Спорттық дарындылық жүйесін мына сызба бойынша көрсетуге болады. Бүтін –
ағза органдар жүйесі – органдар, ұлпалар жасушалық немесе жасушалық емес ұлпалар
элементтері.
Жүйелік амал барлық құбылыстар мен заттарды белгілі бір құрылымы
(ұйымдастыру) бар жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл белгіленген бүтіннің
ерекшелігін, оның қасиеттері мен өзгешеліктерін анықтағанда оны құрайтын
элементтердің өзара байланысы мен өзара әрекеті әдістерін қарастыратын бүтіннің ішкі
пішіні, яғни құрылымы бар екенін білдіреді. Мұндағы құрылымды зерттеу оны тарихи
тұрғыдан яғни шығу тегі мен дамуын тануды қарастырады.
Оның құрылымдық – бөлшектік талдау негізіндегі жүйесі туралы ақпараттарды алу
оның қызмет ету әдістерін зерттеуге яғни оны өзгермелі жүйе ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Тарихи тұрғыдан жүйені талдау екі бағытта қарастырылады: генетикалық,
болжамдық. Демек, жүйені бұлай зерттеуде көпшілік бөлшектер і арасындағы қатынаспен
және
байланыспен анықталады, жүйенің интегративтік қасиеттерін бүтін ретінде
белгілейді. Яғни, кез келген жүйенің өзіне ғана тән, аталған бүтіннің процестері мен
барлық бөліктерін үйлестіретін интегралдық факторлары бар.
Бүтінді зерттеу бөліктердің өзара әрекеті, қатынас пен байланыс жүйе түзуші
байланыс, сабақтастық құрылымы, бүгіннің құрылымы мен оның құрамдас бөлшектердің
тәртібі ретіндегі сәттерді қарастыратын құрылымдық талдау көмегімен атқарылады.
Математикалық әдістердің маңызы зор, оларды қолдану жүйенің шығу тегі мен
дамуын табысты
зерттеуге, сондай-ақ адамның өмірлік іс - әрекеттері саласында оның
ішінде спорттық салада маңызды тәжірибелік мәні бар болжам жасауға мүмкіндік береді.
Жүйке жүйесінің айрықша қасиеттері адамның психикалық процестерінің өзгерістерін
сипаттайтын темпераменттің физиологиялық негізі болып табылады. әр бір
темпераментке мінез-құлықтарындағы өз ерекшеліктері, қоршаған ортаға деген
реакциясы, т.б. тән.
Холерикалық темперамент (жүйке жүйесінің түрі бойынша әлсіз) – күрескер, тез
көтеріледі. Ол үшін іс-әрекет пен мазасыздануда айналымдық тән. Ол жұмысқа барынша
беріліп, айналысады, күші тасып, кедергіні бағындыруға дайын, шынында да мақсатқа
жету жолында кедергілер мен қиындықтарды бағындырады. Ал күші таусылғанда онда
құлдырау болады, себебі ол түгел жұмыс атқарғанға дейін тез шаршайды. Холериктің ерік
жігері тұрақсыз. Ол сонымен қатар тез ашуланады, өз әрекетін үлкен күш түсірумен
атқарады.
Сенгвинистикалық темперамент жүйке процестері жақсы меңгерілген,
қозғалмалы,
күшті тұрақты түр. Бұл талапқа сай, дені сау, өмірге құштар қоғам мүшесі, бірақ ол өз
қабілетін қызықты істерге, яғни үнемі қозу жағдайында көрсетеді. Сангвиник қозғалуға
бейім, өзгермелі әрекет жағдайларына тез бейімделеді, айналасындағылармен сөйлескенде
қысылмайды. Ұжымда бұл тип көңілді, өз ісін жақсы басқарып, қызыға атқарады. Сезімі
тез туындап, тез ауысады, ол нерв әрекеттерінің тез ауысуын көрсетеді. Қауіпті
жағдайларда ашуын тез басады. Әдетте оптимист жүйке әрекеттерінің тез қозғалысы ақыл
– ойының икемділігіне көмектесіп, зейінін тез аударып, жаңасын тез меңгереді.
Флегматикалық темперамент қозу мен тежелуінің барынша тұрақты әрекетімен,
жүйке әрекеттерінің қозғалыс қатыстығымен сипатталады. Бұлар – салмақты, ұстамды
адамдар табанды және төзімді еңбекқор. Жүйке әрекеттерінің тұрақтылығы мен олардың
инерттілігі арасында флегматиктер күрделі жағдайларда да салмақтылығын сақтайды.
Күшті тежелуі мен тұрақтылығына қарай флегматик қозу барысында өз еркін бағындыра
алады. ол ұсақ – түйекке араласпайды, сондықтан ұзақ және әдістік күш түсіріп, біркелкі
күш жұмсауды қажет ететін жұмысты орындай алады. И.Павлов бұл түрдің үлкен
төзімділігін атап өтті. Үлкен жұмыс атқарғаннан кейін де флегматиктер жүйке жүйесі
үшін
біршама ауыр, бірақ жүйке әрекеттерінің үлкен қозғалысын талап етпейтін
тапсырмаларды да орындай алады.
Меланхолиялық темперамент әлсіз жұмыс қабілетімен ерекшеленеді. Онда қозу
әрекеті де, тежелу әрекеті де әлсіз болады. Ол жаңа жағдайлардан қашады, жаңа
адамдармен тіл табысуы қиын, сондықтан тұйық. Ішкі тежелу (тежелу әрекетінің жоғары
көріну түрі) флегматиктерге қиындық тудырады, ол ішкі тежелуге өте сезімтал келеді, ол
өмір жағдайларына тез бейімделуге көмектеседі. Алайда, психикалық және дене
мүмкіндіктері шамасында жұмыс атқаруға тиісті мамандықтарда (ұшқыш, космонавт,
сүңгуір, өрт сөндіруші, жоғары дәрежелі спортшы) жүйке жүйесінің бұндай ерекшеліктері
кәсіби жарамсыздықты анықтау факторы болып табылады.
Жүйке жүйесінің қабілеті мен типтік ерекшеліктерінің өзара байланысындағы негізгі
ерекшеліктерді Б.Теплов жүйке жүйесінің түрлерін адамның немесе жануардың мінез
құлқында, жеке тұлға әрекетінде көрінетін жоғары жүйке әрекетінің сипатына, фенотипіне
немесе құрылысына байланысты («генотип» немесе «темперамент»
Павлов
терминологиясы бойынша) жүйке әрекетінің белгілі бір қасиеттер кешенін білдіретін
табиғи, туа біткен жүйке жүйесі ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады деп есептейді.
И.Павлов адамның жеке тұлғасы биологиялық мұра ретінде де, сондай-ақ тәрбие
жағдайларымен де анықталатынын бірнеше рет атап өтті. Жүйке жүйесінің күші туа
біткен қасиет, ал мінез жеке қалыптасқан дағдылардан құралады. И.Павлов егер біз жүйке
жүйесінің түрлері туралы сөз қозғасақ онда жан – жануардың немен туылатынын, яғни
оның ағзасына туылғаннан берілген қасиеттер туралы айтатынымызды дәлелдеді. Жүйке
жүйесінің түрлерін өзгерту туралы айтсақ, онда тек тәжірибе жинақтау жағдайында
жануардың жалпы шартты – рефлекторлық әрекетін реттеу мен жақсарту мүмкін болады.
Түрді басқаша жасау мүмкін емес.
Бұдан кейінгі зерттеулер физиологиялық тұрғыдан ғана сипатталатын, бірақ (күш,
тепе –
теңдік сақтау, жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы ) тұлғаның психикалық
көзқарастары трғысынан үнемі көпжақты қасиеттер туа біткен болуы мүмкін екенін
дәлелдеді.
Француз зерттеушісі Морис әрбір топтың өзінің белгіленген жұмыс қабілеті бар
екенін тұжырымдады. Оның келтірген мәліметтері бойынша күшті әрі тез көтерілетін түр
көптеген килограммометрлер жасауға қабілетті. Ондағы эгрограмма баяу төмендейді.
Яғни, жүйке жүйесінің үлкен қарсылық күшін көрсетеді. Күшті, бірақ жай ашуланатын
түр де көптеген килограммометрлер жасауға қабілетті, бірақ оның эгрограммаларының аз
бөлігі қысқа болып, тез таусылумен сипатталады. Жүйкесі тез ашуланатын түр ұзақ дене
жұмысына қабілетсіз, бірақ эгрограммасының төмендеуі кезеңінде үлкен қарсылық
күшімен сипатталады. Эгрограммасы күрт төмендеу – мен аяқталатынын әлсіз және
жүйкесі тез көтерілмейтін түрлер дене жұмыс қабілеті төмен және әлсіз болады.
Бірқатар зерттеушілер әлсіз түрдегі бұлшық ет
жұмыс қабілетінің төмен
көрсеткіштеріне, ал күшті түрлердің жоғары көрсеткіштеріне көңіл аударады. Қозғыш
түрлерде шаршау қысқа, күшті тұрақты түрге қарағанда тез шаршайды, бірақ сәл
демалыстан соң жұмыс қабілеті тез көтеріліп, кей жағдайларда бастапқыдан да асып
түседі. Бұлшықет жұмыс қабілеті тұрақты түр тежелуі күшті және әлсіз топтар арасында
орташа сатыда тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: