Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
dis

Ақпарат беру; 
білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
оқу процесіндегі қиындықтарды жеңуге көмек беру; 
білім алушылардың қызығушылығын, дербестігін және шығармашы-
лығын арттыру; 
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. 
Оқытудың сапалы болуы үш модельдің 1) оқыту мақсат-міндеттерінің 
(оқыту не үшін қажет?); 2) оқыту мазмұнының (нені оқыту керек?); 3) оқыту 
процесінің (қалай оқыту керек?) негізделу дәрежесіне байланысты. Сондықтан, 
жоғары мектептегі оқыту мақсаты әрбір болашақ маманның оқу әрекетін тиім-
ді, табысты деңгейде ұйымдастыру болып табылады[121,179 б.]. 
Психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский оқыту 
мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік бірнеше тәсілдерін 
ұсынады: біріншіден, оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; 
екіншіден, оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда 
болатын мүмкіндіктерді пайдаланады; үшіншіден, оқыту мен даму екі түрлі 
салыстырмалы процесс; төртіншіден, оқыту дамудан кейін жүріп отыруы 
мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да 
мүмкін,-деген қорытынды жасайды[122]. 
Еліміздің білім беру саласында С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, 
В.И.Слободчиков сынды ғалымдар студенттердің тұлғалық сапаларын 
қалыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің 
алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы 
өз еңбектерінде қарастырады. Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі 
мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Бұл 
мәселені шешу жолдарының бірі – студенттердің теориялық білімді практикада 
еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Психология 
ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, 
білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық. 
Оқыту процесін ұйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен 
көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері 
айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің 
біріне айналып отыр. Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру және 
оларды шешудің нәтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оқу іс-
әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді 
қабылдаушылардың тұлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні және т.б. осы 
сипаттағы зерттеулер психолог ғалымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, 
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, 


86 
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, 
С.М.Жақыпов және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады. 
Қазақ ғылымында С. Ғаббасов оқыту мен тәрбиенің негізін құрайтын 
педагогика мен психология ғылымдарын бірлікте қарауды ұсынады. Өз 
зерттеуінде ғалым мынандай түйінді ой айтады: «Адам тәрбиесінде осы 
уақытқа дейін жалғасып келе жатқан сәйкессіздіктің ең тұрпайысы, бүгінге 
дейін педагогика мен психологияны біртұтас бірлікте қарамай, керісінше екі 
бөлек байланыссыз ғылымдар тәрізді болып қолданылуы болып табылады. 
Екеуінің де шыққан тегі – адам баласынан пайда болғандықтан, ендігі жерде 
педагогика мен психологияның методологиясы, жүйелері, негіздері біреу-ақ 
екенін мойындамай болмайды[123,104 б.]. 
Оқыту мен дамудың өзара байланысы оқытудың теориялық маңызды 
міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жөнінде ғалым Рубинштейн С.Л. (1889-
1960) өзінің «Жалпы психологияның негізі» еңбегінде: Адам өз біліктілігін 
көтеру үшін білім алуы керек, ол іс-әрекетке қосылған кезде ғана жетіледі. Ал 
мектеп қабырғасындағы жылдарда оқуға ерекше мән беріледі, себебі бала білім 
ала отырып дамиды. Оқудың бұл кезеңі адам қалыптасатын іс-әрекеттің негізгі 
түрі болып табылады. Ойында, оқуда, еңбекте – тұлға барлығында бірге және 
әрқайсысында өзінше туындайды және қалыптасады, - деп жазады. Өзінің 
тұлғалық принципті анықтауында Рубинштейн С.Л. психологиялық ғылымдағы 
қалыптасқан жағдайды қолданды, бірақ осы жағдайды талдауды жалпы 
философиялық бағыттағы адам және оның еңбегі, іс-әрекеті негізінен алады. 
Ғылыми іс-әрекетінің бірінші кезеңінде ол-тұлғаның дамуы мен пайда болуын, 
оның іс-әрекетін айрықша белгілейді, ал екіншісінде-тұлғаның белсенділігі 
туралы айтады [124, 162-164 б.б.]. 
Отандық ғалым Қ. Жарықбаев психологиялық еңбегінде тұлғаға мынадай 
анықтама береді: «Тұлға -1) дербес әрекет ететін субьект ретіндегі нақты жеке 
адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара 
нысаны. Тұлға – әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның 
өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан 
әлеуметтік жағдайлармен анықталады; 2) адамдар арасындағы өзінің 
ұстанымын, орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі 
ретіндегі адам. Ол қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар 
жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып 
туылмайды, әлеуметтану процесінде тұлға болып шығады»,-деп көрсетеді[125, 
309 б.]. 
Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: 
философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың 
әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты 
қарастырады. 
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке 
тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность). Адам 
деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын
дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары 


87 
қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп 
түсінеміз. 
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік 
ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды 
айтамыз. Тұлға әлемдік мәдениет үшін де, философия, психология ғылымы 
үшін де өзекті мәселе. Адамды өзінің ең негізгі зерттеу обьектісі ретінде 
қарайтын психология ғылымының тарихында – адам ұғымының ең жоғарғы 
мәні, онымен салыстырғанда нақты, мазмұнды, инттеллектуалды, рухани 
дамыған, өзіндік ойы бар, өзін бағалай білетін, этикалық және эстетикалық 
құндылықтарды бойына жинаған адам деп көрсетеді.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген: 
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы 
2. Іс-әрекет теориясы. 
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы. 
4. Үйрету теориясы 
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы. 
Философия ғылымдарының докторы А. Нысанбаев өзінің «Тәуелсіз 
Қазақстанның құндылықтар әлемі» атты еңбегінде: «Қазақ мәдениетінің өткені, 
оның терең рухани қыртыстары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың 
қайшылықтары мен келешегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейтестілігімен көзге 
түсіп, отандық философия ғылымына маңызды міндеттер жүктейді. Егер 
Батыста кәсіби формадағы университеттік философия үстемдік етсе, 
қазақтардың ұлттық дүниетанымы көркемдік және діни мәтіндердің дәстүрлі 
түрлерінде, өзіңіз айтқан ақын-жыраулардың, би-шешендердің, ағарту-
шылардың шығармашылығында басым болып келеді. Бұл қазіргі кезде еуро-
орталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ философиясының болашағы туралы 
мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың бай төлтума мәдениетін қал-пына 
келтіру, халықтың тарихын жан-жақты түсіну үшін де, оның дүниетанымдық 
негізі мен әдіснамалық құралын қалыптастыру қажет»[126,19-20 б.б.],-деп жа-
зуында үлкен мән жатқаны анық. Яғни, халықтық сана мен дәстүрді бойына 
сіңірген тұлға тәрбиелегенде ғана адамзаттың рухани биіктерге өр-леуіне ықпал 
етіп, ел болашағына еңбек ететін ұлттық тұлғаның қалыптасуына ықпал ете 
аламыз. 
Білім беру саласында бірқатар мәселелерді шешуде әдебиетті оқыту 
әдістемесі психологиямен түйіседі. Бұл байланыс екі жолмен ашылады: ол 
көркем қабылдау психологиясы және оқыту психологиясы. Осы екеуінің негі-
зінде білімалушылардың психикалық және адамгершілік дамуы, оларды тәр-
биелеу мәселелері туындайды. 
Әдебиеттің предметі адам, яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзін-
ше бір әлем, ашылмаған, зерттелмеген қазына деп санауға болады. Барлық нәр-
сенің өлшемі болып табылатын – Адам (Пратагор) болмысының табиғи, био-
логиялық, физикалық, философиялық, психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым 
саласы өз тұрғысынан зерттеп, зерделейді. Әдебиеттанушы ғалым Т. 
Рақымжанов: «Егер психологияны адамның жаны туралы ғылым десек, көркем 


88 
әдебиеттегі психологизм кейіпкердің өмірлік, қоғамдық, тұрмыстық 
құбылыстармен тамырласып, тонның ішкі бауындай жақындаса келе оның ішкі 
драмасын, ішкі қайшылығын, сезік-сезімі мен ой-толғанысын да білдіреді»,-
[127, 3б.] деп көркем прозадағы психологизмнің оқырманмен арақатынасын 
ашып көрсетеді. 
Бірқатар мәселелерді шешуде жоғары мектепте мифтік сарындағы 
повестерді оқыту психологиямен түйіседі. Бұл байланыс екі жолмен ашылады: 
ол 
көркем 
қабылдау 
психологиясы 
мен 
оқыту 
психологиясы, 
білімалушылардың психикалық және адамгершілік дамуы, оларды тәрбиелеу. 
Ал әдебиеттегі психологизм – автордың өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін 
оқырманға беруі. Өнердің басқа түрлерінде де сезім мен сезімді жеткізу 
қабілеті бар. Бірақ әдебиет өзінің бейнелілігінің арқасында адамның жан-
дүниесін бүге-шігесіне дейін бейнелеуге қабілетті. Автор кейіпкерді суреттеуге 
тырысып, оның сыртқы келбетін, бөлменің ішкі көрінісін егжей-тегжейлі 
береді. Көбінесе әдебиетте кейіпкерлердің психологиялық күйін жеткізу үшін 
пейзаж сияқты әдіс қолданылады. 
Бүгінгі әдебиеттану ғылымында прозалық шығармаларды лирикалық 
прозаның, психологиялық не философиялық прозаның үлгісі деп жіктеу, немесе 
«лирикалық роман», «лирикалық повест», кейде тіпті «лирикалық проза» деп
жалпылай атап, ат қою бар. Бұлай ат қойып, айдар тағуда да ғылыми негіздер 
жоқ емес. Ол әрине жазушының эстетикалық таным-талғамына, пайым-
парасаты мен сол көркемдік шындықты игерудегі көркемдік ізденістеріне 
тікелей қатысты дүние екені белгілі.
Көркем 
туындыдағы 
психологиялық 
талдау 
хақында 
белгілі 
әдебиеттанушы ғалым Б.Майтанов: «Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас 
болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен 
бірге психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау, жазушы талантының 
төл белгісі әрі стиль көрінісі. Әдеби туындыдан тек қана психологиялық талдау 
өнерін талап ету артық. Бірақ шығармадан адамдар психологияның шынайы 
болмысын тануға тиіспіз. Эпикалық дүниеге тән бейнелеу құрылымдарының 
бәрі дерлік – психологизмнің әрекет ету аялары» - деп пайымдайды[128, 335 б.]. 
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұхтар Әуезов: «Прозаға психология ара-
ласпаса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы», – деген бола-
тын[129, 6 б.]. Әдебиетті тек таптық тұрғыдан ғана қарайтын әрі социалистік 
реализмнің туы аспандап тұрған шақта заңғар жазушының бұлай деп пікір 
білдіруі, әрине, әдебиетке деген шын жанашырлықтан туған болуы керек. 
Дегенмен әдеби шы-ғармада психологиялық элементтер болмаса, оның құны 
кетіп, көркемдігі кеми-ді деген сөз. Жалпы, кез келген қаламгер өз әдеби 
туындысында кейіпкердің сезімдері мен оның толғаныстарын көрсетуге 
тырысады. Дегенмен адам жанының ішкі иірімдерін ашудың әдістері әркелкі 
болуы мүмкін. Жазушы кейіпкердің белгілі бір эмоциялық күйін оның туу 
себептерін сарапқа салмай-ақ ашып көрсетуі мүмкін.
Ал енді студенттерге повестерді оқыту барысында кейіпкерлер жүйесінің 
күйініші мен сүйінішін, қуанышы мен қайғысын, олардың әр кездегі сезімдік 


89 
қалып-күйін ғылыми теориялық тұрғыдан сарапқа салып, шынайы бағасын 
беру үшін оқытушы міндетті түрде психологиялық талдаудың амал-әдістеріне 
жүгінеді. Көркем шығармадағы кейіпкердің ішкі әлеміне терең бойлап, оның 
жан-жүрегіндегі тебіреністердің сырына үңілуді әдебиетте психологиялық 
талдау деп атайды. Көбінесе психологизм деп те атайды. Оның іргелі ұғым-
түсініктері мен терминдер жүйесі, жалпы методологиясы, бұған дейінгі 
дәрісімізде айтып өткеніміздей, З. Фрейд пен К. Юнг секілді көрнекті ғалым-
дардың еңбектерінде жасалған. Әрине, көркем шығарманың психологиялық 
қасиетіне үңіліп, сырын ашуға деген ұмтылыс ежелгі дәуірлерден бастап-ақ жү-
зеге асқан. Дегенмен Фрейд пен оның ізбасарларының тұлға психологиясын 
терең зерделеуінің арқасында арнайы психологизм пәні жеке-дара дамып, қа-
лыптасты. 3.Фрейд ойынша «Психологияны талдау әдебиеттің міндетіне» 
жатады. Сонымен бірге, И. Тэн, Э. Эннекен, А. Потебня, Л. Выготский, Г. 
Башлер т.б. сынды ғалымдар да әдеби мәтіннің психологиялық табиғаты тура-
лы көптеген тұщымды тұжырымдар жасағаны белгілі.
Аты аталған ғалымдардың көбі көркем туындыны «автор-шығарма» және 
«шығарма-оқырман» байланысында алып қарастырды. «Көркем ойлаудың 
психологиясын, шығармашылық үдерістің динамикасын шұқшия зерттеу 
арқылы А. Потебняның ізбасарлары «лингвистикалық поэтика» деген жаңа 
ұғым қалыптастырды, олар әдебиеттану мен лингвистиканың мәселелерін тұтас 
қарыстыруды мақсат етті. Жалпы психология мәселесімен айналысқан 
ғалымдар көркем әдебиетті зерттеуге басқа қырынан келді. Жоғарыда сөз еткен 
Л. Выготский өзінің «Өнер психологиясы» (1965) кітабында көркем өнердің 
оқырман мен көрермен психологиясына әсерін қарастырған. «Ғалым 
«обьективтік психология» мен «жаңа өнертану» бағыттарының түйісетін 
тұстарына ерекше мән береді. Әлемді билеп тұрған жалпы биологиялық 
заңдылықтарды табуға бел буады, мұндай ниет оны фрейдизмге алып келді, ол 
да фрейд сияқты бейсана психологиялық құбылыстарға әмбебап мазмұн берді. 
Л. Выготский мен жақтастары автордың психологиялық дамуын шұқшия 
тексеруге кірісті, оның болмысындағы «құпияларды» жаңа жалпы психо-
логиялық теория арқылы зерттеуге ден қойды. Психоанализ, оның пароліне 
айналған «либидо» ұғымы әдебиеттануға да әсер етті. Адамның іс-әрекетінің 
түбінде биогенетикалық заңдар жататындығын медициналық тәжірибемен 
дәлелдеу мүмкін болмағандықтан, бұл ғалымдар автордың «либидосы» мен 
оның кейіпкерлерінің «либидосының» арасындағы байланыс деңгейін зерттеуге 
ауысты»[130]. Сонымен бірге Зигмунд Фрейд негіздеп кеткен кейбір ұғым-
дарға қарсы шығып, басқа пікір білдірген неофрейдизм өкілдері болды. 
Солардың бірі - Виктор Франкл. Ғалым зерттеу еңбектерінде «логотерапия» 
мен «экзистенциалистік анализ» – табиғат және адам мәнін философиялық, 
психологиялық және медициналық тұрғыдан зерделейді. «Адамның рухани 
дүниесіндегі проблемаларға, невроздарға қатысты тың идеяларды ұсынған. 
Оның ойынша адамды өмір сүруге құштар ететін негізгі мотив – адамның Мән 
қалауы»[131]. Ол үштаған теория қалыптастырады: «Мәнге деген құштарлық 
ілімі», «Ғұмыр мәні туралы ілім», «Еркіндік еркі туралы ілім». Франклдің 


90 
ғылыми теориясына сүйене отырып Гарольд Кушнер: «Өмір дегеніңіз – бұл, 
Фрейд айтпақшы, ләззат алу емес, немесе Адлер үйреткендей билікке ұмтылу 
да емес, ең алдымен, мән іздеу. Кез келген адамның алдында тұрған ең үлкен 
міндет – өмірден мән табу»,- деген пікір айтқан[132, 7 б.]. Ал А. Адлер оның 
саналылық пен санасыздықтың аражігін ашып көрсе-туін дұрыс деп санаған 
жоқ. Ал миф пен аңызға арқа сүйеген К. Юнг ұстазының «автор-шығарма» 
деген жүйесін өзгертіп, оның орнына «автор-дәстүр», «автор-реалдылық» деген 
бірліктерін ұсынды. Жалпы, психологиялық талдау әдісі өткен ғасырдың 
еншісінде қалып қойған жоқ.
Әдебиеттегі психологизм мәселесі әдебиеттану ғылымында да жан-жақты 
қарастырылып, арнайы ғылыми зерттеудің нысанына айналып отыр. Ол үде-
рістен қазақ әдебиеттану ғылымы да сыртқары қалған емес. Соңғы ширек ға-
сырда, яғни тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымында психологизм 
мәселелері егжей-тегжейлі зерттеліп келеді. Атап айтқанда Г. Пірәлі, Б. 
Майтанов, А. Қалиева сынды әдебиеттанушы ғалымдар аталмыш пәнге 
қатысты ар-найы монографияларын, оқу құралдарын жарияласа, кейбір 
зерттеушілер бұл туралы өздерінің пікір-көзқарастарын білдірген болатын. 
Ғалымдардың бәрі де көркем шығармадағы психологиялық детальдардың 
маңыздылығына тоқталып өтеді. 
Жоғары мектепте әдеби туындыларды (әңгіме, повесть, роман), өлең-
жырларды, мәселен фольклорлық жыр үлгілерін немесе тарихи ескерткіштерді 
оқытқанда психологизм ұғымын кездестіруге болады. Сондықтан да психоло-
гизм ұғымын әдебиеттен бөліп қарай алмаймыз. Әлемде барлық ғылымдар бір-
бірімен тығыз байланыста болғанымен, психологизм әдебиет пен психология 
ғылымын жалғастырып тұрған дәнекер ұғым десек қателеспейміз. Себебі көр-
кем шығарманың негізгі объектісі де – адам. Адамның қайғырғаны, күлгені, 
күйіп-піскені, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы бәрі де көркем шығармада ап-айқын 
беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, сол көркем шығарманы оқып 
отырған оқырман кейіпкерді тани алмайды, оны сезіне алмайды, себебі 
оқырман көркем шығарманы оқып жатып, кейіпкер қуанса – қуанады, қайғырса 
– қайғырады. 
Мифтік сарындағы повестерді оқыту барысында психологиялық штрихтар 
әр шығармада әрқалай көріне беруі мүмкін. Ол кейде жазушының таланты мен 
талабына тәуелді жайт болса, кейде шығармадағы идеялық бағдарға да қатысты 
боп келеді. Мәселен Оралханның «Қар қызы» повесі мен Адам Мекебаевтың 
«Жезтырнақ» повесінде екі түрлі кейіпкердің жан-дүниесі суреттеледі. Деген-
мен, психологиялық талдаулар жасап, кейіпкердің ішкі жан-дүниесін жан-
жақты ашып, терең қаузау кез келген қаламгердің қолынан келе бермейтін 
күрделі де күрмеулі мәселе дер едік. Көркем әдебиеттің эстетикалық бояуын 
көбейтіп, әсерін арттыру үшін міндетті түрде психологиялық элементтер қажет 
болады. Оның үстіне, әдебиетте мінездеу, жинақтау ұғымдары бар екенін еске-
руіміз керек. Мінездеу – даралыққа алып келеді, яғни кейіпкердің жеке тұлға-
сын танып, оның жан сырына қанығу үшін де психологизмнің мүмкіндіктерін 


91 
пайдалану керек болады. Осы арқылы жазушы кейіпкердің санасы мен көңі-
ліндегі сан түрлі қақтығыстарды суреттеп береді.
Қазақ прозасындағы психолизмнің табиғатын зерттеген профессор Г. 
Пірәлі оның ең басты үш ерекшелігін атап өткен болатын: «Біріншіден, психо-
логиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген 
мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, 
мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы 
кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі 
тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық 
оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалы өзгеріс, рухани 
қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Үшіншіден, 
психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, 
көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім 
қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік 
жүйеде саралайды»[133, 10 б.].
Бұл жерде ғалым өте орынды пікір айтып отыр. Өйткені психологиялық 
талдауда жеке адамның ішкі мұң-шері таразыға салынып, талдау нысанына 
алынады. Бұрынғы дәстүрлі әдебиетте көп жағдайда сыртқы әлем басты 
назарда тұратын да, жазушылар кейіпкердің қоршаған әлеміне көбірек көңіл 
бөліп, оқиғалық желінің соңында кететін еді. Сюжеттің маңызы мен салмағы 
басқадан әлдеқайда артық болатын. Ал өткен ғасырдың жартысынан бастап бұл 
дәстүр біртіндер басқа арнаға ауысты. Ендігі ретте қаламгерлер қауымы 
шығарманың көркемдік-поэтикалық қуатын арттыру үшін кейіпкерлердің 
сыртқы әлемінен гөрі олардың ішкі әлеміне көбірек басымдық беретін болды. 
Диалогтан монологтың бәсі жоғары бола бастады. Айналып келгенде, ендігі 
кезекті топтың емес, жеке тұлғаның болмысын ашып, бүтін бітімін жасау 
бәрінен де маңызды саналды. Расында да, бұл бұл жеке адамның психологиясы 
ғана ма? Олай десек, артық айтқандық болар еді. Шынтуайтында, жекелеген 
кейіпкерлердің қуанышы мен қайғысын суреттеу арқылы бір шоғырдың немесе 
бір қауымның, тіпті тұтас бір ұлттың басындағы бақ пен сорды ашып беруге 
болатынын осындай типтегі көркем шығармаларды оқу арқылы көз жеткізе 
аламыз, яғни жекелеген адамдардың психологиясын терең талдау арқылы тұтас 
бір елдің психологиясын аша алатыны үшін де психологизмнің артықшылық-
тары айрықша әспеттеледі. Жалпы, кейіпкердің ішкі әлемін ашу дегенде оның 
ой-толғаныстарын болымсыз баяндаулар мен құрғақ суреттеулер арқылы 
көрсетуге ұмтылыс деп түсінбеу керек. Жазушы шығармадағы кейіпкердің 
психологиясын таныту үшін әдеби шығармашалық әлемінде жиі қолданылатын 
көптеген әдіс-тәсілдерге жүгінеді. Кейде оқырман үшін болмашы көрінетін 
кішкентай детальдің өзі шығарма көркемдігін күшейтіп, кейіпкердің көзқарасы 
мен танымын танытуға қауқарлы болады.
Кез келген көркем шығарманы оқытуда кейіпкердің ішкі әлемін таныту-
дың екі түрлі амал-әдісі бар. Бірі – сырттай, бірі – іштей. Біріншісінде жазушы 
кейіпкердің ойы, елесі, өз-өзімен сөйлесуі, өз болмысын қайта сарапқа салуы, 
сана ағысы, түс көруі, күнделік жазбалары, естеліктері мен хаттары, қиялы сын-


92 
ды мәселелерге ерекше назар аударады. Екіншісінде жазушы кейіпкердің сырт-
қы әлеміне, атап айтқанда, пейзажға, сөйлеу мәнері мен бет-әлпетінің қимыл-
қозғалысына, жестикулияциясы мен жүріс-тұрысына, портреттік сипаттамасы 
мен киім киісіне, тіпті үй ішіндегі кішкентай заттарға да көңіл аударып, мән 
үстеуі мүмкін.
Оқыту әдістер мен тәсілдердің жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мұндай 
жүйеде әдістердің белгілі бір тобы басым болады. Сондықтан да оқыту 
процесінде нақты бір әдістердің басымдығына байланысты оқыту стилі 
анықталады. Оқыту әдістері оқытушының педагогикалық іс-әрекетке қатынас 
тәсілі ретінде болады. Ғылым мен тәжірибе оқыту стилінің бірнеше түрлері 
белгілі: 
- Оқытудың репродуктивті стилі; 
- шығармашылықпен оқыту стилі; 
- эмоциялық-құндылық негізде оқыту стилі.
Осылардың ішінде шығармашылықпен оқыту стилінің орны ерекше. Білім 
алушының белсенділігін, бастамашылығын өзекті етуге, қолдануға бағыт-
талады. Сонымен қатар, бұл оқыту стилі студенттердің шығармашылығын да-
мыту арқылы олардың танымдық іс-әрекетін жетілдіруді көздейді. Шығарма-
шылықпен оқыту стилі диалог құруға негізделеді. Мұндай оқыту жағдайында 
«ашық қарым-қатынас» сабақтың ерекшелігі болып табылады. Шығармашы-
лықпен оқыту стилі оқытушының төмендегідей іс-әрекет тактикасымен 
анықталады: 
- Белгілі деректер, оқиғалар мен құбылыстарға байланысты ойлануға, 
талдауға және салыстыруға студенттердің қызығушылығын арттыратындай 
оқу-танымдық мәселелерді қоя білу; 
- Әр студенттің өз білімін тереңдетуіне, кеңейтуіне және оқу әрекетіндегі 
міндеттер мен мәселелерді шешудің стандартты емес әдіс-тәсілдерін 
іздестіруіге психологиялық, педагогикалық жағдай жасау; 
- Білім алушының тақырып мазмұны бойынша өз бетінше, дербес түрде 
қорытынды жасап, жалпылау, нақтылау процестерін жүзеге асыруына 
психологиялық қолдау көрсету[121, 206 б.]. 
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттерінің бірі дәстүрлі түрде 
оқытуды ынталандыру мәселесі болып табылады. Оқу іс-әрекетінің себептерін 
білместен, оқытудың табиғатын игеру мүмкіндігі туралы барлық дәлелдер 
мағынасыз. Педагогикалық психология әрдайым оқу мотивациясын мақсатты 
түрде қалыптастыруға, оқушының оқу іс-әрекетінің мотивациясына әсер етуге 
бола ма деген сұрақтарға қызығушылық танытады. Бұл мәселе білім беру пси-
хологиясының мәселелерімен ішінара байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман даярлау. 
Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс 
– оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана 
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау - әр оқытушының борышы. Ол 
өз кә-сібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. 
Өзгермелі қо-ғамдағы жаңа формация оқытушысы – педагогикалық 


93 
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, 
рухани дамыған, шығарма-шыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға 
қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары 
болуы, кәсіби біліктілігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қорыта айтқанда, оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын 
психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың 
мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер 
жиынтығын құрайды. Дидактикалық тұжырымдамалардан үш нәрсені ерекше 
бөліп алу қажет:
1)дәстүрлі; 2)педоцентристикалық; 3) дидактиканың қазіргі жүйесі. Бұл 
процестердің өзіне тән қызметтері бар. Мәселен, оқытудың білім беру, оқыту-
дың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен 
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге 
даярлау. 
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен 
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге 
даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды 
ескерген жөн. Олар:
- Білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әре-
кетті іске асыру;
- білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп, ақыл-ойын да-
мыту; 
- білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін ше-
берлікпен қолдану мүмкіндігін жасау. 
2.3 Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың 
педагогикалық негіздері
ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуде оқытушы 
тұлғасы, оның кәсіби біліктілігі, рухани байлығы және оқытудың ұстанымдары 
үлкен маңызға ие. Оқытушының тұлғалық және кәсіби маңызды сапасын 
қалыптастыру мәселесі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өз 
маңыздылығын қай кезде де жоғалтпаған. Мәселен педагогика тарихында 
бұрыннан жүйеленген, білім беру тәжірибесінде қалыптасқан білім беру 
ұстанымдары бар. «Я.А.Коменскиден басталған оқыту ұстанымдары 
И.Г.Песталоцы, К.Д.Ушинский, А.П.Пинкеевич, В.В. Давыдова и Л.В. Занков, 
Т.А.Ильина т.б. сияқты дидакт-педагогтардың дамытуы мен толықтыруы 
барысында оқытудың бірталай ұстанымдары түзіліп, оқу үдерісінде негізге 
алынып жүр. Оқу үдерісінің талаптары мен заңдылықтарына бағындырылған 
оқу ұстанымдарын жүйелеуде отандық педагог-әдіскерлер де тысқары қалған 
емес. Атап айтқанда Ы.Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов оқыту 
ұстанымдарын қазақ мектептері мен оқушының жас ерекшелігі, білім алу 
деңгейіне сай қолдануды, «білімді түсініп қолдану» қажеттігін айтады»[134,104 
б.].


94 
Білім беру үдерісінде оқыту мен білімалушыны дамыту үнемі бір деңгейде 
қаралуы заңдылық. Бұл талап мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты мен білім 
беру саласының арасындағы өзара сабақтастыққа қарай жаңарып, жетілдіріліп 
отыруы мүмкін. Яғни оқытуды жаңарту ортаға тікелей қатысты. Осыған 
байланысты Ж.Аймауытов баланың өз ортасында қалыптасып дамитынынын 
айта келіп: «Тәртіп пен оқыту жақындасып айқасу керек. Жақсылықтың не 
екенін білу аз, жақсы істі ете алатын ерлік керек. Бұл – оқыту мен тәртіптің 
істері. Бала әлеуметтік рухында тәрбиеленуі керек. Шәкірт көңілі соққан 
нәрсеге емес, істеуге міндетті нәрсеге үйретілуі керек. Ол мектеп ережесін 
құрметтей біліп, әлеумет, мемлекет тілегіне өз тілегін бағындырып үйрену 
керек», – дейді[135, 34 б.].
Бұл жерде оқыту сапасы мен тұлғалық сапа бір деңгейде 
қарастырылатынын түсіну маңызды. Ж.Аймауытовтың бұл пікірінде мектеп 
жайында айтылғанымен бүгінде жоғары мектектегі оқыту процесіне де қатысы 
бар екенін аңғару қиын емес. Мәселен оқытудың мақсатын студенттің адами 
сапасын қалыптастыруға икемдеуден бастап білім мазмұнын тұлғалық 
қасиеттерді қалыптастыруға қарай бейімдеу, оқыту формалары мен әдіс-
тәсілдерін 
субъектінің 
дамуына 
оңтайландыру, 
білім 
нәтижелерін 
құзыреттіліктер түрінде қалыптастыру мен бағалау жүйесін жасау қай заманда 
да өзекті болатыны анық. Ал Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсұт – баланы 
тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару мақсат емес, келешек өз заманына 
лайық қылып шығару..»,-деген[136,16 б.]. 
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесінің үлгісін назарға алған 
отандық ғалымдар тәуелсіздік алғаннан кейін педагогика пәнін қайта зерттеп, 
кеңестік 
ғылыми 
көзқарас 
пен 
еуропацентристік 
методологиядағы 
педагогиканың аражігін ажырату, дәстүрлі педагогиканың көкжиегін тарихи 
деректермен кеңейту мәселелеріне басымдық бере бастады. Мәселен Б.Р. 
Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева «Педагогика пәні және оның міндеттері» оқу 
құралында елдің интел-лектілік және рухани қайта өрлеуінде педагогика 
ғылымының алатын орны мен міндеттеріне баса назар аударады[137]. Ал Г.К. 
Ахметова «Педагогика ғылы-мының мақсаты мен міндеттері» атты әдістемелік 
құралында педагогика ғылы-мының пайда болуы мен дамуы, оның 
категориялары мен жүйелік негіздері тұр-ғысынан қарастырады[138]. 
Оқытудың кредиттік технологиясына көшкеннен кейін жоғары оқу 
орындарында жаңа оқулықтармен қамтамасыз етуді қажет ете бастады. Сол 
кезеңде Қ.Т. Әтемованың «Педагогика негіздері: оқу-әдістемелік құрал» еңбегі 
«педагогика-психология» мамандығына арналған мемлекеттік білім беру 
стандарты негізінде дайындалған. Бұл еңбекте қамтамасыз ететін пән бойын-ша 
силлабус пен глоссарий, дәрістің негізгі мазмұны, практикалық жұмыстардың 
мазмұны мен студенттердің өз бетінше орындауына арналған тапсырмалар, бі-
лімді бақылауға арналған теориялық және тест тапсырмалары берілген[139]. 
Педагогикалық менеджмент мәселесі де соңғы кездері білім берудің өзегіне 
айналды. Осыған байланысты Н.С. Әлқожаева «Педагогикалық менеджмент» 
оқу құралын жарыққа шығарды. Аталған еңбек екі модульге бөлініп, 


95 
зерттелген. Біріншісінде педагогикалық менеджменттің теориялық негіздеріне 
тоқталса, екін-ші бөлімінде білім сапасымен басқару, басқарудың тәжірибелік 
негіздері мен бас-қару философиясына мән берілген[140]. Айтымова А.Н., 
Педагогикалық 
шеберлік[141], 
Аубакирова 
Р.Ж., 
Нұрбекова 
М.А. 
Педагогикалық зерттеу әдістемесі [142] еңбектері де педагогика ғылымында аса 
өзекті мәселелерді көтеріп отыр. 
Білім беру жүйесінде оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен 
жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені экономикалық өсу мен 
азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем 
түсінді. Бұл – білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беру 
керектігі туралы мәселені қайта қарап жатқандығын аңғартса керек. Осы 
өлшеммен алғанда «ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және 
«Оқытудың тиімді әдістері қандай?», «Оқытудың қай ұстанымдарын 
пайдаланған жөн?» деген сауалдардың туындайтыны анық. Сондықтан да 
тәуелсіз еліміздің білім беру саласы дамудың жаңа сатысына көтерілуді мақсат 
етуде. Ол мақсатқа жету үшін әлемдік білім кеңістігіндегі жаңа 
тенденцияларды саралап, ең қажеттілерін оқыту үдерісіне енгізіп, білім 
алушының 
тұлғалық 
қабілеттерін 
дамытуға, 
тұлғаның 
бойында 
құзыреттіліктерді қалыптастыру, олардың өмірлік дағдыларын жетілдіру үшін 
отандық педагогика ғылымының алдына жоғары міндеттер қоюда.
Жалпы кез-келген оқу пәнінің білім беру мазмұны – оқытушының білім 
алушыға үйретудің педагогикалық негіздері, білім алушының болашақ тұлға, 
субъект, қоғамның жеке адамы үшін білім көзінің қажеттілігі мен құндылығын, 
жаһандану дәуірінде әлеуметтік ортаның рухани және материалдық мәдениет 
нормалары мен ережелерін игеруге тән тәрбиелілік қасиеттерін анықтап, оның 
білім алушының бойында материалдануына мән беретіні анық. Аталған рухани 
және әрекеттік құндылықтардың білім алушының бойынан табылуына пән 
оқытушысының кәсіби іс-әрекеті де ықпал етеді. Сонымен бірге, білім 
алушының оқу-танымдық іс-әрекетіндегі белсенділік пен қалыптастатын 
танымдық дағдылардың өміршеңдігі де мәнді роль атқарады. 
Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық заңдылықтар мен ұстанымдар 
қоғамдық өмірдің әр алуан саласындағы әлеуметтік және формациялық 
заңдылықтарға сәйкес өзгеріп отыруы қалыпты жағдай. Яғни, жалпыхалықтық 
білім беру үдерісі қоғамдық өмірден тысқары болмайтындығы белгілі. Осыған 
байланысты тілші ғалым Б.Д.Карбозова: «Қоғамдық өмірдің заманалар бойы 
ілгерілеп даму процесін тұрақты түрде басынан өткеруі сияқты педагогика 
ғылымының да қоғамдық қатынастармен қатар даму үдерісін басынан өткеруі 
заңды құбылыс. Әдістеме ғылымындағы инновациялық педагогикалық іс-
әрекет қоғам дамуымен қатар жүретін процесс»,-деген пікір айтады[143, 76 б.]. 
Кез келген ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктерін оның негізгі 
категориялары деп атаймыз. Педагогика ғылымының да өзіне тән негізгі 
категориялары бары белгілі. Мәселен: білім беру, тәрбие және оқыту. Бұл 
ұғымдардан яғни оқыту ұғымынан оқу, сабақ беру, ал тәрбие ұғымынан өзін-өзі 
тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу т.б. келіп шығады. Педагогикада басқа 


96 
ғылымдардан енген ұғымдар да баршылық. Атап айтқанда: дамыту, 
әлеуметтендіру т.б. Осы ұғымдар мен категорияларға байланысты К.Д. 
Ушинский: «Педагогика – ғылым, әрі адам тәрбиесі жайлы өнер»,-деген 
болатын[139, 14 б.]. Яғни педагогикалық теорияларды меңгерту бір басқа да, ал 
оны қолдануды жүзеге асыру тіпті басқа мәселе. Өйткені оқыта отырып 
тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып білім береміз.
Жоғары мектепте көркем шығармаларды, повестерді оқытудың мазмұнын 
әдіс-тәсілдерін құралдарын және оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру, дәріс 
немесе семинар сабағы барысында білімалушының іс әрекетін, жүйесін 
анықтауда дидактикалық принциптердің негізгі қағидалары мен әдістемелік 
ережелерді ескеру қажет. Әрине оқыту әдістері мен ұстанымдары білім берудің 
талаптары мен мақсаттарына кіріктіріле жүргізіледі. Сондықтан да әр кезеңде 
оқу ұстанымдарының бірі жетекші, өзгесі оқу мазмұнының жан-жақтылығын 
қалыптастырушы міндетіне қарай жұмсалады. Мәселен З.А.Исаева жоғары оқу 
орындарының оқыту ұстанымының екі жүйесін атап көрсетеді. Педагог-ғалым 
бірінші 
жүйеде 
ғылымилық, 
кәсіби 
шығармашылық-бағыттылық, 
шығармашылық белсенділік, жүйелелік, жеке жұмыстар деп көрсетcе, 
екіншісіне топтық жұмыстардағы белсенділік, интеграция, өзін-өзі жетілдіруге 
бағыттылығын жатқызады[144, 86 б.]
Әдістеме ғылымында педагогикалық негіздемелерді басшылыққа алудың 
нәтижесінде білім алушының болмысын қалыптастырудың әр алуан жолдары 
бар. Мәселен қазақ әдебиетін немесе қазақ тілінің мәселелерін оқыту 
барысында 
педагогикалық 
аспектілерге 
басымдық 
берген 
көптеген 
әдістемелердің 
элементтері 
қарастырылады. 
Оқыту 
әдістемесінде 
қолданылатын басты әдістемелердің қатарына – тіл дамыту жұмыстары 
жатады. Осы мәселеге қатысты Ж.Балтабаева еңбегінде кешенді ұстаным, 
тілдік сезімге сүйену және оны дамыту ұстанымдары деген мәселелерге ерекше 
тоқтала келіп, «...тіл дамыту бағыттары кешенді жұмыстар бойынша жүргізілуі 
қажет...іскерлік ойындар, ойталқы, ойбөліс, шығармашылық т.б. тапсырмалар 
кешенді түрде орындалса ғана нәтижелі болады» [145, 62 б.] – деп, тіл дамыту 
жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуі арқылы нақты нәтижелерге қол 
жеткізуге болатындығын айтады. Ғалымның бұл ұстанымын повестердегі 
мифтік сарындарды оқытуда пайдалану арқылы болашақ маманның білім 
көкжиегін жетілдіріп, шығармашылық ойлауын дамыту нәтижесінде, тілдік 
бірліктер 
арқылы 
педагогикалық 
құндылықтарды 
бойына 
сіңіруге 
болатындығын байқаймыз. 
Педагогикалық ұстанымдардың маңызы жайлы қазіргі зерттеушілерден 
А.Керімбекова:«Оқыту үрдісінде кез келген оқытушы дидактиканың ұстаным-
дарын басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және 
ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі 
шарт. Оқытушы дидактикалық ұстанымдарды дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс 
ұйымдастырса, сабақтың тиімді және нәтижелі болары даусыз»,-[146, 149 б.] 
деген пікір айтады зерттеу еңбегінде. 


97 
Жоғары мектепте әдебиетті оқытуда педагогтар мойындаған дидактикалық 
принциптер (ұстанымдар) жүйесіне: 
-ғылымилылық; 
-жүйелілік және бірізділік;
- креативтілік; 
- дүниетанымды дамыту;
- көрнекілік; 
-теория мен тәжірибенің байланыстылығын қарастыруға болады. 
Аталған ұстанымдарды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай 
толықтыруға және түзетуге болады. Өз кезегінде бұл ұстанымдар 
педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары Ережелер арқылы 
жүзеге асады. 
Оқытудың ғылымилық ұстанымы студентке көркем шығармадан берілетін 
білімнің мазмұнының ғылыми анық, дәлелді болуын талап етеді. Бұл ұстаным 
арқылы дүниені танып білуге болады. Адам өмірінде ғылымның рөлі күннен 
күнге артуда. Оқытудың мазмұны және оқытушының іс – әрекеті арқылы 
жүзеге асады. Мысалы, педагог ғалым ғылыми жаңалықтарын адам үшін 
қызмет ететінін түсіндіре отырып, студенттерде дүниеге диалектикалық, 
ғылыми – материалистік көзқарас қалыптастыра алады. 
Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың ғылыми 
ұстанымын екі бағытта қарастыра аламыз. Бірі, барлық оқыту үдерісі
педагогика ғылымының бүгінгі жетістіктеріне, зерттеу әдістеріне сүйенетініне 
қатысты. Кез-келген зерттеудің нәтижесі түрлі бақылау мен ғылыми 
болжамдарға, 
теориялық 
негізді 
айқындайтын 
дәлелдемелер 
мен 
қорытындыларға сүйенеді. Жоғарғы оқу орнында әдебиеттің белгілі бір 
нысанын оқыту барысында ғылымилық ұстаным негізінде оқу үдерісін тиімді 
жоспарлауға болады. Екіншіден әр пәннің ғылыми негізі оның теориясында 
қаланады. Яғни қазақ әдебиетіндегі проза жанрының даму бағыты, ондағы 
көркемдік әдіс-тәсілдер, тақырыпқа қатысты айтар болсақ автордың 
повестердегі мифтік сарындарды қолдану ерекшелігі, тұтас шығармада көріне 
ме әлде мәтін ішіндегі мәтін ретінде қолданған ба? т.б. сипатын зерделеу тек 
теориялық білім негізінде жүзеге асары белгілі. Қазіргі қазақ прозасының даму 
үдерісін бағамдау, осы теориялық білімдерін көркем шығарманы талдауда, 
интерпретациялауда негізгі тірек етіп алынады және үнемі ғылыми негіздерге 
сүйену қажеттігі туындайды. Көркем мәтіннің поэтикалық мәселелерін 
зерделей отырып, мифтік сарындарға, образдарға мәтіндік талдау түрлерін 
қолдана алу үшін де ғылымилық ұстанымының мәні зор.
Ғылымилық ұстанымның нәтижелері оқу үдерісіндегі репрадуктивті 
оқудан басталып, шығармашылық жұмыспен тиянақталу арқылы да көрінеді. 
Мәселен, бүгінгі қазақ прозасының жай-күйі, зерттелу аясы, қаламгерлердің 
қазақ повестерінде мифтік сарындарды қолдану сипаты қандай? деген 
мәселелерден басталатын репрадуктивті білім, пайымдау, зерделеу және 
шығармашылық ізденістер жасау әрекеттеріне жол салғанда ғана (ғылымилық 
ұстаным) өз жемісін беруі мүмкін.


98 
Сонымен, мифтік сарындары бар повестерді оқытуда ғылыми принципке 
қойылатын талаптар: 
1) Повестерді талдауда әдебиеттану ғылымының теориялық қағидаларын 
басшылыққа алу; 
2) ғылыми-танымдық әдіс пен оқыту әдісінің сабақтастығын ескерту; 
3) повестерге талдау жасауда білімалушыларға әдебиеттану ғылымын 
зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйрету; 
4) ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын тарихи-деректі 
сипатта баяндау т.б. 
Бұл жұмыстар студенттердің немесе мектеп оқушыларының ұғым-
түсінігіне сәйкестендіріле жүргізіледі. Яғни оқытудың ғылыми принципі 
білімалушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру принципімен тығыз 
байланысты. 
Жүйелілік, бірізділік ұстанымы - білім беру саласында тиімділігі мен 
қажеттілігі дәлелденген ұстанымдардың бірі. Жалпы білім алу барысында 
білім берудің логикасы болсын, адам дамуының тәжірибесі болсын жүйелілікті 
талап ететіні анық. Өйткені жүйелі білім ғана өз нәтижесін береді. Мәселен, 1 
курсқа қабылданған студенттер келе сала ХІХ ғасыр немесе ХХ ғасыр 
басындағы қазақ әдебиетімен таныспайды. Білім беру бағдарламасындағы 
жүйесі бойынша өз ретімен білім алады. Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір 
әдебиеті, Хандық дәуір әдебиеті т.б. жүйесімен айқындалған білім-
баспалдағынан жаңа білімге қадам жасайды. Сонымен бірге бұл әдеби 
мұраларды хронологиялық принциппен оқыту орынды. Бұл әр тарихи кезеңдегі 
әдеби шығармалардың идеялық мазмұндық жағынан бір-бірімен өзекті 
байланысып, бір ойдан екінші ой туындап, олар келесі кезекті ой-пікірлермен 
логикалық жалғасып, мазмұн-мағыналық жағынан толығып, күрделеніп, байып 
отырғанын, 
яғни 
әдеби 
шығармалардағы 
логикалық 
жалғастықты 
білімалушылардың түсінуі үшін ыңғайлы. Жүйелілік танымдық, ақыл-ой, еңбек 
әрекетінде де қажет. Студенттер мифтік сарыны бар повестерді оқып, өздерінің 
ұғым-түсінігін баяндау, ой тұжырымын қорытып, дәлелдеуі, әр түрлі жазба 
жұмыстарын (эссе, реферат, курстық жұмыс т.б.) орындауында да жүйелілік 
болу керек. Сонда ғана олардың ақыл-ой логикасы, еңбек ету мәдениеті дұрыс 
қалыптасады. 
«Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» пәнінің 
жұмыс бағдарламасын (силлабусын) түзуде де жүйелілік, бірізділік ұстанымын 
негізге алдық. Екі модульге бөлініп жасалған силлабуста алғашқы тарауда 
теориялық мәселер назарға алынса, екінші аралықта оқыту мәселелеріне 
басымдық берілді. Сол жүйелілік арқылы фольклорлық мұралардан бастау 
алған ұлттық құндылықтарымыз бен дүниетанымызды, мифтік сарындарды 
қаламгерлердің қолдану ерекшелігіне мән берілді. Повестердегі мифтік 
сарындарды оқытуда жүйелілік және бірізділік принципін жүзеге асыруға 
қойылатын талаптар ретінде: 


99 

қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда білімнің 
жүйесі мен логикасын және олардың ішкі сабақтастығын анықтау, оны оқу 
процесінде жүзеге асыру; 

қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда білімнің 
тарих, философия, психология, педагогика пәндерімен сабақтастығының 
жүйесін анықтау және оны жүзеге асыру; 

қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда студенттердің 
танымдық ақыл-ой әрекеттерінің жүйесін анықтау; 

қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда оқытушының 
оқыту жұмысын ұйымдастырудағы іс-әрекет жүйесін анықтау т.б. мәселесін 
қарастыру маңызды.
Креативтілік ұстанымы бірінші кезекте пән оқытушыларынан курсты 
оқыту масштабының түпкі мақсатын анықтауды талап етеді. Нақтырақ 
айтқанда оқу материалын үйретуде ғылыми-әдістемелік ізденуге бағытталады. 
Креативтілік – ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық 
деген мағынаны береді. 
Креативтiлiктi қабiлеттердiң арнайы түрi ретiнде қарастыру өткен 
ғасырдың елуінші жылдары басталған. Ол белгiлi Л.Терстоун мен Дж. Гилфорд 
сынды америкалық психологтар есiмдерiмен байланысты. Мысалы, 
Дж.Гилфорд 
креативтілікті 
нәтижелерді 
тану, 
тұлғааралық 
қарым-
қатынастардағы күрделі жағдайлардың логикалық дамуын түсіну, адам 
мінездерінің ішкі мотивтерін түсіну қабілетімен байланысты әлеуметтік 
интеллект факторы ретінде қарастырады.
Креативтілікті – жаңа өнім деп немесе шығармашылық ойлаудың 
қорытындысы деп екіжақты пікір айтқан ғалымдар да бар(К. Тейлор, В.А. 
Терехов, О.К. Тихомиров және т.б.). Ал өзге зерттеулерде жаңаны құруда 
шығармашылық (креативтілік) процестің басымдылығы көрінеді деп 
санайды(Р. Арнгейм, А.В. Брушлинский, В.А. Моляко, Р. Уоллес, П.М. 
Якобсон және т.б.). «Бұл ұстаным әсіресе Р. Арнгеймнің еңбектерінде айқын 
көрінеді. Шығармашылық туралы ол туындататын нысанға қарап айтуға 
болмайды... Креативтілік – бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы» 
[147,176 б.]. 
А.А. Иванченко кративтіліктің құрылымына өмірлік жасампаздық бағыт-
тылығына сипаттама бере келе, аталған феномен «табиғилыққа тән адамның-
homo sapiens өмірлік жасампаздық бағыттылығы ретіндегі сапа-қасиеті»,−деп 
түсіндіреді[141, 400б.]. Автордың ойынша: «Студенттік кезең – ай-қын өмір 
стратегиясының қалыптасу кезеңі және саналы түрде әлеуметтік, өмірлік 
кемелденудің бастамасы болғандықтан креативтіліктің қалыптасуында өте-мөте 
қолайлы болып саналады»[148, 409 б.]. Осыған байланысты Е.Е.Щербакова 
«педагогтар мен студенттер біріккен іс-әрекетте тиімділікпен өзара әрекетке 
түсу арқылы жағдаятты өзгерте алуға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның 
психикалық және әлеуметтік даярлығы» [149,12 б.]. 
Отандық креативті зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастыратын 
болсақ Қ.М. Нағымжанова: «креативті ойлау полюстерді тепе-теңдікте ұстайды 


100 
және қарама-қарсы көрінетін бірліктерді қосады. Студенттерді бақылай 
отырып, біздің аңғаратынымыз, олар көбінесе біз олардан күтетін жауаптар 
береді. Олар тек өздерінің толық сенімділіктегілерін ғана айтады. Бірақ, барлық 
жаңа креативтік анықталмаған, «ақылды және тапқыр» мәртебесіндегі бала, 
креативті болудан қашады, себебі өз беделін жоғалтып алудан қорқады. Ал 
мұндай жағдай механикалық ойлауға әкеледі. Бұл тұрақтылық, сонымен қатар 
жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау креативті ойлаудың ең үлкен 
қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіндігін жояды. Келесі қатер алдын-ала 
айтылған сын болуы мүмкін. Көбінесе ерекше, дұрыс келмейтін байланыстыру 
шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте айтылған сын жаңа дамуды 
тұншықтырады»-деп тұжырымдама береді [150, 42 б.]. 
Әрбір ғылымның ұстанымы дәлелденген, мақұлдауды күтеді. Бірақ, 
педагогикада оның сапалы көрсеткіштері мен пайда болу деңгейін толық 
анықтау мүмкін емес. Егер креативтілік сипатталған ұстанымдардың тек біреуі 
арқылы ғана түсіндірілсе, онда мәселе бір жақты ғана қарастырылады. 
Тұлғаның шығармашылық потенциалы жалпы алғанда креативтілігі дамитын 
шығармашылық білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және басқару 
ретінде қарастыратын педагогикаға тікелей қатысты. Сол себепті креативті 
білім беру және тәрбиелеу процесінде тұлғалық категория ретінде креатив-
тіліктің дамыту мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі күнсайын артып келеді. 
Студенттердің дүниетанымын дамыта оқыту ұстанымы – құрылымы 
жағынан күрделі процесс. Оның бастапқы және ең өзекті элементі – білім. 
Мәселен дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері 
мен рухани құндылықтарын жатқызу орынды. Дүниетаным түрлеріне бірнеше 
элементтер тән. Атап айтқанда философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік, 
эстетикалық т.б. Білім беруде осылардың ішінде философия ерекше 
дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде 
қарастырылады. Философиядан өз-өзінен мифологиялық дүниетанымның іздері 
көрініс береді. Г.Гегель «миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы 
әлсіздігінің көрінісі» деп жазған. Ал мифология болса өте ауқымды әрі жан – 
жақты құбылыс. Ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте 
ерекше қабаты. Осы тұрғыдан алғанда студенттерге повестерді оқытуда 
олардың дүниетанымын дамыту арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан 
түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір 
бағытқа салып отыру маңызды. Ал ғылыми дүниетаным арқылы 
білімалушының өмірдегі жақсы мен жаманға көз-қарасы қалыптасып, бағыт-
бағдары айқындалады. Дәл осылай саяси, адамгер-шілік, эстетикалық 
элементтерін саралай аламыз. Шындығында дүниетанымды – бұл ақиқатты 
дүниеге, ондағы адамның алар орнына, болмысына және өз-өзіне қатынасына 
деген көзқарастар жүйесі деп те қарауға болады. Мысал ретінде студенттерге 
қазақтың бас ақыны Абай әлеміндегі – жүрек ісі, ақыл мен тіл мұраты туралы
терең толғанысын айту орынды. Бұл жерде ақын айтқан: «Үш-ақ нәрсе адамның 
қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» мәселесін елдік мүдде 
тұрғысынан, парасат биігінен қозғау маңызды рөл атқарады. Одан кейін «адам 


101 
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озық» екенін 
көрсету арқылы оларға өмір мәні мен уақыт шындығын ашып көрсету орынды 
болса керек.
Оқуды іске асырудың көп жылғы тәжірибе нәтижесінде өзінің тиімді 
екендігін толық дәлелдеген ұстаным – көрнекілік ұстанымы. Көрнекілікті 
қолдануды Я.А. Каменский «оқытудың алтын заңы» деген екен. Қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда табиғи, бейнелік, дыбыстық, 
символ-дық және графикалық көрнекіліктерді қолдану арқылы мына 
міндеттерді шешу маңызды: 

студенттің ұғым-түсінігінің саналы және тиянақты болуын қамтамасыз 
етеді;

білімалушының зейін, қабылдау, еске сақтау т.б. қабілеттерін 
дамытады; 

эстетикалық талғамын, ақыл-ой дағдыларын тәрбиелейді т.б. 
Ә. Мұханбетжанова «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығында көрнекілік 
түрлері деп: - табиғи көрнекілік білім алушыларды нақты объектілер-мен 
(өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді; 
- эксперименттік көрнекілік арқылы білім алушылар химиядан, физикадан 
тәжірибелер жасайды; 
- суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету 
(бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер); 
- көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, 
панорама; 
- дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, 
т.б.; 
- таңбалық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына 
көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, 
жоспар, сызба, диаграмма; 
- жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы 
түсінік қалыптастыру,-деп атап көрсеткен[151, 92 б.]. 
Жоғарыда ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай ұстанымдарды 
толықтыруға және түзетуге болатынын айтып өттік. Бүгінде білім беру 
саласында ынталандыру принципі үлкен маңызға ие болуда. Оқуға, білімге, 
педагогтің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, 
түрлері мен нысандарына білім алушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-
таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан педагог, ең 
алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. 
Ынталандыру принципі білім алушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. 
Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1.Білім алушылардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2.Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын 
абстрактылы білім алушы жоқ: білім алушы әрқашан дара, өзінше ерекше. 
3.Оқуда барлық мектеп білім алушылары үшін табысқа жетудің бірыңғай 
алғы шарттары жоқ.


102 
4.Оқу қызметінің берілген сәтінде әр білім алушының неге қабілетті екенін 
аньщтаудық маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын 
анықтау маңызды.
6. Білім алушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7.Бағдарламада қаралған деңгейге әр білім алушы қандай жолмен, қандай 
кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек. 
8.Әрбір білім алушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы 
жүзеге асыру керек.
9.Әрбір білім алушының күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой 
еңбегінде қуанышқа кенелту.
10.Қиын білім алушыларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру. 
11.Әрбір білім алушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін 
анықтау керек[152, 95 б.].
Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау. Шарттары: жаңа 
және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; ділгірлік оқыту; компьютерлік 
технологияны қолдану; интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; өзара 
оқыту (жұптық, топтық); білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; 
сыныпта жағымды микроклимат жасау; Педагогтің өз пәніне, білім алушыларға 
оң көзқарасы; білім алушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету; білімнің оны 
ашқан адамдардық тағдырымен байланысы; оқыту нысандарын және әдістерін 
тұрлендіру. 
Теория мен тәжірибенің байланысы оқу мазмұны мен әдістеріне, түрлеріне 
тәуелді. Студенттерді өз саласының маманы ретінде дайындау сапасы жоғары 
болса, олар ертең заманауи өндіріске тез икемделетініне ешкім дауласпасы 
анық. Осыған байланысты оқытушы орындайтын Ережелерден: «оқу - өмір 
қажеттілігі» екенін ұғындыру, «үнемі теория мен тәжірибе байланысын»
көрсетіп отыру, «адамзат тарихындағы өткен ғылыми білімдер мен заманауи 
білімнің маңызын» ашу, «жалаң теориялық білімнен алшақ болуды» ескеру 
маңызды. «Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі 
деген ережесіне сүйенеді. Өмір және практика білім алушыларға дұрыс бағыт 
береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптас-
тырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы 
болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары 
мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, білім 
алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты»,-дейді[151, 90 б.].
Еліміз егемендік алғаннан кейін өткен ғасырдың 20-40 жылдарындағы 
көрнекті қоғам қайраткерлерінің педагогика ғылымына қосқан үлестерін, тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлері туралы бай-мұраларын ғылыми тұрғыдан қайта саралап, 
бүгінгі заман талаптарына сай ашып көрсетуге мүмкіндік туды. Солардың 
ішінде – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы да бар. Оның «Әліппе», «Сауат ашу», 
«Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық 
тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның «Әдіс – 
керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын 


103 
орнының керек қылуына қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида 
болары сөзсіз. Баулу мектебі атты мақаласында: «Әдіссіз тек мәніс білім – өлі 
білім. Тіршілік – тіршіліктің шарасы. Тіршілік шарасына үйрететін білім тірі 
білім болуы керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс білімін қатар 
үйренге білмек»,-деп жазады. Бүгінгінің тілімен айтсақ, осы жердегі мәніс 
білімі дегені – теориялық білім де, әдіс білімі – практикалық білім болып 
шығады. Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқыту барысында біз 
де осы Ахаң қалыптастырған әдіс білім мен мәніс білімге мән бердік. Бүгінгі 
білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер оқытудың түрлі әдіс-
терінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр. Десе де бүгінгі 
жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының 
жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұдан 
біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет 
Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз 
жеткізуімізге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет