Найманбаев алмас абдыманапович


Зерттеу үш кезеңде жүргiзiлдi



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
dis

Зерттеу үш кезеңде жүргiзiлдi: 


10 
1. Бiрiншi кезеңде (2015-2016 жж.) зерттеу жұмысының тақырыбы
бағыттары анықталды, білім философиясы, педагогика, психология
әдебиеттану, әдiстеме салалары бойынша еңбектер зерделенді. Нәтижесінде 
зерттеу жұмысының ғылыми-әдіснамалық негіздері айқындалып, мақсат- 
міндеттері мен болжамы, пәні анықталды. 
2. Екiншi кезеңде (2016-2018 жж.) әдебиетті оқытудың қазіргі жайы, оны 
оқытудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында белгілі әдіскер-ғалымдар мен 
әдебиетанушылардың сүбелі зерттеулері мен еңбектеріне талдау жасалды. 
Студенттердің пәндік құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары сараланды. 
Жоғары мектепте эксперимент жүргізудің материалдары дайындалды. 
3. Үшiншi кезеңде (2018-2020 жж.) қорытынды эксперимент сатысында 
экспериментке жинастырылған оқу материалдарының негізінде студенттердің 
білім деңгейінің көрсеткіші анықталып, сапасы тексерілді, эксперимент және 
бақылау топтарының нәтижесі салыстырылды. Эксперимент қорытындысы 
жасалды. Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша нәтиже тұжырымдалып, 
қорытындылар жүйеленіп, диссертация түрінде рәсімделді. 
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 
1. Қазақ повестеріндегі мифтік сарын элементтері ұлттық құндылығымен 
ерекшеленеді, қазіргі жастардың бойында адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастырады. 
2. Жоғары 
мектептің филология факультеті студенттеріне қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындарды оқыту болашақ маманды жан-жақты 
дамытуға, білімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, ұлттық құндылықтар 
мен асыл мұраларды бағалауға үйретеді, сол арқылы олардың интеллектуалдық 
әлеуеті дамиды. 
3. Қазақ 
повестеріндегі көне түркілік сарындарды білім беру 
технологиялары арқылы меңгерту студенттің болашақ мамандығына қажетті 
теориялық ақпараттарды талдап, саралауына, жеке тұлғаның шығармашылық 
қабілетінің шыңдалуына әкеледі. 
4. Студенттің кәсіби-танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған 
ғылыми-әдістемелік жүйе қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың 
арнайы ұстанымдары негізінде жүзеге асырылып, оң нәтиже береді. 
5. Қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды практикалық тұрғыдан 
меңгертудің деңгейі студенттердің қалыптасқан дағдылары мен іскерліктерінің 
көрсеткішімен анықталады. Нәтижесінде пәндік құзіреттіліктері қалыптасады. 
6. «Қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» курсының 
оқу-әдістемелік кешені мен бағдарламасы ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет