25
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және жеке үдеріс екенін көрсетеді. Бұдан түйетін ой – бұл
саладан бейхабар адамдарға
өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу ауыр екені. Алай-
да
оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауын
бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны тұтастай қарастыра
отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен
өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты
мүмкіндіктерін пайдалану сипатын
қалыптастыратын жиынтық,
яғни бастан кешкен
тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен ұстанымдарының
кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны-
санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтeр, ынталандырушы,
аффектілік теоретиктер және когнитивті психологтeр.
Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«
тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған
деген болжам жасауға болады (5-сурет). Біз
ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: