Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет87/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

А. А. Букаева
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ
АҚПАРАТТЫҚ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
In the present article the effect of implementing multimedia technologies in teaching the Kazakh 
language is considered. Implementing of multimedia technologies created a lot of new opportuni-
ties to master language skills innovatively and enhance linguistic knowledge.
Соңғы жылдары қазақ тілін оқытуда жаңа инновациялық озық тәжірибелер
қолданылып, қарқын алуда. Бүгінде қазақ тілін меңгерту барысында компьютер негізгі дидакти-
калық және оқыту құралы болып саналады. Сондықтан бұл бағытта мултьтимедиалық технология-
ларды оқыту үдерісіне екпінді түрде енгізу – қазақ тілін жаңа тұрғыдан меңгерту болып табылады.
Сабақта мултьтимедиалық технологияларды қолданудың маңыздылығы орасан
зор, себебі бұл технология қазіргі заман оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін 
ескереді, жастардың іс-әрекетке, қызметке машықтануына, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер 
етеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы мультимедиалық технологияларды қазақ тілінің оқу үрдісіне 
енгізу білім сапасының жоғарылауына толық мүмкіндіктер туғызады.
Педагогикалық әдебиеттерде компьютерлік оқыту бағдарламалар түрлерін әр түрлі тұрғыдан 
қарастырады, мысалы,
Тілді оқыту бағдарламалардың түрлері мен типтері тіл үйрену мақсаты, деңгейі, дайындық 
бейініне қарай әртүрлі болады. Э. Г. Азимов бағдарламалардың төрт негізгі тобын көрсетеді: жат-
тықтырушы, қатысымдық, тестік жүйелер және мультимедиа жүйесі.
Т. В. Багаева өз зерттеу жұмысында келесі КОБ түрлерін ұсынады: жаттықтырушы компью-
терлік бағдарламалар, Интернет негізінде бағдарламалық құралдары, тестік жүйелер, мультимедиа 
жүйелері (энциклопедия, елтану материалдары, мультимедиалық материалдар).
Қазақ тілін меңгертуге қатысты компьютерлік бағдарламаларға сараптама жасай келе, мульти-
медиалық оқыту кешендері ең дамыған сатысы деген тұжырым жасаймыз. Бұл әзірлемелер білім 
беру жүйесінде оқушыларды, студенттерді, оқытуда, өздігінен білім алуда, қашықтан білім алуда 
қолданылады. Біздің ойымызша, Интернетте қазақ тілін қашықтан оқыту курстары мен тестілеу 
жүйелері көбейе бермек. Сондықтан осы бағыттағы бағдарламалар басылған оқулықтармен қамта-
масыз етіліп, шығармашылық, проблемалық тапсырмаларды енгізіліп, автоматтандырылған тестілеу 
жүйесін дамыту қажет. Оқыту бағдарламалары материалды өзара байланысты шағын бөліктерге бөліп, 
әр үйренушінің жауабының сол мәзетте бағалануға мүмкіндік тудырады. Осындай бағдарламалар 
тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналып, тілді жеделдетіп меңгеруге бағытталған. 
Ұсынылған электронды өнімдерде тілді меңгеруге арналған жиі кездесетін тапсырмалар: диалогтар 
(кейбір жағдайларда дыбысталған, суреттелген), бейнеүздіктер, кірістірілген автоматтандырылған 
сөздік, грамматикалық түсіндірме, жаттығулары бар жаттықтырушы модульдар, сөйлесімді жазу 
мен қайта тыңдауға арналған модуль, мәтіндердің мәлімет қоры, әдістемелік нұсқаулар және т. б. 
Оқыту материалдарының көрсетілімі дыбысталған диалог түрінде (мультипликация, бейнежазба, 
статикалық суреттермен сүйемелденген) және оқылымға арналған дыбысталған мәтіндермен беріледі.
Қортындылай келгенде, оқу орындарында қазақ тілін оқытуда дайын өнімдердің жетістіктерін 
есепке ала отырып, мультимедиалық технологияларды қолданып, компьютерлік оқыту бағдарла-
маларды әзірлеудің теориялық, әдістемелік мәселелерін терең саралау арқылы оны жетілдіре түсу 
біздің басты мақсатымыз деп ойлаймыз.


96 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет