Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет89/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural


 ،
ي
ﻩ ،
» оныменен Ахметһази усул жәдит 
жолынан шығып кетпейді ғой, біз де бір-екі белгі қосқаннан усул жәдит 
жолынан шықпаспыз.
Әлде сіз қазақ арасына усул жәдит жолы жайылып болды, мұнан 
артық ешнәрсе керек емес дейміз бе? Екінші, теріс жорыған сөзіңіз – араб 
хәріптерін алуға зорланады деген. Мен қиналғанымды білдірейін дегенім 
жоқ, сол сөздердің ішінде қиналдым, зорландым деген сөз жоқ шығар. Ол 
сөзді келтіргенім мәнісі – біреулер араб әліппесінен қазақ тіліне жақсырақ 
келетін хәріп дейді, хәттә басқа хәріптермен кітап шығарғандар да бар. 


326 
Мен соларға айтқан сөзім еді. Басқа хәріптер қазақ тіліне жақсы келсе де, 
оларды қазақ қабыл алмайды, басқа жаққа алаңдамай, керегімізді араб 
әліппесінен қаралық дегенім еді. Қазақ қабылдамағанда не үшін 
қабылдамайтын себебін айтайын деп, араб әліппесінің дінменен бірге 
байласып, сіңгендігін көрсетіп едім. Оны сіз не себептен теріс 
жорығаныңызды білмеймін. 
Үшінші, қата түсінді ме дейтінім – қазақ тілінен шығарған хәріптер. 
Сіз бұларды, тіпті оқытпасқа керек деп, ойлады ма деп шәһәлланамын. 
Бұл хәріптерді балалар қазақ сөзіндегі хәріптерді біліп болған соң оқиды. 
Мысалы: татарларда тіліне керек емес деп, бүлік шығарған... хәріптерін
« » оқытпай тастамайды, бірақ араб сөздеріменен оқытады ғой. Біз де 
солай етеміз.
Сөзіңізді бастапсыз «бірге қозғалайық» - деп. Не үшін бұлай сөз 
бастағаныңызға анық түсіне алмадым. Әлде сіз « » менен « » қазақ 
тілінен шықса, басқалардан айырылып кетеміз дейсіз бе? Тілімізде 
басқалық жоқ болып, хәріптерімізді басқаласақ, онда хәріптеріміздің 
басқалығы арамызға жік салады, арамыз ашылады – дер едік. Тіліміздің 
арасында жік болса, оны хәріппенен бітеп, жасыра алмаймыз. « »-ті
шығармай тұрғанда жазатын едік: «сол солай», енді « »-ті шығарған соң 
жазамыз «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет