Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет11/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1. Негізгі қорлар дегеніміз не? 
2. Күрделі салымдар мен олардың инвестициялық сферада алатын 
орындарына сипаттама беріңдер. 
3. Негізгі қорларды реконструкциялау және технологиялық қайта 
құрудың мәні меен маңызы неде? 
4. Күрделі салымдардың түрлері қандай және олар неге арналған? 
5. Күрделі құрылыс пен оның стадияларына түсінік беріңдер. 
6. Неліктен аяқталмаған құрылыс пен өндіріс пайда болады? 
7. Мердігерлік келісім-шарт не үшін жасалынады? 
8. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізгенде кемшіліктер жіберілуі 
мүмкін бе? 


21 
4 ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ 
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерін табу мен қалыптастыру 
мәселелері нарық жағдайына көшуге дейін де және қазіргі кезеңде де аса 
маңызды, актуальды мәселе болып табылады. 
Бұл жерде айта кететін нәрсе, бұл қосымша өнімнің (құнның) бір бөлігі 
өндірісті әрі қарай дамытуға бағытталуы, яғни үдемелі ұдайы өндірісті 
қамтамасыз ету. Бұған, ұлттық табысты таза өнімді өсірудің негізінде ішкі 
қорлану ауқымын ұлғайту үшін пайдаланған қажет болып табылады. 
Қайта құру кезеңіне дейін бұл мәселелерді орталықтан әкімшілік-
директивті әдістемелерін, сұраныс пен ұсыныс арасындағы нақтылы 
қатынастарды есепке алмай, шешуге тырысып келді. Бұл жағдай 
инвестицияның экономикалық тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырды, соның 
нәтижесінде құрылыс жүріп жатқан нысандарды пайдалануға беру өз 
мерзімінде жүргізілмеді, аяқталмаған құрылыстың көлемі өсті,отандық және 
шетелден әкелінген, бірақ орнатылмаған қондырғылар бөлшектерінің 
нормативтен жоғарғы қалдықтары қалыптасып ұлғайды және бұның басқадай 
негативтік салдарлары орын алды. 
Қазіргі кезеңде инвестициялық үдеріс біздің елімізде күрделі салым 
туріндегі артықшылықпен жүзеге асырылады, ал жинақталған қорлану қоры 
бұл мақсатқа алғашқы табыс ретінде пайдаланылады.Сонымен бірге, күрделі 
салым бойынша шығындарды қаржыландыруға амортизациялық аударым 
арқылы қалыптасатын қорының бір бөлігі де бағытталады. 
ҚР территориясында инвестицияны қаржыландырудың негізгі көздері 
келесілер: 
1) шаруашылық субъектілердің – инвесторлардың меншікті қаржылары 
(пайда,амортизациялық аударым, заңды және жеке тұлғалардың жинақтаған 
және қорланған ақша-қаражаттары,т.б.); 
2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген инвестициялық ассигнациялар 
(республикалық және жергілікті бюджеттерден); 
3) бюджеттен тыс қорлар; 
4) инвесторлардың қарызға алған қаржылары (несие ресурстары); 
5) шетелдік инвестициялар (оның ішінде басымдылығы – тікелей 
инвестициялау); 
Инвестицияны қаржыландыруда меншікті қаржының негізгі үлес 
салмағын пайда мен амортизациялық аударымдар құрайды. 
Шаруашылық субъектілердің таза табысының ең бастысы пайда болып 
табылады. Ол қосымша өнімнің құнынан тұрады. Пайданың шамасы түсімнен 
түскен ақшаның бір бөлігі ретіндегі көрінісінен тұрады және өнімді 
(жұмысты,қызметті) инвестициялық жобадағы сату бағасы мен толық өзіндік 
құн арасындағы айырма арқылы анықталады. Сонымен пайда инвестициялық 
жобаға қатысушылардың компаниялық қызметті нәтижесінің жалпылама 
жинақтаушы көрсеткіші бола отырып, олардың (инвесторлардың) қаржылық 
ресурстарын қалыптастыру көзінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. 


22 
Қолданыстағы заң актілері бойынша бюджетке пайдадан алынатын салықтарды 
және басқадай төлемдерді төлеген соң, шаруашылық субъектілерінде таза 
пайда қалады, ал одан оның белгілі бір бөлігі инвестициялық жобаны 
(қызметті) қаржыландыруға берілуі мүмкін. 
Пайдадан кейінгі кәсіпорынның меншікті қаржы құрамының ішінен 
инвестицияны қаржыландырудың үлкен, аса ірі көзі болып табылатын, бұл 
қордың құрамдас бөлігі амортизациялық аударым. Орын толтыру қоры бағасы 
біртұтас жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі болғандықтан, оны өндіріс 
барысындағы пайдаланылған негізгі және айналым капиталының орнын 
толтыруға қолданады. 
Қазіргі кезеңде кәсіпорынның негізгі капиталының орнын толтыру 
жоғарғы нарықтық бәсеке мен ғылими-техникалық прогрестің бір қалыпты 
даму жағдайында жүргізіліп отыр.Сондықтан жаңадан жасалынған активті 
негізгі қорлар (машиналар мен қондырғылар) аса жоғарғы еңбек өнімділігін 
қамтамасыз етеді. Бұл қуаттылықтың бір өлшемін жұмсалатын күрделі 
шығындарды төмендетудің алғы шарты болып табылады. 
Жоғарыда айтылған екі басты құрамдас бөлігінен басқа инвестициялық 
қызметті қаржыландырудың меншікті қаржы көзіне “басқалары” деп аталатын: 
a)уақытша тұрғызылған үйлер мен ғимараттарды бұзудан қайтарылатын табыс- 
түсімдер (сату,т.б.); б)жолайғы (бірге қосымша) өндірілген өнімді сатудан 
түскен түсімдер; в)шаруашылық әдіспен құрылыс-монтаж жұмыстарын 
жүргізудегі өзіндік құнды төмендету арқылы түскен үнем (экономия); г) ішкі 
ресурстарды іске қосу (мобилизациялау). 
Соңғы көзі, яғни ішкі ресурстарды іске қосу инвестор өз еркімен мына 
формула бойынша есептейді: 
Іржм = (ААҚ
1
-ААҚ
2
)- (КҚҚ
1
- КҚҚ
2
); 
Бұл жерде – Iржм = ішкі ресурстарды іске қосу мөлшері; 
ААҚ
1
және ААҚ
2 -
алдағы жылдық басы мен аяғындағы айналым активтерінің 
қалдықтары; 
КҚҚ
1
және КҚҚ

- осы уақыт аралығындағы несиелік қарыздардың 
қалдықтары. 
Қазіргі нарықтық жағдайда әртүрлі меншік формасындағы фирмалар, 
компаниялар,кәсіпорындар инвестициялық бағдарламаларды өз еркі бойынша 
жасайды және оларды жүзеге асыруды қаржылық ресурстармен сәйкестендіруді 
қамтамасыз етеді. Өткен кезеңнен бұның айырмашылығы, мында 
инвестицияны қаржыландыру жоспары шаруашылық субъектісі үшін 
директивті құжат емес, бұл оның алдағы жылдағы қаржылық мүмкіншілігін 
анықтау стратегиясы болып табылады. 
Бұл жерде атап айтатын нәрсе, тең болған жағдайда заңды және жеке 
тұлғалардың ішкі қаржы көздерін (резевтер мен жинақтарын) пайдалану 
отандық экономиканы дамыту үшін аса жайлы, жағымды көздер болып 
табылады. Мемлекеттік пен қоғам тұтастай бұл жерде екі есе пайда алады: 1- 
шіден, ішкі қаржыларды пайдалану сыртқы қызмет үшін төлемді талап етпейді; 
2-шіден пайдаланылатын қаржыларға пайыздық есептеуді жүргізу қоғамның 
әл-ауқатының деңгейін көтереді. Бұл жағдайда отандық өндірушілер (қарызгер) 


23 
өздерінің экономикалық қызығушылығы арқылы қарыз берушілерді таңдауда 
өзінің толық еркіндігін қолдана отырып, шаруашылығының нарықтық 
стратегиясын өз еркімен анықтайды, және нарық жағдайында қалай жұмыс 
жүргізу керек екендігінің мүмкіншілігінің барын өзі білінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет