62 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
Конструктивті теориялық оқыту – метатануға негізделеді. Метатану – өздігінен білім
алуға үйрететін тәсіл. D. Schunk, B. Zimmerman білім алушының өз ізденісін қалыптастыруға
үйрететін тәсіл екендігін айтады.
Оқытушы оқыту үдерісін студент бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға
деген өз қабілетін дамыта алатындай сипатта әзірлей алса, бұл өздігінен оқуға мүмкіндік
береді. Мәселен, әдеби тілдің анықтамасына қатысты ғылыми көзқарастарды мазмұнына
қарай топтай алуға, әдеби тілді жазумен байланыстыратын ғалымдардың көзқарастарына
қарсы нақты терориялық дәйектемелер негізінде өзіндік уәждерін айтуға үйретуге болады.
Метатанудың потенциялдық негізі студенттің ойлау, іздену, өздігінен оқу, қабылдаған
білімін өзгерту қабілетін дамытудан тұрады.
Метатану әдістерін игерген студенттер оқыту мен оқудың жағдайында оқытушымен
тең әрекеттеседі. J. H. Flavell, осыған орай, метатанудың өзін ізденуші деп білу, мақсат,
тапсырмаларды түсіну, тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды таңдай алу сияқты
құрылымын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: