сурет спорттық жаттықтырудың педагогикалық процесін басқару жүйесі. (Набатникова,
1982).
1-сурет. Әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің дене
ерекшеліктері дамуындағы жас ерекшеліктері.
Шартты белгілер:
- Украина
- Польша
- БАӘ
2-сурет
. Көпжылдық спорттық дайындық жүйелерінің жаттықтыру ықпалын
ұйымдастыру сызбасы.
Жылдық
жұмыс
көлемі, сағ
Арнайы
дайындық,
%
Қосымша дайындық,
%
Жалпы дайындық, %
Жасы
Бастапқы
Алдын
ала
негізгі
Арнайы
негізгі
Қабілетті
барынша
көрсету
Жетістікті
сабақтау
Дайындық сатысы
Әрбір оқу жаттықтыру жылы немесе үлкен жаттықтыру айналымы кезеңдерге
бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі, ал кезеңдер өз кезегінде кіші айналымдарға, яғни
жаттықтыру сабақтарына, ал мезо айналымдар 3-6 жаттықтыру сабақтарына бөлінеді.
Көпжылдық спорттық дайындығының мұндай жүйесі спортшының жас және жеке
ерекшелігіне сүйенген, әрбір сатысының өз ерекшелігі бар оқу – жаттықтыру процесін
дұрыс іске асыруға мүмкіндік береді.
1) Алғашқы спорттық дайындық 7-9 жаста басталып, 2-3 жылға созылады. Аталған
сатының бағдарламасы көп факторлы, ал оның мазмұны спорттық – ойын әдісін, ырғақты
гимнастика мен топтық сипаттағы тренажер құрылғыларының элементтерін пайдаланумен
көп қырлы болуы тиіс. Әрине, бұл саты түрлі спорт түрлерінен дене жаттығуларын кең
қолдануды қарастырады.
Қозғалыс мектебі мен жан жақты дене дайындығын құру – бұл алғашқы спорт
дайындығының негізгі міндеті.
Дене жаттығуларының жан – жақты ықпалы әсерімен өскелең ағзаның барлық
жүйесі нығайып, денсаулық жағдайы жақсарады, жалпы дене дайындығының деңгейі,
артып, дене дайындығы жақсарады.
Алғашқы спорттық дайындықтың факторлық
құрылымдағы биологиялық
көрсеткіштер, дәлірек айтқанда, дене дамуы жетекші ықпал болып табылады.
Оқушылардың алғашқы спорт дайындығының бағыты факторлар бойынша
қадағаланады. Бұл, бірінші кезекте, түрлі жаттықтыру ықпалы құралдарын пайдаланып,
жететін жылдамдық қабілетін, төзімділік пен қозғалыс үйлесімділігін дамыту болып
табылады.
Күш
Қозғалыс
шапшаңдығы
Жалпы
төзімділік
Дене жүктемелерінің көлеміне келетін болсақ, ол 10 жасқа қарай ұлдарда да,
қыздарда да қимыл әдісін үйренуге бағытталған, кіші немесе орташа қарқындылықпен
орындалатын жаттығулар санының ұлғаюы есебінен төмендейді.
2) Негізгі спорттық дайындық (алдын ала және арнайы) – алғашқы дайындықты
табысты өткізгеннен кейінгі саты, ол да бір ғана спорт түрінің көпқырлы негізінде жүзеге
асырылады. Мысалы, оқу-жаттықтыру барысында қысқа қашықтыққа жүгіруден жақсы
нәтижелер көрсеткен жас спортшы ұзындыққа жүгіріп келіп секірушілерге, орта
қашықтыққа жүгіретін жүгірушілерге, лақтырушыларға арналған жаттығуларды
орындайды.
Тереңдетілген спорттық мамандану сатысында спортшының жеке ерекшеліктері
айқын
көрінеді, ол ілімдік тұрғыда және іс – тәжірибе барысында жаттықтыру,
құралдарын таңдау, оның көлемі мен қарқындылығы, жаттықтыру ықпалдарының түрлері
мен әдістерін таңдауға, жан – жақты амал қолдануға мүмкіндік береді.
Мысалы, осы дайындық сатысында қысқа және орта қашықтыққа жүгіретіндер
арасында екі типтік топтың өкілдері бөліне бастайтынын тәжірибе барысы көрсетті. Яғни,
біреулері үшін қысқа мерзімдік жүктемелер қолайлы болса, келесілері үшін ұзағырақ
жаттығулар лайық болады. Бір типологиялық топтың өкілдері жүгірудің алғашқы
метрлерінде үлкен шапшаңдықты дамытса, екіншісі соңғы метрлерде дамытады.
Аталған сатыдағы дайындықты дараландыру
принципі оқушылардың
педагогикалық, морфологиялық, психологиялық, физиологиялық, т.б. түрлі өлшемдерін
пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін. Негізгі міндеті бөлімдерде біртектес топтар құру
болып табылады, олардың әрқайсысы үшін жаттықтырушы ықпалдың, сәйкес жүйесі
жасалады.
3) спортшының жеке қабілеттерін барынша іске асыру- бұл дайындықтың маңызды
сатысы, оны ұйымдастырғанда мынадай заңдылықтарды ескеру қажет. Адам жарыс
жағдайы барысында белгілі бір жас ерекшелігіне сәйкес жоғары дене және психикалық
мүмкіндіктерін көрсете алады (1.1 - кесте).
Бұл сатыдағы жаттықтыру процесі дараландыру сипатында болады, онда ағзаның
дене жаттықтырулары жүктемелері мен оның қалпына келтірілуіне
әсері мен стресс
жағдайындағы спорттық нәтижеге күшті ықпал ететін психикалық жағдайы да ескеріледі.
Стресс жағдайына психиканың тұрақтылығын қалыптастыру оқу – жаттықтыру
процесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
4) Спорттық шеберліктің жеткен деңгейін сақтау және ұстап тұру спортшының
көпжылдық дайындығының соңғы сатысының негізгі мазмұны болып табылады.
Әдетте, спорттық дайындықтың төртінші сатысына жеткен спортшыларда ағза
жүйесінің өсуі мен қалыптасуының белсенді дамуы барысы аяқталып, соған байланысты
оқу – жаттықтыру сабақтарын құруға олар үлкен ықпал етпейді.
Бұл спортшы дайындығының барлық жақтарын қатаң дараландыру сатысы, онда
спорттық жұмыс қабілетін сақтауға елеулі ықпал ететін белсенділіктің биологиялық
ырғағы /дене, психика, ақыл-ой/ маңызды орын алады.
Осы аталған мәселені зерттеу дара биологиялық ырғақтарды білу негізінде жылдық
және көпжылдық оқу – жаттықтыру ісін құру
спорттық нәтижеге ғана емес, сонымен
қатар адамның денсаулық жағдайы мен спорттық ұзақ өмір сүруіне де ықпал етеді.
Демек, көпжылдық оқу – жаттықтыру проуцесін құру біршама деңгейде адамның
дара даму заңдылықтарымен анықталады.
Бұл заңдылықтар есебі спортшының белсенді өсуі мен дамуы кезеңінде өте қажет.
Дене жаттығулары мен олардың қарқыны даму барысында оның өсу және төмендеу
кезеңдері байқалатын бүтіндей ағза жүйесінде жүретін өзгешеліктермен сәйкес келуі тиіс.
Бұл өзгерістер кезеңі сипатта болып, жалпы биологиялық ырғақты бейнелейді, ол
тек
көпжылдық оқу – жаттықтыру барысында ғана емес, сондай – ақ тәулік, ай, жыл бойында
да көрінеді.