Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже



Pdf көрінісі
бет35/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
«Игеру тәжiрибесі» – жеке тұлғаның өзіндік тиiмдiлiгін анықтайтын ең маңызды фак-
тор. Қол жеткізілген жетiстiк өзіндік тиiмдiлiкті арттырады, ал сәтсiздiк оны төмендетедi.
«Балаларды бос мақтаумен және жалған мадақтаумен алдауға болмайды. Олар өзін 
сыйлаудың шынайы көріністерінің орнына, жасанды түрде көрсетілген қолдауды қабылдай 
беретіні – шындық. Бірақ мен адамның өзіне деген құрметінің өсуі деп атайтын құбылыс 
шын мәнінде орындалған жұмыс, яғни қоғам үшін маңызы бар жетістік мойындалған 
жағдайда ғана өз күшіне енетінін ескеру керек».
2. Модельдеу – «Жанама тәжiрибе»
«Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен 
салыстыру. Қандай да бір салада табысқа жеткен біреуді көрсе, адамдардың өзіндік 
тиімділігі арта түседі, ал керісінше басқа адамның сәтсіздігін көргенде өзіндік тиімділік 
деңгейі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетіндігін көрсе, бұл үдеріс 
нәтижелірек болмақ. Егер де ұқсас қабiлеттерге ие деп саналатын жолдасы қандай да бір 
жетістікке жетсе, бұл байқаушының өзіндік тиімділігін арттырады. Оның үстіне модельдеу 
тәжiрибе сияқты әсерлі болмаса да, адам өзіне сенімсіз болған жағдайда күшті ықпал етеді.
3. Адамдардың пікірлері
Адамдар көтермелеп/құптамай пікір білдіреді. Олардың ықпалы күштi болуы мүмкін: 
көптеген адамдар бір кездері өздеріне айтылған сөздердің олардың өз-өзіне деген сенiмiне 
әсер еткенін естерінде ұзақ сақтайды. Әрине, жағымды пікірлер өзіндік тиімділігін арт-
тырса, ал жағымсыз пікірлер оны әлсірете түспек. Демек, біреудің өзіндік тиiмдiлiгiн 
жоғарылатудан төмендету әлдеқайда жеңіл.


35
4. Физиологиялық факторлар
Ерекше ауыр стресс жағдайларында адамдарда сырқаттану нышандары: қалтырау, ауыр-
сыну, шаршау, қорқыныш, лоқсу және тағы басқа белгілер пайда болады. Адамның мұндай 
реакцияларды қабылдауы оның өзіндік тиiмдiлiгінің деңгейiне едәуір әсер етеді. Егер адам 
халық алдында сөз сөйлерде қобалжыса, осы уақытта оның өзіндік тиiмдiлiгі төмен болса, ол 
мұны өзінің қабілетсіздігімен байланыстырады, бұл өзіндік тиімділігін одан әрі төмендетеді. 
Ал өзіндік тиімділігі жоғары адам мұндай жағдайда аталған физиологиялық құбылыстарды 
қалыпты деп қабылдап, оның қабілеттерімен байланысы жоқ деп қорытындылайды. Осы-
лайша, адамның өзіндік тиімділік деңгейі оның физиологиялық реакция салдарына деген 
сенімін өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет