Ядроның негізгі құрамы хроматин болып табылады.
Хроматин - генетикалық
қызмет атқарады, ал хроматин ДНҚ-да бүкіл генетикалық ақпарат сақталады. Ядро
қабатының атқаратын қызметі жан-жақты. Біріншіден-күрделі қорғаныштық - рецепторлы,
екіншіден - тасымалдаушы жəне каркас қызметтерін атқарады. Ядроның матриксі
хромосомдардың ядрода орналасуын жане олардың қызметтерінің іске асуына əсер етеді.
Ядрошық рРНҚ синтезін жəне рибосомдар құратын хромосомдардың бір бөлігі болып
саналады. Ядрода хроматин мeн матрикстен басқа əртүрлі
РНҚ-дан тұратын
рибонуклеопротеидтер орналасады. Осы екі компоненттердің арасында орналасқан
суйықтық кариоплазма орналасады. Кариоплазмада ядро метоболизміне жəне ядроның
ішкі тасымалдауына қатысатын блоктар мен РНҚ сиякты күрделі процестер жүреді.
Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын бекітіп барып бояғаннан кейін, ядроның
құрамынан əртүрлі бояулармен əсіресе негізгі бояулармен
боялатын тығыз денешіктер
анықталды. бұл денешіктер "хроматин " (Флеминг, 1880) деген атқа ие болды.
Хроматиннің құрамы ДНҚ мен белоктардың тұратыны анықталды.
Прокариоттты клеткаларға қарағанда эукариотты клеткаларда хроматиннің
ДНҚ-дан тұратын заттары екі күйде кездеседі: интерфазада тығыз емес
(деконденсированный) жəне митоз кезінде тығыздалған.
Гидролиз кинетикасын зерттеу барысында ДНҚ нуклеаза синтезінде ядролық
матрикс ДНҚ репликациясымен байланысты екендігі анықталды. Құрамында радиоактивті
белгісі бар,
матрикспен байланысқан; ДНҚ-ның көптеген бөлігі, ішкі ядролық матрикс
аймарында 70% жоғары жана синтезделген ДНҚ-да орналасқан. Бұл жағдай ядро
матриксінде меншікті ДНҚ репликациясы болатындығын көрсетті. ДНҚ фракциясы
ядролық
матриксте сипатталады;
Ядролық матрикс құрамында ДНҚ полимераза ДНҚ репликациясының а- негізгі
ферменті бар екендігі бар екендігі анықталды. Ядролық матрикс одан басқа ДНҚ-
полимераза, ДНҚ-лигаза, ДНҚ-топоизомераза II репликативті ферменттер комплексімен
байланысқан. ДНҚ ілмегі бекітілген реплиқация
комплекс матриксімен
бағытталатындығынан ДНҚ репликациясы бар деген болжам жасалды.
ДНҚ-ның əдетте ядролық матриксі бекінетін аймарының маңында ДНҚ
репликациясының басталу нуктелері орналасатындығын айқындады.
Ядро матриксінің құрамында 1% шамасында РНҚ болады. Оған рРНқ жане
РНҚ-ның кіші ядролық РНҚ-сы мен гетерогенді жоғары молекулалы РНҚ кіреді.
Матрикстін элементтері транкрипция процесі байланыстылығын көрсетілетінділігін
матриксті қысқа уақытта таңбалағанда ол тез арада таңбаланған гетерогенді РНҚ мен
қанығуы нəтижесінде байқалды.
Бұл бақылаудың натижесінде
ядролық матрикстің синтез, процессинг ядролық
РНҚ-ны тасымалдау кезінде құрылымдық рөл атқаратындығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: