119
мекемелерінде қолданыстан түсіп қалмағаны анық. Тек уақыт өте келе түрлене
түсті. Осыған байланысты ғалым Фаузия Шәмсиқызының: «Қазақ елінің білімі
мен мәдениетіне, өркениетіне өлшеусіз қызмет еткен көрнекті ғалым, жазушы,
тілші тұлғалардың оқу жүйесін жақсартуға арналған еңбектерінде қазіргі
технологиялардың барлығы да көрініс тауып, сабақ сапасын арттыруға, мұғалім
шеберлігі мен оқушы білімін жетілдіруге бағытталған. Әрине, ол кезде
ғалымдарымыз оны «технология» деп атаған жоқ. Бірақ қазіргі технология
түрлерінің
ішкі мазмұны мен талаптарын, басты белгілерін сол кездің өзінде
саралап, негізгі идеясын баяндаған»[160, 6 б.],- деген пікірінде үлкен мән
жатыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие
үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс
сапасының негізі болып табылады. Осы орайда:
- ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта
білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы;
- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А.
Байтұрсыновтың көрегенді пікірінің өміршеңдігін байқамыз.
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты. Мәселен В.П.Беспалько педагогикалық
технологияны қойылған
білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен
оқытудың теориялық негізделген үрдістерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің
құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды. Оның тұжырымдары
бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:
1. Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;
2. Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-
тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет [152, 198 б.].
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде
пайдалану үшін, әр оқытушы педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің
шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-білімалушылардың
шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін,
эстетикалық
көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін
дамытуға бағытталған. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар
көптеп саналады. Атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы,
Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің
«Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский,
Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М. Мона-
ховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық
оқыту тех-
нологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту техноло-
гиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы»,
«Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік техно-
логиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы» т.б. көптеген
технологиялар енгізілді.
120
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ.
Жаңалықты
меңгеру
мен
жүзеге
асыруда
дұрыс
түсінбеушілік
ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық
технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту». «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-
түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл технологияның артықшылығы неде? Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық
жастағы білімалушыларға кез келген мазмұн, түсінікке
сыни тұрғыдан қарап,
екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды үйренеді.
Ең алғаш «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ
тілдерінде мектепке ене бастады. Жалпы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады. Олар:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой толғаныс кезеңдері.
Қызығушылықты ояту кезеңінде білімалушылар немесе оқушылар
бұрынғы білімдері мен сезімдеріне әсер етіп, жаңа білімге мазмұн қалап,
болашақта зерттеу көмектеседі.
Мағынаны тану кезеңінде жаңа мәлімет пен идеяны немесе жаңа мазмұнды
игеріп, іске асырады. Жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, белсенді түрде іс-
әрекеті басқаруы қажет.
Ойтолғаныс кезеңі үйрену процесінің соңғы фазасы
болады да, бұл кезеңде
оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен
жеткізе бастайды.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының осындай ерекшелігін ескере
келіп, «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» курсын
оқыту тәжірибемізде сын тұрғысынан ойлау технологиясына басымдық бердік.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологияларының ішінде білімгерді сын
тұрғысынан ойлауға, дивергентті ойлауға әкелетін әдіс-тәсілдер қатарында
- «ақылдың алты қалпағы»;
- «дананың кілттері»;
- «ойлау карталары»;
- «кубизм» сияқты тәсілдер бар.
Аталған тәсілдерге ортақ ерекшелік – барлығында бір оқу нысанына әр
қырынан келіп, әр тарапты талдау, саралау,
пайымдау, бағалау жүзеге асады.
Оқу материалын шағын топтарда талдап, талқылаудың да тиімді құралы
болады.
Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» повесіндегі образдар жүйесі
тақырыбындағы практикалық сабақта хикаятты талдау жұмыстарын Эдвард де
Боно қолданған «Ақылдың алты қалпағы» тәсілімен жүргіздік.
Мәтін
бойынша
неомифологизм
сипатындағы
фактілерді
Достарыңызбен бөлісу: