Спорттық дайындықтың басты ықпалдарының бірі
жарыс қимылдары болып
табылады, олар төмендегіше жас ерекшеліктері топтарынд атқарылады:
І топ –
тұрғын орындарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде
құрылған спорт секцияларында, мектептің дене тәрбиесі ұжымдарында, секциялар мен
командаларда тұрақты шұғылданатын 7-8, 9-10, 11-12 және 13-14
жастағы ұлдар мен
қыздар;
ІІ топ – спорт секциялары мен спорт мектептерінде жүйелі дайындықтан өтетін 15-
16, 17-18 жастағы жасөспірімдер мен қыздар;
ІІІ топ – спорт секцияларында жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, жоғары және
орта оқу орындарының спорттық жетілдіру бөлімдерінде табысқа жетуді дамытатын 19 –
21 және 22-24 жастағы жастар.
Жас спортшыны оқытқанда жарыстарға тікелей дайындық сатысында тәсіл мен
арнайы психологиялық дайындықты әзірлеуге көп көңіл аударылды. Жаттықтырушы жас
спортшылардың психофизиологиялық сипаттары мен жүйке жүйелерінің негізгі
қасиеттерін дамытудың жас ерекшеліктерін дәл білуі тиіс.
Балалар мен жасөспірімдерде ақпаратты сараптау шапшаңдығы мен зейіннің
психофизиологиялық сенімділігінің төмендеуі жас кезеңдерінде жиі байқалады. Бұндай
сезімтал кезеңдер
жасөспірім кезеңіне тән, бұл жаттықтырушылар тарапынан жас
спортшының мінез – құлқы табысы немесе сәтсіздігіне орай үлкен педагогикалық
шеберлік пен іскерлікті талап етеді.
Әрине спорттық жарыстарға қатысу жас спортшыға үлкен психологиялық және
денелік
ықпал еөрсетеді, сондықтан педагогикалық және дәрігерлік – биологиялық
қалпына келтіру құралдарын қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: