кейiн 10 күн мерзiм өткен соң күшiне енедi. Мұндай ресми басылымдарға ҚР Парламентiнiң
ведомстволары,
″Егемен Қазақстан″, ″Казахстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая газета″
басылымдары
жатады.
Қылмыстық заң ҚР барлық территориясында бiр мезгiлде заңды күшiне енедi.
Қылмыстық заң мына жағдайларда өз əрекетiн, күшiн тоқтатады:
1). Қылмыстық заңның күшiн жойғанда немесе сол заңды басқа заңмен алмастырған жағдайда,
2). Заңда көрсетiлген мерзiм өтiп кетсе немесе осы заңды қабылдауға байланысты жағдайлар өзгерген
жағдайда.
Белгiлi бiр қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылық сол қылмыстық əрекет жасалған уақытта
қолданылған қылмыстық заңмен белгiленедi. Алайда, осы қылмыстық заңды уақытта қолдану бойынша бiр
ерекше
жағдай бар, ол қылмыстық заң осы заң күшiне енгенге дейiн жасалған əрекеттерге де қолдану
мүмкiндiгiн қарастырады. Бұл жағдайды қылмыстық
заңның керi күшi деп атайды. ҚР Қылмыстық
Кодексiнiң 5-бабына сəйкес:
″Əрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын,
жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен
жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi əрекет
жасаған
адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға
қолданылады
″ деп көрсетiлген.
Достарыңызбен бөлісу: