Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019ж



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата08.11.2022
өлшемі305.2 Kb.
#464286
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЛекБалЖас.Ждист (pdf.io)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
Ежелгі гимнастика жүйесінде негізгі сатылар қанша 
2.
Дене тәрбиесі ілімінің негізгі ережелері
3.
«Шектен тыс» әдісі дегенге түсінік
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2
желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2006, №1, 4-11 қантар.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында
дене шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2011 ж. 
3.
Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. //
Киев, 2009. 


ЛЕКЦИЯ №2 - №3
Тақырып:

Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандық және Кеңестік ілімі 


мен әдістемесінің дамуы
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.ХХ-ғасырдағы спорт кезеңін түсіндіру
2.Конферециялық материалдардың мазмұнын ашу
3.Өзге елдердің спортпен айналысу барысын түсіндіру
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ 
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Украинадағы дене тәрбиесі мен спорт қозғалысы
толық қирады, бірақ адамдардың дене жетілдіруге ұмтылуымен спортқа деген
сүйіспеншілігі оның қайта туылуына ықпал етті. 
ХХ ғ. 20 – жылдарының басында мамандар жетіспеді, спорттық база болмады,
бірақ осыған қарамастан балалардың, жасөспірімдер мен жастардың ақыл – ой
адамгершілік дене, әсемдік және еңбек тәрбиесін біріктіретін жаңа мектеп құру бойынша
жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл кезеңдегі дене тәрбиесі әскери қолданбалы бағытта
болды, ол негізгі басқарушы ұйым жалпы әскери оқыту Орталық бөлімі (Всеобуч) болды.
Жалпы оқытудың өзінің жұмыс атқара бастаған бастапқы кездерінде балалар мен
жасөспірімдердің дене тәрбиесінен бірыңғай бағдарламасы болмады. Мектептегі дене
тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесі ең алдымен мұғалімнің қандай гимнастикалық жүйені
ұстанып, осы жұмысқа қаншалықты дайын екендігіне байланысты болды. Жалпы оқыту
әскери бағытта болуы тиіс дене тәрбиесіне оқушыларды көптеп тартуды өзіне мақсат етіп
қойды.
1923-1925 жылдар арасындағы кезеңді дене тәриесіне жүйесіз оқытудан
бағдарламалық оқытуға өту кезеңі деп сипаттауға болады. Дене тәрбиесінен алғашқы
бағдарламалар – «Спартактың» жұмыс әдісі, «Дене сауықтыру мен дене тәрбиесі
бағдарламасы», «Еңбекшілер дене тәрбиесі бағдарламасы», «Жас пионерлер ұйымдары
мен әлеуметтік тәрбие сабақтарының жоспарлары мен бағдарламалары» - қазіргі кезде
еліміздегі жалпы қабылданған оқушылар дене тәрбиесінің жүйесінен алшақ болды. Бұл
бағдарламалар «қалыпты» сабақтардан алыс кетпеді, ал жаттығуларды «күшейтілген»
жүктемемен орындау ұсынылды, секіруде «күшейтілген» ал дененің барлық бұлшықеттері
үшін «бірқалыпты» жетістіктер болуы тиіс. Бағдарламалар заманауй әдістерді,
оқушылардың жоғары спорт нәтижелеріне жетуге ұмтылуын жоққа шығарды. 
Бұл алғашқы бағдарламалардың оң жақтары бар: оқу материалдары оқушылардың
жас ерекшеліктері есебін, оқытудағы бірізділік есебін қарастырып, ашық ауада өткізілетін
сабақтарға үлкен мән берілді.
Алайда оқушылардың дене тәрбиесі әдістемесінің ғылыми негізделген түрлері
болмады, дұрыс әрі нақты қағидалар кері қайтарылып, жоққа шығарылды.
Бұны біріншіден, дене тәрбиесі мамандары арасында бірауыздылықтың
болмауымен түсіндіреді, ал жаңа дене тәрбиесінің қалыптасуы, мазмұны және қоғамдық
ролі туралы мәселелерге деген көзқарастар мен түрлі бағыттар болды. Демек, балалардың
дене тәрбиесін орталықтандыру белгісімен көрінетін бағыттар тек ойын әрекетіне
негізделді, дәрігерлік бағыт тек гимнастикадағы ғана дене тәрбиесінің жаңа негіздерін
қарастырды, гигиенашылар жарыс қимылдарын күрт жоққа шығарды, т.б.
Жоғары дене тәрбиесі оқу орнын құру 1926 ж. оқушылардың дене тәрбиесі
бойынша «І дәрежелі мектептегі дене тәрбиесі» атты ғылыми - әдістемелік еңбегін, ал
1927ж І және ІІ дәрежелі мектептер үшін дене тәрбиесі бағдарламасын шығару
мүмкіндігін берді.


Бұл кезде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыстары ұйымдастырылып, дене тәрбиесімен өзіндік айналысу
жұмыстары дамып, дене тәрбиесі үйірмелері құрылды. 
1931 ж. дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық – нормативтік негіздері
дайындалып, «КСРО-ны қорғау мен еңбекке дайын бол» кешені тәжірибеге ендірілді.
ОЕҚД төсбелгісін ендіру өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі мен спорт жөнінен оқу түрлері
мен өзіндік жұмыстарының көлемін кеңейтуге көмектесті. Мектептерде көптеген спорт
үйірмелері құрылды, олар өз ішінде спорттың жекелеген түрлеріне қарай секцияларға
бөлінеді. Сонымен, балалар мен жасөспірімдер спортының заманауй негіздері
қалыптасты. 
1934 ж. бірнеше спорттық секциялар негізінде балалар спорт мектебі құрылды. Бұл
1935 ж. балалар мен жасөспірімдерге арнап бірқатар ірі спорттық іс – шараларды
ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік берді. 
ЕОҚД кешенін ендіру біртұтас Бүкілодақтық спорт классификациясын құруға да
мүмкіндік берді, ол 1935 – 1937 ж.ж. құрылды. Спорт оқушыларының дене тәрбиесі
жүйесінде үлкен орын ала бастады. Бұған ғалымдар Ф.В.Белиновичтің,
В.В.Гориневскийдің, М.Ф. Иваницкийдің, А.Н. крестовниковтың, И.М.Саркизов –
Серазиннің, А.Д.Новиковтің, А.И.Красуцкийдің, т.б. ғылыми – зерттеу жұмыстары да
көмектесті. Бұл ғалымдардың еңбектері жас ұрпақтың ғылыми негізделген спорттық
дайындық жүйесін даярлауда маңызды іс атқарды.
Екінші дүниежүзілік соғыс бейбіт өмірді тоқтатты. (1939 - 1945), бірақ 1940 –
жылдардың соңына қарай балалар мен жасөспірімдер спорттық дайындығы саласында
негізгі зерттеулер жүргізіле бастады. 
1962 ж. балалар мен жасөспірімдер спортының мәселелері бойынша І Бүкіл әлемдік
ғылыми конференциясы болып өтті. 1977 ж. бастап бұндай конференцияларды өткізу
дәстүрге айналып, жыл сайын жүргізілетін болды. 
Ғалымдардың белсенді ғылыми әрекеттері балалар мен жасөспірімдік спорты іс –
тәжірибесі үшін маңызды бірқатар монографиялық және әдістемелік жұмыстар шығаруға
көмектесті.
В.Фимен дұрыс атап өткендей, спорт мектебі жаттықтырушысының жұмыс тиімділігі
ең алдымен ағымдағы балалар мен жасөспірімдер жарыстарының нәтижесімен
бағаланады. Бұндай жағдайда оқытушы спортшыларды балалар мен жасөспірімдер
спортында ғана табысқа жеткізетін арнайы жаттығуларды үйретуге жұмыс жасайды.
Көптеген жаттықтырушылар жасөспірімдік спорттың басты міндетін, яғни спорттағы
әрбір жас үшін тиімді халықаралық дәрежедегі нәтижелерге жету үшін қолайлы алғы
шарттар құру туралы ұмыт қалдырады. 
Бұндай амал ұзақ уақыт бойы сипат алып келді және олимпиадалық қосалқы топтың
дайындық негізіне көмек бермеді.
1990 жылдары көптеген Еуропа мен Азия мемлекеттері өмірінде біршама саяси және
экономикалық өзгерістер болды. Украина да өз тәуелсіздігін алып, Кеңес Одағы
құрамынан шығып қалды. 
Демократиялық принциптерге сүйенген тәуелсіз мемлекет құру жаңа ұлттық,
педагогикалық жұмыстарды, оның ішінде жас ұрпақтың дене тәрбиесі мен спорт
жүйесіндегі жаңа технологияларды талап етеді (Олейник, 2000; Олейник, Скрипник,
2000).
Ғылым мен спорттық іс – тәжірибе алдында нақты міндеттер тұрды, ол тұлғаның
жоғары деңгейдегі дене, рухани және психикалық денсаулығын жан – жақты дамытуды
қамтамасыз ету болып табылады. Украинаның «Дене тәрбиесі мен спорт туралы» (1993)
Заңы, Украинаның білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі тұжырымдамасы (1997), «Дене
тәрбиесі - ұлттың саулығы» мақсатты кешенді бағдарламасы (1998) тәрізді бірқатар
маңызды құжаттар жасалып, қабылданды.


Мемлекет украин халқының ұлттық дәстүрлерін пайдаланып дене тәрбиесі мен спорт
құралдары арқылы халықтың денсаулығын көтеруді маңызды міндет деп есептейді.
Мемлекеттік саясаттың бұндай бағыты ғалымдардың ғылыми еңбегін біршама
деңгейде белсендірді, ол халықаралық ғылыми іс – тәжірибелік конференцияларды
ұйымдастыруда сипат алды. 
Конференция материалдарының мазмұны елдегі халықтардың денсаулығын
нығайтудағы, заманауй ғылыми мәліметтер мен әлемдік озық тәжірибеге сүйенген дене
тәрбиесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруде дене тәрбиесі мен спорттың жас
ерекшелігіне қарай алатын орнын көрсетеді.
Украина мамандарының халықаралық ғылыми конгрестерге қатысуы спорттағы
ілімгерлер мен тәжірибешілерге денсаулықты нығайту мен спорттағы жоғары
нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін спорттық дайындық, спорттық медицина,
дәрігерлік бақылау, емдік дене тәрбиесі, тамақтану мен т.б. көптеген мәселелер бойынша
заманға сай ақпарат алуға мүмкіндік берді. 
Украин ғалымдарының дене тәрбиесі мен спорт саласындағы белсенділігі Ресейдегі,
Белоруссиядағы, Польшадағы, Германиядағы, Славакия мен әлемнің басқа да
мемлекеттерінде ұйымдастырылған халықаралық конференциялар мен конгрестерде
белгіленді.
«Олимпийский спорт» (Платонов, Гуськов, 1994) оқулығының жарыққа шығуы
олимпиадалық спорт туралы ғылымда айтарлықтай оқиға болды, ол спорт саласындағы
студент жастар мен мамандарына олимпиада ойындарының тарихы, оның пайда болуы,
заманауи қоғамдағы жағдайда оларды ұйымдастыру мен дамыту туралы үлкен дәйекті
материалдарға негізделген заманға сай ақпарат алуға мүмкіндік берді. 
Спорттық дайындық саласындағы жеке тәжірибелік зерттеулер, әлемдік ғылым мен іс
– тәжірибенің озық тәжірибесі «Спортшыларды олимпиадалық спортқа дайындаудың
жалпы ілімдері» оқулығында сипатталды (Платонов, 1997). Әлемнің көптеген елдерінде
ол жоғары бағаланып, Украинаның мемлекеттік премиясында ескерілді. 
Осы кезде спорттық дайындықтың, спорттағы физиология мен психологияның,
дәрігерлік бақылаудың, гигиена мен емдік дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесіндегі
бірқатар ғылыми және әдістемелік еңбектер жарық көрді. 
Әсіресе өскелең ұрпақтың, мектепке дейінгі және мектептен кейінгі оқушылардың
дене тәрбиесіне үлкен назар аударылады. Дене тәрбиесі мұғалімдері үшін «Оқушылардың
дене тәрбиесі әдістемесі» (Шиян, 1996, 2000), «Дене тәрбиесі ілімі» (Шиян, Папуша,
Приступа, 1996), «Дене тәрбиесі барысындағы балалар мен жасөспірімдердің жеке
денсаулығын зерттеу әдістері» (Круцевич, 1999), «Оқушылардың қимыл қабілетін
сынақтан өткізу» (Сергиенко, 2001) және де басқа оқулықтар мен әдістемелік құралдар
шығарылды.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілер мен
нұсқаушылар үшін «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ілімі мен тәрбиесі»
(Вильчковский, 1988) оқу құралы жарық көрді.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушылар жас
спортшылардың дайындық жүйесін құру, спортшыларды іріктеу, оқу-жаттықтыру
сабақтарын ұйымдастыру заманға сай мәліметтерді «Спорттық іріктеу ілімі: қабілет,
дарын, талант» (Л.Волков, 1997); «Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығы»
(Л.Волков, 1998) және де басқа ғылыми және әдістемелік қайнар көздерден, оқу-
әдістемелік көмекші құралдардан алады.
Украинада ғана емес, әлемнің басқа да елдерінде (Naglak, 1991; Paczek, 1991; Sozanski,
1987; Sozanski Zaparozanov, 1993) жас ұрпақтың заманауи педагогикалық дене тәрбиесі
технологиясын қарқынды әзірлеу жүргізілуде
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет