298
тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткiр бетбұрыс философия
саласында
ағартушылық ағымды тудырады.
Бұл арада айтып кететiн нәрсе – әрбiр халық өзiнiң өмiрiнiң шешушi
кезеңдерiнде
Тарихтың қойған жаңа
талаптарына сәйкес
жауап
қайтаруы керек. Ол үшiн ескi құндылықтар жүйесiн өзгертiп, дүниеге
деген жаңа көзқарас енгiзу қажет. Мұндай күрделi
iстi зиялылар
қауымының алдыңғы қатарлы өкiлдерi жасап, халықтың сана-сезiмiн
өзгертуге тырысады, оны бiз «ағартушылық саты» деп атаймыз. Ондай
кезең уақытында барлық елдерде болған.
Отандық ағартушылықтың негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi – рулық,
одан әрi асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы көшпендiлiк өмiр
салтын ұстаған халықты
жаңа әлеуметтiк-экономикалық, саяси-
құқықтық жағдайда
болуы мүмкiн апаттан аман сақтап қалып,
оның сана-сезiмiне
жаңа құндылықтарды енгiзу арқылы оны
жерге
тұрақтандыру болды. Өйткенi көшпендiлiк өмiр салтының негiзгi фак-
торы – жер көлемi кедейленген орыс шаруаларын қазақ жерiне әкелiп
отырғызу саясатының негiзiнде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал
мұның өзi күйзелiсте тұрған көшпендi мал шаруашылығын толығынан
күйретiп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып кел-
ген өмiр салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жан-дүниесiнен
ажыратыла бастады. Бұл бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған
жылдардағы
тарихында болмаған «зар заманды» тудырып, адам-
дар өз өмiрiнiң мән-мағынасын жоғалтып, қазiргi тiлмен айтқанда,
экзистенциалдық вакуумге келiп тiрелдi. Халықтың өзiн-өзi жоғалту
қаупі туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмiрдi
көкседi (қазiргi кеңес қоғамын көксеп жүрген
кейбiр саясаткерлер
сияқты).
Алайда Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан өткендi
көксеу – тарихи тұйықтыққа әкелiп тiрейдi. Мұны түсiнген халық
ағартушылары
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Достарыңызбен бөлісу: