса, жерасты ыза сулары 3-4 м-ге
көтеріледі. Топырақтағы құбылыстарды
жерасты ыза суларының
тек көтерілу деңгейімен ғана емес, олар тұздану мөлшерімен
жəне химиялық құрамдарымен сипатталады. Əдетте, тұщы сулар
құрамында
гидрокарбонат, ал ащы суларда сульфатты-хлорлы,
хлорлы-натрийлі құрамды тұз мөлшері өте көп болады.
Тірі заттардың химиялық құрамы. Жер қыртысындағы, судағы
жəне жер бетіне жақын, ауадағы элементтер тірі организмдермен
(ағзалармен) сіңіріліп, қайтадан топталып,
топыраққа бастапқы
жағдайларына қарағанда басқа түр мен арақатынас күйінде
қайтарылады.
Тірі ағзалардың орташа химиялық құрамы
(А. П. Виноградов, 1954, М. А. Глазовская, 1981 бойынша)
Мол элементтер (n. 10-n.10
-2
):
О - 70
N - 0,3
S - 0,05
С – 18
Si - 0,2
Nа - 0,02
Н - 10,5
Mg - 0,04
С1 - 0,02
Са - 0.5
Р - 0,07
Fе-0,01
К - 0,3
Аз элементтер (n. 10
-3
-n.10
-5
):
n. 10
-3
-Аl, Ва, Sг, Мn, В, Тһ, Р;
n. 10
-4
- Ті, F, Zn, Рb, Сu, Ү, Сr, Вr, Gе;
n. 10
-5
- Ni, Рb, Sn, Аs, Со, Li, Мо, Ү, Сs;
Өте аз элементтер n< 10
-5
:
Se, U, Нg, Rа.
Сонымен, келтірілген мəліметтер тірі ағзалар негізінен үш эле-
менттен (оттегі, көміртегі, сутегі) тұратынын көрсетеді, олардың