МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТІРЕГІ
In the article, the Kazakh language’s status, role, feature, value, and description are spoken.
The Kazakh language as the language of Abylai and Abylkhayir, Tole and Kazybek, Abai and Zha-
karym has to save and develop its roots, idea and traditions.
Қазақ елінің мемлекеттік тілі сан ғасырдан бері қолданылып келе жатқан, қолданыла
беретін де, лексикалық қоры бай, терең тіл.
Бұл тіл арқылы тарих жасалған, дәстүр мен салт қалыптасқан. Қазақтың талай тамаша
туындылары: әндері мен нақыл сөздері, жырлары мен жұмбақтары дүниеге келген, ауыз әде-
биеті үлгілерінен басталған жазба рухани мұрасының негізі осы тілде қаланған. Мемлекеттік
тіл – осы елдің тарихын қалыптастырған тіл. Халықтың бүгінгі генерациясына әл-Фараби
мен Қашқаридың, Күлтегін мен Қорқыттың шығармаларын ұғындырған тіл.
Ата-бабаларымыздың өзіндік ерекшелігін даралап көрсетер қазақ тілі дегенде кез-келген
«ұлтым», «жерім» деген азаматтардың бойында үлкен сезім оянары сөзсіз. Ол сезім бір сәттік
емес, себебі ерекше толқу, шексіз сүйіспеншілік – бізге тектен дарыған киелі, қасиетті ұғым.
Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, көркемдігі жоғары, кез-келген халық тудыра алмаған фольк-
лорлық туындылары көп, рухани азығы мол, кешегі өткен Абылай мен Әбілқайыр, Төле мен
Қазыбек сөйлеген, Абай мен Шәкәрім, Мұхтар шығармалары жазылған қасиетті тіл, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – ұлттың жаны, идеяның, саналы сезімнің, айтылар
ойдың жанды көрінісі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, яғни тіл әрбір халықтың дербес
ұлт екендігінің басты дәлелі. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде тілдің коммуникацияның биік құралы ретінде бағалай
отырып, Қазақстан халқын біріктіретін ең басты қару деп бағалаған болатын. Бұл статус
қазақ тіліне тәуелсіздікпен бірге оралды. Бұл Қазақстан халқын консолидациялауға маңызды
фактор болып табылады. Бүгінгі әрбір қазақстандықтың міндеті – мемлекеттік тілді меңгеру.
Туған тіл дегеніміз – Халық. Халық дегеніміз – Ана. Біздер болашақ, өз аналарымыз –
халқымызды, тілімізді, туған анамызды құрметтесек, арман- мақсаттарымыз жүзеге асары
сөзсіз. Мемлекеттік тіл – қазақ елінің болашағы. Оның кең қолданылуын жүзеге асыруға
өз үлесін қосу – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Талай ұлт пен ұлыстардың тұрақты
мекеніне айналған қазақ жерінде түрік тілдес тілдердің ең бай тілі ретінде қазақ тілі мәңгі
жасай беруі тиіс.
40 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |