Қорқыт
VIII-IX ғ.ғ.
Қорқыт ата кітабы
Өмір, теңдік, қайырымдылық,
имандылық,өмірсүйгіштік
Әл-Фараби
IX-X ғ.ғ.
Философиялық
трактаттар
Даналық, ізгілік, пайымдағыштық,
парасаттылық
Баласағұн
XI ғ.ғ.
«Құтты білік»
Өмір, Отбасы, Тектілік, имандылық,
парасаттылық, қанағат, әділдік, ақыл мен білім,
өнер т.б
М.Қашқари
XI ғ.
«Диуани лұғати-ат-түрк» Ізгілік, достық, жолдастық
А.Йассауи
XII ғ.
«Диуани хикмет»
Адамилық, имандылық, тәубешілдік, ар, ұят
Асан Қайғы
XV ғ.
Толғау, терме, шешендік
сөздері
Жер- ұйық, әділдік, туысқандық
Асан қайғы шығармашылығының негізгі идеясы жөнінде әдебиеттанушы
Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы»[96, 17 б.] атты еңбегінде «Оның
жырларының негізгі идеясы – қазақ халқының бірлігі екендігін, Асан қайғы фи-
лософиясының мән-мағынасы – халықтың мұңы мен мұқтажында жатқандығын
айтып өтеді. Оның Асан атына «қайғы» сөзінің жалғануы да осы тұста жатыр»
деген көзқарасын білдіреді. Ал ғалым Бауыржан Омарұлы «Зар заман
поэзиясы» еңбегінде: «Санамызға әбден сіңісті болған мағына тұрғысынан кел-
сек, ойшылдың өлең-толғауларының мазмұндық сипаты «Асан Қайғы» ұғымы-
мен үндес. Бұл қайғы қара бастың қайғысы емес, елдің қамын ойлап, келешегі-
72
не алаңдаудың қайғысы. Күмән мен күдікті, зар мен мұңды, шемен мен шерді
тұтастандырып тұрған қайғы» [97, 79 б.], - деген баға береді.
Сонау түркілік кезеңнен одан кейінгі қазақтық тарихи кезеңдерінің(қазақ
хандығы) тұлғалары – Асан қайғы, Бұқар жырау т.б., «Зар-заман» дәуірінің
ақындары – Дулаттың, Шортанбайдың, Мұраттың философиялық көзқарастары
– Шығыс халықтарының рухани мәдениеті мен ұлттық танымдық ойларымен
терең үндестік бар. Ол дәстүрді қазақтың ұлы ойшыл-философтары Абай мен
Шәкәрім өздерінің діни-эстетикалық, гуманистік идеяларға, ұлтты біріктіру
идеясына толы өлеңдері мен аңыздық қисса-дастандарында жалғастырып,
қолданды. Шәкәрімтанушы Балтабай Әбдіғазиұлының: «Лирик Шәкәрім өзінің
жүрек қылын шерткен кез келген құбылысты жырлай отырып, одан
философиялық түйін жасауға аса шебер»[98, 87 б.], - деген пікірі сөзімізге
дәлел болса керек. Жас ұрпақ бойында өз еліне, жеріне, туған ортасына деген
сүйіс-пеншілік, ұлттық мәдениеттің тұлға бойында қалыптасу барысы ХІХ
ғасырдың көрнекті тұлғалары, ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
еңбектерінен, сондай-ақ, XX ғасырдың бірінші жартысындағы Абай мен
Шәкәрімнің шығармашыл ізбасарлары педагог-ағартушылар М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтың рухани мұраларында жалғасын
тапты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Т. Ғабитов, Б. Ерасов, Ғ. Есім, Д. Кішібеков, Қ.
Әбішев, С. Нұрмұратов т.б. сынды философтар мен мәдениеттанушылар
патриоттық тәрбиенің негізі, құндылықтардың әлеуметтік-философиялық мәнін
айқындауға мән береді. Эстетикалық тәрбие, қазақ халқының ұлттық тәлім-
тәрбиесіне педагогикалық көзқарас тұрғысынан зерттеу жүргізген С.А.
Ұзақбаева[99], Қ.Б. Жарықбаев[100], С.К. Қалиев[101], К.Ж. Қожахметова[102],
К.Оразбекова[103], Ш.И.Джанзакова[104] және т.б. құндылық ұғымын тәрбиеге
қатысты қарастырады. Олар ұрпақ тәрбиесінде құндылық қазынасына көңіл
аудара отырып, адамгершілік құндылықтардың ғылыми тұрғыдан дәлелденіп,
өмірге енуіне үлес қосты. Аталған ғалымдардың ішінде Қ.Жарықбаев
құндылық мәселесін ұлттық психология тұрғысынан қарастырады. Ғалымның
тұжырымдауынша құндылық тұлға іс-әрекетінің барлық түрінде маңыздылығы,
пайдалылығы, қажеттілігі арқылы көрініп отырады да іс-әрекетін, мақсат-
мұраттарын, себеп-салдарын анықтап, олардың іске асуына ықпал етеді және
жеке тұлғаны қалыптастыруға тигізетін әсері де мол болады деген ой айтады.
Қазақ энциклопедиясында «құндылық» объектінің жағымды немесе
жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым деген анықтама
берілген [105, 124 б.]. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр
түрлі көріністеріне жататын табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін
бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді
этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық объектінің адам
үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылықтар өмірге,
еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне т.б. баға беру қатынасынан
тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар
мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады, реттейді.
73
Философиялық сөздікте: «құндылық» - бұл танымның, белгілі бір
объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылыққа
ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон
қызметін атқарады» - деген анықтама беріледі [106, 156 б.].
Құндылықтар хақындағы жаңа зерттеулерге көз салғанда, оның
(құндылықтар) – қоғамның ілгері жылжуының алғышарты, мәдениеттің
іргетасы һәм саяси-экономикалық тұрақтылыққа кепіл болушы басты фактор-
лардың бірі екендігіне көз жеткіземіз. Мәселен «Қазіргі қазақ прозасындағы
жалпыадамдық құндылықтар» тақырыбында зерттеу жүргізген Нұрбол
Құдайбергенов былай дейді: «Құндылық – гуманитарлық ғылым салаларының
ортақ нысаны. Оның табиғатын терең танып білу үшін пәлсапа, психология,
әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, антропология, этнография т.б. сынды
ғылымдардың құндылықтарға деген қатынасын зерделеу керек. Өйткені атал-
мыш салалардың бәрі өзара тығыз байланысты әрі құндылықтарды әр қырынан
танып білуге мүмкіндік береді. Екі мыңыншы жылдарға дейін Қазақстанда
құндылықтар жүйесін, негізінен, философия ғылымының өкілдері зерттеп
келді. Өйткені құндылықтардың табиғатын танып, өзіне тән ерекшеліктерін
ашумен айналысатын аксиология философия ғылымының ажырамас бөлшегі
саналады. Тарихтың қай кезеңінде де құндылықтар жөніндегі пайымдаулардың
ойшылдар тарапынан айтылып келгенін ескерсек, бұл құбылысты заңдылық
деп қабылдар едік. Құндылықтар жүйесі жөніндегі пікірлердің қайнар бастауы
ежелгі дәуірлерде жатқанын атап өткен жөн. Ежелгі Антикалық философияда
да, көне Шығыс философиясында да сұлулық, қайырымдылық, жақсылық пен
жамандық, әділет, ақиқат, әсемдік сынды ұғымдар туралы әртүрлі
көзқарастардың болғаны белгілі[107, 10 б.].
Құндылықтарға мән берудің маңызы туралы зерттеген, қазақтың ұлттық
ой-санасына зер салған ғалым А.Қасабек «Ұлттық руханияттың құндылық
болмысы» атты мақаласында: «Әлемдегі халықтардың, ұлттардың, нәсілдердің
бәріне тән жалпыадамдық құндылықтарымен қатар, әр халықтың өзіне тән та-
рихи қалыптасқан рухани, мәдени байлықтарын, адамгершілік қасиеттерін,
яғни өзіндік құндылықтарды жандандыру, солардың негізінде жаңа белеске
көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Сондықтан да белгілі бір жағдайға
байланысты қазақ халқының тоқыраған философиялық және тарихи
құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мәнін айқындау, жалпыадамдық
өркениет аясындағы даму бағыттарын зерделеу – қоғамдық ғылымдардың ал-
дында тұрған басты мәселелердің бірі» [108, 115 б.], - деген ой айтады.
Ал философ ғалым Т.Қ. Ғабитов [109, 291 б.] «құндылықтар – қасиеттер»
дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің әдебиеттік
оқыту арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрып-
тары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше
бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір
эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызатындығын айта келе,
мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік,
отбасы, қарым-қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет
74
мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен
салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны
құрайтындығын айтады.
Білім беру мен білім берудегі құндылық ұғымдары білім беру
философиясымен тікелей байланысты. Философияны зерттеуші ғалымдардың
кейбірі құндылықтар туралы алғашқы түсінікті ежелгі грек ғалымы Сократтан
бастайды. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» болса, ал әлемнің
бірінші ұстазы – Аристотель үшін «игілік», «жақсылық» ұғымдарын және адам
бойындағы жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде
қолданған екен. «Құбылысты және затты жағымды бағалау адам үшін құнды
игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір
жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-
адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің
пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық
зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы
рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда
бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - деген пікірді алға тартады философ
ғалым Нұрышева Г.Ж. [110, 117 б.].
Қазақтың философиялық ой дамуының тұтастай картинасын бүгінгі қоғам
болмысы мен қазіргі құндылықтықтар тұрғысынан қарастырып, қайта қалып-
тастыру, зерттеу – бұл бүгінгі гуманитарлық, педагогикалық ғылымдардың
негізгі зерттеу обьектісі болып табылатын философиялық танымның жаңа
арнасы сияқты. Әрине оны әртүрлі тарихи кезеңдердегі қазақ ойшылдарының
философиялық дүниетанымын тарихи-мәдени және рухани аядан оқшау қарас-
тыруға болмайды. Соңғы жиырма жылда қорғалып, зерттеліп жатқан ғылыми
жұмыстарда, әсіресе педагогикалық бағыт бойынша білім берудің филосо-
фиясына ерекше мән беріліп жүр.
Білім философиясы – жалпы философияның бір бөлігі. Ол философияның
өзегін құрайтын «адам-әлем қарым-қатынасын» білім алу, білім беру, басқаша
айтқанда, адам капиталының қалыптасу тұғырнамасы тұрғысынан қарас-
тырады. Философияның бүкіл тарихында білімнің сипаты, білім мен сенім, бі-
лім мен адамгершілік, білім мен іскерлік сияқты мәселелер жан-жақты қа-
растырылып келеді. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде
бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздер – білім берудің
технологияларының өзгеруі, ақпарат көлемінің өсуі және қоғамда туындаған
қайшылықтар, білімнен туындаған мәселелердің тереңдеуі.
Философ ғалым Ж.Қ. Мадалиева «Қазіргі заманғы білім беру
философиясы: мақсаттары, міндеттері, функциялары» атты мақаласында:
«Білім беру философиясы адамның мәдени ортада жан-жақты, рухани дамуы
қалай жүзеге асады және бұл үдеріске білім беру жүйесі қалай ықпал етеді және
қайтіп әсер ету керек деген мәселелерді қарастырады. Басқаша айтсақ, білім
беру философиясы білім беру үдерісіндегі барлық құбылыстардың мәні мен
табиғатын қарастырады. Мысалы, білім беру үдерісі қалай жүзеге асады, неден
75
басталады, қандай кезеңдерден тұрады, олардың арасындағы өзара байланыс
қандай, яғни білім беру логикасы неде деген сұраққа жауап береді. Сонымен
қатар, білім беру үдерісіне қатысушылардың тәлім-тәртібі қандай немесе
қандай болуы керек деген мәселені білім беру этикасы шеңберінде
қарастыратынын көруге болады. Білім алушы мен білім берушінің, мектепте
оқушы мен мұғалімнің, жоғары оқу орнындағы студент пен оқытушының
міндеттері, еркіндіктері, жауапкершіліктері мәселелері де білім беру
философиясының назарындағы мәселелер жиынтығы болып табылады.
Сонымен бірге, білім беру аксиологиясы, білім беру әдіснамасы, білім беру
идеологиясы да білім беру философиясы қарастыратын мәселелер қатарына
жатады[111],-деп жазады. Жоғарыда білім беру философиясы философия
ғылымының жеке зерттеу саласы болып бөлінгенін туралы айтқан едік. Аталған
мақалада автор ол мәселені бірнеше себептерге байланысты бөліп қарастырады:
1) білім беру үдерісінің қоғамдық өмірдің жеке, дербес саласына айналуы;
2) білім беру институттарының көптүрлі болуы, көбеюі (мысалы, қазақ
даласындағы білім беру институттарын, яғни мекемелерін қарасақ, Октябрь
революциясына дейін тек ауыл молдасының мектебі, медреселер және біраз
ғана орыс тілінде білім беретін мектептер болғанын білеміз. Ал Кеңестер Одағы
кезінде қазақ, орыс тілдерінде білім беретін мектептер жаппай ашылып,
сонымен қатар ущилищелер, техникумдар, жоғары оқу орындары –институттар
мен университеттер ашылған болатын. Олардың барлығы мемлекеттік еді. Ал
енді тәуелсіздік алғалы жеке меншік білім беру ошақтары пайда бола бастады.
Олар мектептер, колледждер, университеттер);
3) білім берудің мақсаттары мен идеалдарын әртүрлі түсіндіру. Ол
педагогикалық білімнің көп парадигмалы болуымен байланысты;
4) адамзат қоғамының постиндустриалды, ақпараттық қоғамға өтуіне
байланысты білім беру жүйесіне жаңа талаптардың қойылуы. Осылардың
барлығы білім беру философиясының жеке сала болып бөлінуіне ықпал
етті[111].
Кез келген философиялық жүйе адамзат тарихында өзінің бастауын
мифологиядан туындатады. «Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы
қазақ философиясының рөлі мен маңызы» атты ұжымдық монографияда:
«Мифология дүниетанымның алғашқы тарихи қалыптасқан тұтас жүйесі
болып табылады. Мифтер Ежелгі әлемнің барлық мәдени аймақтарында
кездеседі. Мифология – қоғамдық сананың жүйеленген, әмбебап формасы
және алғашқы қоғамның әлемді игерудегі рухани-тәжірибелік тәсілі. Бұл –
адамдардың дүниетанымдық мәселесіне, олардың әлемді түсінуі мен өзін-
өзі анықтауындағы қажеттілігін қанағаттандыруға берілген алғашқы тарихи
әрекеті. Қарапайым сана бойынша миф дегеніміз – бұл ертегі, сағым, бірақ
ХХ ғасырдың ортасынан бастап академиялық ғылым миф ешқандай ойдан
шығарылмаған, ол да басқа қоғам өмірін құрушы шындық деген түсінікке
келді. Грек тілінен аударғанда «миф» аңыз әңгіме дегенді білдіреді және
оның осы ұғымы бүгінге дейін сақталып қалды. Ол дүниетанымдық
ойлаудың да, тарихи ойлаудың да бастапқы бейнесі ретінде көрінеді.
76
Мифология белгілі бір әлеуметтік-этностық топтың белгілі бір дәстүрін,
нанымсенім жүйесін береді»,-дейді[112, 62 б.]. Ал академик А. Лосев мифті
жоғарғы ақиқат деп таныған. Ол мифологияны дін мен діни санадан тыс
қарастырып: «Миф алғашқы дәуірмен де, кейінгі уақыттармен де байланысты
болғанымен діни сенімге ешқандай қатысы жоқ» [113],- деп айтқан.
Философтың көзқарасы бойынша миф ұғымы алты бөлікке бөлінеді:
1. Миф ойдан шығарылған, фантастика емес, логикалық, ең алдымен
диалектикалық сана мен болмыстың қажетті категориясы.
2. Миф мінсіз болмыс емес, өмірде сезілетін және тудыратын заттық
ақиқат.
3. Миф ғылыми, қарапайым-ғылыми емес құрылым, өзіндік, ғылымнан
тыс, таза мифтік ақиқаты, нақтылығы, түбегейлі заңдылығы мен құрылымы бар
субъектілі-объектілі өзарабайланыс.
4. Миф метафизикалық құрылым емес, иерархиялықтың, жатсынудың
түрлі дәрежесін өзіне сақтаған, нақтылық пен сезімді тудыратын ақиқат.
5. Миф үлгі де, тұспалдау да емес, бірақ нышан, онда үлгілік, тұспалдық
және өмірлік-нышандық қабаттар бар.
6. Миф поэтикалық шығарма емес, бірақ берік, тығыз байланыста біріккен
ортаға адам субъектісімен интуициялық-түйсікті және қарапайым-биологиялық
өзарақатынаста оқшауланған және дерексіз заттарды көрсету[113, 243 б.].
Өзінің рухани тарихында мифологиялық кезеңнен өтпеген халық жоқ.
Қазақ халқының мифологиясының тарихы, мифологиялық мұрасы өзінің
бастауын көне түркілер дүниетанымынан алады. Түркі кезеңінен келе жатқан
ертегі, жыр-аңыздарда өзіндік ерекшелік бар. Көне түркілердің діни-мифо-
логиялық тағылымдарында, Орхон руникалық жазбаларының мән-мәтінінде
Тәңір, Ұмай және Жер-Су наным-сенім ұғымдары берілген. Олар (Ежелгі
түркілер) әлемді «Жоғары», «Орта» және «Төменгі» деп үшке бөліп қарастыр-
ған. Мәселен, Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантео-
нының құдайы деп есептеген. Ескі түсінік бойынша Көк Тәңірі басқа
құдайлармен бірлесе отырып, адамдардың тағдырын билейді. Тәңір қағандарға
билік пен даналықты сыйлайтынына сенген. Ұмай ананы Жоғары әлемнің бір
құдайы, оны адамзат баласына өмір сыйлаушы ретінде қабылдаған. Ал Орта
әлемде «Жер-Суды» киелі санаған.
Мифте әртүрлі уақытты әр халықтың бейсаналық құрылымы мен, тотемдік
ойлау логикасымен анықталатын белгілі бір жалпыға ортақтық бар. Солай
болса да әр мәдениет өз бірегейлігінің мөлшерінде болмыстың мәңгілік
мәселелерін ерекше көрсете отырып, өз мифін тудырады. Мифсіз қандай
мәдениет болса да өзінің табиғи күшінің шығармашылық сипатын жоғалтады:
тек жекелеген мифтермен ғана олардың ой-өрісі қандай да бір тұтас мәдени
қозғалыспен тұйықталады(Ф.Ницще).
Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Миф дегеніміз – ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық
таңба да, діни сенім де емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның
уақыты. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен
77
дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен
табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен
бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырлас
болуды талап етті. Скиф-сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян
бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар,
табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер т.б. Әлемдік мифология үш
сипатта көрінеді: бірінші – алғашқы қауымда пайда болған рухтық мифтер.
Олар жер бетіндегі әр алуан объектілердің, өсімдіктердің, жануарлардың, тіпті
адамдардың пайда болу тарихы мен жекелеген аспан шырақтары жайында
баяндайды. Екінші – құлиеленуші мемлекеттер тұсында туып, қалыптасқан
мифтер. Мұнда екі үдеріс орын алады: бұрынғы мифтер өңделеді, әрі жаңа
мифтер туады. Үшіншісі – феодалдық мемлекет кезінде қалыптасып, дамыған
бірқұдайлық мифология. Мұнда алғашқы қауымдағы рухтық мифология да,
құлиеленуші мемлекет тұсындағы көпқұдайлық мифология да қайта қаралып,
рухтар мен көп құдайлардың орнын енді әлемді бір өзі жаратып, бір өзі
басқаратын жалғыз Құдай иемденеді, бұрындағы рухтар мен құдайлардың
барлық қасиеті жалғыз ғана Құдайдың бойына жинақталады. Сөйтіп,
бірқұдайлық мифология адамзат қоғамының дамуындағы жаңа белес болып,
жаңа дәуір пайда болғанын айғақтайды.
Бұл үш сипатты мифологияның үшеуінде де көрініс беретін бір тақырып
бар, ол – дүниенің жаратылуы мен күйреуі, яғни топан су мен одан кейінгі
тіршілік туралы баяндайтын миф. Осы алуандас мифтерді зерттеу арқылы
әлемдік мифологияның жалпы даму жолдары, оның жалпы-адамзаттық
(типологиялық) және ұлттық сипаттарын айқындауға болады. Топан су туралы
мифтерде дүниенің қирауы мен ақырзаман жайында баяндалады. Бұлар –
эсхаталогиялық мифтер. Олардың қарапайым үлгілері сонау алғашқы қауымда
пайда болған және космогониялық сипаттағы миф-термен араласып жүрген.
Исламға дейінгі түркілік дүниетанымдағы әлемнің мифологиялық
суреттемелерінің рәміздік негіздері енді ғана зерттеліп келе жатқан мәселе.
Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихи сана мен дүниетанымды еркін
зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл мәселенің қазіргі руханият үшін де маңызы зор.
Абайдың сөзімен айтқанда «дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп,
ең болмаса білмесе, адамдықтың орны болмайды».
Мифте әрдайым өткен тарих айтылады, бірақ ол бүгінгі өмірдің мәнін
түсіндіруге, сол арқылы болашақ нәтижені пайымдауға арналады. Сол себептен
мифте өткен шақ, осы шақ, болашақ – үшеуі тоғысып тұрады. Бұл жанр әсіре
түсіндірмелі, себебі ол байырғы замандарда (мифтік дәуірде) бабалар орнатқан
реттілік пен тәртіпті, үйлесім мен үлгілерді қорғаушы әрі орнықтырушы. Оның
мәтіндері осы құндылықтарды растай- ды, куәлендіреді, сендіреді, сол мақсатта
түсіндіреді, демек, мифтің этиологиялық болуы содан. «Миф» – деп жазады
А.Қасымжанов «Рухани тамырлар» еңбегінде, – «алғашқы қауым адамына тән
ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен қазіргі ғылымның,
дін мен моральдың, рационалды әсердің белгілері бар. Миф алғашқы адамның
тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады» [44, 76 б.].
78
Қазақ
философиясының
және
дүниетанымының
қалыптасуына
мифологиялық
(қиял-ғажайып)
ертегілер,
хайуанаттар
(жан-жануар)
жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері
болды. Қазақ мифтерінің тағы бір ең байырғы түрлерінің бірі – жан-
жануарлардың, өсімдіктердің қалай пайда болғандығы туралы айтылатын
түрлері. Бұлардың дені адамдарға да қатысты. Әсіресе, бір кездегі адамдардың
жан-жануарларға, жәндіктерге, құстарға немесе олардың керісінше адамға
айналғандығы жайында мифтер өзінің қарабайырлығымен ғана емес,
логикалық-құрылымдық жүйесінің де біртектестігімен де ерекшеленеді.
«Халықтың байырғы тұрмыс-тіршілігіне тән, этнографиясы мен ұлттық өмір
сүру ерекшеліктеріне сәйкес, әбден орныққан, қалыптасқан фольклорлық
этнографиялық заңдылықтар мен ұғым-түсініктердің, ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерге қатысты қағида, ережелердің қатаң сақталуын және сонымен бірге
көшпелі тұрмысқа тән көркем детальдардың орнымен қолданылуын айтуға
болады» [114, 109 б.].
Қазақ ертегілеріндегі қиял-ғажайып ерекшелік ондағы фантастика арқылы
өріледі, яғни, фантастика – қиял-ғажайып ертегілердің жаны. Халық
ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер қолданылған. 1)
Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру; 2) Әсірелеу. Алғашқы қоғам адамдарының
ұғымынша табиғат дүниесіндегі барлық заттардың рухы бар, сол рухтар бейне
адам баласы секілді ой-сезімге, түйсікке ие. Ертегілердегі жердің жарылып
немесе бас кейіпкердің жер астына түсіп(Ер Төстік ертегісі), қатерден құтылуы,
сиқырлы сулардың адам баласын әр қилы хайуанға айналдыруы, жануарлардың
адам баласына қамқорлық жасауы, сол сияқты адамға серік болуы, әруақтардың
тірі адамдармен қарым-қатынас жасауы, балгерлердің болжам айтуының нақты
өмірде іске асуы, адамды хайуанға айналдыру секілді әрекеттердің бәрі
таңғажайып фантастика. Мұның бәрі ертедегі адамдардың жерге, суға, тауға,
ағашқа, жануарларға және ата-бабалар рухына сыйынатын көзқарастары.
Сонымен, фольклорлық – мифологиялық желілер халықтың рухани әлемін
танытып, жалпы адамзаттың дүниетанымының кең шеңбердегі ауқымының
көрінісі ретінде ұрпақ санасына орнығып отырды. Фольклорды халықтың рухы
деп танитын болсақ, біз айтып отырған мифология – сол халық рухының
тынысы. Фольклор жанрларының бәрі дерлік мифтік ұғымдарды өз бойына
сіңіріп, тұтастай халықтық танымға негізделеді. Бастапқы кезде таза түсінік
күйінде болған мифтер уақыт өте келе фольклорлық шығармаларға кіріп,
танымдық, көркемдік- идеялық мақсатқа қызмет етті.
Aңыздың тaным негізінде туындaғaн оқиғaлaр мен сол негіздегі бейнелер
aдaмзaттың эстетикaлық мұрaттaрынa қызмет етіп келе жaтқaнынa aрғы-бергі
дәуірлердегі фольклорлық мұрaлaр, aуыз әдебиетінің үлгілері, қaзіргі көркем
әдебиет туындылaры мысaл болa aлaды. Әлем әдебиетіндегі клaссикaлық
дәуірден бaстaлып, бүгінгі постмодернистік әдебиетке дейін жaлғaсқaн,
жaңaшыл әдебиетте жaңaшa жaңaрғaн мифтік дүниетaным сaн aлуaн
бейнелілікті, көркемдік қaлыптaрды түзіп, өзінің мүмкіндігін тaнытудa. Соңғы
кездері ұлттық әдебиетіміздегі жaңa сипaтты поэзиялық, прозалық
79
туындылaрдың дерлігі осы мифопоэтикaлық пішіндерімен түрленуде. Aдaмзaт
сaнaсының терең де мәнді «қaбaты» болып сaнaлaтын aңыз өз бойынa тылсым
сырды, киелілік пен қaсиет, ең әуелі aдaм болмысы турaсындaғы мaғынaлы
ойлaрды жинaқтaсa, сол мифтік тaным aдaм aтты күрделі болмыстың «ішкі
әлемін» бейнелеуде де мaңызды көркемдік тәсілге aйнaлды. Мәселен, тaрихтың
aлыс қойнaулaрындa қaлыптaсқан Көк бөрі турaлы aңыздaр, сондaй-aқ көркем
шығaрмaлaрдa бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері сaнaлaды.
Дәстүрлі қaзaқ мәдениетінде тотемдік ұғымдaр (Самұрық, Көк бөрі, Бәйтерек
т.б.) сaқтaлғaнымен, олaрдың нaқтылы көріністері шығармада өзгертіліп
суреттелді. Мифтік уaқытты бaсқa типтер aуыстырғaн соң дa тотемдік
түсініктер хaлық жaдындa aрхетиптік қызметін aтқaрып, бaсқa рәміздер мен
тaңбaлaрғa aйнaлды. Нақтырақ айтқанда жaугершілік және бостaндық үшін
күрес зaмaнындa Көкбөрі қaйсaрлыққa шaқырғaн рәміздік рөл aтқaрды.
Жоғары мектепте «қазақ тілі мен әдебиеті», «филология» мамандығының
білімалушыларына мифтік сарындағы повестерді оқыту арқылы киелі ұғымдар,
сакральды дүниетаным, ұлттық код, сөздің киесі т.б. мәселелерге назарын
аударта аламыз. Олардың жан-дүниесіне білім мен тәрбиенің бүкіл даму
тарихында оған белгілі бір философиялық ой-пікірлер мен тұжырымдар тікелей
әсер ететіні анық. Мәселен философия пайда болғаннан бері дүниенің
жаратылуы, ондағы адамның орны, оның әлемді танып-білуі ең басты мәселе
болды. Бұл ақпараттар да білімалушыларды қай кезде қызықтырары сөзсіз.
«Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық
әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, көркем мәдени түйсік және тәрбие, оның
негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сөйлеудің мәдениеті қалыптасады.
Әдеби білімнің мазмұнының негізі көркем мәтіндерді әдеби, этико-
философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және зерттеу
болып саналады»,-дейді ғалым Б. Жұмақаева[1145, 6 б.].
Бүгінгі педагог ғалымдар мен философтар білім беру саласында жаңа
оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі
дүниетанымдық
ұстанымдарды
қайта
қарау,
рухани-адамгершілік
құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде. Әлемдегі өркениет пен
ғаламдану үрдісіндегі мәдениетті игеру, әлемдік білім кеңістігіне ену, терең де
сапалы білім беру, жан-жақты дамыған дара тұлға дайындау – қазіргі өзекті
мәселе айналғаны анық.
Қазіргі заман талабынан туындайтын мәселелердің бірі – жас ұрпақты
жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде
қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру,
әлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, әдебиет
пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дәстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды
ажырата білуге тәрбиелеу. Олай болса, ата- бабаларымыздың салт-дәстүрлерін,
әдет- ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып,
парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат eтіп тәрбиелеп өсіру баршаның
міндеті.
80
Әсіресе гуманитарлық ғылым саласында ұлттық идея, ұлттық
мемлекеттілікті нығайту және дамыту мәселелерін кең түрде зерттеу қолға
алынып отыр. Бұл мәселе белгілі саясаттанушылардың, тарихшылардың,
мәдениеттанушылардың,
философтардың,
журналистердің
еңбектерінде
назарға алына бастады. Бүгінгі әдебиеттану ғылымында да бұл тақырыпты
түйсінуге үлкен мән беріліп келеді. Құқықтық мемлекет қалыптастыру, ел
тұрақтылығын нығайту мен дамытуды қамтамасыз етуде, адамзаттың болаша-
ғын ойлауда ұлттық идея мәселесінің өзектілігі анық сезілуде.
Осы тұрғыдан алғанда жоғары мектепте хaлық мәдени ескерткіштерін
(мұраларын) студенттерге оқыту арқылы хaлқымыздың тaнымдық, әлеуметтік
сaяси, aдaмгершілік тәрбие және дүниеге көзқaрaс ерекшеліктерін таныта
түсеріміз анық. Яғни, қазақ әдебиетіндегі мифтің мән-мағынасын ашу арқылы
ата - бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы,
мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып - білуімізге болады.
Олардың білімнің, ғылымның, мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген
уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды
оқып, шығарма бойындағы «мифтер тамырына» терең бойлап қана көз
жеткіземіз. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіндегі ертегі-жыр, аңыздарда
кездесетін фольклорлық үлгілерді көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби
әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін
ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік
құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік беруде. Сол себепті біз үшін
әдебиеттегі «көркемдік таным» жетістіктерін осы миф, аңыздардан қарастыру
өзекті мәселе. Ол үшін ең алдымен миф туралы түсінікті қалыптастырып, оның
танымдық ерекшеліктеріне, фольклор мен мифтің арақтынасына мән беру аса
маңызды дүние болса керек. Бұл айтылған мәселе өз кезегінде «Мәңгілік ел»
идеясында да көрініс берері анық.
Миф – дүниетанымдық феномен. Философияның өзі мифтің негізінде
қалыптасқанын ғалымдар тарапынан толық зерттеліп, дәлелденді деуге негіз
бар. Грек мифологиясы антикалық философияның негізгі іргетасы – фунда-
менті болса, қазақ мифологиясы да қазақ философиясы үшін соншалықты
маңызды, мәнді, тағылымды дүние.
2.2
Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың
психологиялық мәселелері
Педагогика, философия, психология т.б. ғылым салаларының зерттейтін
нысандарының негізгі мәселесі – адамтану екендігі белгілі. Әр ғылым саласы
оны өз бағыты бойынша қарастырары анық. Соның ішінде психология -
адамның (тұлғаның) психикасын, өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-
физиологиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға жатады. Психология ерте
заманнан бері келе жатқан ғылым, ғалымдар мұның даму тарихына екі жарым
мыңдай жылдай болды деп есептейді. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі
Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім»,
81
«ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің
субьективті бейнесі.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез,
т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін
ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Энциклопедиялық сөздікте «Психологияда тұлға өзінің өмір жолын
белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшеліктерін сезінетін субьект. Тұлға
адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену
үшін өз «менін» өзге «меннен» ажыратып, есейіп өз бетінше дербес әрекет ету
мүмкіндігін ашуы керек. Яғни белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті
білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп
атайды. Тұлға бойындағы адамгершілік қасиеттің көрінісі ар-ұятқа кір
келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады»,-деп көрсетілген[116,
525 б.].
Ал оқыту психологиясы-педагогикалық психологияның ең дамыған және
әлі де қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Бұл саланың негізгі
міндеті– педагогикалық психологияның бөлігі ретінде, адамның білім, білік
және дағдыларды игеру процесінің механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу.
Нақтырақ айтқанда, білім алушыға берілетін ақпарат қалай игеріледі және ол
білім – жалпы білімге қалай айналады? Жеке адамның дағдылары қалай
қалыптасып дамиды? Осы сұрақтар білім беру практикасы үшін қай кезде де
маңызды және оқыту психологиясымен арнайы зерттеледі. Жантану
атауларының түсіндірме сөздігінде: «Психологияны оқытудың тиімділігі
негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен
тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-
әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі
дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші
болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды,
баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың
психологиялық
заңдылықтарын,
оқыту
тиімділігінің
психологиялық-
педагогикалық өлшемдерін зерттейді[117] деп анықтама берген.
Педагогикалық психология басқа ғылым салаларымен бірнеше негізде
байланысады. Ең алдымен, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында
орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.
Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру
процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені
беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік
білімдердің
таңбалық,
тілдік
формада
шоғырландырылғанына
байланысты.Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге
үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам
болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология,
философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен үздіксіз
82
байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология – жалпы
психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің
негізінде, яғни психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық
және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы
жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагоги-
калық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды
психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік
психологиямен байланысты.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәніне кеңірек түсінік бергенде
(оған оқушының оқу қызметі, педагогтың педагогикалық қызметінің бірлігі
ретінде білім беру процесі, сонымен қатар оқушы тұлғасының позитивті
дамуының психологиялық заңдылықтарын анықтау) осы ғылым саласының
құрылымы әр түрлі қырынан ұсынылуы мүмкін. Бұл позиция ғылыми білімнің
дербес саласы болса да, бастапқы белгісі бойынша «психологиялық ғылым»
болып табылатын педагогикалық ғылымның пәнін пәнаралық деп түсінумен
анықталады. Осыған сәйкес бұл пәнге тұлға, ұжым, еңбек психологиясының
көптеген
жақтары,
жас
ерекшелік
және
әлеуметтік
психология,
психофизиологияның аспектілері кіреді. Ал осы жақтар білім беру процесі мен
оның нәтижесіне қатысты қарастырылғандықтан, олар педагогикалық
психологияның пәнін құрайды. Педагогикалық психологияға осылайша түсінік
беру қазіргі заманда оның білім беру психологиясы (Psуchologу Education) деп
аталатын пәніне тән білім салаларының сан алуандылығымен немесе оқытудың
өзі білім беру және үйрету сияқты екіжақты процесс деп түсінілетін оқыту
теориясымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар педагогикалық психология
құрылымын қарастырудың ұсынылған позициясы оқыту мен тәрбие берудің
өзара байланысын біраз басқаша анықтауды қарастырады. Қазіргі заманғы
ғылым мен педагогикалық тәжірибеде оқыту деп оқушыларға алдыңғы
ұрпақтың әлеуметтік мәдени тәжірибесін табыс етудің (білім, норма, іс-
әрекеттердің жинақтап қорытылған тәсілдері және т.б.) белсенді, мақсатты
бағытталған процесі және осы тәжірибені игеруді ұйымдастыру, сонымен қатар
бұл тәжірибені әртүрлі жағдайларда қолдануға мүмкіндік пен дайындықты
түсінеді. Оқыту осыған сәйкес, өз шарты ретінде осы тәжірибені игеруде
үйрету немесе оқыту процесін ұйғарады.
ХХ ғасырдан бастап әлемде білім берудің көптеген парадигмалары,
типтері және түрлері пайда болды. Дегенмен, қандай түрде болса да, жүйелі
білім алудың ең сенімді жолы оқыту процесі болып табылады. Сондықтан,
оқыту білім беруді ұйымдастырудың тәсілі болады. Оқытудың кез келген түрі
немесе типі «оқыту-оқу» жүйесі бойынша анықталады. Олай болса, оқыту –
педагог пен білім алушылардың өзара әрекеттестігі белсенді түрде жүзеге
асырылатын процесс. Сондықтан, оқыту ұрпақтың алдыңғы тәжірибені
меңгеруіне бағытталған әлеуметтік жүйе ретінде сипатталады. Оқытудың
психология жақтары ерекше іс-әрекет ретіндегі оқу құрылымы; оқудың
тектіктері; педагог пен білім алушылардың психологиялық ерекшеліктері;
оқытудың басты әдістері, тәсілдері және формалары арқылы көрінеді. Оларға:
83
- Оқыту пәні;
- білім алушы –оқыту процесіндегі субьект;
- оқытудың тәсілдері, құралдары;
- педагог – оқыту процесіндегі субьект т.б. жатады.
Оқытудың бұл құраушылары бір-бірімен тығыз әрі үйлесімді байланыста
болуы керек. Тек сонда ғана оқыту жүйе ретінде тиімді жүзеге асырылады. Осы
орайда оқыту процесін ұйымдастыру үшін екі бағытты қамтитын мәселеге
ерекше мән берілу керек:
Достарыңызбен бөлісу: |