салдарынан. Бұндай көріністі
эндомитоз деп атаймыз, өйткені хромосомдардың
тығыздалуы, өзгеруі ядроның ішінде жүреді, бірақ ядро қабаты бұзылмайды.
Соматикалық клеткалардың Полиплоидтылығы сутқоректілердің клеткаларынан да
байқауға болады. Кəрі егеуқұйрықтылар мен тышқандардың бауыр клеткаларында
ди-тетра- жане октоплоидты клеткалардан басқа əртүрлі дəрежедегі плоидты клеткалардан
басқа екі ядрлы клеткаларды анықтауға болады. Мұндай полиплоидты клеткалардың
пайда болуы негізінде S-сатысында ДНҚ мөлшері 4с болатын
клеткалар митоз кезеңінен
өтеді, бірақ цитотомия жүрмейді. Сондықтан екі ядролы клетка (2×2n) пайда болады. Осы
клетка тағыда S-периодынан өтеді ДНҚ мөлшері-4с, ал хромосомалар 4п болады. Осындай
екі ядролы клетка митозға кіреді, ал метафазада осы клеткадағы хромосомалар бірігіп 8n
болады. Кейін бұл клетка бөліне келе 2 тетраплоидты клетка пайда болады. əрі қарай 8n,
16n, 32n плоидты клеткалар қалыптасады. Осындай жолмен
полиплоидты клеткалар
бауырда, көздің торлы қабатындағы пигментті эпителийде, сілекей жəне қарын асты
бездерінде т.б. пайда болады.
Эндорепродукция организмнің құрамындағы ұлпаларда құруға жəне
олардың
қызметтерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Бұл құрылымының биологиялық манызы қандай? Соматикалық полиплоидия
негізінде клеткалар мен ұлпалардын, организмнің дамуы барысында маманданған
клеткаларда кездеседі, керісінше генеративті процестерде, əсіресе эмбриогенезде, жыныс
клеткаларында, бағана клеткаларында болмайды. Сонымен полиплоидты клеткалар
бөлінбейді. сутқореқтілерде көп ядролы немесе полиплоидты клеткалар қартайған
организмде кездеседі. Соматикалық полиплоидия кезінде клетканың көлемінің өсуі
арқылы оның продукциясы өседі деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: