Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам


 Тұрақты деструктивті мінез-құлық



Pdf көрінісі
бет9/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

1. Тұрақты деструктивті мінез-құлық 
Егер жұмыс тым күрделі немесе тым егжей-тегжейлі болса, кейбір білім 
алушылар қауіпті сезінуі немесе ашулануы мүмкін, өйткені бұл олардың 
мүмкіндіктерінен асып түседі. Егер олар тапсырманы тым көлемді деп санаса, 
жұмыс «қызықсыз» болса және кез-келген күш-жігер «уақытты ысырап ететін 
болса», олар басқа жолмен назар аударуға кедергі келтіруі мүмкін. Білім алушы 
не себепті осылай әрекет ететіні жөнінде, оның файлдарын тексеріп, содан 
кейін оны сабаққа қалай тарту керектігі жөнінде ойланыңыз. 
Мысалы, С. есімді білім алушы – өте сүйкімді және сыпайы, бірақ 
ұрысуға бейім. Жағдай ол қалағандай орын алмаған жағдайда С. сыныптан 
шығып кетіп, мектеп қызметкерлерімен сөзге келетін болған. Ата-анасы 
балаларының осы секілді мінез-құлқына жауап таба алмады. Нәтижесінде 
маман С. жағдайын бақылады. Кейіннен білім алушының есте сақтауда 
проблемалары бары анықталды. Ол көлемді ақпаратты есте сақтай алмайды 
және сыныпқа әр кірген сайын игерілген білімді есте сақтау қажет болған 
жағдайда өзінің шарасыздығынан оның сабаққа деген қызығушылығы 
жоғалатын болған. Нәтижесінде өзін нашар ұстап, мінез көрсететін болған. 
Жеке саралап оқытудан соң білім алушыда прогресс байқала бастады. 
Нәтижесінде білім алушы мектепте қорытынды емтихандарды жақсы 
тапсырып, оқуға түседі. 
Осы секілді білім алушыларды оқытуда мұғалімге берілетін 
ұсынымдар: 
• тақырыптық лексика үшін құрастырмалы көрнекі сөздікті қолданыңыз; 
• артық мазмұнға назар аудармай, жұмысты кішігірім бөліктерге бөліңіз
• жазбаша мәтінді қолдау үшін көрнекі кеңестерді қолданыңыз; 
• нұсқауларды жазу үшін сабақ мәзірін пайдаланыңыз; 
• әр тармақты оның барысын анықтай алатындай етіп белгілеңіз. 


24 
2. Шоғырланудың немесе назардың болмауы. 
Кейбір білім алушылардың ерекше қажеттіліктері оларға ұзақ уақыт бойы 
сыныпта шоғырлануға мүмкіндік бермейді. Олар сабаққа белсене қатыса алады, 
оқуға ынталы болуы мүмкін, бірақ толыққанды сабаққа концентрациялану 
қиынға соғады. 
Мысалға Л. есімді білім алушыны алайық: ол өте сабырлы болғанымен
сабаққа 100 пайыз ден қойып, үй тапсырмасын уақытылы орындамайтыны 
байқалады. Кейде мектепке келмейді, ал ата-анасы мұның себебін түсіндіре 
алмайды. Мектеп білім алушының ата-анасының рұқсатымен оны педагог-
психологқа жібереді. Педагог-психолог балада назар жетіспеушілігі және 
гиперактивтіліктің бұзылуы синдромын байқайды. Бұл білім алушыда 
тапсырма берген уақытта көңіл күйінің түсіп кетіп, концентрация жоғалуына 
себеп болатын болған. Деструктивті мінез-құлық деп саналғаны оның сабақты 
игере алмауына байланысты көңіл күйінің түсуімен түсінілуі тиіс еді. Педагог-
психологтің кеңесі негізінде дұрыс стратегиялармен Л. білім алуда оң нәтиже 
көрсете бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет