104
3 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МИФТІК САРЫНДАРДЫ
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1
«Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту»
пәнінің білім мазмұны
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар,
ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу»[153],- деп білім беру жүйесін
одан әрі
дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын, оның құрылымдық
жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы
заманғы білім берудің стратегиялық мақсатында өз жауапкершілігін сезіне
алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің
шешімін таба білуге қабілетті,
барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету маңызды
болып табылады.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінде барлық бағыттағы мамандарды
дайындау және түлектердің болашақтағы өзінің кәсібін тиімді, сапалы етіп
ұйымдастыруға, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылдыратындай дәрежеде
орындауы тиіс мәселелер қай кезде де өзекті. Өйткені ең алдымен қоғамның
және уақыттың жаңа мамандарға ақпараттық-коммуникациялық
құзыреттілік
тұрғысынан қоятын талабы күн сайын күшейіп келеді. Сондықтан да бұл
бағыттағы зерттеулер мен практикалық ізденістер, мейлі ол нормативтік
құжаттар болсын, мейлі жаңа жобалар болсын немесе арнайы білім беру
бағдарламалары болсын жаңаруы кездейсоқ емес.
Яғни білім беру салаларында
болып жатқан реформалар, болашақ
мамандарды өз мамандығын жан-жақты меңгерген, сапалық деңгейі жоғары,
адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталуда. Бүгінде жоғары
білім беру жүйесінде оқыту үдерісін ұлттық құндылықтарға бағыттау
гуманитарлық
пәндерді, соның ішінде қазақ әдебиетін оқытудың тәрбиелік
міндетін айқындауға негіз болып отыр.
Осыған орай, біздің зерттеу еңбегімізде жұмысымыздың нәтижесі ретінде
жоғары мектепте «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
студенттері үшін қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытуда берілетін
білім мазмұнын белгілеу міндетіне сәйкес «
Қазіргі қазақ повестеріндегі
мифтік сарындар және оны оқыту» элективті курсының мазмұнын және оны
оқыту әдістемесін ұсынып отырмыз. Аталған
элективті курс бағдарламасы
ақпараттық-танымдық материалдардың теориялық мазмұнына, көлеміне қарай
2 кредит (3 ECTS) Дәріс – 15, практикалық – 15 арналып жасалды. Оның СӨЖ -
7, СОӨЖ – 7 жұмыстарын құрайды (Силлабус
Қосымша А).
Элективті курс екі модульге бөлініп дайындалды. Бірінші модульде «Қазақ
105
фольклорындағы миф пен мифологиялық түсініктер» мәселесі теориялық
тұрғыда қарастырылды. Ал екінші модульде оқыту мәселесіне назар аудару
мақсатында «Қазақ повестеріндегі мифтік
сарындарды оқытудың тиімді
жолдарын» қарастыруды жөн санадық. Яғни пәннің өзіндік ерекшелігіне,
ақпараттық материалдың ауқымына қарай тақырыптар екі модульге
топтастырылды. Мұндағы «модуль» деген ұғымның өзі белгілі бір оқу
материалының логикалық аяқталған бөлігі дегенді білдіреді.
Элективті курстың қысқаша сипаттамасы: «Қазіргі қазақ повестеріндегі
мифтік сарын» курсында қазақ повестеріндегі мифтік фольклор элементтерінің
дамуы мен қалыптасуы,
көркемдігі, тарихи және дәстүр жалғастығы,
тәуелсіздік кезеңіндегі повестердегі мифтердің ерекшелігі т.б. сынды мәселелер
ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: