БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1
. Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер
2. Спорттық дарындылық жүйесі
3. Жүйке жүйесінің қабілеті мен типтік ерекшеліктерінің өзара байланысы
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2
желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2006, №1, 4-11 қантар.
2.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене
шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2011 ж.
3.Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. //
Киев, 2007.
ЛЕКЦИЯ №12-№13
Тақырып:
Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Жүйке жүйесі қалыпты қозатын салмақты жас спортшылар күрделі үйлесімді
қимылдарды жақсы меңгеру.
2.
Спорттық қабілетін зерттегенде күш, қозғалғыштық және тұрақтылық тәрізді жүйке
жүйесінің түрлерін анықтайтын қасиеттерге көңіл бөлінуі
3.
Ұзын қашықтыққа жүгіру
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Спорттық жаттықтыру мен жарыс әрекеттері тәжірибесінде алынған мәліметтер үлкен
қызығушылық тудырды. Көптеген зерттеушілер (Родионов, 1973; Л.Волков, 1998; Вит
Кмечко 1999) жүйке жүйесінің типтік ерекшелігі гимнасттар мен акробаттарға күрделі
үйлесімді қимылдарды орындауға біршама ықпал ететінін дәлелдеді.
Өте қозғалысты түр тез өзгеретін жаттығуларды орындау мен іс - әрекет жағдайларын
өзгертіп немесе тапсырмаларды жиі ауыстырғанда жақсы жұмыс қабілетін көрсетеді.
Жаттықтырудың соңында жаттығу орындау сапасы төмендемейді.
Өте қозғалысты түрде қозу әрекетінде жұмыс қабілеті тез өзгеретін жаттығуларды
орындауда артып, ал баяу немесе тұрып орындайтын жаттығуларда қажетіне қарай
төмендейді.
Аз қозғалысты түрдің төзімділігі төмен бір жаттығуды 3 – 5 реттен ғана орындауға
қабілетті. Жаттықтырудың соңына қарай жаттығуды орындау сапасы төмендеп сондай –
ақ бұл спортшы көп жағдайларда жаттығу аяқталмай тұрып – ақ шаршап қалады.
Өте инертті түр баяу және тұрып орындайтын жаттығуларда жақсы жұмыс қабілетін
көрсетеді. Қимылы қимыл шапшаңдығымен, көңіл – күйінің тез өзгеруімен ерешеленеді,
басқаларға қарағанда тез шаршайды. Жүктеме көлемі бойынша жаттықтыру сабақтарында
бұндай спортшылар жұмысқа қабілетті деп сипатталады.
Әлсіз инертті түр төмен жұмыс қабілетіне ие, әдетте 3 сағаттық жаттықтыру
жүктемесін көтере алмайды. 4 – 5 қысқа қайталаулардан кейін жаттығуды орындау сапасы
тез төмендейді. Келесі күнгі жаттықтыру сапасының нәтижесі аз болады.
Өздерін жоғары үйлесімділік пен жұмыс қабілеті арқылы көрсететін гимнасттар мен
акробаттар қозу және тежелу әрекеттерінің дұрыстығымен тұрақтылығымен және жақсы
қозғалуымен сипатталады.
Бұл нәтижелер спорт түрлері өкілдерінің жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін
зерттейтін Л.Егуновтың мәліметтерімен сәйкес келеді. Автор күшті жүйке жүйесі бар
спортшылар дене жүктемелері мен күнделікті жаттықтыруларды жақсы көтеретінін,
оларда күш тез қалпына келетінін, ал жаттықтыруда олар жоспардағыдан да көп жүктеме
көлемін орындауға тырысатынын атап өтті. Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар жеткіліксіз
жұмыс қабілеттерімен ерешеленеді. Тез шаршайды және осы себептен жаттықтыру
сабақтарына қатыспайды, көп жағдайларда үлкен жүктемелерден бас тартады немесе
оларды жартылай орындайды.
Типтік топтары әртүрлі адамдарда тек жұмыс қабілеті де әртүрлі болып қана қоймай,
олар көп жағдайда бір – бірінен қимыл әдістерін меңгеруіне және қиын жағдайларда оны
орындауда да ерекшеленеді.
Отандық ғалымдардың зерттеулері жүйке жүйесінің ерекшеліктері әртүрлі
спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды игеруіндегі мінез – құлық ерешеліктерін
анықтауға мүмкіндік берді.
Демек, күшті белсенді және қозуы тез гимнасттар көбінесе өз күшінен артық
жабдықтарда жаттығулар орындауға батыл кіріседі.
Жаңа жағдайдағы байланысқа тұйықтау оларда тез жүреді. Олар қимыл негіздерін тез
меңгергенімен көбірек қате жібереді. Бұндай гимнасттар жаңа элементтерді қызыға
үйренгенімен бұрынғы жаттығуларды ұзақ үйрену олар үшін қызықсыз жұмыстағы
сәтсіздікті ауыр қабылдайды.
Тежелу процесі бар аз қозғалатын өзіндік бастамасы жоқ гимнасттар тобы бар.
Гимнастикалық құралдарда олар белсенді емес, батылдықты талап ететін жаттығулардан
жиі бас тартады, кей жаттығуларды орындай алмауына шағымданады. Олар үшін өз
күшіне сенімсіздік тән. Жаңа шартты – рефлекстік байланыстардың тұйықталуы оларда
баяу жүреді. Жаттығуды меңгергенде аз қате жібереді, өз дағдыларын тез жоғалтады.
Зерттеушілер жүйке жүйесі әрекеті тұрақты спортшыларды еңбекқор, жұмысқа
қабілетті деп тапты (Родионов, 1983; Платонов, 1987 және т.б.). Олар сәтсіздіктері мен
табыстарына салмақты қарайды. Жаңа шартты – рефлекторлық тұйықталу оларда тез әрі
дәл жүргізіледі. Бұлар тәртіпті және белсенді спортшылар. Гимнастикамен айналысуды
бастаған соң, оған деген қызығушылығын жоғалтпайды.
Жүргізілген бақылаулар мынадай тұжырым жасауға септігін тигізді: оқып үйрену,
қимылды меңгеру, оларды орындау жүйке жүйесінің түріне байланысты, сондықтан
гимнастика бөлімін топтастырғанда жас спортшылардағы жүйке әрекетінің белгілі бір
әрекетін игеруін (қозу немесе тежелу) ескеру қажет.
Бұл тұжырымды А.Стукиннің зерттеулері де дәлелдейді,онда 8-10 жасар
гимнасттардың қимыл қабілеттерінің негізгі құрамдас бөліктерінің даму деңгейін
құрамдас бөліктерінің даму деңгейін зерттейді (бұлшықет күші, уақыт пен кеңістікті
сезінуі). Осы бағытта қосымша зерттеулер жүргізілді, онда темпераменттің гимнастика
жаттығуларын оқып – үйренуі мен орындауына көрсететін ықпалы анықталды.
Меланхолиялық темперамент өкілдері (жүйке жүйесі әлсіз түр) шешім таба
алмаушылық көрсетеді, кейде қиын жаттығуларды орындау алдында қорқыныш пайда
болады, сондықтан оларды қимылдарға үйрету үшін біраз уақыт керек. Бұндай
спортшыларды жаттықтырғанда біріншіден оны жоғары қиындық жаттығуларды
орындауға біртіндеп дайындау, екіншіден, үйренетін қимылдарды біртіндеп
күрделендіріп, үшіншіден, сенімді қауіпсіздікпен, дұрыс ынталандырумен қамтамасыз ету
қажет.
Холералық темпераментті спортшылар (қозуы бар жүйке жүйесі күшті түр) қаупі бар
жағдайларда күрделі жаттығуларды шешімталдық танытады. Мұғалімнің
(жаттықтырушының) басшылығымен күрделі үйлесімді қимылдарды орындағанда
көптеген табыстарға жетеді.
Флегматик – спортшылар (күшті, тұрақты, инертті түр) қимылды орындағанда, әсіресе
кері мазасыздану сәттерінде баяу келеді. Туындаған қиындықтарды тез бағындыра алмау
мен сезіну жаңа жаттығуда қарастырылмаған бас тартуға мәжбүр етеді.
Сангвинистік темперамент (күшті, тұрақты, қозғалысты түр) қимыл тапсырмаларын
тез қабылдап, орындау үшін, сондай-ақ күрделі үйлесімді қимылдарды орындаудағы
күрделі жағдайларда тез бағдар алуда теңдессіз негіз қызметін атқарады.
Зерттеу нәтижелері спортшы темпераменті мен шешімталдық батылдық, ұстамдылық,
ерік әрекетінің барлық кезеңдеріндегі өзін - өзі игеру тәрізді қимыл қабілеттері мен
психологиялық сапалар арасындағы белгілі бір байланыс бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік
береді, ол түрлі дәрежедегі жарыстарда табысты өнер көрсетудің маңызды ықпалдарының
бірі болып табылады.
Бұндай амалдың себебі А.Пуни ұсынған найзагерлердің жеке айырмашылықтарын
жіктеуі болды.
Бірінші топ – талдаушы жауынгерлер, аз шабуылдап, көп қорғанады. Жалпы сипаты
бойынша күшін және тұрақты, инертті жүйке жүйесі бар. Бұлар – фегматиктер жеке түрі
бойынша ойшыл топқа жатады. Екінші топ – тез қозатын, көбінесе кенеттен, ойланбастан
әрекет ететін түр. Жалпы сипаты бойынша жүйке жүйесі күшті, тұрақты. Бұлар
холериктер. Жеке сипаты бойынша көркем түрге жатқызуға болады.
Үшінші топ – салмақты, ерік – жігері мықты жекпе – жек кезінде ойлана алатын,
қимылы шапшаң әрі тез тежелетін ерекшелігі бар. Жалпы сипаты жүйке жүйесі күшті,
тұрақты және жиі қозғалатын түр, бірақ оларды сангвинниктерге жатқызуға болмайды.
Негізінен бұл аралас, жалпы жүйке жүйесінің түрі. Жеке сипаты бойынша оларды тұрақты
түрге жатқызуға болады.
Темперамент ерекшеліктері мен психологиялық сапалары арасындағы бұндай
байланыс ересек спортшылармен қатар жас спортшыларда да байқалады. В.Косьянов жас
спортшылардың қимылды үйренуі мен оны орындауы жүйке жүйесінің жеке
ерекшеліктеріне байланысты екенін анықтады.
Қалыпты қозатын қозғалысты жасөспірімдер әдетте жаттығу әдісін тез меңгеріп, түрлі
қимыл тапсырмаларын тез орындап әрекеттің оқиғалы түрлерінде табысты өнер көрсетеді.
Күшті ұстамсыз жүйке жүйесі түрінің өкілдері дене жаттығуларымен айналысқанда
түрлі табысымен ерекшеленеді. Сонымен қатар олар қимыл әдістерін, тез игеруге
қабілетті. Бұл жасөспірімдердің өте үлкен қимыл белсенділігімен байланысты мінез-
құлқы мен көңіл-күй реакциялары кейбір жағдайларда тәртіпсіздік ретінде дұрыс
бағаланбайды.
Жүйке жүйесі қалыпты қозатын салмақты жас спортшылар күрделі үйлесімді
қимылдарды жақсы меңгереді. Алайда оларды шартты, рефлекторлық байланыстар баяу
түзіледі. Сонымен бірге шапшаң қимылдар қатарында баяу қимылдар да байқалады.
Қозу төмен өтіп тежелгіш жасөспірімдер қозғалыста да белсенді емес. Шартты
рефлекстер түзу өте қиын, бұрынғы қоздырғыштар шартты рефлексті біршама
төмендетеді. Қимыл әрекеттерін қанағаттанарлықтай меңгерді.
Жүйке жүйсі ерекшеліктері әртүрлі жасөспірімдердің қимыл қабілеттері де әртүрлі
болады және бұл қабілеттерін жарыс әрекеттерінде туындаған күрделі жағдайларда да
түрліше қолданады. Қозу тарапынан жүйке жүйесін күшті болған сайын спортшы өз
нәтижелерін жаттықтыруға қарағанда жарыс жағдайларында жақсы көрсетеді және
керісінше спортшыдағы қозу әрекеті әлсіз болған сайын оның жаттықтыруға қарағандағы
нәтижелері нашар болды.
Волейболшылардың спорттық қабілеттеріндегі айырмашылықтар жүйке жүйесі
түрлеріне қарай Градовскаяның жұмыстарында (1959) зерттеледі. Типтік топтарды
анықтағанда автор олардың әрқайсысына жеке жеке анықтама береді.
Бірінші топ – тежелу тарапынан жүйке жүйесі әрекеттері күшін игеру. Бұл топтағы
спортшылар аз қате жіберіп, батылдықты, белсенділік пен бастама көтеру талап етілетін
қиын ойын жағдайларында жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді. Ұжымдық әрекеттер
жарыстарда жақсы нәтиже береді. Жаттықтыру сабақтарында олардың жұмыс қабілеттері
біркелкі емес, ол сабақтың сипатына байланысты. Спорттық формаға жетуде мықты
табандылық көрсетеді, белгілі бір деңгейде тек сәл өзгешелік байқалады. Отанның жаңа
әдіс-тәсілдік амалдарын тез әрі қатесіз меңгереді. Тәртібі жақсы көбінесе тәрбие
жұмыстарында жаттықтырушының көмекшісі болады.
Екінші топ – қозу тарапынан жүйке әрекеттері күшін игереді. Бұл топтағы
спортшылар өз күштерін тез қалпына келтіреді, бірақ маусым барысындағы спорттық
нәтижелері тұрақсыз. Жарыстардағы үлкен ойын белсенділігімен және қыртыс пен
қыртыс асты реакциялардың жоғары қызмет жағдайларымен ерекшеленеді. Осыған қоса,
олардың ойыны үлкен батылдықпен, жоғары бастамашылдықпен ерекшеленеді. Өз
әрекеттерін ұжым әрекетімен толық үйлестіре алмайды, қалған ойыншылардың
мүмкіндіктерін ескермей, өз мүмкіндігін асыра бағалайды.
Үшінші топ – жүйке жүйесі тұрақтылығын игерген. Бұл топты екі топқа бөлуге
болады: бір топ өкілдері қозу әрекетін, екінші топ өкілдері тежелу әрекетін меңгерген. Екі
топтағы спортшылар да тұрақты спорттық формаға ие; қысқа мерзімдік үзілістер оның
деңгейін төмендете алмайды. Жауапты жарыстарда қорғаныс әрекеттеріне көбінесе өте
белсенді және табысты қатысады, ал шабуылға сирек араласады. Ойын әрекеттері зейінді
тез аударумен қиын жағдайларда тез дер кезінде дәл әрі батыл қимылымен ерекшеленеді.
Бірінші топша өкілдері (қозу әсері) күшті қозу сәттерінде қызу таласқа түсіп, әдіс –
тәсілдік амалдардың дәлдігін төмендетеді. Екінші топша өкілдері (тежелу) салмақты,
қозуы баяу, тұрақты.
Төртінші топ – қозу және тежелу жүйке жүйелерінің күші жеткіліксіз. Бұл топ барлық
зерттелген спортшылардың 25 %-ын құрады. Төртінші топ спортшыларының дене
жағдайы жақсы, бірақ команданың негізгі құрамына кірмейді, өйткені жарыстар мен
жаттықтыру сабақтарындағы жеткіліксіз, жұмыс қабілетімен ерекшеленеді, бұл күшті
қоздырғыштар оларда жүйке жүйесінің тежелуін тудырып, ойын әрекеттерінің ырғағында
дәлдігі мен әсерлілігінде көрінеді. Егер бұл спортшылар командадағы бірінші, екінші
және үшінші топтар өкілдері арасында болса, олар қиын сәттерде олар жеңіске деген
сенімін жоғалтып, өзінің әрекеттегі табандылығын да көрсете алмайды. Қосымша
қоздырғыштар қимыл үйлесімін бұзу мен қиындықты бағындыру үшін ерік күшін
төмендетудің себебі болып табылады.
Жүгірушілердің жоғары жылдамдық қабілеттерін зерттей отырып В.Горожанин екі
топты бөліп алды (1974).
Бірінші топ – сөрелік жылдамдығы жоғары, қысқа қашықтыққа жүгірушілер. Қозуы
жоғары, сезімтал және тұрақсыз. Өзінің ұсақ – түйек сәтсіздіктеріне де қатты
мазасызданады, қиын жағдайлардағы өмірдің мінез – құлықтары тұрақсыз (қатенің
көптігі, ашуланшақ, шектен тыс толқу, т.б.).
Кейбірі невротикалық жағдайға бейім болады. Мысалы, ұйқысы нашар болуы, бас
ауруы, көңіл-күйінің тез өзгеруі. Бұл жауапты жарыстар алдында 1 – 2 тәулік бұрын
айқын көрінеді, бұл үлкен ішкі тежелуді көрсетеді. Әрине нәтижелері ақиқат
мүмкіндіктерге сәйкес келмейді. Бұл топ өкілдерінің дене жұмыс қабілеті өте төмен,
олардың ешқайсысы үлкен жүктемелі сабақтарды көтере алмайды және ұзын
қашықтықтарға жүгіруде жоғары нәтижелер көрсете алмайды.
Екінші топ – төменгі сөре жылдамдығы бар спринтер – желаяқтар мен орта және алыс
қашықтықтарға жүгірушілер әдеттен тыс жағдайларда да шектен шықпайды және жүйкесі
көтерілмейді. Олардың ешқайсысы бас ауруына, ұйқысының бұзылуына, т.б.
шағымданбайды. Салмақты, қалыпты, аз сезімтал жарыстарда ашуланбайды, күшті
қарсыластарымен бәсекеде, көбінесе ірі жарыстарда рекордты нәтижелер көрсетеді.
Жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді, үлкен жүктемелерді жақсы көтереді, күшін тез
қалпына келтіреді, ұзын қашықтықтарға жүгіргенде жақсы нәтижелерге жетеді.
Алынған мәліметтер сөрелік жылдамдық көлемі қозу әрекеті мен көңіл-күй
реакциясының өзгергіштігі тәрізді жүйке жүйесі белгілерімен тығыз байланысты екенін
тұжырымдауға көмектеседі. Жоғары сөрелік жылдамдығы бар спортшыларда төменгі
тежелу өзгергіштігі мен жоғарғы көңіл-күй реактивтілігі бар. Бұндай спортшының жүйке
жүйесі қозудың жоғары деңгейінде болады. Үздіксіз инертті дайындық жағдайы аз, ол
тыныштық жағдайынан қозғалысқа тез өтуге, яғни тез сөре жасап, үлкен үдетуді дамытуға
өтуге мүмкіндік береді.
Алайда жоғры жылдамдық көлемі (жалпы) жүйке жүйесінің көрсетілген белгілерімен
байланысты болмай шықты (тежелу өзгергіштігі). Бұндай байланыс төзімділікпен
байқалады, олар қозуға қарай жүйке жүйесі күшіне де байланысты болып табылады.
«Қозғалысты» спортшылар біршама басталған үдеу тез тоқтап, «инерттілері»
керісінше, қимылды өте жай жылдамдатады, бірақ ұзақ уақыт бойы өз күшін өзіне еш
қиындық түсірместен спорттық жарыстардың жауапты кезеңдерінде пайдаланады.
Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар (күшті білдіретін қозу немесе тежелу жүйке
әрекеттері) күшті ерік сипаттарына қабілетсіз келеді, заманауи спорт жаттықтыруы үшін
міндетті жоғары жұмыс қабілетін көрсетпейді. Бұндай мінез – құлықты спорт жарыстары
сәтінде көрсету жүйе әрекеттерінің тез шаршауына әкеледі. Жүйкенің бұзылуы бекіген
сайын тұрақты кері сапалар түзеді, олар осы бұзылу бірінші рет пайда болған жағдайларда
еске еріксіз түседі.
Дәл осы жүйке жүйесі түрімен оны құрайтын қасиеттері арқылы жаттықтыру
жүктемесіне төзімділігі, жаттықтырудың өсу ырғағы, сондай-ақ жылдамдық, күш және де
басқа спорт әрекеті түрлерін орындағандағы ағзадағы физиологиялық процестерінің
жалпы жүруін анықтайды.
Спорттық қабілетін табиғатын зерттегенде күш, қозғалғыштық және тұрақтылық
тәрізді жүйке жүйесінің түрлерін анықтайтын қасиеттерге көңіл бөлінеді. Демек,
жылдамдық түрі спортының өкілдерінде қозумен үйлесетін жүйке жүйесінің жоғары
қозғалғыштығы бар үлкен және бірқалыпты қуаты бар жүктемелерде жоғары
тұрақтылықпен ерекшеленетін біршама аз қозғалғыштық байқалады. Түрлі
қашықтықтарға жүгіретін желаяқтардың жүйке жүйесі мен олардың спорттық
жетістіктерін зерттеу арқылы жүйке әрекеттері қозғалғыштығы бойынша спортшының
өнер көрсететін қашықтық ұзындығында анықтауға болатыны дәлелденді. Демек, ұзын
қашықтыққа жүгірушілер барынша тұрақты ал орта қашықтыққа жүгірушілерде
тұрақтылық аз, ал спринтерлерде тежелу әрекетінде қозу әрекеті басым түседі.
Қарапайым шартты – рефлекторлы әрекеттер сипаты бойынша жылдамдық күш
спорты түрлерінің өкілдері (лақтыру, секіру) спринтерлерге ұқсас келеді. Қозғалыс
реакцияларының біршама қысқа кезеңінде олардың көпшілігінде кері қоздырғыштарға
деген үйлесімді тежеу тудыру қиын болады. Ол қозу әрекетінің тежелу әрекетінен басым
болатынын көрсетеді.
Қарқынды өзгеріс сипатындағы жұмыстарды орындағанда жүйке жүйесіне тікелей
тәуелділік байқалады. Сол кездегі тұрыстық сипатындағы ұзақ жұмыстарды орындау кері
көзқарас тудырады. Боксшылардың түрлі сатыдағы спорт дайындықтарындағы шектік
ырғақта қимылдарды орындау мүмкіндігі мен жүйке әрекеттерінің тұрақтылығы
арасындағы байланыс та анықталды (Вл. Кличко, 2000).
Жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері мен оның қасиеттерін зерттеу, адамдардың
қабілеттеріндегі айырмашылықтарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл түсіндіру үшін
жалғыз ғана жол емес. Зерттеушілер бас миы қыртысының жекелеген бөліктерінің
жұмыстарын сипаттайтын парциальдық типтік қасиеттерді зерттеуге де назар аударады.
(Мысалы, есту, көру, қимыл) ол арнайы ерекшеліктерін тану үшін маңызды роль
атқарады.
Сонымен, спорттық ілімі мен іс-тәжірибесі жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері мен
негізгі қасиеттері көп жағдайда дене және қимыл қабілеттерінің дамуын алдын ала
анықтайтынын көрсетті. Жүйке жүйесі қозу жағынан қаншалықты күшті болса, спортшы
жарыстардағы, яғни жаттықтырумен салыстырғанда стресті жағдайлардағы өз
нәтижелерін соғұрлым жақсартады. Керісінше, қозу әрекеті әлсіз болған сайын
спортшының жарыспен салыстырғандағы нәтижелері де төмендейді. Бұндай құбылыс ең
алдымен жарыс жағдайларындағы көңіл-күй ықпалдары белгілі бір спортшылар тобына
қорғаушы тежелуін тудыратын күшті қоздырғыш болып табылады. Кері әсер жүйке
жүйесінің түрі күшті болатын спортшыларда байқалады.
Қазіргі кезде халықаралық дәрежедегі жоғары спорт нәтижелеріне жету көпшіліктің
қолынан келе бермейді. Рекордтар белдеуінің биіктігі жыл өткен сайын көтеріліп келеді.
Күнделікті спорт жаттықтыруын құрайтын үлкен дене жүктемелері жауапты жарыстарға
қатысқандағы эмоцияның артуы спортшыдан белгілі бір жүйке жүйесі ерекшеліктерін
талап етеді. Бұл ерекшеліктер жоғары жетістіктер үшін тән және жалпы спорттық
дарындылық құрылымының басты бөліктерінің бірі болып табылады.
|