Клетка биологиясы docx


Эухроматин жəне гетерохроматин



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Эухроматин жəне гетерохроматин
Көптеген зерттеушілердің зерттеуі бойынша интерфазалық ядродағы хроматинінің
конденсациясның құрылымдық жағдайы əртүрлі мөлшерде анықталуы мумкін. Үдемелі
бөлінетін жəне аз маманданған клеткалардың ядросының диффуздық құрылымы бар, онда
тығыздалған хроматиннің жінішке перифериялык қимасынан басқа аз мөлшерде
кішкентай хромоцентрлер кездеседі. Ал ядроның негізгі бөлігі диффузды жане
тығыздалмаған хроматинмен жабылған. Екінші жағынан жоғары маманданған клеткаларда
немесе өзінің тіршілік циклін аяқтап жатқан клеткаларда тығыз орналасқан хроматин
көлемді болып олардың шеткі қабаты үлкен хромоцентрлер түрінде берілген, мұндай
құрылым, мысалы, нормобластардың ядросында, жетілген лейкоциттердің ядросында
кездеседі. Бұл екі мысал жалпы ережені бейнелей ашады; ядрода тығыздалған


хроматиннің мөлшері көп болған сайын, ядроның метаболизімінің белсенділігі төмен
екендігі байқалады. Белсенді емес кезінде ядрода хроматиннің прогрессивті тығыздалуы
жүреді жəне керісінше, ядроның белсенді кезінде диффузды хроматиннің мөлшері
көбейеді.
Бірақ метаболизмнің белсенді кезінде тығыздалған хроматиннің кез-келген бөлігі
диффузды формаға өте алмайды. Тіптен 30-шы жылдардың бас кезінде Э. Гейтц
интерфазалық ядроларда тығыз хроматиннің тұрақты бөлімдері болатын байқаған тығыз
хроматиннің тұрақты бөлімдерінің болуы ұлпалардың дифференциациялану деңгейіне
клеткалардың функционалды белсенділігіне байланысты емес. Мұндай бөлімдер
гетерохроматин деген атқа ие болды.
Эндорепродукция жəне полиплоидия
Клетканың бөлінуін тоқтату үшін оны төменгі температурада ұстап, немесе
колхицинмен əсер ететін болсақ, онда ұршық микротүтікшелері бұзылып клетка өзінің
бөліну процесін тоқтатады. Соның нəтижесінде ұршықтар жоғалып, ал хромосома
полюске ажирамай өзінің циклдік айналымын жасай береді жəне де олар ісініп ядро
қабықшасымен жабылады. Тарамай кеткен хромосомдардың жиынтығының салдарынан
үлкен жаңа ядро пайда болады. Олар бастапқысында хроматиндердің саны 4п жəне ДНҚ
мөлшері 4с болады. Бұл диплоидты клетка емес, тетраплоидты клетка болып саналады.
Мұндай полиплоидты клеткалар G1, деңгейінен S-деңгейінен ауысады. Егерде колхицинді
алып тастасақ клетка митоз жолымен бөліне бастайды да ұрпаққа 4п санды хромосомдар
береді. Осының салдарынан полиплоидты клеткалар (4п, 8n, 16п т.б.) пайда болады.
Мұндай жолмен полиплоидты өсімдіктерді алуға болады.
Кейбір калыпты жағдайдағы диплоидты өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде
ДНҚ саны 2п болатын үлкен ядролы клеткалар кездеседі. Бұндай клеткалар бөлінген
кезде, олардың хромосомалард диплоидты клеткаларға карағанда еселеніп көбейгені
байкалады. Осындай текті клеткаларда ДНҚ мөлшері бірнеше есе көбейген, бұндай
құбылысты эндорепродукция деп атайды. Осындай клеткалар көбінесе хромосомалардың
полюстерге ажырамауының салдарынан болады. Митоз процесінде бірнеше нуктелер
пайда болады, ал олардың тоқтауның салдарынан полиплоидты клеткалар пайда болады.
Мұндай тоқтау көбінесе G2 кезенінен митозға ауысқанда немесе профазаға,
метафаза кезендерінде ұршық жіпшелерінің бұзылуының натижесінде болады.
Цитотомияның бұзылуына сайкес клетканың бөлінуінің тоқтауына байланысты екі
ядролы жəне полиплоидты клеткалардың түзілуі пайда болады.
G2, кезенінен профазаға өткенде митоз блокадасының салдарынан келесі
репликация цикліне, осының салдарынан ядрода ДНҚ мөлшері өседі. Морфологиялық
тұрғыдан қарағанда ядрода өзгерістер байқалмайды, тек қана оның көлемі үлкейеді.
Осындай эндорепродукцияның түрі омыртқасыз жануарларда жəне де омыртқалы
жануарлар мен өсімдіктерде кездеседі.
Кейбір омыртқасыздарда митоздың тоқтауына байланысты полиплоидия дорежесі
манызды болып келеді. Тритондардың алып нейрондарындағы ядроның үлкендігі 1мм
шамасындай, ал оның құрамындағы гаплоидты ДНҚ 2×105 тең. Кейбір омыртқасыздардың
18-20 циклді эндорепродукциядан өткен алып безді жəне нерв клеткаларындағы ДНҚ
мөлшері 2 097 152с болады.
Эндорепродукцияның бірі көрінісі – политения. Политения хромосомдар
жіпшелерінің еселеп өсуі. Хромосомалар интерфаза кезінде репликация цикліне
ұшырайды, бірақ ажырамайды. Хромосомалардың жіпшелерінің репликациясының жəне
хромосома жіпшелерінің ажырамау салдарынан интерфаза хромосомаларының политенді


көпжіпшелі түрі пайда болады. Осындай алып политенді хромосомалар еш уақытта
митозға қатыспайды, бірак оларда ДНҚ жəне РНҚ синтезі жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет