ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА ӘДІСТЕРІ
The article deals with the linguistic, statistical and lingvostatistical approaches to literary stud-
ies, their contact points and borders. We give the advantages and disadvantages of this study. The
study of the quantitative relationship of a literary text makes it possible to simulate its structural
and meaningful feature.
Мазмұнның формасыз, ал форманың мазмұнсыз болмайтыны сияқты, әдебиеттану мен
лингвистика бір-бірінсіз болмайды. Әдебиеттануды мазмұн деп қарастырсақ, лингвистика
оның формасы іспетті. Сөз өнерінің көркем шығармаларын жазушы өзіне қажетті мазмұнмен,
мағынамен толтырады. Мұнда бәрі эстетикалық сипатта болады, себебі бұл шығармалар,
олардың мазмұны өнер заңдылықтарына бағынған.
Көркем шығармаға ерекшелік, жекелік, түсіндіру қиындығы, көпқырлылық, шексіздік,
эмоционалдық, экспрессивтілік тәрізді құбылыстар тән. Көркем шығармашылық дегеніміз –
бейнелілік. Көркем мәтін тұтас бір образдық жүйе болып табылады. Оның құрылымдық және
мазмұндық жағы бірыңғай тұтастылық құрайды. Лингвистика үшін мәтіннің тілі, ондағы
байланыс қызықты болса, әдебиеттану үшін мәтіннің мазмұны, образдық берілуі маңызды.
Көркем шығармада шындық түрленген күйде – бейнелі беріледі. Яғни образ – шындықтың
өнердегі түрленген бөлшегі болып табылады. Ал сол образдың көркемдік түрленуі суретшінің
жекелігіне, қолданған тәсілдеріне, сондай-ақ оның дүниетанымына байланысты. Образ жасауда
суретшінің мүмкіндігі шексіз. Сондай-ақ, образдың тұтастық, динамикалық, жекелік сияқты
қасиеттері бар екені белгілі. Ал бұл проблемалар лингвистика саласынан тыс проблемалар.
Әдеби мәтіннің сандық қатынасын зерттеу тілдің құрылымдық, нақтырақ айтқанда, оның
мазмұндық қырын моделдеуге мүмкіндік береді. Көркем мәтіннің сандық моделі мазмұн
моделімен тікелей қарым-қатынаста. Мәтінде жиі кездесетін сөздің сандық көрсеткіші – сол
сөздің мағыналық, мазмұндық көрсеткіші. Егер белгілі бір сөз жиі болса, онда ол мәнді.
Поэтикалық тілдің семантикалық құрылымын статистикалық сипаттама негізінде зерт-
теуде оны тиісті жалпы тілдік құрылымға қатысты қарастыру жөн. Аталған зерттеу тәсілдері
түрлі поэтикалық тілдерді (бір автор шығармашылығындағы түрлі жанрларын) бір-бірімен
салыстыра зерттеуге де мүмкіндік береді. Мұнда түрлі поэтикалық жүйелердің қарама-
қайшылығын немесе ұқсастығын қарастыруға болады. Аталмыш зерттеу поэтикалық тілдің
салыстырмалы жақындығын немесе алшақтығын көрсете алады. Сондай-ақ, осындай әр тілдің
семантикалық құрылымы жеке дифференцияланған сипаттама береді.
Әдеби зерттеуде лингвистика, статистика, лингвостатистика әдіс-тәсілдерін қолдансақ,
анализ жан-жақты, кең, терең, толыққанды болады. Көркем мәтін, көркем шығарма, жалпы
өнер туындысы жиі жағдайда белгіленген заңдарға, қалыптасқан ұғым-түсінікке бағына
бермейді. Көркем туынды мазмұны пішінінен асып-тасып тұратын құбылыс. Сондықтан оны
белгіленген зерттеу шеңберіне сыйғызу қиынға соғады.
| 55
Достарыңызбен бөлісу: |