Ядро құрылымының морфологиясы
Ядро негізінде екі қызмет атқарады: генетикалық ақпаратты сақтау жəне оны іске
асыру, белок синтезін қамтамасыз ету. Бірінші топқа ДНҚ молекуласының құрамындағы
өзгермейтін тұқым қуалау ақпаратын сақтау. Бұл құрылымның сақталуы репарациялық
ферменттерге байланысты, өйткені олар ДНҚ молекуласын кенеттен бұзылмауын
қамтамасыз етеді, сондықтан клетка мен организмнің құрамындағы ДНҚ молекуласы
бірнеше ұрпақтарда өзгермей өз қасиеттерін сақтайды. Сонымен қатар ядрода ДНҚ
молекуласының редупликациямен жүреді, сол арқылы клеткаларда сан жоне сапа жағынан
бірдей генетикалық ақпарат сақталады. Эукариотты клеткаларда генетикалық
материалдың өзгерісі мен рекомбинациясы жүреді (мысалы, мейоз кезіндегі
кроссинговер). Ең сонында, ядро клетка бөлінуі кезінде ДНҚ молекуласын таратуға
қатысады.
Прокариот нуклеоидтарының негізгі құрамы
Прокариот клеткаларының қалыптасқан ядросы болмайтыны тұралы
жоғарыда айтылған. Бірақ та, прокариот клеткаларында эукариоттар клеткасында болатын
ядролардың аналогі нуклеоид немесе нуклеоплазма қалыптасқан. Сондықтан оның
құрамында ДНҚ болғандықтан оны ядро компоненттеріне жатқызуға болады.
Гистохимиялық тəсілдермен – Фельген немесе флуорохром бояулары арқылы оның
құрамын жақсы анықтауға болады. Электронды микроскоп арқылы өте жұқа кесіндісін
қарағанда хроматин тор тəрізді қалындығы 2-7 нм фибриллдерден тұратыны анықталды.
Бұл аймақ цитоплазма аймағына қарағанда ақшыл келетіні байқалды. Кей жағдайда
нуклеоид аймағындағы жінішке жіпшелердің плазматикалық мембранамен байланысы
байқалған. Бактериалардың нуклеоидтерінің құрамын қарағанда оның химиялық құрамы
80% ДНҚ-нан, 20% белоктар мен РНҚ тұратыны толық анықталды.
Прокариот клеткаларында ДНҚ мөлшері эукариот клеткаларына қарағанда аз
болып келеді. Мысалы, E.coli бактериясында ДНҚ мөлшері 5×10'3пг, олар 2000-ға дейін
гендерді сақтаса, ал адам клеткасында ДНҚ мөлшері 6пг, немесе гендердіңсаны (10°)
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |