1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны


ІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
ІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. 
ІІА топша элементтерінің оксидтерін бұрын «жер» деп атаған, олардың судағы 
ерітінділері сілтілер болғандықтан бұл элементтердің топтық атауы – сілтілік – жер 
металдары . 
ІІА топша элементтері – бериллий Be, магний Mg, стронций Sr, барий Ba, радий Ra. 
Бұлардың ішінде радий табиғаты радиоактивті элемент, оны 1898 жылы Мария және 
Пьер Кюрилер ашқан. Радийдің α- ыдырауы нәтижесінде радон түзіледі: 
Радийдің қосылыстары емдік қасиеті бар радон алуда қолданалады. Табиғи радон 
көздері еліміздің шығысында орналасқан «Рахманов қайнарлары» деп аталатын 
шипажайда кездеседі. 
Бериллийдің қасиеті осы топшадағы басқа элементтердікінен өзгеше болып келеді. Ол 
сілтілік – жер металдарына жатпайды. Бериллийдің оксиді мен гидроксиді екідайлы 
қасиет көрсетеді. Себебі Be мен Al периодтық жүйеде диагональ бойында орналасқан. 
Бериллий өте қатты, ашық – сұр түсті металл; құрғақ ауады тұрақты, сумен қыздырғанда 
ғана әрекеттеседі, Ол атомдық реакторларда нейтрондардың тежегіші ретінде 
қолданылады. Сол мақсатта көп мөлшерде Өскеменнің Үлбі металлургиялық 
зауытында өндіріледі. Бериллиймен улану өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. 
Сілтілік – жер металдар ақсұр түсті, сілтілік металдардан қаттырақ, аллотропиялық 
түрөзгерістері 
жоқ 
элементтер; 
олар 
да, 
сілтілік 
металдар 
сияқты 
тотықсыздандырғыштар. 


+


⎯→

2
2
0
Me
Me
e
Оларды тұздарының балқындасын электролиздеп алады. Тұздарының суда ерігіштігі 
топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді (MgSO
4
–ерімтал, CaSO
4
- нашар ериді, 
BaSO
4
- ерімейді), ал негіздерінің ерігіштігі артады. Сілтілік – жер металдарының 
оттекті қышқылдармен түзген тұздары термиялық ыдырайды. Барийдің сульфатының 
суспензиясы ас қорыту жолдарын рентгенографиялық тексеруде айтқындағыш зат 
ретінде қолданылады, себебі ол рентген сәулерін сіңіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет