Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019ж



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата08.11.2022
өлшемі305.2 Kb.
#464286
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЛекБалЖас.Ждист (pdf.io)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1
. Спортшының даму биологиясы мен педагогикалық жаттықтыру
2. Қозғалыс мектебі мен жан жақты дене дайындығын құру
3. Негізгі спорттық дайындық
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті
институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 2006, 236 б.
2.Ботагариев Т.А. Аймақтык ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене
тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және
Ақтөбе облыстарының материалдары негізіңце). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2011.
3.Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық
негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 2014. 33 бет.
ЛЕКЦИЯ №7
Тақырып:

Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби жұмысына қойылатын 


заманауй талаптар
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Жоғары деңгейдегі тұлғаны жеткізуге бағытталған көптеген өзара байланысты
құрамдас бөліктерден құралатын педагогикалық жүйе ретінде ұйымдастыру
2.
Үлкен жаттықтыру айналымы кезеңдерге бөлінуі
3.
Әрбір сатының өз ерекшелігі бар оқу – жаттықтыру процесін дұрыс іске асыру
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ


Балалар мен жасөспірімдер спортының жаттықтырушысының педагогикалық
жұмыстары дене тәрбиесі мұғалімінің жұмысы тәрізді құрылымы күрделі және басқа да
педагогикалық кәсіп иелеріне қарағанда айырмашылығы бар. 
Жас спортшының белсенді өсуі мен дамуы кезеңінде жүретін биологиялық және
психологиялық процестер саласындағы білімді, педагогикалық және жаттықтыру
ықпалдарының түрлері, әдістері мен құралдарын жоғары деңгейде үйлестіру, жоғары дене
және әдістік дайындық балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің жаттықтырушысынан
педагогикалық және арнайы қабілеттер кешенін талап етеді. 
Педагог (тәрбиеші, ұстаз) – ересектермен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу
саласындағы іс – тәжірибелік жұмыстарды жүргізетін тұлға.
Спорттық жаттықтырушы – бұл дене қабілеттерін дамытумен және қимыл
әдістеріне оқытумен қатар болашақ азаматтың тұлғасын қалыптастырумен шұғылданатын
тұлға, бұл жұмыстың негізін, педагогикалық қабілетін құрайды.
Көптеген зерттеушілер мен тәжірибешілердің пікірінше (Озолин, 1982; Филин,
1987; Деркач, Исаев, 1981) педагогикалық қабілетке ие болуы дегеніміз, бұл:
-
оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп жеткізе білу, өз
тәрбиеленушілерін түсініп, оқу процесінде шығармашылық көрсете білу;
-
жеке оқушыларға, бүкіл ұжымға түгелдей ықпал ететін ерік жігер
педагогикалық сапаларды меңгеру;
-
балалар мен жасөспірімдер ұжымын ұйымдастыру мен оқушылардың өмірі
мен қызметіне қызығушылық таныта білу.
-
түсіндіре білу, әңгімені мазмұнды әрі ашық жүргізу, бейнелі және ұғымды
сөзбен жеткізе білу;
-
педагогикалық мәнер көрсетіп, бақылай білу, бақылаудан шыққан
нәтижелерге дұрыс қорытынды жасау және талдау, оқушылармен қатар өзіне де талап қоя
білу қажет.
-
оқу материалын заманауй өмір талаптары мен түрлі өмір жағдайлары
талаптарымен салыстыра білу.
Тиісті педагогикалық қабілеттерге ұйымдастырушылық, ынталылық, еңбекке
қабілеттілік, өзін игеруі, белсенділік, табандылық, зейін аудару және зейінді дұрыс бөлу
тәрізді сапалар жатады. Сонымен қатар осы құрамдас бөліктердің де өз құрамдас бөліктері
бар. Педагогикалық қабілеттердің құрылымын зерттей отырып, біз оның бөлшектеріне
терең үңілеміз. Ол педагогикалық және жаттықтырушылардың жұмысы барысындағы
және жекелей алынғандағы өзара байланысты дамыту мен жетілдіруге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтырушысының педагогикалық
жұмысының құрылымын, зерттеуге А.Деркачтың, А.Исаевтың (1981), А.Тер –
Ованесянның (1978), Б.Шиянның (1997) және көптеген ғалымдардың зерттеулері
арналған.
Балалар мен жасөспірімдер спорт жаттықтырушысының жұмысын талдау
нәтижелері оның кәсіби қабілеттері тұлғаның табысты педагогикалық жұмыстарына алғы
шарт болып табылатын психикалық қасиеттерінің қосындысына негізделетінін дәлелдеуге
мүмкіндік берді.
Жаттықтырушының жұмыс құрылымы ең алдымен перцептивтік, жобалаушы,
құрастырушы, ұйымдастырушы, білім беру, экспрессивтік, қарым қатынас, академиялық
және арнайы қабілеттерін дамытуды талап етеді. 
Сонымен жаттықтырушының табысты әрекеті ілімдік дайындық пен іс тәжірибелік
дағдыларды талап ететін бірқатар қабілеттерді дамытумен анықталады. 
Бұл қабілеттердің әрбірі нақты және жаттықтырушы әрекетінің бірқатар құрамдас
бөліктермен бағаланады. 
Перцептивтік қабілеттер (перцепция – ақиқат әлемдегі заттар мен құбылыстардың
сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін кескіндер) педагогикалық бақылауда өз назарын
жеке оқушыға да, түгелдей оқушылар ұжымына да шоғырландыра білуден көрінеді. 


Бақылау ғылыми танымның өте ертедегі әдістерінің бірі болып табылады, ол әрбір
жаттықтырушыға оның педагогикалық және жаттықтыру ықпалдарына бағытталған
нысанды зерттеу үшін қолайлы.
Әрине, әрбір әдіс бақылау бағдарламаларын құру, оны талдау, бағалау,
қорытындылау бойынша белгілі бір білімдер мен дағдыларды талап етеді. 
Мысалы, бақылау әдісін пайдаланғанда қарқыны бойынша қандай дене жүктемелер
жас спортшының ағзасына кері әсер ететінін нақты білу қажет. Жаттықтыру жүктемелері
бет – ажарының түсіне (сұрлану, қызару), тері бөлінуіне, қимыл үйлесімінің өзгерісіне,
т.б. әсер ететінін білеміз. Жүргізілген бақылаудан соң алынған мәліметтер талданып,
солардың негізінде қорытынды жасалады.
Сонымен, бұл жағдайда ережелерді ұстанамыз, яғни кәсіби білімге тәуелді етіп
бақылаймыз, талдаймыз және қорытынды жасаймыз.
Педагогикалық бағытталған зейін жас спортшылардың жұмысына қажетті
дәйектерді таңдауға мүмкіндік береді, оқушының әрбір әрекеті мен қимылынан түбегейлі
талдауды талап ететін педагогикалық жайтты көру қажет.
Зейінді бөлу жаттықтырушыға бүкіл топты және жекелеген оқушыларды назардан
тыс қалдырмауға, ағымдағы жұмысты өзараландыру жұмыстарымен үйлестіруге
мүмкіндік береді.
Жобалаушы және құрастырушы қабілеттер жаттықтырушының спорт ілімі
саласындағы кәсіби біліміне, нысан туралы мәліметтеріне, яғни педагогикалық ықпал
бағытталатын жас спортшы туралы мәліметтерге тікелей байланысты болады. 
Оқу – жаттықтыру сабақтарын жобалау немесе жоспарлау сауықтыру, білім беру
және тәрбие сынды үш негізгі міндеттерді шешу негізінде атқарылады. 
Ешбір оқу пәні спорттық жаттықтыру талап еткендей үш міндетті кешенді түрде
шеше алмайды. 
Спорттық жаттықтырушы бір оқу – жаттықтыру сабағынан бөлек, жас
спортшының жылдық және көпжылдық олимпиадалық дайындық айналымын
жоспарлайды.
Сонымен, балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтыруының жобалаушы және
құрастырушы қабілеттері бүкіл топтың және жекелеген жас спортшының әрбірі үшін
жұмысты жоспарлауға мүмкіндік беретін білімдер кешенін талап етеді. 
Мұнда оқу – жаттықтыру жұмысының, мақсаттылықтың, спорттық бөлім мен жеке
тұлғаның іс - әрекеті мен өмірінің барлық жақтарына тәрбиелік ықпал етудің жүйелілігі
мен үздіксіздігінің жас спортшылар ұжымы әрекетінің дербес сипатының бірлігі
қарастырылады. Әрине, жоспарлауда барлық іс – шаралардың жас спортшылардың
дайындық деңгейіне, олардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі
қарастырылады.
Ұйымдастыру қабілеттері оқу – жаттықтыру сабақтарын, жас спортшының спорт
сабақтарынан тыс, үйде, мектепте, т.б. іс - әрекетін үйымдастыра білуде көрінеді. Ал
балалар мен жасөспірімдердің жаттықтырушысының жұмысындағы ұйымдастыру қабілеті
мұнымен шектелмейді. 
Ең алдымен, спорттық жаттықтырушының жұмысының басталуы балалар мен
жасөспірімдерді спортпен шұғылдану үшін таңдап, іріктеп – жинауды ұйымдастыру
болып табылады. Сосын оқу – жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу ісі
жүргізіледі, сосын ол жас спортшылардың жарыстарға қатысуымен аяқталады. 
Спорттық жиындарды жүргізу мен спорттық – сауықтыру лагерлеріндегі
жұмыстарындағы ұйымдастыру қабілеті өте маңызды болады.
Ұйымдастыру қабілеті де кез – келген педагогикалық қабілет тәрізді бірқатар
бөлшектерден құралады, тұлғаның оның дайындығының бағытынан тұлғаның жалпы
және арнайы қасиеттерінен, жүйке жүйесінің жеке ерекшеліктерінен, темпераментінен
құралған, өзара байланысқан құрылым түзеді.


Өмірлік жағдайларда бұл қабілет тіл табысу, өзіне адамдарды тарту, ақыл – ой
саналылығы ерік сапалары, адам тани білуі, т.б. тәрізді қабілеттері бойынша бағаланады.
Білім беру қабілеті жас спортшыларға білім беру әдістерінде, сабақтарды
шығармашылықпен, жас спортшылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өткізуде көрінеді. 
Дидактика (гр - оқытамын) – педагогиканың бір бөлімі, ол білім беру
заңдылықтарын, ал аталмыш жағдайда спорттық дайындық ілімі мен әдістемесі,
саласында жас спортшыларға алғашқы білім беруді зерттейді. Дидакиканың негізін
калаушы чех педагогы Ян Амос Коменский екені белгілі, ол орта ғасырлық тек есте
жаттап сақтау әдісіне өзінің жасаған оқу жүйесін ендіріп, оқыту ілімінде өзгеріс жасады,
ол балалардың жас және психикалық ерекшеліктеріне олардың шығармашылық қабілеті
мен барлық ойлау әрекетін дамытуға есептелген.
Бұл ережелер спорт, жаттықтырушылары мен мұғалімдерінің іс – тәжірибе
барысында өз орнын тапты.
Экспрессивтік (экспрессия – көріну, айқындылық, сезімнің, көзқарастың,
қимылдың көрінуі) қабілеттер педагогикалық көзқарастар тұрғысынан алғанда өз ойын,
білімі мен пікірін сөз арқылы, бет қимылы арқылы әсерлі көрсетумен сипатталады.
Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін спорттық жаттықтырудың сөзі
ішкі күшпен, пікірмен үнемі ерекшеленіп тұруы тиіс.
Сөздің дыбыстық айтылу мәнерінің негізгі құралдарының бірі әңгімелеудің негізгі
өңін беру болып табылады. Ол арқылы мұғалім, жаттықтырушы өзінің айтып тұрған
ойына деген көзқарасын білдіреді.
Әңгімелеудің негізгі ырғағы әңгімелеудің көңіл – күй және мағыналық мәнерінің
айтылуы құралы болып табылады. Оның құрылуында дауыс ырғағы және де басқа сөйлеу
құралдары үлкен маңызға ие болады. 
Ырғақ көзқарастарға сай түрліше сипатта болуы мүмкін. 
-
дәлелдеуші, сендіруші, сенімді;
-
бұйырушы, жігерлі;
-
өтінуші, сұранушы;
-
мажорлық, қуанышты;
-
жұмсақ, мейірімді;
-
ұстамды, бірқалыпты, салмақты;
-
мазасыз, толқып, салтанатты;
-
хабарлап, бейнелеуші;
-
әзілді, т.б.
Дауыс ырғағын таңдау әңгімелеудің негізгі ой – түйініне, оның мақсатына
байланысты болады. Ырғақ әңгімелеудің негізгі ойын айтушының айтып тұрған ойына
деген көзқарасын білдіруі тиіс.
Оқытудағы жаттығуларды орындау әдісін орындауды түсіндіргенде логикалық
екпіндер мен үзілістерді, яғни айтылған сөздің мағыналық және көңіл – күй мәнерінің
маңызды құралдарын пайдалану керек.
Ауызекі сөйлеу тілінің ырғағы мен дауыс күші, сондай-ақ көзқарасы, бет қимылы,
қол қимылы, жандандырушы сөздің де маңызы бар. Бірақ қол қимылдарын пайдаланғанда
абай болу керек. Өте жиі, біркелкі, іш пыстыратын, кілт қимылдар шектен тыс болуы
жалықтырады. 
Қарым-қатынас қабілеті спорттық жаттықтырушыға тәрбиеленушілермен
үйлесімді өзара қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Қарым – қатынаста тіл табыса білу
педагогикалық мәнерде, талас тудырмай, олардың алдын ала білуінде көрінеді. Эмпатия
яғни басқа адамдардың қайғысына ортақтаса білу өте маңызды.
Академиялық және арнайы қабілеттер кез келген кәсіби жұмыстың негізі болып
табылады. Академиялық қабілеттер жаттықтырушыларының жалпы дүниетанымы мен
ақыл – ойын көрсетеді, ал арнайы қабілет оның балалар мен жасөспірімдердің спорттық
дайындығын ұйымдастыру мен жүйесін құрудағы кәсіби жетістіктерін анықтайды.


Балалар мен жасөспірімдер спорты жаттықтырушысының кәсіби қабілеттерінің
құрылым сипаттары оның жас спортшылар мен өз әріптестері арасындағы беделін
анықтайды. Н.Деркач пен А.Исаев (1985) жас спортшылар өз жаттықтырушыларының
мейірімді, әділ, батыл және адал болғанын қалайтынын анықтады. 
В.Сухомлинскийдің айтуынша тәрбиешіге деген сенім (1970) – бұл педагог пен
тәрбиеленушінің өзара қарым – қатынас әдебінің негізі.
Іс барысындағы балалар мен жасөспірімдер спортындағы жаттықтырушының
кәсіби қабілетін қалыптастыру бірқатар сатылар мен деңгейлерде жүргізіледі.
Бірінші деңгей - өнімі аз (ең кіші) жаттығу жүйесін немесе комбинацияны қалай
орындау қажеттігін көрсете білу. Өз білімін ілімдік және іс – тәжірибелік дайындығына
қарай түсіндіре білуі.
Екінші деңгей – бейімдеу (төмен) жаттықтырушы тек өзінің білетінін ғана
хабарлап қоймай, сонымен қатар өз тәрбиеленушілерінің жас және жеке ерекшеліктеріне
қарай өз түсіндірмесін бейімдей алады.
Үшінші деңгей – локальды үлгілеу (орташа). Білімді жас спортшылардың
ерекшеліктеріне қарай бейімдеумен қатар дайындықтың дене әдістік және тәсілдік және
т.б. жекелеген түрлеріне қарай білім жүйесін, іскерлік пен дағдыны үлгілеп көрсете алады.
Төртінші деңгей – білімді жүйелеп үлгілеу (жоғары) жаттықтырушы жас
спортшының жұмыс жүйесінде білім жүйесін таңдаған спорт түрінен іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру үшін үлгіні жүйеге сала біледі.
Бесінші деңгей – жүйелік үлгілеу әрекеті және тәртібі (жоғары). Жаттықтырушы
спортшының жоғары адамгершілік және психикалық тұрақтылығы шеңберіне жоғары
спорт табыстарына жетуге мүмкіндік беретін жеке сапаларды қалыптастыратын спорттық
дайындық жүйесін үлгілей біледі. 
Аталған жіктеу негізінде Н.Деркач пен А.Исаев (1985) білім мен бағдарды
жетілдіруге жол ашты. Жаттықтырушы жұмысының әрбір жаңа деңгейі алдыңғысын
қамтып, білім мен іскерлік құрылымындағы сапалы өзгерістермен сипатталады. 
Жоғары оқу орнын арнайы дайындықсыз аяқтағанда тек екінші – бейімдеу
деңгейіне ғана жете алады. Жаттықтырушының бұдан кейінгі кәсіби шеберлігі өз
әріптестерінің іс тәжірибелеріндегі озық тәжірибені талдау барысындағы білімді, іскерлік
пен дағдыны көтеруімен, өзіндік білім жетілдіру жүйесімен, балалар мен жастардың
спорт дайындығының ықпалын арттыратын қорытындылар жасап, талдау қабілетімен
анықталады.
Жаттықтырушының білімі мен жеке сапалары егер ол бақылап, талдап және дұрыс
қорытынды жасай білетін болса ғана іс – тәжірибе барысында жетілдіріледі.
Бұл іс барысы тиімді жүзеге асырылуы үшін нысан (жас спортшылар) мен
заттардың (спорттық дайындықты ұйымдастыру құралдары, әдістері мен түрлері, т.б.)
белгілі бір зерттеу әдістері жүйесін меңгеру қажет. Білім алудың бұндай жүйесі
зерттеушілік қабілеттерін дамыту мен түрлі әдістерді меңгеруді талап етеді. 
Жинақтаған тәжірибені ілімдік талдау мен сараптау. Бұл әдіс арнайы әдебиеттерді,
журнал мақалаларын, конференция материалдарын (Ашмарин, 1978), яғни іс – тәжірибе
әрекеті үшін қызығушылық тудыратын сұрақтар жарияланатын әдеби қайнар көздерді
зерттеуді ұсынады. 
Мұнда ең алдымен, мақсат пен міндет қоюды қарастыратын белгілі бір ережелер
сақталады.
Мысалы, егер жас спортшының дене дайындығы ерекшеліктері туралы білімді
кеңейту қажет болса, онда ол бұл жағдайда мақсат болып табылады.
Алайда, дене дайындығы мазмұнына күш, шапшаңдық, төзімділік, т.б. дене
қабілеттерін дамыту кіретіні, белгілі. Демек, міндеттерді де белгілі бір қабілеттерді
дамытуға қарай нақтылауға болады.
Зерттелген әдеби қайнар көздер таңдау жасайды және соның негізінде іс тәжірибе
жұмыстарына қажетті қорытынды жасайды. 


Жаттықтырушыда зерттелген әдебиеттерде келтірілген пікірлермен келіспеуге
байланысты сауалдар туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда жұмысшы болжамы, яғни
болуы мүмкін болжамдар жасалады, ондай болжамдар логикалық негізделген болуы тиіс
Болжамды тексеру тәжірибені ұйымдастыруды, яғни адамның зерттелетін
құбылыстарға жоспарлы түрде араласуын талап етеді.
Педагогикалық тәжірибе жас спортышылар жаттықтырушысының іс – тәжірибе
жұмыстарында тәжірибенің екі түрін, яғни құрастырушы, қайта түзуші түрлерін
пайдалануға болады.
Құрастырушы тәжірибе белгілі болған дәйек пен құбылыс туралы білімін тексеру
қажет. 
Мысалы, іс – тәжірибеде спортшының дене дайындығын бағалау үшін бақылау
жаттығулары қолданылады.
Жасалған бағалар кестесі дене қабілеттерінің даму деңгейі туралы ақпарат береді. 
Алайда, жаттықтырушыда оның аймағындағы осы кестелердің дұрыс еместігі
туралы күмәнді пікір туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда барлық оқушылар белгілі бір
бағдарлама бойынша сынақтан өткізіліп, негізгі статистикалық мәндер есептеледі. 
Алыған мәліметтер бағалар кестесі мәліметтерімен салыстырылып, оларға талдау
жасалады және тиісті қорытынды жасалады.
Болжамды осындай тексеру, жоспар құру, сынақты іріктеп алу, тиісті жағдай мен
сыналушылардың қажетті санының болуы (статистикалық мөлшерлерге сәйкес) тәрізді
зерттеу тәртібі ережелерін талап етеді.
Қайта құрушы педагогикалық тәжірибе келтірілген болжамға сай жаңа
педагогикалық ережелер даярлауды қарастырады.
Егер жаттықтырушы спорттық дайындықтың мәселесін тиімді шешу жолын тапса
(дамыту әдістері, ұйымдстыру құралдары мен түрлері, жоспарлау, бақылау, т.б.), онда бұл
қайта құрушы педагогикалық тәжірибелер көмегімен дәлелденеді және басқа да зерттеу
әдістері қолданылады.
Педагогикалық сынақ тапсыру, бақылау, сауалнама. Дене тәрбиесі мен спорт іс
тәжірибесінде спортшының ағзасы мен жеке қасиеттерінің жағдайы туралы
ақпараттардың маңызы зор. Бұл үшін стандарт тесттер қолданылады (Л.Волков, 1994,
1998, 2000; Серщенко 2000), олардың көмегімен адам қабілетінің даму деңгейін өлшеу
жүргізіледі (ақыл – ой, дене, психикалық, т.б.) . Бұндай процедура тестілеу деп аталады. 
Қазіргі кезде спорттық іс тәжірибе жас және ересек спортшылардың дайындық
деңгейін жан – жақты бағалауға мүмкіндік беретін жеткілікті сынақ санын қамтитынын
айта кету қажет.
Педагогикалық бақылау оқу-жаттықтыру процесі мен жарыс әрекетін олардың
қатысуынсыз ұйымдастыруды бағалап, жоспарлы талдауды қарастырады.
Бақылау әдісін пайдалана отырып, жарыс немесе жаттықтыру жүктемесінің жас
спортшы ағзасына әсер етуі туралы, спортшының ескертуге немее мақтауға реакциясы
мен жаттығуды орындау әдісі және жас спортшы тұлғасының басқа да жақтары туралы
жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. 
Кез – келген педагогикалық бақылау жоспарын мұқият әзірлеуді, бақыланатын
оқиғалар мен құбылыстарды бағалау соған сәйкес талдау мен қорытынды жасауды талап
етеді.
Сауалнама «сұрақ - жауап» атты әдістерге жатады. Осы әдістерге интерьвю мен
әңгімелеуді жатқызамыз.
Бұл әдістердің барлығы мынадай белгілермен сипатталады. Яғни жаттықтырушы
немесе мұғалім сөздік хабарламада жеткізілген ақпарат алады. Демек, кез – келген сұрақ –
жауап әдісін ұйымдастыру жауап берушінің қойылған сауалдарға шын әрі толық жауап
беруін талап етуге бағытталуы тиіс. 
Кез – келген педагогикалық тәжірибе зерттелетін нысан туралы ақпарат алуға
көмектесетін барлық әдістерді пайдалануды қарастырады. Спортшының түрлі


қабілеттерін өлшеу үшін динамометрия, хронометрия, гониометрия, рефлексометрия,
теппингметрия және т.б. қолданылады. Жаттықтыру жүктемелерінің ықпалын анықтау
үшін ең қолайлы әдіс (ағзаға) пульсометрия болып табылады. 
Арнайы әдебиеттерден ағза мен бүкіл жүйенің зерттеу әдістері туралы олардың
табиғи жағдайлардағы және спорттық дайындық жүйесіндегі сандық және сапалық бағасы
туралы жеткілікті мәліметтер ашуға болады. 
Қазіргі кезде көптеген ғылымдарда оның ішінде спорттық педагогика дәл
математикалық тәуелділіктерді көптеп пайдалану жолымен дамиды. 
Сонымен математикалық статистика мен математикалық талдау әдістері заманауй
балалар мен жасөспірімдер спортшының жаттықтырушысы білімінің құрамдас бөлігі
болып табылады.
Зерттеудің ілімдік және тәжірибелік материалдары жоғары оқу орындарындағы
оқыту барысындағы студент жастардың курс және диплом жұмыстарының негізгі
мазмұны болып табылады. Зерттеу жұмыстарынан алынған мәлімет жаттықтырушылар
семинарларындағы баяндамалар түрінде мамандандырылған журналдар мақалаларында,
әдістемелік әзірлемелер мен кітаптардағы спорттық іс – тәжірибе үшін ұсынылатын
болады.
Сонымен балалар мен жасөспірімдер спортының жаттықтырушысының
педагогикалық шеберлігін қалыптастыру іс – тәжірибелік және зертту жұмыстарындағы
қабілеттерді күнделікті жетілдіруді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет