Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
dis

Өзіндік жұмыстар 
орындайды. 

Кеңес беру дәрісі 
Өзінің мақсатын сыныптың(студенттің) 
сұранысы бойынша анықтайды. 
Мұндай лекция тындарманның 
ынтасын туғызып, мұғалім мүмкіндігін 
толықтай пайдалануға мүмкіндік 
жасайды. 
Өздері орындайтын СӨЖ, 
СОӨЖ жұмысына қажетті 
мәліметтерді іріктейді. 
Зерттеп жүрген 
тақырыбына байланысты 
туындаған сұрақтар 
бойынша кеңес сұрайды. 

Шатастыру дәрісі 
(қатені түзету)
Алдын-ала жоспарланып ұсынылған 
қателер арқылы берілген ақпаратқа 
талдау жасайды, бағдарлайды және оны 
бағалау дағдысын қалыптастырады. 
Мәтінмен жұмыс жасайды. 
10 Сұхбат дәріс
Сабақ материалы сұрақтарға 
айналдырылып жауап алу үдерісінде 
мазмұн ашылады.
Осы лекция түріне кері 
байланыс жасау және кеңес 
беру лекциясы мазмұн 
жағынан жақын келеді. 
11 Дидактикалық дәріс 
ми шабуылы арқылы, ойын түрлері 
қолданылатын лекция 
Шешімін іздейтін 
мәселелерді студенттер 
өздері қалыптастырып, оны 
өздері шешуге талаптанады. 
12 Конференция-дәріс 
Дәрістің модераторы ретінде, бірақ 
оқытушы рөлінде өз ойын білдіріп 
отырады. 
Тақырып бойынша баяндама 
жасайды, АКТ қолданып, 
өзінің ғылыми-практикалық 
шешімін қорғауға өз ойын 
дәлелдеуге қажетті 
аргументтер мен деректерді 
мол етіп ұсынады. 
13 Пресс-конференция
дәрісі 
Пән оқытушысы талқылау үдерісін 
ұйымдастырушы рөлін атқарады.
Пресс-конференцияға бірнеше 
оқытушылар немесе сол салаға қатысты 
мамандар қатыстырылады.Сабақ 
соңында барлық қатысушылардың 
пікірлері мен ойларын 
қорытындылайды. 
Лекция тақырыбы бойынша 
сұрақтар қояды. 


112 
Жоғарыда аталған дәріс түрлері қазіргі кезде жоғары білім беру саласында 
немесе мектептерде жиі қолданылып жүр. Әрине бұл дәрістің түрлерін 
оқытушы курс бағдарламасындағы дәрістің түріне, табиғатына қарай 
таңдайтыны анық. Мәселен, «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар 
және оны оқыту» элективті курсында кіріспе дәріс, интерактивтік дәріс, 
проблемалық дәріс, дуэт дәріс, сұхбат дәріс, дәріс-конференция дәрістер 
ұйымдастыруға болады.
Кіріспе дәрістің үлгісі. 
Дәрістің тақырыбы: «Фольклордағы мифологияның зерттелуі» 
Мақсаты: қазақ фольклорының зерттелу тарихын, фольклордың ауызекі 
сипаты, халықтығы, көпнұсқалылығы, синкреттілігі, тарихилығы, дәстүрлілігі, 
ұлттық сипаты т.с.с. жайында анықтау. 
Тірек сөздер: фольклор, мифофольклор, мифологиялық фольклор. 
Жоспары:
1. Қазақ фольклорын жинаудың ерекшеліктері 
2. Қазақ фольклорының ХІХ - ХХ ғасыр басында жиналу тарихы 
3. Фольклорды Кеңес дәуіріндегі жинаудың шарттары мен түрлері 
4. Фольклорды жинау тәсілдері. 
Интерактивтік дәрістің міндеті – оқытушы студенттің дәрісті тыңдауы 
барысында білім алуға деген мотивациясы жоғарылауына қажетті әдістерді 
қолдануы керек. «Оқытушы - студент», «студент -студент» формасындағы 
диалогтарды қолдануына болады. Дәріс тақырыбы бойынша сыни 
көзқарастарын, өзіндік бағалауын білдіруіне студенттерді ынталандырады. 
Осымен бірге, дәрістің «бейне-дәріс», «аудио-дәріс» формалары қолданылады. 
Дәріс процесінде мәселені шешуге қатысты мини-рөлдік ойындар қолдануға 
болады. Бұл дәрістің тиімді тұсы – студентпен кері байланыс орнатудың болуы 
және ол табиғи түрде жүретіндігі. Тәрбиелік ықпалы өте үлкен дәрістің бір түрі 
болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет