Клетка биологиясы docx



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Клетка биологиясы.docx

V-ТАРАУ ХРОМАТИН
Хроматиннің құрылымы мен химиясы
Хроматин - клетка ядросының негізгі компоненті; оны интерфазалық ядродан
немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықтай жеңіл. Ол үшін оның əлсіз
иондық күші бар сулы ерітіндіде немесе жай деиондалған суда ерітілген күйге көшетін
қасиетін пайдаланылады, алайда бірден суйық күйге емес, қоймалжын күйге ауысады.
Мұндай препараттарды нағыз суйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку, араластыру жəне
қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық əсерлерді қажет етеді. Осындай
əсерлер, сондай-ақ оны ұсақ фрагменттерге бөлшектегенде хроматиннің қалыпты
құрылымының бұзылуына əкеледі, бірақ оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады.
Əр түрлі объектілерден алынған хроматин фракциялары айтарльқтай ұқсас немесе
бірдей компоненттер жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан
алынған хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз
мөлшерде ерекшеленеді. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ жəне белок,
белоктардың ішінде негізгісі гистон жəне гистондық емес белоктар.
Бөлініп алынған хроматиннің орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ жəне 60%-ғa
белоктар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық арнайы белок-гистондар 40-тан
80%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Хроматинді фракцияның құрамына одан басқа, РНҚ,
көмірсулар, липидтер, гликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ
осы минорлы компоненттердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде кіретіндігі əлі
анықталмаған Тек РНҚ ДНҚ матрицасымен байланыстылығын жоғалтпаған күйінде, яғни
траскрипциялық РНҚ күйінде болуы мумкін. Басқа да минорлы компоненттер ядро
қабықшасын құрайтын заттарға жатуы мумкін.


Хроматин кеністікте құрылымдық жағынан жіп трізді болып келеді, ДНҚ- дан жəне
оған ассоциацияланған гистондардан тұратын дезоксирибонуклеопротеидті (ДНҚ)
молекулалар комплексі. Осыған байланысты хроматинді нуклеогистон деп те атау
қалыптасқан. Дəлірек айтқанда, гистондардың ДНҚ-ға ассоциациялануының арқасында,
сондай-ақ ДНҚ мен гистондарды сандық жағынан бірдей мөлшерде болса өте тұрақсыз,
өзгергіш нуклео-гистонды комплекс түзіледі. Бұл жіп тəрізді ДНҚ фибриллдері, яғни
элементарлы хромосомалық немесе хромотиндік жіпшелер болып табылады, оның
жуандығы ДНҚ-ның құрылымдық деңгейіне тəуелді түрде 10-нан 30 нм-ге дейін
ауытқиды. ДНҚ фибриллдері ДНҚ-ның жоғары дəрежелі құрылымын түзе отырып,
митотикалық хромосомаға дейін қосымша тығыздала алады. Кейбір гистондық емес
белоктардың қызметі хроматиннің жоғары дəрежелі тығыздалуын түзумен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет